СөЖ 2 Дж. Ритцер еңбегін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз
СӨЖ 2 Дж.Ритцер еңбегін пайдалана отырып, өз-өзіне қол жұмсаудың негізгі түрлерін оқыңыз және талдаңыз.
Орындаған: Рысқұл Ерасыл
«Ақпараттық технологиялар» факультеті
Суицид дегеніміз ол өз-өзіне қол жұмсау, яғни өз-өзін өлтіру. Суицид көп жағдайда нашақорларға, қылмыскерлерге, қарттарға, емі жоқ ауруға шалдыққандарда болады. Суицид өмірдің қиындығына байланысты деппрессиялық жағдайларға байланысты болады. Мысалы, ақшаның жетіспеуі, айналаңдағы адамдардан қорлық көру, жазылмайтын ауруға шалдығып өмірден түңілу. Ал балаларда суицид ата-ананың қысымынан, достарының қысымынан болады екен.
Дюркгеймнің «Суицид» деген еңбегінде суицидтің себептері жайлы тұжырымдар, себептер келтіріп, зерттеп, сараптамалар келтірді. Оның зерттеулерінде маскүнемдік, ауа райы, нәсілшілдік, психопотология және тұқымқуалаушылық бар. Бірақ оның жазған мысалдарының барлығы қабылдана қоймады. Бірақ оның сыртқы жағдайлар туралы айтқаны суицидтің негізгі себептерін анықтауда негізгі рөл атқарды. Дюркгеймнің суицид туралы теориясы мен оның негізгі факторларын қарастыратын болсақ суцидтің төрт түрі бар.
Эгоистік суицид негізінен жеке қоғамның үлкен әлеуметтік бірліктерінде сәтсіз интеграцияланған жерлерінде байқалады. Бұл интеграцияның кесірі адам өзін қоғамның бір бөлігі емес сезінуіне алып келеді. Бірақ бұл қоғам адамныңда бір бөлігі емес екенін білдіреді. Дюркгейм адамның жақсы қасиеттерінің бірі болып саналатын құндылықтары мен өмірлік ұстанымдары мақсаттары және ой пікірі қоғамға байланысты қалыптасады деп сенді. Осы интеграциялық қоғам бізді күнделікті кездесетін кемшіліктер мен өмірден түңілулерді жеңуге қажет моралдық сезімдерді қамтамасыз етеді. Біз онсыз суицидке баруымыз мүмкін.
Альтруистік суицид әлеуметтік интеграция күшті болған жағдайда туындайды. Альтруистік суицид ондай жағдайда адам өз-өзіне қол жұмсау міндеті деп санайды. Альтруистік суицид көп жағдайда әскери салада болуы мүмкін. Адам өзінің кесірінен бұкіл топты сәтсіздікке ұшыратып, өз жауапкерлігін ақтай алмағандықтан суицидке барады деп айтады.
Аномиялық суицид дегеніміз қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пайда болады. Қоғамдағы өзгерістер экономиканың өсуі мен құлауы және де бұрынғы қалыптасқан жағдай енді қайталанбайтынын білгенде, әлі де жаңа экономика қалыптаспайтынын түсінгенде адам депрессияға түсіп қоғамнан ажырап қалады. Осындай жағдайда адам өз-өзіне қол жұмсайды. Мысалы дағдарыстан соң жабылған зауыт салдарынан адамдардың тұрақты жұмысынан айырылуы және соны реттейтін адамдардың шарасыздығынан адам әлеуметтік құрылымдардан шеттеліп қалады. Бұл адамның дәрменсіздігіне алып келеді.
Фаталистік суицид әлеуметтік реттеудің тым артық болуынан болады. Дюркгейм фаталистік суицид жасайтындар қатаң қысымның салдарынан әрбір әрекеті жіті бақыланатын адамдарда болады. Бұл көбіне құлдарда кездеседі.
http://emirsaba.org
Достарыңызбен бөлісу: |