Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет1/103
Дата06.01.2022
өлшемі7,34 Mb.
#11814
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103


КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ
 
Г. Н. БОГОМАЗОВА
 
ЖЕКЕ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ
СЕРВЕРЛЕРДІҢ, ШАЛҒАЙ 
ҚҰРЫЛҒЫЛАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ 
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАСЫН 
ЖАҢҒЫРТУ  
ОҚУЛЫҚ 
«Федералдық білім беруді дамыту институты» федералдық 
мемлекеттік автономдық мекемесімен «Аппараттық және 
бағдарламалық жасақтаманың жөндеушісі» кәсібі бойынша кәсіби 
орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
мекемелерінің оқу үрдісінде қолдану үшін оқулық ретінде 
ҰСЫНЫЛҒАН. 
Пікірдің тіркеу нөмірі 133.  
2015 жылғы 9 сәуір. 
 
Мәскеу 
«Академия» баспа орталығы        
2015 
 


ISBN 978-601-333-299-4 (каз.)
ISBN 978-5-4468-1581-4
 
(рус.)
ӘОЖ  004(075.32)
 
КБЖ 32.973.26-018.2я722
Б743 
П і к і р   б е р у ш і   –
 
М. С. Журкин,  Мәскеу қаласы № 42 политехникалық колледжінің  
инновациялық технологиялар оқытушысы, бөлім бастығы.
 
Б743 
Г. Н.Богомазова 
    Жеке  компьютерлердің,  серверлердің,  шалғай  құрылғылар мен 
жабдықтардың бағдарламалық жасақтамасын жаңғырту: кәсіби орта 
білім  беру  мекемелерінің  студенттеріне  арналған  оқулы  /
Г.Н.Богомазова. –  М.: «Академия» баспа орталығы, 2015. –  192 б.
ISBN 978-601-333-299-4 (каз.)
ISBN 978-5-4468-1581-4 (рус.)
Оқулық  «Аппараттық  және  бағдарламалық  жасақтама  жөндеушісі»  кәсібі 
бойынша  кәсіби  орта  білім  берудің  федералдық  стандартына,  «Жеке 
компьютерлердің, 
серверлердің,  шалғай  құрылғылар 
мен  жабдықтардың 
бағдарламалық жасақтамасын жаңғырту» ПМ.04 сәйкес жасалды. 
Бағдарламалық жасақтаманың құрамы мен құрылымы, жүйелік және қолданбалы 
бағдарламалық  жасақтаманы  жаңарту  кезеңділігі  мен  тәсілдері,  компьютердің 
жұмысын  оңтайландыру  тәсілдері  қарастырылды.  Жабдықтың  операциялық 
жүйесімен үйлесімділігіне және драйверлердің жаңартылуына назар бөлінген. BIOS 
ретке  келтіруді  оңтайландыру,  дискілерді,  желілік  жабдықты,  серверді 
дефрагментациялау  және  оңтайландыру  бойынша  материал  берілген.  Өнімділік 
көрсеткіштері 
және 
оңтайландыру 
критерийлері, 
компьютерлер 
құрамдауыштарының 
микробағдарламалық 
жасақтамасын 
жаңарту 
туралы 
мәліметтер  берілген.  Оқулық  әр  бөлім  бойынша  тәжірибелік  тапсырмаларды 
қамтиды.  
Кәсіби орта білім беру мекемелерінің студенттеріне арналған. 
ӘОЖ  004(075.32) 
КБЖ 32.973.6-01.2я722 
© Богомазова Г. Н., 2015
 
© «Академия» білім беру-баспа орталығы, 2015 
© Ресімдеу. «Академия» баспа орталығы, 2015
Бұл кітап Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі 
жəне «Кəсіпқор» холдингі» КЕАҚ арасында жасалған шартқа сəйкес «ТКББ жүйесі 
үшін шетел əдебиетін сатып алуды жəне аударуды ұйымдастыру бойынша 
қызметтер» мемлекеттік тапсырмасын орындау аясында қазақ тіліне аударылды.
Аталған кітаптың орыс тіліндегі нұсқасы Ресей Федерациясының білім 
беру үдерісіне қойылатын талаптардың ескерілуімен жасалды.
Қазақстан Республикасының техникалық жəне кəсіптік білім беру 
жүйесіндегі білім беру ұйымдарының осы жағдайды ескеруі жəне оқу үдерісінде 
мазмұнды бөлімді (технология, материалдар жəне қажетті ақпарат) қолдануы 
қажет.
      Аударманы «Delta Consulting Group» ЖШС жүзеге асырды, заңды мекенжайы: 
Астана қ., Иманов көш., 19, «Алма-Ата» БО, 809С , телефоны: 8 (7172) 78 79 29, эл. 
поштасы: info@dcg.kz


Құрметті оқырман!
 
Осы  оқулық  «Аппараттық  және  бағдарламалық  жасақтаманы 
жөндеушісі»  кәсібі  бойынша  оқу-әдістемелік  кешеннің  бөлігі  болып 
табылады. 
Оқулық  «Жеке  компьютерлердің,  серверлердің,  шалғай  құрылғылар 
мен жабдықтардың бағдарламалық жасақтамасын жаңғырту» КМ.04 кәсіби 
модулін зерделеу үшін арналған. 
Жаңа  буынның  оқу-әдістемелік  кешендері  жалпы  білім  беру,  жалпы 
кәсіби  және  кәсіби  модульдердің  зерделеуін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 
беретін  дәстүрлі  және  инновациялық  оқу  материалдарын  қамтиды.  Әр 
кешен  жалпы  және  кәсіби  құзыретті  игеру  үшін  қажетті,  соның  ішінде 
жұмыс  берушінің  талаптарын  ескере  отырып,  оқулықтар  мен  оқу 
құралдарын, оқыту және бақылау құралдарын қамтиды. 
Оқу 
басылымдары 
электрондық 
білім 
беру 
ресурстарымен 
толықтырылады. Электрондық ресурстар интерактивтік жаттығулары  мен 
жаттығу  құрылғылары  бар  теориялық  және  тәжірибелік  модульдерді, 
мультимедиялық  нысандарды,  интернеттегі  қосымша  материалдар  мен 
ресурстарға  сілтемелерді  қамтиды.  Оған  терминологиялық  сөздік  және 
электрондық  журнал  енгізілген,  онда  оқу  үрдісінің  негізгі  параметрлері 
тіркеледі:  жұмыс  уақыты,  бақылау  және  тәжірибелік  тапсырмаларды 
орындау  нәтижесі.  Электрондық  ресурстар  оқу  үрдісіне  жеңіл  енгізіледі 
және түрлі оқу бағдарламаларына бейімделуі мүмкін. 


4
Алғы сөз
 
Осы  әлемдегі  кез  келген  құрылғының  уақыт  өткен  сайын 
мүмкіндіктері 
шектеледі 
немесе 
жай 
ғана 
жаңа 
талаптарды 
қанағаттандырмайды.  Негізгі  себебі  –    ешкім  күшін  жоймаған  және 
әрқашан әрекетте болатын ғылыми-техникалық ілгерілеу.  
Компьютерлерге  және  кез  келген  өзге  де  компьютерлік  техникаға 
қатысты  оның  ескеруі  анағұрлым  айқын,  бұл  оны  одан  әрі  қолдану 
мүмкіндігіне  тез  әсер  етеді.  Сондықтан  да  компьютер  ерте  ме,  кеш  пе 
ескіреді,  оның  жұмыс  жылдамдығы  жеткіліксіз  болады  және  өздігінен 
жүйені жаңғырту туралы мәселе туындайды. 
Жаңғырту (апгрейд) –  бұл ескіріп қалған жабдықты жаңаға ауыстыру 
немесе  жай  ғана  ағымдағы  конфигурацияға  жаңа  құрылғыны  қосу.  Басқа 
сөзбен  айтқанда,  компьютердің  шығыс  конфигурациясын  пайдаланушы 
қоятын жаңа талаптарға сәйкес өзгерту. 
Жаңғырту  мақсаты  компьютердің  техникалық  сипаттамаларын 
жақсартудан,  жеке  компьютерге  қосымша  тұтыну  қасиеттерін  беруден 
тұрады. 
Есептеуіш жүйені жаңғыртудың келесідей себептерін белгілейді: 

жеке компьютердің аппараттық бөлігінің моральдық ескіруі;

жеке компьютердің аппараттық бөлігіне қойылатын жаңа талаптармен
бағдарламалық жасақтаманың пайда болуы;

жаңа функцияларды орындау қажеттілігі.
Жаңғырту келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

аппараттық құралдарды жаңғырту;

қосымша адаптерлерді орнату;

бағдарламалық жасақтаманы жаңғырту.
Бағдарламалық  жасақтаманы  жаңғырту  есептеуін  жүйеге  жаңа
функционалдық  қасиеттерді  беру  және  аппараттық  жасақтаманы 
анағұрлым  толық  қолдану  мақсатында  жүргізіледі.  Бағдарламалық 
жасақтама  операциялық  жүйені  ауыстыру  немесе  жаңарту,  қолданбалы 
бағдарламалардың  ескі  нұсқаларын  жаңаларға  ауыстыру,  қосымша 
бағдарламалық жасақтаманы орнату сияқты міндеттерді қамтиды. 
Жаңғырту  компьютерді  жақсарту  сатыларын  оңай  жоспарлауға  және 
жеке  компьютердің  функционалдылығына  қойылатын  міндеттерге  сәйкес 
біртіндеп жетілдіру жүргізуге мүмкіндік береді. 
Кей  кезде  жаңғырту  жаңа  құрамдауыштарды  қосу  немесе 


5
қолданыстағыларын  жаңарту  сияқты  қарапайым  заттарға  тіреледі.  Кейбір 
жағдайларда  жаңа  бағдарламалық  жамауларды  немесе  драйверлерді 
орнату  түрлі  қиындықтармен  қолдауы  мүмкін.  Бұл  уақытта  жүйелі 
параметрлерді  қарапайы  күйге  келтіру  компьютер  жұмысын  айтарлықтай 
оңтайландыра алады. 
Оқулық  бес  тараудан  тұрады.  1-тарауда  жеке  компьютерлер  мен 
серверлердің  бағдарламалық  жасақтамасының  құрамы  мен  құрылымы 
қарастырылған.  Бағдарламалық  жасақтаманы  орнату  және  ретке  келтіру 
тәртібіне  назар  бөлінген.  Бағдарламалық  жаңғыртудың  мақсаты  мен 
мүмкіндіктері және оны жүргізу тәсілдері туралы айтылған. 
2-тарау  жүйелі  бағдарламалық  жасақтаманы  жаңартуға  арналған.
Мұнда  операциялық  жүйелердің,  драйверлердің  түрлі  типтерінің 
кезеңділігі  және  оларды  жаңарту  тәсілдері  қарастырылған.  Жүйені 
конфигурациялау проблемалары талданған. 
3-тарауда  қолданбалы  бағдарламалық  жасақтаманы  жаңартуға  көңіл
бөлінген. 
Жаңартуды 
орнату 
проблемаларының 
диагностикасы, 
қолданбалы  бағдарламаларға  жаңартуды  орнату  және  бағдарлама 
нұсқаларын  жою  тәртібі  қарастырылған.  Шағын  бағдарламалық 
жасақтаманы және BIOS жаңарту егжей-тегжейлі сипатталған. 
4  және  5-тарауларда  операциялық  жүйелердің  түрлі  типтерінің 
жұмысын  оңтайландырумен  байланысты  мәселелер  қарастырылған.  BIOS 
ретке  келтіруді  оңтайландыру,  дефрагментация  және  дискілерді  тазалау, 
резервтік көшірме жасау және мәліметтерді қалпына келтіру айтарлықтай 
толық  айтылған.  Өндірімділік  көрсеткіштеріне  және  оңтайландыру 
процесінің критерийлеріне назар бөлінген. 
Оқулықта тәжірибелік жұмыстардың анағұрлым саны ұсынылған, олар 
материалды  сапалы  игеруге,  есептеуіш  жүйелерді  жаңғырту  және 
оңтайландыру  бойынша  дағдыларды  алуға,  қызметтік  бағдарламаларды 
пайдалануға мүмкіндік береді.  
Осы  оқулық  Федералдық  мемлекеттік  білім  беру  стандартына  сәйкес 
«Аппараттық  және  бағдарламалық  жасақтаманың  жөндеушісі»  кәсібі 
бойынша  әзірленген  және  «Жеке  компьютерлердің,  серверлердің,  шалғай 
құрылғылар  мен  жабдықтардың  бағдарламалық  жасақтамасын  жаңғырту» 
КМ.04 игеру үшін арналған. 


I
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет