Байланысты үнемі коммуникативті қажеттіліктің өтеу әдісі ретінде қарастырады.
Адамзат ерте кезден бір-бірімен қарым-қатынас құруға мәжбүр болған. Техникалық алға ұмтылыстың нәтижесінде мұқтаждықтарды қанағаттандыруға үлкен мүмкіндіктер пайда бола бастады.
«Ақпарат» сөзі «хабар» ұғымымен түйіндес болып келеді. Хабар ақпаратты көрсету формасы болып табылады.
Ақпарат параметрлерінің өзгеруіне байланысты хабарлар үздіксіз және дикретті түрде болыр беріледі.
Егер хабардың ақпараттық параметрінің өзгеру процесінде кейбір интервалда кез-келген мәнді қабылдаса онда хабар үздіксіз деп аталады. Кез-келген сандық және мәтіндік хабар анықталған. Ақырғы және белгілі белгі жинақтарынан (алфавит) тұрады. Мұндай хабарларды дикретті деп атау қабылданған.
Электробайланыстың бірінші түрі болып электромагнитті телефон табылады, ол физиканың дамуы арқасында пайда болған. Телеграфтан соң бейнелерді, фоксимильді хабарларды тарату эксперименттері басталады.
Телефондық байланыстың туылған күні 1876жылдың 14 ақпаны екені бізге белгілі, ол кезде американдық құлағы нашар еститін мектептің мұғалімі өзінің электрлік тоқ арқылы қашықтыққа дыбысты тарату аппаратына патент алған болатын. Әлемдегі ең алғашқы телефондық станция 1878 жылы АҚШ-та Нью-Хейвен қаласында пайда болды.
1895 ж. 7 мамырда (радио күні) ресейлік ғалым Папов А.С. өзінің «найзағай белгілегіш» деп атаған құрылғысын көпшілікке ұсынды. Бұл құрылғы электромагниттік толқындарды тіркеуге мүмкіндік берді. Паповтың «найзағай белгілегіші» әлемдегі сымсыз телеграфияның бірінші аппараты болды. Попов электромагниттік толқындық қабылдағыштарды былайша жасады: Морзе әліппесі бойынша таралатын сигналдарды қабылдау үшін бас телефондар қолданылады.
1957 жылдың 4-ші қазанында космос эрасының негізі қалана бастады.
1960 ж. Америкада әлемдегі ең алғашқы лазер жасалынып шығарылды. Алғашқы лазерлік байланыс жолдары бізден бұрынғы жүзжылдықтың 60-шы жылдарының басында пайда болды.
1970ж «Сurning Glass Gompony» америкалық фирмасында өте таза шыны жасалынып шығарылды. Бұл бізге оптикалық байланыс көбелін жасап өндіріске шығаруыға мүмкіндік береді.