Ғылыми танымның барлық әдістерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: 1 жалпылама диалектикалық әдіс. Ол болмыстың барлық жақтарын зерттеуге және таным процесінің барлық кезеңдерінде қолданылады; 2. Жалпы ғылыми әдістер, Олар ғылымның барлық саласында қолданылғанымен. Таным процесінің барлық кезеңінде қолданыла бермейді. 3. Жекеше әдістер. Олар нақты құбылыстарды бір ғылымның шеңберінде зерттеуге қолданылады. Мысалы: математикалық индукция әдісі-математикада, қоспалардың ыстыққа төзімділігін анықтау-металлургияда, радиоактивті бөліну әдістері-ғарыштық зерттеулерде пайдаланылады
Ғылыми танымның әдістері мен түрлері. Таным өте күрделі, қайшылыққа толы, ұзаққа созылатын процесс болғандықтан, оны іске асыру барысында түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылатыны өзінен өзі түсінікті. Кең мағынада әдіс дегеніміз-белгілі бір мәселені шешу үшін таңдап алынған жол, қолданылатын айла мен әрекеттер жиынтығы. Ғылыми таным әдістерін қолданудың басты мақсаты-шынайы, ақиқат білімге қол жеткізу. Әдістер зерттелетін обьектіге тән ерекшеліктер мен заңдылықтар негізінде таңдап алынады.