Молекулалық физика – физиканың әр түрлі агрегаттық күйдегі заттардың физикалық қасиеттерін олардың молекулалық құрылысы негізінде зерттейтін саласы.
Молекулалық физиканың ең алғаш қалыптасқан бөлімі – газдардың молекулалық-кинетикалық теориясы.
Молекулалардың өзара әсері (молекулалык күштер) жөніндегі сандық мәліметтер капиллярлық құбылыстар теориясында: 1743 жылы А. Клероның, 1805 жылы Т.Юнгтың, 1806 жылы П.Лапластын, С.Пуассонның, т.б-дын классикалык еңбектерінде дамытылып, беттік құбылыстар теориясының жасалуына негіз болды.
Голланд физигі Я.Ван-дер- Ваальс накты газдар мен сұйықтықтардың физ. қасиеттерін түсіндіру үшін молекула аралық өзара әсер ұғымын (1873) пайдаланып нақты газдардың күй тендеуін (Ван-дер-Ваальс тендеуі) корытып шығарды.