Реферат тақырыбы: Географиялық және Картографиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі Орындаған



бет1/4
Дата08.06.2022
өлшемі54,97 Kb.
#36528
түріРеферат
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Географиялық және Картографиялық карталардың қасиеті және негізгі элементі


Орындаған:
Тобы:
Қабылдаған:


Жоспары
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Географиялық карталардың жіктелуі
2. Картографиялық проекция туралы түсінік
3.Карталардың қасиеттері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер


КІРІСПЕ


Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын анықтайды. Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады;Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.Конустық проекциялар – параллельдері концентрлік шеңберлермен, меридиандары ортогональдік түзу сызықтармен кескінделетін проекциялар. Бұл проекцияларда бұрмалану бойлыққа байланысты болмайды, сондықтан параллельдер бойымен орналасқан аудандарды бейнелеуге қолайлы келеді, сондай-ақ, геодезиялық проекция ретінде де қолданылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Географиялық карталардың жіктелуі
1. Карта – белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні.
Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне, территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.
Бейнеленуіне байланысты карталар Жердегі болып жатқан табиғи және қоғамдық құбылыстарды бейнелейтін географиялық карталар және аспан, оның бөліктері мен планеталарды бейнелейтін астрономиялық карталар деп ажыратылады.
Карталар қажетті масштабына сәйкес шартты түрде:
- ірі масштабты 1:1000 – 1:100 000 аралығында
- орта масштабыты 1:200 000 – 1:1 000 000 аралығында
- ұсақ масштабты 1:1 000 000 деп бөлінеді.
Территориясы бойынша дүниежүзі картасын, материктер, мұхиттар, материктердің бөліктері мен жеке мемлекеттер, әкімшілік облыстар, аудандар, қалаларды бөледі.
Мақсатына қарай карталар:



  • ғылыми-анықтамалық – ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуге және толық ақпарат алуға арналған.

  • оқулықтар – география, тарих, геология және т.б. зерттеуде қолданылады, мектептер мен жоғарғы оқу орындарына арналған.

  • техникалық – қандай да бір техникалық есептеулерді жүргізуге арналған, объектілер мен шарттар кескіндейді.

  • туристтік, навигациялық, әскери және т.б.

Мазмұны бойынша карталар екіге бөлінеді:
- Жалпыгеографиялық
- Тақырыптық


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет