Бөлімнің атауы: Балалар мен үлкендер
|
Мектеп: «№ 13 ЖОББМ» КММ
|
Күні: 30.06.2017ж
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сарбасова К.Б.
|
Сынып: 7
Пәні:әдебиет
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
С.Сарғасқаев «Тәмпіш қара»
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
7.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
Повесть жанры, оның ерекшелігі жайлы түсініктері қалыптасады
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығармадағы көркемдік тәсілдерді анықтайды, олардың оқиғаны өрбітудегі алатын орнына талдау жасайды.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Көркем сөз қолданыстарының образ сомдаудағы ерекшеліктерін сараптайды, Дәлелдерді қолдана отырып, автордың әдеби портретті берудегі шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді.
|
Бағалау критерийі
|
І топ.
Шығармадан пейзажды таба алады, тақырыппен байланыстыра отырып түсіндіреді;
Әңгімеде адамдар арасындағы диалогтардың маңызын ашып, автордың қолдану себебін айтады.
ІІ топ.
Әңгімеде суреттеу, баяндау, сипаттау сияқты көркемдік тәсілдер қатысатынын біледі;
Үзіндіден қызықты мысалдар келтіре отырып,жазушының қолдану себебін түсіндіреді.
ІІІ топ.
Көркем сөз қолданыстарының образ сомдаудағы ерекшеліктерін сараптайды;
Дәлелдерді қолдана отырып, автордың әдеби портретті берудегі шеберлігін өз көзқарастарымен негіздеп жеткізеді.
4 топ.
Кейіпкер әрекетінің оқиғаны өрбітудегі алатын орнына талдау жасап, мінездеме береді;
Әдеби кейіпкер әрекетіне сипаттама беріп, автор қолданған тәсілдерді тауып дәлелдейді.
|
|