Идеал газ үшін термодинамикалық потенциалдары



Дата20.10.2023
өлшемі25,6 Kb.
#119933
түріБілім беру бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Физика - математика факультеті
Физика кафедрасы

ОСӨЖ №6
Идеал газ үшін термодинамикалық потенциалдары.


«6В05301 – Физика» білім беру бағдарламасы
ФКО-302 студенті: Наурызбаева К.Ж
Ақтөбе, 2023 жыл
Идеал газ күйінің теңдеуі немесе Менделеев-Клайперон теңдеуі
Газдың қандай күйде тұрғанын білу үшін оның термодинамикалық параметрлерін, яғни қысымды, температураны, көлемді білу қажет. Термопараметрлердің біреуінің өзгерісі оның басқа параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғады. Бұл параметрлерді байланыстыратын теңдеу газ күйінің теңдеуі деп аталады. Осы теңдеуді молекулалы-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін пайдалана отырып, шығарып көрейік. Бізге p = nkТ екені белгілі. Газ молекулаларының концентрациясын n = N/V ескеріп, p = NkT/ V аламыз. Осыдан pV = NkT шығады. Газ молекулаларының санын газдың зат мөлшері арқылы табамыз: N = � NA = mNA / M . Осыны ескерсек,
��=������ .
Екі тұрақты санның - Авагадро санының және Больцман тұрақтысының көбейтіндісіне тең шаманың өзі де тұрақты шама. Оны универсал газ тұрақтысы деп атайды:
�=���
R = 1,38 ˑ 10-23 Дж/K ˑ 6,02 ˑ 1023 1/моль = 8,31 Дж/ K ˑ моль.
Универсал газ тұрақтысы дегеніміз - заттың 1 молінің температурасын 1К-ге арттыру үшін оған қанша жылу мөлшерін беру қажет екенін көрсететін физикалық шама. Бұл универсал газ тұрақтысының физикалық мағынасы. Осы айтылғандарды ескерсек, онда идеал газ үшін мына теңдеу орындалады:
�⋅�=���⋅�.
Бұл идеал газ күйінің теңдеуі деп аталады. Осы түрде бұл теңдеуді тұңғыш рет ұлы орыс ғалымы Д.И. Менделеев алған, сондықтын ол Менделеев-Клайперон теңдеуі деп аталады. 10 жылдай Ресейде қызмет еткен, атақты француз физигі, Б.П.Клайперон идеал газ күйінің теңдеуін Менделеевтен бұрын ( 1834 ж. ) алды. Идеал газ күйінің теңдеуі физикадағы алғашқы тамаша жалпылау теңдеуі. Ол тәжірибеде тағайындалған бірқатар газ заңдарын жалпылайды. Қандай затты алғанымызға тәуелсіз болатын жалпыланған заңдарды ашу - физика ғылымының мақсаты.
Егер күй теңдеуін қалыпты жағдайда идеал газдың бір молі үшін жазатын болсақ, онда ол p = 101325 Па, Т = 273 K, кезінде V = 22.4 л/моль көлем қабылдайды. Сонда
���=  8,31 Дж/К ˑ моль .
Универсал газ тұрақтысы шықты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет