Парктер шеруі 2020



Дата06.01.2022
өлшемі13,24 Kb.
#15480

Парктер шеруі 2020

Парктер шеруі - табиғатты қорғауға,ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қолдау көрсетугеарналған жыл сайын өткізілетін кең көлемді халықаралық акция.Катонқарағай  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркінде  бұл табиғатты  қорғау  акциясы  2002  жылдан  бастап  өткізіліп келеді. Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпақ, жастар және ауыл тұрғындары арасында экологиялық және табиғатты қорғау қозғалысын жандандыру, ЕҚТА проблемаларына жұртшылықтың назарын аудару. Биылғы жылғы ұраны «Табиғатты аялайық, болашақты ойлайық!».

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты акция онлайн түрде, 23 наурыздан 27 сәуір аралығында өтті. Жылдағыдай дөңгелек үстелдер, көрмелер, мерекелік көріністер, концерттер, шерулер, көшеттер отырғызу, құстарға ұя жасау сияқты іс-шаралар өтпеседе, биылғы жылғы акцияның өзіндік ерекшелігі бар. Оқушыларға онлайн-тапсырмалар беріп, сол арқылы танымдарынын кеңейту жоспарланған.



Аршаты орта мектебінің оқушылары бұл акцияны жылда ерекше бір мерекедей етіп өткізетін. Барлық іс-шараларға белсене қатысып, әртүрлі номинациялар бойынша жүлделі орындар алып келді. Бұл жолғы  «Парктер шеруі» акциясына барлығы 26 оқушы қатысты. Жекелей тоқталсақ, «Менің ауылымның көктемі» атты фото сайысқа 15 оқушы, «Катонқарағай БР жайлы мен не білемін» шығармалар сайысына 4 оқушы, «Менің ауылымның тарихы» презентациялар сайысына 1 оқушы, «Қар барысы» тақырыбындағы өлеңдер сайысына 6 оқушы қатысты. Іс-шараға қатысуға барлығы 26 тапсырыс жіберілді. Байқаудың шешімі 25 мамырға дейін шығарылып, аталған күні жеңімпаздар табиғатты қорғауға арналған шараға атсалысқандары үшін арнайы мақтау қағаздарымен, бағалы сыйлықтармен марапатталады. Ал мектеп оқушыларына, олардың жұмыстарына жетекшілік еткен мұғалімдер мен ата-аналарына белсенділік танытқандары үшін алғыс айтқым келеді!

Аршаты орманшылығының

инспекторы А. Қамзинов

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет