Студенттерге арналған пән силлабусы пән туралы ақпарат



бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі55,47 Kb.
#74304
  1   2   3   4   5








СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН ПӘН СИЛЛАБУСЫ





1.Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы: Когнитивтік лингвистика
Кредит саны: 5
Курс, семестр: 2 курс, 4 семестр
Мамандықтың шифры және атауы 6B02301 – филология
Институт: Филология институты
Кафедра: С. Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы, қызметі: филология ғылымдарының докторы, профессор Есенова Қ.Ө
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai):
(870723489159, e-mail: kalbike_65@mail.ru)


2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды баға мына формула бойынша есептеледі: (АБ1+АБ2)  0,6 + емт  0,4


3.Пәннің қысқаша мазмұны

«Когнитивтік лингвистика» пәнінің мақсаты: тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика саласының мақсат-міндеттерін, пәннің қалыптасуы мен тарихын, зерттеу нысаны мен ұғымдары, құрылымдық жүйесін (концепт, фрейм, ойбейне, ақиқат дүние), зерттеу әдістерін, концептілік талдау тәсілдерін меңгерту.


Мазмұны: Когнитивтік лингвистика – антропоцентристік парадигманың саласы. Тіл білімінің ғылыми бағыттары. Когнитивтік лингвистика парадигмасының кезеңдері. Шетел және орыс тіл біліміндегі когнитивтік лингвистика ғылымының зерттелуі. Қазақ тіл біліміндегі ғылыми бағыттар. Құрылымдық лингвистика, мектептер, өкілдері, зерттеу барысы. Қазақ тіл біліміндегі бағыттардың қалыптасуы. Тіл біліміндегі құрылымдық, салыстырмалы-тарихи, антропоцентристік бағыттар. Антропоцентристік тіл білімі ғылымының зерттелу тарихы. Тіл біліміндегі антропоцентристік парадигманың бөлімдері. Когнитивтік лингвистикадағы концепциялық мәселе
Құзіреттілігі: Тілдің ойлау үдерісі арқылы ұйымдастырылып, санада жинақталып, тіл бірліктерінің таңдалуы арқылы жарыққа шығу механизмінің лингвокогнитивтік тәсілдерін ғылыми негізде түсіндіреді. Тілдің жарыққа шығуының санада болатын үдерісті тетігінің лингвистикалық зерттелу тарихы мен жетістіктерін, әдіс-тәсілдерін, теориялық тұжырымдарын меңгертеді. Тіл біліміндегі лингвокогнитология саласының ойлау арқылы тілді (сөйленісті) қалыптастыру, тіл арқылы ой тудыру құбылыстарын зерттейтін бағыттарымен таныстырады. Тілге дейінгі ойлау құрылымдарының түрлі формаларын, яғни фрейм, скрипт, сценарий, ойбейне, схема ұғымдарын танытып, олардың әрқайсысының мақсатын, ерекшеліктерін, қызметін, тілдің жүйелі, мазмұны болуына тигізер ықпалын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет