Байланысты: ЖОО-да математикалық пәндерді оқыту процесін инновациялық бағытта
Диссертация құрылымы мен мазмұны. Диссертация нормативтік
сілтемелер, қысқартулар, кіріспе,, екі бөлімен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің мақсаты, объектісі, пәні, ғылыми болжамы, міндеттері,
теориялық-әдіснамалық негіздері, зерттеу кезеңдері мен әдістері, зерттеу
базасы, ғылыми жаңалығы, теориялық пен практикалық маңыздылығы және
қорғауға ұсынылған қағидалар, зерттеу жұмысы нәтижелерінің дәлелдігі мен
негізділігі қарастыралған.
Бірінші тарауда болашақ
математика
мұғалімдерін
даярлаудың
психологиялық-педагогикалық негіздері қарастырылған. Математикалық білім
беруді жаңғырту проблемалары және оларды шешу жолдары сипатталған.
Педагогикалық
ЖОО-да
математикалық
пәндерді
оқыту
процесін
инновациялық фундирование тұжырымдамасы негізінде жүйелі-әдістемелік
қамтамасыздандырудың теориялық негіздері ұсынылған.
Екінші тарауда математика мұғалімдерін даярлауды инновациялық бағытта
әдістемелік қамтамасыздандыру моделі әзірленді. Зерттеу негізінде болашақ
математика мұғалімдерінің әдістемелік дайындығын жетілдіру құралы болып
табылатын элективті курстар әзірленді. Зерттеуді ұйымдастыру әдістемесі
сипатталған және тәжірибелік-эксперименттік зерттеу нәтижелері ұсынылған.
Қорытындыда диссертациялық зерттеу жүргізу бойынша негізгі нәтижелер,
сондай-ақ оларды педагогика және математиканы оқыту әдістемесі
саласындағы зерттеулерде одан әрі пайдалану бойынша қорытындылар мен
ұсыныстар, сондай-ақ одан әрі зерттеу перспективасы тұжырымдалған.
Диссертациялық зерттеу жүргізу барысында 130 атаудан тұратын
әдебиеттер пайдаланылды.
Қосымшада зерттеу барысында әзірленген материал ұсынылған.
І.Жансүгіров атындағы ЖУ, ҚазҰҚПУ және І.Жансүгіров атындағы ЖУ
жанындағы біліктілікті арттыру орталығының білім беру процесіне зерттеу
нәтижелерін енгізу актілері ұсынылды.