Студенттерге арналған пән силлабусы Пән туралы ақпарат



бет1/19
Дата17.10.2023
өлшемі81,72 Kb.
#117106
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Студенттерге арналған пән силлабусы


1. Пән туралы ақпарат



Пән атауы

Пәннің коды

Кредит саны

Курс, семестр

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі

MNPI -3309

3

3 курс, 6 cеместр



Мамандық атауы

Мамандық шифрі

Кафедра

Факультет

Мектептке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

5В010100



Педагогикалық білім және менеджмент

Психология, педагогика және мәдениет

Оқу түрі

Оқыту тілі

Сырттай, орта кәсіптік білім негізі, жоғары білім негізі

Қазақ тілі

Кеңес беру уақыты

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ №1 ғимарат, 30-шы гвардиялық дивизисы 34, сабақ кестесіне сәйкес өткізіледі.

Рейтинг кестесі (семестр аптасы)

7,15

Оқытушының аты-жөні, лауазымы, дәрежесі, атағы

Байланыс ақпараты: (телефон, е-mail.)

Нигметжанова Гулназым Кудайбергеновна
оқытушы

Телефон: 540-417, е-mail - Gulnazym_82@mail.ru

Қолы

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., Радченко Н.Н



2. Пәннің қысқаша сипаттамасы.
Қазіргі кезде жоғары білім беру саясаты республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлаудың жағдайларын қамтамасыз ету қажеттілігімен айқындалады. Қоғамдық өзгерістердің қарқындылығы жаңа сипаттағы педагогтердің қажеттілігін туғызады. Сондықтан жоғары оқу орындарында болашақ мамандардың кәсіби даярлығына, құзыреттілігінің дамуына және олардың жаңа педагогикалық технологияларға терең түсіністікпен бейімделуіне жағдай жасау қажет. Бұл бағытта білім беруде жоғары оқу орнының ең бір маңызды міндеті кәсіби жағынан білімдар да, құзыретті маман даярлау болып отыр. Жалпы кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік талапқа сай жоғары білім берудің жалпыға бірдей стандартына сәйкес 5В010100 – Мектепке дейінгі оұқыту мен тәрбиелеу мамандығына «Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі» курсы оқытылады.
Курстың пәні - студенттердің біліктілігі, алдына мақсат қою, ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру жэне өткізу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру, талапқа сай болашақ педагог-психологтарды тәрбиелеу.
Курстың мақсаты - студенттердің ғылыми-шығармашылық білімі және педагогикалық мэселелерді өз бетінше шешуді қалыптастыру.
Курстың міндеттері:
- ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық негізі мен әдістемесімен таныстыру;
- ғылыми-педагогикалық зерттеулердің әдістер жүйесін студенттердің меңгеруі;
- педагогикалық экспериментті жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;
- зерттеу жұмысының нәтижесін жинақтау және алынған материалды ғылыми жұмыс ретінде безендірудің іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Курстың мазмұнына ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастырудың басты тақырыптары енгізілген. Курс сабақтары мына формаларда өткізіледі: дәріс, семинар, практикалық сабақтар, курстық жұмыс, студенттердің зерттеу жұмыстары, кеңес беру және т.б..
Пәнді оқыту нәтижесінде студент білуі тиіс:

  • педагогикалық пәндерді оқыту әдістерінің теориялық‑әдістемелік негіздері жайлы;

  • педагогикалық пәндерді оқытуда тұтас педагогикалық үрдістің теориясы мен практикасы жайлы;

  • оқу пәндері ретінде педагогикалық пәндерді құрастырудың ғылыми негіздерін;

  • педагогикалық пәндерді оқытудың қазіргі технологияларын енгізу жайлы;

Біліктілігі:

  • педагогикалық пәндерді оқытудың әдістері бойынша теориялық білімдер негізінде шығармашылық, аналитикалық, зерттеушілік қабілеттердің дамуы;

  • педагогикалық пәндерді оқытудың практикасында теориялық білімдерді жүзеге асыру;

  • бала тұлғасын жан‑жақты білу үшін диагностикалаудың негізгі әдістерін меңгеру;

  • өткізілген сабақтарды өз бетімен талдау арқылы баланың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесу;

  • педагогикалық пәндер бойынша сабақтан тыс сабақтарды өткізудің әдістерін игеру.

Дағдысы педагогикалық құбылыcтарды талдау, болжау дағдысы;
- мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеуді теориялық негіздеуде әдіснамалық тұғырларды қолдану;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет