Емтиханға дайындыққа арналған сұрақтары



Дата17.12.2022
өлшемі15,09 Kb.
#57828

Емтиханға дайындыққа арналған сұрақтары

  1. Геометриялық вектор анықтамасын бер.

  2. Қосу, азайту және векторды санға көбейту ережелерiн тұжырымда (үшбұрыш, параллелограмм ережесi).

  3. Арифметикалық вектор мен Rn кеңiстiгiнiң анықтамасын бер.

  4. Векторларға қолданылатын сызықтық амалдар және олардың қасиеттерi.

  5. Қандай векторлар компланар, коллинеар, тең, қарама-қарсы, бағыттас, нольдiк деп аталады?

  6. Вектордың оське проекциясы неге тең?

  7. Векторлардың скаляр көбейтiндiсi деп не аталады және оның қасиеттерi?

  8. Ортогональ деп қандай векторлар аталады?

  9. Вектордың модулi деп не аталады және қандай формуламен ол анықталады?

  10. Екі нүктенiң ара қашықтығы.

  11. Түзудің жалпы теңдеуі.

  12. Түзудің бұрыштық коэффициенті дегеніміз не?

  13. Түзудің бұрыштық коэффициенті арқылы берілген теңдеу.

  14. Түзудің белгілі бағытта және берілген нүкте арқылы өтетін теңдеуі.

  15. Түзудiң кесiндiдегi теңдеуi.

  16. Екі нүкте арқылы өтетін түзу теңдеуі.

  17. Екі түзу арасындағы бұрыш.

  18. Түзулердің параллельдік белгісі.

  19. Түзулердің перпендикулярлық белгісі.

  20. Нүктеден түзуге дейінгі қашықтық.

  21. Жазықтықтың жалпы теңдеуін жазыңыз, жазықтықтың нормаль векторына анықтама беріңіз?

  22. Жазықтықтың барлық толық емес теңдеулерін жазыңыз. Жазықтың кесінділік теңдеуі қалай табылады?

  23. Берілген үш нүкте арқылы өтетін жазықтықтың теңдеуін анықтайтын формуланы көрсетіңіз?

  24. Екі жазықтық арасындағы бұрыш қалай табылады?

  25. Екі жазықтықтың параллельдік және перпендикулярлық шартын көрсетіңіз?

  26. Жазықтықтың нормаланған теңдеуінің формуласын жазыңыз?

  27. Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық қалай табылады?

  28. Кеңістіктегі түзудің канондық теңдеулерін жазыңыз.

  29. Түзудің бағыттаушы векторы қалай анықталады?

  30. Берілген екі нүкте арқылы өтетін түзудің теңдеуін жазыңыз.

  31. Кеңістіктегі түзудің параметрлік теңдеуін жазыңыз.

  32. Екі түзу арасындағы бұрышты қалай табады?

  33. Кеңістіктегі екі түзудің параллельдік және перпендикулярлық шарттарын анықтау керек.

  34. Түзу мен жазықтық арасындағы бұрышты қалай табады?

  35. Түзу мен жазықтықтың перпендикулярлық және параллельдік шарттарын анықтау керек.

  36. Екі түзудің бір жазықтыққа тиісті болу шарты қалай анықталады?

  37. Бір түзудің жазықтыққа тиісті болу шартын табыңыз.

  38. Шеңбердің теңдеуі қалай анықталады?

  39. Эллипстің анықтамасын, канондық теңдеуін беріңіз.

  40. Эллипстің фокусының координаталарын жазыңыз.

  41. Эллипстің эксцентриситетін және оның белгіленуінің анықтамасын беріңіз.

  42. Эллипстің директрисасы қалай анықталады?

  43. Гиперболаның анықтамасын, канондық теңдеуін беріңіз?

  44. Гиперболаның қанша симметрия осі бар?

  45. Гиперболаның қандай осін нақты деп атайды?

  46. Гиперболаның негізгі тіктөртбұрышы деген не?

  47. Гиперболаның эксцентриситеті деген не?

  48. Гиперболаның фокалды остері туралы не айта аласыз?

  49. Гиперболаның директрисалары деген не?

  50. Параболаның анықтамасын, канондық теңдеуін беріңіз.

  51. Параболаның қасиеттерін беріңіз.

  52. Эллипс, гипербола және параболаның полярлық теңдеуі қалай анықталады.

  53. Қандай бет эллипсоид деп аталады?

  54. Эллипсоидтың төбелері қалай анықталады?

  55. Бірқуысты гиперболоидтың канондық теңдеуін жазыңыз.

  56. Екіқуысты гиперболоидтың канондық теңдеуін жазыңыз.

  57. Бірқуысты гиперболоидтың мойын эллипсі қалай табылады?

  58. Эллипстік параболоидтың канондық теңдеуін жазыңыз.

  59. Гиперболалық параболоидтың канондық теңдеуін жазыңыз.

  60. Екінші ретті конустың канондық теңдеуін жазыңыз.

  61. Екінші ретті цилиндрлердің классификациясын атаңыз


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет