Әож 811. 111 Студенттердің шетел тілінде сөйлеу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру жолдары



жүктеу 139.1 Kb.
Pdf просмотр
Дата06.03.2017
өлшемі139.1 Kb.

ӘОЖ 811.111

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ  СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

   


                                                                                   А.И. Алдибекова

 оқытушы

                                                                                    (Алматы қ., Қазақ мемлекеттік

                                                                                             қыздар педагогикалық  университеті)  

Аңдатпа:

 

Мақалада қазіргі таңда білім беруде  шет тілінде еркін сөйлеу мен сауатты 



жазу іскерліктерін қалыптастыру жолдары көрсетілген. Мақалада сөйлеуді дамытудың мәнін, 

мазмұнын   анықтауға   байланысты   философиялық,   педагогикалық,   психологиялық, 

лингвистикалық   талдау   жасалып,   студенттердің   тілді   қалай   меңгергендігін   білу   арқылы 

олардың дағдысын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген бағдарлама мен оқулықтар, оқу 

құралдары жөнінде айтылған.

Түйін сөздер:  дұрыс cөйлеу мен сауатты жазу дағдылары,   қарым-қатынас дамуының 

түрлері,  педагогикалық   қарым-қатынастардың   сыпайылық   және   әдептілік   қағидасы, 

ақпараттық технология. 

Қазіргі таңда шет тіліне үлкен сұраныс болуына байланысты елімізде сөйлеу мәселесі 

қолға   алына   бастады.   Өйткені   сөйлеу   мәселесі   өзекті   болуының   себебі   шет   ел 

мемлекеттерімен қарым-қатынас негізгі мақсаты болуына байланысты студенттердің дұрыс 

сөйлеу   мен   сауатты   жазу   дағдыларын   қалыптастыру   болып   табылады.   Жоғары   оқу 

орындарында     шет   тілінде   тілдің   дыбыстық   құрамын,   дыбыстардың   айтылу   нормасын, 

дыбыстық заңдылықтарды, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, 

басқаның   сөзін   түсініп,   жеткілікті   дәрежеде   сөздік   қорын   меңгеріп,   шет   тілінде   қарым-

қатынас жасауға дағдыланады.     

Қазіргі   таңда   жүргізіліп   жатқан   әрекет,   оған   ең   алдымен,   жоғары   оқу   орындарына 

арналған  оқулықтар  мен бағдарламалар қажет, яғни  білім  деңгейін  жоғары  көтеру негізгі 

мәселе.   Сондықтан   тілді   үйрету   үшін   сөйлесу   әрекетіне   дағдыландырылады.   Өзге   тілді 

үйрену барысында, студенттің қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі мен икемділігі ерекше 

орын   алады.     Тілді   тәжірибеде   пайдалану   –   сөйлесу,   қарым-қатынас   жасау.     Қарым-

қатынастың   дамуының   түрлері,   қатысым   үрдісі,   оның   мазмұны,   негізі   маңызы   және 

құрамының жүйесі бар. Студенттерді сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктер  негізге алынады. 

Сондықтан сөйлеу үрдісі қатысымдық негізде құрылады және сөйлеу құралдарын игеру мен 

оны   қарым-қатынаста   пайдалану,   сөйлесу   икемділігі   мен   дағдыларын   сапалы 

қалыптастыруға ықпал етеді. Сөйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте қаралып отырады. Оның 

маңызы,   қажеттілігі   айқындалып,   шет   тілінде   сөйлеу  жақсы   деңгейде   дамып,   әрі   жастар 

арасында   тілге   деген     үлкен   қызығушылық   орын   алуда.   Дегенмен   де,   сөйлеуге 

жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тілді дамытуға арналған жұмыстар, 

сөйлеудің мазмұны, құралы. Студенттердің тіл байлығын бағалау қалыптары анықталмаған, 

бірақ   қазіргі   тіл   дамыту   әдістерінің   өзіндік   зерттеулері   бар,   керекті   педагогикалық, 

психологиялық,   лингвистикалық   базасы   жетіле   бастаған.   Бұл   мәселелер   студенттердің 

қатысымдық әрекет негізінде сөйлеуге үйретудің өзектілігін анықтайды.

Егер студенттерге білім беру және іскерлік пен дағдыны сіңдіру процесі педагогикалық 

қарым-қатынастың қандай ынталандырушы түрінде берілгендігі және ұйымдастырушылығы 

ескерілмесе, онда сабақтың сәтті болуын мәтіндердің мазмұны да, тиімді жаттығуларды да, 

әдіс-тәсілдер мен құралдарды іріктеп алуды   да қамтамасыз ете алмайды. Сабақта қарым-

қатынас   кезінде   сезімталдық   пен   тілектестік,   табиғилық   пен   еркіндік,   адамгершілік 

жағдайын жасау студенттің тілдік қызметін және белсенділігін жандандырады. Әдеттегідей, 

оқытушы сабақтарда студенттермен іскерлік қарым-қатынасты қалыптастыруға тырысады, 

онда шет тілінде сөйлеуді қолдайтындығын, ынталандыратындығын, қуаттайтындығын және 

тағы басқа танысу үшін қолданылады.


Өкінішке   қарай,   іс   жүзінде   оқытушылардың   студенттермен   қарым-қатынасының 

мынадай   түрлері  таралған:   педагог   талап   етеді  –  студенттер   оны  бұлжытпай  орындайды, 

педагог   сұрақ   қояды   –   студенттер   оған   жауап   қайтарады   және   тағы   басқалары.

Мұндай   жағдайда   ынтымақтастық   жайында,   адамгершілік   қарым-қатынасын   тәрбиелеу 

туралы, әрқайсысын белсенді іс-әрекетке тарту жөнінде сөз қозғау бекер. Тек адамгершілік, 

тілектестік өзара көмек пен ынталандырушылық жағдайында студенттер өздерін іштей еркін 

сезінеді,   педагогикалық   ықпалына   қарай   белсенділік   танытады,   батылырақ   сөйлейді. 

Студенттер   бәрінен   бұрын   талап   қойғыш   және   әділетті   педагогтарды   ұнатады   және 

бағалайды. Алайда бәрін бірдей емес, өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін адамгершілік, 

жаны   ашығандық,   жігерлендіргіштік   және   көмек   берушілік   жағдайында   танытатын 

ұстаздарды сыйлайды.

Осындай жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі – оқыту процесі 

кезіндегі   педагогикалық   қарым-қатынастардың   сыпайылық   және   әдептілік   қағидасы. 

Адамдар қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебінің нормасы сол тілде сөйлейтін халықтардың 

тарихи,   әлеуметтік   және   мәдени   ерекшеліктерде   көрініс   тапқан   едәуір   ұлттық 

ерекшеліктермен   және   өзіндік   өзгешелігімен   сипатталады.   Бірақ   та   жалпыға   бірдей 

қағидалар да бар. Егер адамдар өзара түсіністікке қол жеткізгісі келсе, онда олар сол жолға 

бірдей   қағидаларды   басшылыққа   алады.   Бұл   қағидалар   қарым-қатынас   жасаудың,   тіл 

табысудың   анық   та   айқын   түрін   қолдану  қажеттігіне   басымдық   береді

.  


Егер   шет   тілінде 

жоғары   оқу   орындарында   студенттердің   сөйлесу   тілін   дамыту   ісі   лингвистикалық, 

психологиялық,   педагогикалық   негіздерге   сай,   оның   қатысымдық   әрекет   әдісі   арқылы 

жүйелі, тілдің қарым-қатынас қызметі  мен экспрессивтік қызметіне қарай ұйымдастырылса, 

ауызша   сөйлесудің   тиісті   лексикалық,   грамматикалық   икемділіктері   мен   дағдыларын 

қалыптастыруда   дамыта   сөйлеудің   әдіс-тәсілдерін   тиімді   пайдаланып   жүргізгенде   ғана 

нәтижелі болады.

Сөйлеуді   дамытудың   мәнін,   мазмұнын   анықтауға   байланысты   философиялық, 

педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық талдау жасалып, студенттердің тілді қалай 

меңгергендігін   білу   арқылы   олардың   дағдысын   анықтауға   қазіргі   қолданылып   жүрген 

бағдарлама   мен   оқулықтарға,   оқу   құралдарына   талдау   жасалынып,   оқытушылардың 

тәжірибесін   дамыту   арқылы   білуге   болады.   Сонымен   қатар   шет   мемлекеттермен   қарым-

қатынас жасау үшін сөйлеудің маңызы арта түсті. Шет тілі басқару орындарында, өндіріс 

ошақтарында,   ғылыми   мекемелер   мен   білім   беру   саласында   кеңінен   қолданылып   келеді. 

Қазіргі   заман   да   сөйлеудің   үш   түрін   талап   етуде:     ауызша,   жазбаша   және   электронды 

түрлерінің   дамуын   ерекше   талап   етіп   отыр.   Сөйлеудің   электронды   және   жазбаша   түрі 

қаншалықты   маңызды   болса,   сөйлеу   түрі   де   соншалықты   маңызды.   Студенттің     ауызша 

сөйлеу   мәселесіне   келсек,   бұл   әлеуметтік   қажеттілік,   заңнамалар   талабы,   Елбасы 

тапсырмасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бәрімізге  «Өсіп келе жатқан ұрпаққа әлемдік стандартқа 

сай   келетін   сапалы   білім   беруіміз   керек,   сонымен   қатар   қазіргі   мамандардың   біліктілік 

деңгейін   де   ұмытпауға   тиіспіз»   деген   міндетті   белгілейді.   Яғни,   студенттердің   сөйлеу 

әрекетін дамытудағы мақсат – ол шет тілі сабағында студенттердің сөйлеу дағдысын дамыту. 

Шет тілі сабақтарында компьютер бағдарламалары арқылы лексиканы үйрене алады, екеуара 

және дара сөйлеуге үйрету, жазуға үйрету, грамматикалық құбылыстарды игеруге бейімдейді. 

Мультимедиялық   бағдарламаны   қолдану   әдісінің   көп   артықшылықтары   бар.   Ол   әртүрлі 

сөйлеу түрлерін жаттықтыруға және оларды әртүрлі түрде үйлестіруге, тілдік құбылыстарды 

білуге,   лингвистикалық   қабілеттерін   қалыптастыруға,   тілдік   және   сөйлеу   әрекеттерін 

машықтандыруға,   сонымен   бірге   білім   алушылардың   жеке   өзіндік   жұмыс   жүргізуіне 

мүмкіндік   алады.    Жоғары   оқу   орындарында   студенттердің   ауызша   сөйлеу   әрекетіне 

байланысты  білім, білік, дағды ерекшеліктерін қалыптастырудағы  дамыта оқытудың әдіс-

тәсілдерін белгілеу мен жаттығулар жүйесін жасаумен қатар ауызша сөйлеу әрекетін тыңдап, 

түсіну,   айту,   мәнерлеп   оқу   және   ауызша   сөйлеудің     нормаларын   қалыптастырудың 

әдістемесін сипаттау болып табылады. Қазіргі кезде де  қабілетті, өз бетінше ойлай білетін, 

шығармашылықпен айналысатын жастарды тәрбиелеу қандай да оқу мекемелерінің басты 



мақсаты.   Ақпараттық   технология   шетел   тілін   игеруге   үлкен   мүмкіншіліктер   алады,   білім 

алушыларға   ағылшын   тілін   игеруге   қосымша   мүмкіндік   береді.   Ағылшын  тілі   сабағында 

интернет желісін пайдалана отырып, бірқатар дидактикалық мәселелерді шешуге  болады: 

оқу   біліктілігін   дамытады,   білім   алушылардың   жазу   қабілетін   дамытады,   сөздік   қорын 

байытады, білім алушылардың ағылшын тілін  білуге  деген ынтасын  одан  әрі арттырады. 

Егер   студенттерге   білім   беру   және   іскерлік   пен   дағдыны   сіңдіру   процесі   педагогикалық 

қарым-қатынастың қандай ынталандырушы түрінде берілгендігі және ұйымдастырушылығы 

ескерілмесе, онда сабақтың сәтті болуын мәтіндердің мазмұны да, тиімді жаттығуларды да, 

әдіс-тәсілдер   мен   құралдарды   іріктеп   алу   да   қамтамасыз   ете   алмайды.   Сабақта   қарым-

қатынас   кезінде   сезімталдық   пен   тілектестік,   табиғилық   пен   еркіндік,   адамгершілік 

жағдайын   жасау   студенттің   тілдік   қызметін   және   белсенділігін   жандандырады.   Мұндай 

жағдайда   ынтымақтастық   жайында,   адамгершілік   қарым-қатынасын   тәрбиелеу   туралы, 

әрқайсысын   белсенді   іс-әрекетке   тарту   жөнінде   сөз   қозғау   бекер.   Тек   адамгершілік, 

тілектестік өзара көмек пен ынталандырушылық жағдайында студенттер өздерін іштей еркін 

сезінеді, педагогикалық ықпалына қарай белсенділік танытады, батылырақ сөйлейді. Алайда 

бәрін бірдей емес, өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін адамгершілік, жаны ашығандық, 

жігерлендіргіштік және көмек берушілік жағдайында танытатын ұстаздарды сыйлайды.

Осындай жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі – оқыту процесі 

кезіндегі   педагогикалық   қарым-қатынастардың   сыпайылық   және   әдептілік   қағидасы. 

Адамдар қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебінің нормасы сол тілде сөйлейтін халықтардың 

тарихи,   әлеуметтік   және   мәдени   ерекшеліктерде   көрініс   тапқан   едәуір   ұлттық 

ерекшеліктермен және өзіндік өзгешелігімен сипатталады. Бірақта жалпыға бірдей қағидалар 

да бар. Егер адамдар өзара түсіністікке қол жеткізгісі келсе, онда олар сол жолға бірдей 

қағидаларды   басшылыққа   алады.   Бұл  қағидалар   қарым-қатынас   жасаудың,   тіл   табысудың 

анық та айқын түрін қолдану қажеттігіне басымдық береді. Қазақстан Республикасының 2015 

жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Жоғарғы білімді дамытудың негізгі 

үрдісі   мамандар   даярлау   сапасын   арттыру,   қарқынды   ғылыми-зерттеу   қызметімен 

ықпалдастырылған   инновациялық   білімді   дамыту,   білім   беру   мен   ақпараттық 

технологияларды жетілдіру болып табылады»,– деп атап көрсетілген.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.   Қазақстан   Республикасының   Президенті   –   Ұлт   Көшбасшысы   Н.Ә.Назарбаевтың   2012 

жылы   27   қаңтарда   Қазақстан   халқына   арнаған   «Әлеуметтік   экономикалық   жаңғырту   – 

Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауы, Оңтүстік Қазақстан, 28 қаңтар 2012.

2. А. Иманбаева.   Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі // Қазақстан мектебі, №2– 

2000.


3. Выготский Л.С. Избранные психологические исследования. – М.: Издания АПН РСФСР. 

1956. 


4. Қазақстан Республикасы «Білім туралы заңы». –  Астана, 2007.

5. Қазақстан Республикасының педагогикалық білім беру стандарты. – Алматы, 2001. 



РЕЗЮМЕ

Алдибекова А.И.,  

преподаватель

(г. Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет)

ПУТИ ФОРМИРОВАНИЯ РЕЧЕВЫХ НАВЫКОВ  СТУДЕНТОВ НА ИНОСТРАННОМ 

ЯЗЫКЕ

В статье рассматриваются пути формирования речевых навыков на иностранном языке. 

На уроках английского языка можно решить дидактические проблемы путем использования 

интернета.

Ключевые   слова:  навыки   правильного   общения   и     правописания,   развитие 

разновидности общения, принципы вежливости и скромности, информационная технология.



SUMMARY

Aldibekovа A.I.,   

teacher

(city Almaty, Kazakh State Women’s Teacher Training University)

WAYS OF FORMING  STUDENTS’ 

COMMUNICATION SKILLS 

IN FOREIGN 

LANGUAGES

This   article   is   about   forming   foreign   language   speech   skills.  At   the   lessons   of   foreign 

languages didactic problems can be solved with the help of using internet. 

                   Keywords:  communication  skills  and  the   correct  writing,   the   development   of  varieties  of 

communication, principles of politeness and modesty, information technology.



Каталог: images -> Stati -> Filologia
Filologia -> Әож 37. 031. 2 Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрету жолдары
Filologia -> Әож 372. 881. 1 Шетел тілі – Үлкен тәрбиелік диапазон г. Б шайкенов
Filologia -> Д. Т. Кушанбаева
Filologia -> Әож 82-311. 2 Әйелдер қҰҚЫҒы идеясы және қазақ Әдебиетіндегі әйелдер образы
Filologia -> Әож 372. 8: 811. 111 Шетел тілі сабағында интернет жүйесін қолданудың маңызы
Filologia -> Қатысты ойлар у. Р
Filologia -> Әож 82(091) ілияс жансүгіровтің публицистикалық МҰрасы л. М. Әділбекова
Filologia -> АҒылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық Қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану г. Б.Құрмашева


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет