Энтеровирусты инфекция — жедел вирусты аурулардың бір тобы, клиникалық симптомдардың көп түрлігіменен сипатталатын ауру, симптомдардың ішінде дене қызуының көтерілуі, жалпы улану белгілері және бұлшық ет және нерв жүйесінің зақымдалуы жиі кездеседі.ЭВИ толық оқып зерттелмеген ауру, ЭВИ-ның клиникасына тән ауруларды ежелден бері кездесуі, бұл ауруды қоздыратын вирустардың ежелден бар екендігін дәлелдейді. 1874 жылы эпидемиялық миалгия жағдайлары кездескен, тап сол жағдай 1856 жылы Ис-панияда болған 1910 — 18 жылдары серозды менингит көптеп кездескен. Вирусология ғылымының дамуына байланысты осы инфекциялар жеке нозологиялық форма ретінде бөлінді.Этиологиясы. ЭВИ-ның қоздырғыштары — пикәрнавирустардың тұқымдастығына, энтеровирустардың туыстығына жататын вирустар: Адамның Коксаки вирустары, А тобы (23 серовар), адамның Коксаки вирустары, Энтеровирустар сыртқы ортаға қолайлы, су тоғандарында, сүтте, нанда, жемістерде, нәжісте ұзақ сақталынады, бірақ қайнатқанда тез өледі. Вирустың табиғи иесі болып адам саналады.Коксаки деп атап берілген АҚШ-тағы кала бойынша, бірінші рет вирус табылған жср.Коксаки және ЕСНО вирустардан баска және де энтеровирустардың 4 типі бар (68-71), олар маймылдың бүйрегінен жасалған дақылдарда жақсы өседі. 68-69 типтері респираторлар және ішек ауруларының қоздырғыштары болып саналады, ал 70 тип — геморрагиялық коньюнктивиттің, ал 71 типтің қоздырғыштары менингит және менингоэнцефалитпен ауырған аурулардан бөлінген. Эпидемилогиясы. Ауру көзі — вирус тасмалдаушы және ЭВИ-мен ауырған ауру адам. ЭВИ-ның вирус тасымалдаушылары өте көп, балалар арасында да кездеседі. Ауру адамнан энтеровирустар тыныс алу жолдарының секретімен және нәжісімен 3-4 апта, кейде 1 ай-дан аса уақытқа дейін бөлінеді.
Ауру, фекальды — оральды және ауа — тамшылы жолдарменен таралады. М.В. Громашевскийдің пікірінше ауа — тамшылы жолме-нен ауру жиірек таралады. Тышқандарға жасалынған экспериментте инфекцияның трансплацентарлы жолмен жұғу мүмкіндігі және ұрықтың дамуына вирустардың теріс әсері дәледденген.
ЭВИ-ны балалар тез қабылдайды, сондықтан осы аурумен ауру — сырқаулық өте жоғары. ЭВИ-пен 3-10 жасқа дейінгі балалар жиі аурады, сосын ауру төмендей бастайды, төмендеуі — вирус тасмалдаушылық және аурудың жеңіл түрімен аурудың салдарынан болуы мүмкін. Иммунитеттің ұзақтығы толық дәлелденбеген, бірақ имму-нитет тұрақсыз болу мүмкін.