«Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі Мақсаты



бет1/4
Дата17.06.2022
өлшемі24,48 Kb.
#36980
  1   2   3   4

«Қош бол, балабақшам!» ертеңгілігі
Мақсаты:
Балалардың мерекелік көңіл - күйін қалыптастыру. Балабақша, мектеп туралы өлең шумақтар, әндер айтқызу арқылы балалардың тілдерін дамыту. Көріністер арқылы мектепке дайындығын тексеру. Балалардың жарты жылда алған білімдерін тиянақтау. Оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Әсем безендірілген музыка залы, ойынға қажетті мектеп құрал - жабдықтары.
Жүргізушілер:
Талшын:
Ерте, ерте ертеде, тәрбие атты өлкеде,
Ер Төстік атты сарайда, білім шашқан маңайға.
Бір патшалық болыпты, ішіне бақ қоныпты,
Іші өнерлі, өрелі, балаларға толыпты.
Сол сарайдың біріне, 2021 - дің қысында,
8 бала келіпті, 8- і де көрікті.
Кіп - кішкене өздері, былдырлаған сөздері.
Ештеңені түсінбей, таңырқаған кездері.
Алдарынан күлімдеп, «Балаларым, күнім»- деп,
Асиям мен Талшын, Гүлшат пен Қарлығаш,
Нұрлан ағай мен Аида апай
Асиям:
Тәрбиешілер шығыпты, оң мен солын танытты.
Содан бері мінеки, 6 ай өтті білінбей,
Бір ананың төліндей, ынтымағы жарасқан.
Елді аузына қаратқан, етек жеңін жинаған,
Ұстаздарын сыйлаған, сол балалар өсіпті.
Буындары бекіпті, балабақшамен қоштасар,
Кезде келіп жетіпті.
Бірге өткізген қыс - жазын, ата - анасын ұстазын
Елдің бәрі таң қалған, патшалыққа атақты,
Қоштасу кешін жасапты
Ханшайым мен Ханзада!
Ханзада – Бекасыл
Құрметті қонақтар, армысыздар!
Бәріңіз де есен –сау бармысыздар?
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғысым бар.
Ақтілекті ағытып бір тастайық.
Қоштасар әнімізді бастайық
Әдеп пенен өнегені үйретіп
Бақшамызды есімізде сақтайық


Ханшайым – Ляйсан
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айын


Айя:
Жас жүректің өмірлік құштары гүл,
Тәрбиешілер баулыған құстары бұл.
Қоштасып бүгінгі күн бақшаменен,
Сол құстардың бәрі де ұшқалы тұр.
Әли:
Қымбатты қонақтар, ата аналар, балабақша қызметкерлері бүгін бізде үлкен мереке, яғни бұл мереке қуанышы мен қызығы мол балалардың сүйікті балабақшасымен қоштасу мерекесі.
Ұшырып көкірегімнен жыр кептерін,
Мерекең құтты болсын түлектерім
Қол соғып ортамызға шақырайық,
Бүгінгі мерекенің шынайы кейіпкерін - деп балабақшамен қоштасатын сүйікті бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Жүргізуші:
Ақылды қыз Ляйсан
Ойы ұшқыр тым зерек, мінезі оның жайсаң
Өзі ақылды өзі ойлы, жігіттің ол сұлтаны
Бекасыл деген ұлымыз.
Амир мен Хасиба
Әдепті ұл мен қызымыз
Айтқанына көнеді
Тәртіп сақтап жүреді

Қызымыз мына Зейнаб


Өзі сондай әдемі, сұлулықты сүйеді, тәтті қыздың бірі өзі
Салмақты ұл Нұрсұлтан
Жымияды күлімдеп, әдеп сақтап әрқашан, ортамыздың нұры еді

Айерке деген қызымыз, бойына жақсы қасиет жиған қыз


Айеркенің сұлулығы білімінде, ойға түйген ортадан ілімінде
Расул деген ұлымыз,
Қайсар ұлдың бірі өзі




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет