ӘОК: 94 [070](574) Қолжазба құқында


 Жастардың ұлттық басылымдарының дамуы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата30.03.2017
өлшемі1,03 Mb.
#10622
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.2 Жастардың ұлттық басылымдарының дамуы мен қызметі 
 
ХХ ғасырдың 20-жылдары жастардың бірнеше газет-журналдары жарық 
көрді.  Солардың  ішінде  ең  алғашқы  басылым  ретінде  «Жас  алаш»  пен 
«Өртең»  газеттерін  атап  өтеміз.  «Жас  алаш»  газеті  1921  жылы  22  наурызда 
Ташкентте  жарық  көрсе,  1922  жылы  Орынборда  шыққан  «Өртең»  газеті 
жастарды елдің ішіндегі ішкі жаңалықтармен, саяси оқиғалармен, оқу-ағарту 
мәселелермен  таныстыруға  ұмтылды.  Сонымен  қатар  жастар  ұйымдарының 
қандай  жұмыстар  атқару  керектігін  белгілеп  берді.  Жастар  міндеттері 
жайында  жазылған  мақалаларды  басты.  Бұл  газетке  С.  Сәдуақасов  «Өткен 
күндер, қазіргі хал һәм болашақ» атты мақаласы жарияланып, онда жастарды  
босқа  жатпай  іске  араласып,  не  істеу  керектігін  ойланып,  жұмысқа  белсене 
араласуға  шақырды.  «Өңшең  жас  жүрек,  өңшең  қаһарман,  тарих  –  сендік. 
Болашақ  сенікі!  Алдыңдағы  ағаларыңша  бос  белбеу,  босаң  болмай, 
болашағыңа  оңдап  даярлан»,  -  деп  жазды,  ол  өз  мақаласында  [197].    Бұл 

 
75 
газеттің  бар-жоғы  6-ақ  нөмірі  шығып,  саяси  ұстамсыздығы  үшін  жабылып 
тасталды. Оның орнына 1923 жылдың қазанынан Қазақстан аймақтық жастар 
комитетінің органы «Жас қазақ» журналы шықты.  
Журнал  №1 санында: «...Біздің осы үстімізде  тұрған дәуірде ең бірінші 
планға шығарып қоярлық жалпы еңбекші жастарымыздың арасында істелетін 
екпінді, міндетті жұмыс, жаңа жұмыс – коммунист тәрбиесін алу, саяси билік 
алу.  Бұл  журнал  –...  еңбекшіл  жастарды  ортақшыл  ұйымға  кіргізіп,  жауыз 
дұшпандарымызды  қайткенде    жеңетін  жолды  сілтейтін,  адастырмайтын 
қазақ  жастарының  құбыланамасы  (компос)»,  -  дей  отырып,  өзінің  мақсаты 
мен  тілегін  айқындап  көрсетті.  Олардың  арасында  журналды  кіндіктігі,  не 
болмаса екі-үш кісінікі ғана қылмай, жалпы жас еңбекшіл қазақтікі (көптікі) 
қылу.  Елге  жанасу,  елмен  бір  жасау,  елдің  ішінен  хабар  алып,  солардың 
тұрмыстарын, жақсы-жаман ячейкалардың істеген істерін жазып, республика 
қол астына ендіру, жастар арасынан журналистер даярлау, ауыл жастарының 
ұйымдары,  олардың  ауылшаруашылығын  дамытудағы  жұмыстары  жайында 
үнемі  хабарлар,  мақалалар  жариялау,  халық-ағарту  ісіне  қатысты  іс-
шаралардың  жүргізілу  барысын  қадағалау,  жастардың  тұрмысынан,  мәдени 
іс-шараларға  қатысуын,  жалпы  олардың  арасында  жүргізілген  саяси 
жұмыстар және т.б. жайында хабардар ету екендігін келтірді.  
«Ұзақ  өмір  жасап,  өз  қажетінше  ойдағыдай  пайдалануы  үшін  еңбекшіл 
жастар  журналды  ұдайы  оқып  жүрер»  делінді  соңында  [198,  1-3-бб.]. 
Негізінде  «Жас  қазақ»  журналының  «Әдебиет»,  «Өнер-білім»,  «Саяси», 
«Оқу-тәрбие»,  «Балалар»,  «Ресми»,  «Сыртқы  хабарлар»,  «Жалпы»  сияқты 
рубрикалары ашылып, онда осыған лайықты материалдар басылды. Мәселен, 
журналдың  1-санында  Тілектес  есімді  автордың  «Жастардың  міндеті»  деген 
мақаласы  жарияланып,  онда  ол  жастардың  болашақта  атқаратын  басты 
міндеттерін  тізіп  берді.  «Қазірде  жұрттың  көбі  жастарға  қалай  қарауын 
білмейді. Біреулер мақтайды, біреулер мұқатады, біреулер қорқытады»  - дей 
келе,  жастардың  коммунистік  партия  ізбасарлары  болулары  үшін  оларға 
дұрыс  бағыт,  жол  сілтеу  керектігіне  үндейді.  Осы  нөмірде  Т-и  дегеннің 
«Саяси  хал»,  Мұхамет  -  Ханафия  Қазанғапұлының  «Баспасөз»,  «Әдебиет» 
рубрикасында  Жөнеудің  «Құрмаш»  ,  журналдың  2-3  санында  Тақа  дегеннің 
«Қойшығұл  там»,  Серік  атты  автордың  «Қазақ  кедей  жастарын 
ұйымдастыру» [199] деген мақалалары жарияланды. 
«Жас қазақ» журналының мазмұны жылдан-жылға жақсарып, онда саяси 
мәні,  жастарға  тәрбиелік  маңызы  бар  материалдарға  көптеп  жариялана 
бастады. Е. Алдоңғаров, Б. Майлин, М. Дулатов, М. Мұрзин, Ж. Сәрсембаев, 
С.  Сәдуақасов,  И.  Игенов  және  т.б.  жастар  мәселесіне  қатысты  түрлі 
тақырыптағы  мақалаларды  жариялады.    «Жас  қазақтың»  1924  жылғы  №7-8 
нөмірінде И. Игеновтың «Гурьев уезінде» деген көлемді мақаласы басылып, 
жастар  ұйымын  нығайту,  мүшелерін  көбейту  жолында  жүргізіліп  жатқан  
істер жайында мақалалар басылған [172, 59-61-бб.].  
Қазақстан  жастары  қозғалысының,  баспасөзінің  тарихында  өзіндік  із, 
өзіндік қолтаңба қалдырған, кейінгі ұрпақ елеп, ескерер еңбек еткен қажырлы 
«қарлығаштар» көп болды. Солардың бірі - Ибат Игенов. Ол - өз заманының 

 
76 
аты  ардақты  перзенті,  өз  кезегінде  жастар  қозғалысының  жігерлі  жетекшісі, 
қайраткерлігіне  қаламын  серік  еткен  хатшы-журналист»  -  деп  жазады  Т. 
Қожакеев  [26].  Жас  журналист  республиканың  қоғамдық-саяси  өмірін  жіті 
қадағалап  отырған,  өзінің  пікірі  де  болған,  оны  бүкпесіз  айтатын.  Бұл  кеңес 
өкіметінің 
алғашқы 
жылдарында 
мұндай 
дәстүрдің 
орындалғаны 
тоталитарлық жүйенің әлі өмірге келмеген кезі еді. 
1925  ж.  қазан  айында  республиканың  бес  жылдығы    аталып  өтті.  Осы 
уақыт  ішінде  ел  табысы  жөнінде  баспасөз  жазып  жатты.  Осы  оқиғаға  қарай 
жастар мәселесін көтерген   И.  Игенов: «Қазақстан республикасы,  - деді ол, - 
өзінің негіздеген күнін есіне түсіріп, тойын тойлағанда осы біздің де шыққан 
күніміз еді ғой дегендей оймен, жастардың да құлағы елең ете қалады. Кедей  
жастары кейінгі  кезде ұйымның жол–жобасына, мақсатына түсініп, енді-енді 
ғана ұмтылыс жасайды» [200]. 
Журнал  жастарды  оқуға,  өнерге  шақырды.  Сондай-ақ  сол  кездегі  ақын-
жазушылардың  өлеңдерге,  әңгімелерге,  фельетондар  мен  әдеби  мұраларға, 
ертегі, аңыз-мұраларға, түрлі күлдіргі сөздерге орын берілді. Жаңалығы көп, 
заман ағымына ілесіп өзгеріп отыратын жастар газетіне деген сұраныс айқын 
байқалды. 1924 ж. тамыз айында РКЖО Қазақ обкомының басшылығы «Жас 
қазақ»  журналын  жастардың  бұқаралық  газетіне  айналдыру  мүмкіншілігін 
талқылап ортақ шешімге келе алмады [12].  
1922  ж.  тамыз  айынан    «Жас  қайрат»  газеті  шыға  бастады,  ол  1924  ж. 
басынан  сол  атымен  журналға  айналды.  Ерғали  Алдоңғаров  алғашқы 
редакторы  болған  «Жас  Қайратқа»  1922  ж.  Сәдуәқас  Баймаханов  басшы 
болды.  Ол  өзінің  жайдары  мінезі,  сергек  ойлылығымен  алғыр  журналисті 
бейнелесе,  одан  кейінгілер  жалықпас  ұстаз  тәрізді,  аса  еңбекқор  болды. 
Бұлардың екеуі де бардан – жоқтан құрап газет шығарған қиын кезеңде істеп, 
қағаз,  қаржы  табу,  тілшілер,  авторлар  өсіруде  комсомолдың  Орталық 
Комитетіне, оның хатшысы Ғ. Мұратбаевқа арқа сүйеп отырды. Ғ. Мұратбаев 
редакторлықтан босағанымен, газеттен қол үзбеген. 
1924  жылдың  22  қаңтарында  В.И.  Лениннің  қайтыс  болуына  орай 
Қазақстан  комсомол  ұйымы  «Жас  қазақ»  журналы  мен  «Жас  қайрат» 
журналдары  қосылып,  1925  жылдан  бастап  «Лениншіл  жас»  деп  аталды. 
«Лениншіл  жас»  газетінің  бір  нөмірінде  мынадай  хабарлама  басылды: 
«Обкомның  қаулысы  бойынша    Түркістанда  шығатын  қазақ  жастарының 
журналы  «Жас  қайрат»,  Қазақстанның  «Жас  қазақ»  журналы  осы  январь 
айында  қосылып,  екі  басқарманың  қызметкерлері  тізе  қосып,  бір  журнал 
шығармақшы болды» [201, 88-б.].  
Ал  1927  жылдан  бастап  бұл  журнал  «Лениншіл  жас»  газеті  ретінде 
шығарыла  бастады.  Оның  редакторлығын  Ерғали  Алдоңғаров,  ал  жауапты 
хатшылығын Ахмет Елшібеков атқарған [202, 263-б.].  
Осы  «Лениншіл  жастың»  70  жылдық  тарихына  орай  шығарылған 
«Жансерік» деп аталған жинақтың алғы сөзінде газет турасында 1991 жылы 
«Лениншіл жас» газетіне редактор болған Уәлихан Қалижанов:  «Бұл жастар 
газетінің  өзінің  алғашқы  сандарынан-ақ  ел  мен  жер,  жаңа  өмірге  үйрену, 
сауатсыздықпен күрес, мәдениетке үміт арту мәселелерін көтергенін, өмірдің 

 
77 
өз  қиындықтарын    ашық  айта  отыры
п
,  рухани  жағынан  түлеуді    алға 
тартқанын айқындайды», – деп  жазған болатын [203, 4-б.].  
Ойластыра  келе  қазақ  жастарының  газетін  шығару  ісі  жаңа  ғана 
құрылған  өлкелік  мемлекеттік  баспаның  жастар  секторына  тапсырылды. 
«Юношеский  сектор  Госиздата»  аталған  осы  жаңа  мекемені  ұйымдастыру 
жағын  РК(б)П  Қыробкомы  Ерғали  Алдоңғаровқа  жүктеді  [204].  1925  ж.  17 
ақпанында  РКЖО  Қыробкомының  саяси-ағарту  бөлімі  газетті  шығаруға 
қажетті қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан дайындық жұмыстары 
жасалды деп тауып, газеттің атын («Жас қайрат») және жауапты редакторын 
(Е.Алдоңғаров)  бекітті.  Газет  редакциясына  кімдерді  кіргізу  мәселесін  Е. 
Алдоңғаровтың  өзі  шешіміне  қалдырды  [204,  40-п.].  «Жас  алаш»  газетінің 
орнын басқан «Жас қайрат» газетінің бар-жоғы отызға жуық нөмірі шыққан. 
Газет  жайында  Ахмет  Елшібеков  былай  деп  еске  алады:  «Жас  қайрат» 
мол кездегі «Еңбекші қазақтың» көлеміндей болып жұмасына бір рет шығып 
тұрды.  Редакция  қызметкерлерінің  саны  тым  аз  болды.  Онда  газеттің 
жауапты  секретары  мен  әдеби  қызметкері  болып  Әуес  Қошмұхаммедов, 
контор меңгерушісі Әбідрахман Бектасов болатын. Ал редакторымыз Ерғали 
Алдоңғаров  еді.  Ол  кездейсоқ  ауыра  қалғанда,  Бейімбет  Майлин  оның 
жұмысын  атқаратын.  Газетте  комсомол  жұмысының  көкейтесті  мәселелері 
мен Совет Одағы жастарының  өмірінен қызғылықты  материалдар басылып 
тұратын.  Сондай-ақ  комсомол-жастар  арасындағы  саяси  тәрбие  жұмыстары 
мен олардың білім алуы, еңбектегі табыстары және жас қыздардың тұрмысқа 
ерте шығып, қалыңмалдың құрбаны болуы сияқты ескіліктің етек басты салт-
саналарына қарсы жазылған материалдар жиі-жиі жарық көріп  тұрды» [203, 
10-б.].       
Газет  бетінде  жастарды,  пионерлерді  жаңа  салт  -  сана  рухында 
тәрбиелеуде,  оларға  ғылым,  техника,  өнер,  білім  жаңалықтарынан  мағлұмат 
беруге  бар  күшін салды.  «Жас  қайрат»  газетінің  жұмысын  жолға  қойғаннан 
кейін,  комсомол  ұйымы  Е.  Алдоңғаровты  Орынборға  қайта  алдырып,  «Жас 
қазақ»  журналын  шығаруды  жүктелгендігі  туралы  айтылып  кеткен-ді.  1923 
ж.  қазан  айында  жарық  көрген  бірінші  нөмірінде  редактор  –  сол  тұсағы 
баспасөз  міндетін,  жастар  парызын  саралап  түсіндірді.  Қазіргі  дәуірде 
еңбекші жастарымыздың алдында тұрған екпінді міндет - тәрбие, саяси білім 
алу,  өнер  игеру.  Осы  күнге  дейін  жас  ұрпақтың  басын  уландырып,  «кірсіз 
көңіліне ашытқы салып жүрегін айнытқан» тоғышарларға, қара басының ғана 
қамын 
ойлайтын, 
өзімшілдерге, 
байшылдарға, 
саясаттан 
қашық 
саудагерлерге,  құрғақ  ұлтшылдарға,  жалпылдақ  жарамсақтарға,  сөз  құмар 
бөспелерге  қарсы  қайрап  салар  өткір  тұмсық  қаруымыз  жаңа  іліммен 
қаруланған қазақ жастары, ұл қыздары. Сондықтан оларды тәрбиелеу өнер  - 
біліммен  қаруландыру – бүгінгі таңдағы зор міндет деп есептеді ол. Жастар 
баспасөзінің  аяғынан  қаз  тұрып  кетуіне  Алаш  зиялыларының  ықпалы 
шешуші рөл атқарды.  
Ж.  Арыстановтың  жазуынша,  1922  жылдың  ақырында  «Жас  қайратқа» 
Ерғали  Алдоңғаров  редактор  болған.  Бірер  жылдан  кейін  оның 

 
78 
редакторлығын  С.  Баймаханов  атқарып,  газетке  жастарды  көбірек  тартуға 
тырысқан [205, 125-б.].  
«Жас  қайраттың»  алғашқы  редакторы  болған  Ерғали  Алдоңғаров 
жайдары мінезі, сергек, алғыр ойлылығымен журналист ретінде ерекшеленсе, 
ал  Сәдуәқас  Баймаханов  жалықпас  ұстаз,  аса  еңбекқорлылығымен 
журналистердің есінде қалды. Бұлардың екеуі де бардан – жоқтан құрап газет 
шығарған қиын кезеңде  істеп, қағаз, қаржы табу, тілшілер, авторлар өсіруде 
комсомолдың  Орталық  Комитетіне,  оның  хатшысы  Ғ.  Мұратбаевқа  арқа 
сүйеп отырды.  
«Лениншіл  жас»  журналының  №7  санында  Ерғали  Алдоңғаров 
турасында:  «Ерғали  жүрегі  таза,  манапқа  қаны  қас  жігіттердің  бірі.  Ерғали 
қазақтың,  қазақ  еңбекшілерінің  жүрегі  баспасөз  екендігін  ұғынды. 
Сондықтан  ол  жолда  баспасөз  майданында  50  %  денсаулығын  жойғанша 
еңбек сіңіре қызмет істеді», - деп келтірілді [201, 88-б.].  
Ғ. Мұратбаев редакторлықтан босағанымен, газеттен қол үзбеген. Оның 
осы  газеттің  1923  ж.  2  ақпандағы  «Жәрдем  керек»  деген  мақаласы,  С. 
Баймаханов  редактор  болған  «Жас  қайрат»  журналының  1924  жылғы 
қаңтарындағы «Қадірлі жастар жадына» деген алғы сөзі газет үшін күрестің, 
уақытша  журналға  айналдырса  да,  оны  сақтап  қалу  үшін  талпыныстың 
тарихи айғағындай болып есте қалды.  
Бұл  газетте  С.  Сәдуақасовтың  «Істелетін  іс»  деген  мақаласы 
жарияланып,  онда  жастардың  алдында  қандай  істерді  жүзеге  асыру 
керектігін  айқындап  берді.  «Жастар  арасында  істеп  жүрген  іскер  аз.  Оның 
үстіне  «оқу  керек»  деген  ұранды  қолданып  жүрген  жастардың  көбісі  оқуға 
кетті.  Қалғанының  бір  қатары  демалыс,  саяхат  ретінде  жалпы  Русия 
ауылшаруашылық  выставкасына  кетті.  Іскер  жастардың  бұйтіп  қарауы 
жалпы  жастар  ісіне  едәуір  тоқтау  болып,  кейбір  жерлердегі    ұялар,  клуб-
кружоктар  ісі  тоқтап  қалды.  Оқу  жылы  басталып,  жазғы  демаолыстан 
оқушылар  келіп  жатыр.  Енді  жастардың  түрлі  жағынан  жұмыстары  туып, 
істейтін  мерзімді  уақыты  жетті»,  -  дей  келе  алда  мынадай  жұмыстарды 
міндетті түрде атқарылу керектігін көрсетті: 
1.  Жастар  арасында  саяси,  мәдени  қайыр,  өнер  майданына  қойылған 
жолдарды    тарату;  2.  Клуб-кружоктар;  3.  Оқухана,  кітапхана,  қауым  ашу 
жұмысын  жүргізу;  4.  Ташкенттегі  қазақ  интернаттарын  қолға  алып,  ондағы 
оқып жүрген жас балаларды қиын күннен құтқару.  
«Қолынан  келетін  «мен-басы»  дегендер  ұмытпай  іске  кірісіңіздер. 
Қауымдарыңызға нұр жаусын. Мақсаттарыңызға жетіңіздер», - дейді [206].   
«Жас қайрат» газеті 1924 жылдың қаңтарынан журнал ретінде шығарыла 
бастады.  Журналды  жастар  комитеті  мен  Орта  Азия  жастар  бюросы 
шығарды.  Журнал  ел  ішіне  еркін  тарауы  үшін  агенттерін  жіберіп, 
оқырмандарын  көбейте  түсті.  Басылымның  мазмұнды  болып  шығуына 
Сәдуақас  Баймаханов  көп  еңбек  сіңірді.  Т.  Қожекеев  ол  турасында:  «...  зор 
ұйымдастырушылық  әрекетпен  дүниеге  келтірген  «Жас  қайраттың»  бетінде 
жарияланған  Сәдуақас  материалдарының  негізгі  мақсат,  идеясы,  мазмұн, 
бағыты  жастарды  әдет-салтқа  дағдыландыру,  өмір  сүріп,  тіршілік  етудің 

 
79 
жаңа  жол,  тың    тәсілдерін  насихаттау,  үйрету  болды»,  -  деп  жазып,    оның 
жастарды тәрбиелеуге, оқуға, өнерге шақырған мақалаларын  талдауға алады 
[207].  
Оның  бірінші  нөмірінің  «Саясат»,  «Өнер-білім»,  «Әдебиет»,  «Мектеп», 
«Әдет-ғұрып», «Қыздар» сияқты бөлімдері болды. Мәселен, «Саяси» бөлімде 
«Қадірлі жастар жадына», Садықбектің «Ұйымымыздың кезекті істерлік ісі», 
Қайыпназарұлының  «Германия  өзгерісі  һәм  жастар  қимылы»,  ал    «Өнер-
білім» бөлімінде  Шым дегеннің «Қартаю деген не?», Мал дәргерінің «Маңқа 
ауруы»,  Аграномның  «Жылқы  тұқымын  асылдандыру  туралы»,  сондай-ақ 
«шаршау неліктен», «Нән ағаш», Ес дегеннің «Дүниедегі ең кішкентай баспа 
машина»,  «Әдебиет»  бөлімінде  Мық  дегеннің  «Қорыққаным-ай», 
Нұрымұылының  «Жолама»,  Т.  дегеннің  «Қыр  суреттері»  және  т.б 
авторлардың  өлең,  әңгімелері,  «Мектеп»  бөлімінде  «педагогика»,  «Қыздар»  
бөлімінде  Бекжанұлының  «Бұ  да  біздің  міндетіміз»    сияқты  мақалалар 
басылған. Сонымен қатар журнал жаңа  шыққан кітаптармен де таныстырып 
отырды.  
«Жас қайрат» газетінің журналға айналуының себебі №1 нөмірде айқын 
түрде  айтылды.  Оның  себебін  газеттің  өзінің  көздеген  ниетіне  жете 
алмауынан деп көрсетті. «Газет мезгілінде шықпады, шаққаны қалың жастар 
арасына тарамады. Газет өзінің жасаған аз ғана жылдарының беделінде талай 
жастарды сынады. Онымен судай ағып жорғалап басып кетпеді, жетілік газет 
25  күнге,  10  күндік  газет  бір  жарым  айда  шығатын  болды.  Мұндай  сирек 
шығуы  қаншалық  жігерлі,  қайратты  болса  да  газеттің  дәмін  алып,  қызығын 
кетірді. Әлі түсіне алмай, жаңа ғана білім дұниесіне құлаш ұрып келе жатқан 
жастарымыз  І-нен  ІІ-нші  санына  дейін  газеттің  бәрін  ұмытып  та  қалып 
жүрді»,  -  дей  келе,  ал  журналды  шығарудың  мақсатын  «Қазақ-қырғыздың 
жалпақ-жабайы  тілімен  жастардың  бойына  сіңгерлік  саясат,  білім,  әдебиет, 
мектеп,  қайыр  басқа  мәдениет  майданындағы  пұтақтармен  таныстыру. 
Бірліктің, оқудың керектігін ұғындыру» деп түсіндірді [208, 3-4-бб.].  
Бұл  журналға  жарияланған  материалдардың  авторының  көпшілігі 
бүркеншік есімдермен аталған. Мәселен, Тоқай төре, Шақа, Есей, Қара жаяу, 
Ес, Аграном, Марқа бала және т.б.        
1924  жылғы  Орта  Азия  шекарасын  межелеуге  айланысты  Қазақ 
автономиялы  Кеңестік  социалистік  республикасы  құрылып,  оның  астанасы 
Орынбор қаласынан Қызылордаға көшті. Осыған орай көптеген газеттер жас 
астанаға  көшіріліп,  кейбіреулері  қысқартылып,  басқа  газет  немесе 
журналдарға қосылса, ал кейбіреулерінің атаулары өзгерді. Комсомолдардың 
бұрын  Орынбор,  Ташкент  сияқты  қалаларда  шығып  тұрған  газет, 
журналдарының  орнына  Қызылордада  бір  газет  пен  бір  журнал  шығарыла 
бастады.  Бұлар «Лениншіл жас» журналы мен «Жас қайрат» газет болды. 
1924  ж.  бастап  «Еңбекші  қазақ»  газетінің  бір  бетіне  «Лениншіл  жас» 
деген атпен жетілік газет шығарыла бастады. Ең алғашқы санында Аймақтық 
коммунистік  жастар  комитеті  «Жас  қазақ»  журналынан  басқа  қазақ  тілінде 
осы газетті шығарып, еңбекші жастардың тәрбиешісі, жүрегіне  жақын көсемі 
Лениннің атын мәңгіге қалдыру үшін «Лениншіл жас» деп аталғандығы, оған 

 
80 
жастарға  өнеге  аларлық  жақсы  істер  мен  жастар  ұйымының  кемшіліктері, 
жетістіктері туралы  жазылатындығы айтылды. Ерғали. Лениншіл жас. 1924. 
№1.  8  февраль.  Газет  аймақтық  комсомол  жастар  комитетінің  алда 
қабылданатын  жобалары  мен  қабылданған  үкіметтің  түрлі  қаулы-қаралары, 
нұсқаулары,  жастар  ұйымының  жиналыстары,  онда  қаралған  мәселелер 
жайында,  не  оқуға  кіре  алмай,  не  жұмысқа  тұра  алмаған  жастардың  ауыр 
тұрмыс-тіршіліктері жайында да материалдар басып отырды. Тіпті комсомол 
жастарға  жат  деп  табылған    жәйттерді  де  сынға  салды.  Бұл  ретте  газетке 
жарияланған «Комсомол» деген бүркеніш атпен жарияланған. 
Газет  сонымен  қатар  жастардың  өз  басылымдарына  қолдау  көрсетіп, 
оның таралуына ат салысуға шақырды және жер-жерлерде жастар баспасөзін 
көтеруге  байланысты  өткізіліп  жатқан  жиналыстар  туралы  хабарлар  да 
жариялады. Мәселен, газетке жарияланған «Осылай істеу керек» деп аталған 
мақалада  Орынбордағы  жүмыскерлер  факультетінің  оқушылары  комсомол 
ұясының  басшылығымен  бірге  1  қазаннан  бастап  стипендия  алған  әрбір 
оқушыға  «Жас  қазақ»  журналынан    алуға  міндеттеу  туралы  қаулы 
шығарғандығы айтылды [209].  
1925 жылы «Жас қайрат» деген газет болып қайтадан шығарылып, еліміз 
егемендігін алғанға дейін «Лениншіл жас» атымен қайта шығарыла бастады. 
Газет шығып тұрған кезде оған Ғ. Мұратбаев, С. Сәдуақасов, А. Лекеров, Х. 
Бөлекбаев,  Р.  Жанұзақов,  Е.  Смайылов  және  т.б.  жастардың  материалдары, 
мақалалары жарық көрді.  
«Жас  қайрат»  газеті  жастар  өмірімен  таныстыруды  мақсат  қылды. 
Мысалы  И.  Игеновтың  «Қазақстан  жастарының  қазіргі  күйі,  келешекте  не 
істеуіміз  керек?»  деген  мақаласы  жарияланып,  онда  жастар  ұйымның  өсуі, 
ұйым  мүшелерінің  саяси  сауаттылығы,  ұйымның  әлеумет  ісіне  қатысы 
жөнінде    жеке-жеке  сөз  етеді  де,  алда  қандай  жұмыстар  жүргізу  керектігі 
жөнінде сауал қояды [210].  
Ғалым Б. Кенжебаев «Жас қайрат» газеті жөнінде: «Жас қайратта» саяси, 
шаруашылық,  өнер-білім,  тәлім-тәрбие,  әдебиет  бөлімдері  болып  жүрді. 
Халықаралық жағдай, шетелдердегі жұмысшылар мен жастар жайы, олардың 
күресі  туралы,  Советтер  Одағының  ішкі  жағдайы:  саясат,  шаруашылық, 
мәдениет  жөніндегі  табымтары  туралы,  ғылым-техника  жаңалықтары 
туралы,  өнер-білім,  мораль,  этика  –  жаңа  тұрмыс  туралы  азды-көпті  үзбей 
жазып  отырды.  Жас  ақын-жазушылардың  шығармаларын,  бұрынғы  әдебиет 
мұраларын  мол  жариялап  жүрді.  Қазақ  жастарын  революциялық, 
коммунистік  рухта  тәрбиелеуге  шамасынан  келгенше  еңбек  етті»,  –  деп 
жазған еді.  
 «Лениншіл жас» журналының редакциясында журналистикаға қыры бар 
Әуеш  Қошмағамбетов,  Ерғали  Алдоңғаров,  Ибат  Игенов,  Ахмет  Елшібеков, 
Әбдірахман  Бектасов,  Рухия  Низаметтинқызы  қызмет  еткен.  Журналдың 
редакторлық қызметін  Ибат  Игенов  атқарды.  Ол  туралы  ғалым  Т.  Қожакеев 
былай деп жазған еді: «1924 жылы жазда Қазақстан комсомолының  үшінші 
съезіне делегат болып қатысқан. Сонда дайындығы, ширақтығы ескеріліп, ол 
комсомолдың  Орталық  Комитетінің  хатшысы  болып  сайланған.  Сол  кездегі 

 
81 
тәжирибе,  дәстүр  бойынша  әрі  «Жас  қайрат»  газеті  мен  «Лениншіл  жас» 
журналының редакторы болып істеген. Бұл екі басылым да жастарды жайсыз 
мінезден сақтандыру, тұрмыста да, істе де жұртқа үлгі көрсету, оларды оқуға, 
өнер  мен  ғылымға  қарай  жетелеу,  тазалықты,  ұқыптылықты  үйренуге 
шақырды.  
1926  жылы  «Жас  қайрат»  газеті  қиындықтарға  байланысты  тоқтап 
қалып,  тек  «Лениншіл  жас»  журналы  шығып  тұрды.  1927  жылдың  күзінен 
«Лениншіл жас» газет ретінде жетісіне бір рет шығып, оның редакторлығын 
Жұмабай Орманбаев атқарды [17, 49-б.].  
Газеттің  журналға,  журналдың  газетке  себебін  Садық  Нұрпейісұлы 
«Көптің  тілегі»  деген  мақаласында  айқын  көрсетті.  Ол  екі  басылым  ретінде 
шығаруға  болатындығын,  алайда  қаражат  мәселесі  қинайтындығын  айта 
келе,  газетті  ақсатпай  шығаруға  өлкелік  жастар  комитеті  сенім  білдіріп 
отырғандығын,  бұл  газеттің  ауыл  жастарының  тілі  болмақтығын  көздеп 
отырғандығын нақтылап берді. Сонымен қатар ол газеттің өркендеуіне әрбір 
жас өз үлесін қосуы керектігін айтып, мынадай міндеттерді қояды: 
1. Бүтін хат білетін жастар «Лениншіл жасты» алдырып оқысын.  
2.  Барлық  ел  хабары  мен  жастар  хабары  ұя  жұмыстарын  үзбей  жазып 
отырсын.  
3.  Мұнымен  қатар  Қазақстандағы  барлық  жастар  ұйымы  шамаларының 
барынша  өз газеттерін елге тарату, оны көркейтуге аянбай ат салыссын. 
4. Губерниялық, уездік жастар комитеттері бұрынғыдай салқын қарамай, 
кәдімгідей  науқан  жүрдіріп,  барлық  істерінен  газетке  хабар  беріп,  жастарға 
осы жолда жолбасшылық етіп, жазуға, оқуға баулулары керек [211].  
Осындай    мазмұндағы  мақалалардан  кейін  газетке  «Лениншіл  жасты» 
жастар  арасында  тарату,  оларды  тұрақты  оқырмандарына  айналдыру 
мәселесі бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар жөнінде хаттар келіп жатты. 
Сондай бір  хат Мәскеудегі Қазақстан оқушылар комитетінен де келді. Онда 
бұл  комитеттің  жарты  жылға  Қызылжар  уезінің  Өрнек  қаласындағы 
Қызыләскер  болыстық  лениншіл  жастар  комитетіне,  Темір  уезіндегі, 
Павлодар  қаласындағы  қазақ  балалар  коммунасына  алдыртуды  өз 
міндеттеріне  алатындығын  айтып,  осымен  бірге  Ленинград,  Ташкент, 
Сарытау,  Қазан,  Орынбор,  Том,  Омбы  қалаларындағы  Қазақстан  оқушылар 
комитеттерін газетке қолдау көрсетуге шақырды [212].  
Газеттің рухын  көтеруде оның бетінде өлеңдер де жарияланып отырды. 
Елтай Ерназарұлының «Лениншіл жас» газеті»  деген өлеңі басылып, жастар 
басылымының жеті жасқа келуімен құттықтаған: 
«Лениншіл жас» газеті, 
Туралыққа нұқсаған, 
Әділдік жолын ұстаған. 
Нұрын шашып, жадырап, 
Жазғы күнге ұқсаған. 
«Лениншіл жас» газеті, 
Жалшы жастың айнасы. 
Бостандық жолында, 

 
82 
Жалшыға тиген пайдасы. 
«Лениншіл жас» газеті, 
Келді жасы жетіге, 
Кетпек былай жетіле. 
Көкке шығып Күн болмақ,  
Еңбекші тап еліне [213].  
1930-1932 жж. «Лениншіл жас» газетіне Рахымәлі Байжасаров редактор, 
ал 1935 жылы Зарап Әбікеев «Лениншіл жасқа» редактор болды.  
Семейде  шыққан  «Қазақ  тілі»  газетінің  1923  жылдан  жұмасына  бір  рет 
соңғы  беттерінде  «Еңбекші  жас»  газеті  шығып  тұрған.  Оның  жауапты 
редакторлығын Сақи Бейсебаев атқарды.  
1927 жылдан бастап «Бостандық туы» газетіне қосымша ретінде Ақмола 
губерниялық  Лениншіл  жастар  комсомолдарының  екі  жетіде  бір  рет 
«Жеткіншек»  шығып  тұрды.  Газеттің  редакторлық  қызметін  С.  Сафарбеков 
атқарды.  Газеттің  ауыл  жастарының  арасында  сауатсыздықты  жою,  
комсомол  ұяларына  мүшелікке  тарту,  жастарға  арналған  қаулылары, 
нұсқауларын  жариялауды  өз  міндетіне  алды  және  жастардан  өздерінің 
тұрмыстары жайындағы мақалаларды жариялап тұруды өтінген [214].   
Газет  жастар  мәселесіне  қатысты  материалдарды,  мақалалар  мен 
хабарларды,  нақтылай  айтқанда    оқу-ағарту  ісі,  әскерлік  дайындық  барысы, 
комсомол ұйымдарын, ұйымдастыру  жұмыстары, баспасөз мәселесі жөнінде 
жариялап отырды.  
«Жеткіншек»  өзінің  «Бостандық  туы»  газетіне  қосымша  ретінде 
шығатындығын  айта  келе,  «Баспасөз  тап  құралы  –  деген  Ленин  атамыз,  ту 
ұстап  газет  оқысақ,  тегістікке  басамыз»  деп  жазып,  газетке  жазылғысы 
келгендер «Бостандық туына» жазылса «Жеткіншекті»  де оқи алатындығын  
ескеріп өтеді [214, 6-б.].  
«Жеткіншек»  газетінің  «Ауылдағы  комсомолдар  тұрмысы»,  «Түрлі 
хабарлар», «Оқу-білім» сияқты рубрикалары болды.   
 Жас  жеткіншектерге  арналған  «Пионер»  журналы  1925  жылдың 
қаңтарында  шықты.  1920-1930  жылдар  аралығында  бірде  шығып,  бірде 
тоқтап,  1931  жылы  «Екпінді  жас»  деп  аталды.    «Пионер»  журналы  мектеп 
оқушыларын  өндіріс  озаттарының  еңбектегі  өнегелі  жетістіктерімен  үнемі 
таныстырып отырды.  
Өлкелік  жастар  комитеті  мен  Халық  ағарту  комиссариатының  ауыл 
пионері  мен  мектеп  балаларына  арналған  он  күнде  бір  шығатын  өлкелік 
органы  ретінде  1930  жылдың  5  қарашасынан  бастап  «Пионер»  газеті  де 
шығып  тұрды.  Оның  жауапты  редакторлығын  Ахмет  Нұралин  атқарды. 
Газеттің 1 жылдығына орай  1931 жылдың 30 тамызында болған жас пионер 
тілшілерінің  слетінде  А.  Нұралин  баяндама  жасап,  газеттің  алға  қойған 
міндетін  пионерлердің  көмегімен  еңбекші  балаларды  ұйымдастыру,  оларға 
көмекші-жәрдемші болу деп түсіндірді [215].  
Бұл газеттің бастапқы кезде 2-ақ қызметкері болған. Соның салдарынан 
көпшілік  жұмыстарды  орындауға  мүмкіншіліктері  болмаған.  А.  Нұралин 
көрсеткендей,  оның  қатарына  тағы  екі  адам  қосылып,  газеттің  сапалық, 

 
83 
мазмұндық  жағын  көтеруге  күш  салған.  Газеттің  жылдан-жылға 
шындығында да сапасы мен жарияланатын материалдарының маңыздылығы 
артты.  Басылымға  білікті  маман-журналистермен  қатар  жас  жеткіншек 
пиоенрлер  үзбей  ат  салысып,  пионер  өміріне,  пионер  звеноларына, 
мектептегі  оқу  ісіне  қатысты  мақалаларды  жариялап  отырды.  Жас 
жеткіншектерді  қызықтыратын  тақырыптарда  да,  мәселен,  жер  сілкінісі, 
жанартау атқылауы, жұлдыздар, ежелгі адамдар жайында қызықты танымдық 
материалдарды арнайы түрде басып отырды.  
Мектеп  оқушыларына  арнап  шығарылатын  мерзімді  баспасөздің 
қажеттігі өзінен - өзі туындады. Бұл ретте жаңа ғана  жарық көрген «Пионер» 
газетінің  оң  сипатты  қызметі  жайында    пионер    жолындағы  қазақ 
балаларының  алғашқы  шығармашылық  туындыларын,  яғни  мақала,  хабар, 
өлеңдері  мен  суреттерін  көптеп  басып  шығарылғанын  ерекше  атап  өткен 
ләзім.  Жас  өспірімдерді  әдеби  шығармашылыққа    баулу,  жас  тілшілердің 
бастамалары  мен  талпыныстарына  мейлінше  қолдау    көрсету  арқылы  газет 
тез  арада  ауыл  балаларымен  жақындасып  кетті.  Таралымы  тез  өсіп,  оның 
географиясының ауқымы кеңейіп отырды. 
«Пионер»  газетінің    күннен-күнге  тиражы  өсіп  отырды.  1932  жылы  9 
қаңтардағы  санында  газеттің  тиражы  мен  бірге  жас  тілшілерінің  де  қатары 
өсіп,  50-  ге  жеткендігі,  мұның  жартысы  Алматыда,  одан  басқа  Әулиеата, 
Шымкент,  Көкшетау,  Баянауыл,  Іле,  Еңбекшіқазақ,  Семей  тағы  бірнеше 
аудандарда да барлығы айтылды [216].   
Қазақ  жастары  баспасөзі  мектеп  оқушыларын  еңбек  тәрбиесіне  баулу 
мәселесіне  көп  көңіл  бөлініп  отырды.  Бұл  жөнінде  «Пионер»  журналы  мен 
«Октябрь  балалары»  газетінде  латын  әрпімен  жазылған  материалдарда 
жасөспірімдерді кеңестік идеология аясында тәрбиелеу міндетін алға қойды. 
Өткендегі  өміріміз  және  бүгінгі  жаңа  тұрмысымызды  түсінетін  жаңа 
адамдардың  тобы    -  осы  пионерлер  мен  жастарымыздан    тәрбиеленіп  өрбіп 
келетін  де  жасай  білетін,  соған  әзір  тұратын  армия.  Сөйтіп,  мәселе    жаңа 
адамды  жаңа  ағыммен  тәрбиелеу    болып  отыр-деген  үзінділерді  оқуға 
болады. 
 «Октябрь  балалары»  газеті  де  балаларды  тәрбиеленуде  көмектесетін, 
көркем  сөзбен  көңілін  сергітетін,  еңбек  адамы  етіп  ұғындыра  беруге 
бастайтын  баспасөз  «Пионер»  журналы  сияқты  дәрежеде  болды.  Бұл 
басылым да балалардың сүйіп оқитын, көп жазылатын баспасөзіне айналды. 
Жас  ұландар  -  пионерлер»  -  деген  топтамаға  енген  мақалаларда  жастар 
жүріп өткен жолы бейнеленді. «Пионер» журналында басылған М. Әуезовтің 
«Абай  -  кемеңгер  ұлы  ақын»  мақаласында,  қазақ  халқының  өнер-білімге 
жетуінің,  оны  меңгерудің  жолын  көрсеткен  ұлы  тұлғалар  Шоқан,  Абай, 
Ыбырай  деп  атап  көрсетілген.  Н.  Островскийдің  «Құрыш  қалай  шынықты», 
Б. Майлиннің «Ленин мектебі», С. Бегалиннің «Қыран туралы дастан» секілді 
алғашқы туындылары осы журналда жарық көрді. 
1923-1929 жылдар аралығында Орта Азия коммунистер университетінде 
оқитын  қазақ  студенттерінің  күшімен  «Кедей  айнасы»  деп  аталған  журнал 
шығарылды.  Журнал  беттерінде  университет  жаңалықтары,  оның 

 
84 
оқушылары  мен  оқытушылары,  елдегі  әлеуметтік-экономикалық  жағдай, 
саяси  жұмыстардың  жүргізілу  барысы  және  әдебиет  жөнінде  айтыс-
тартыстар  жарияланып  тұрды.  1929  жылы  4-5  нөмірлері  шыққаннан  кейін 
қаржының жоқтығынан журнал тоқтап қалды [17, 34-35-бб.].  
Жастар  басылымының  қатары  жыл  сайын  толығып  отырды.  Солардың 
бірі  ретінде  Ташкенттегі  Ортаазия  коммунистік  университетінде  оқитын 
қазақ  студенттері  «Кедей  айнасы»  журналын  шығарды.  Жылына  бір  рет 
1923-1929  жж.  аралығында  5  саны  жарық  көрді.  Студенттердің  өз  күшімен 
шығарылған  бұл  басылымның  толығымен  жастар  баспасөзіне  жататыны 
ешкімнің  күмәнін  туғызбаса  керек.  Оның  жұмысына  Өтебай  Тұрманжанов, 
Шамғали Сарыбаев, Сәкен Сейфуллиндер  белсене қатысты. 
Журналда университет өмірі, студенттер мен оқытушылар құрамы, оқу - 
тәрбие  процесі,  оқу  бағдарламалары,  құралдары,  жастар  арасындағы  саяси  - 
идеологиялық  жұмыс  жайында  мақалалар  жарияланып  тұрды.  Сондай-ақ 
білімгерлердің  алғашқы  өлеңдері  мен  прозалық  шығармалары  да  көптеп 
жарияланды. Жаңа заман әдебиетінің түрі мен мазмұны қандай болу керектігі 
жөнінде  пікір  сайыс  жүргізілді.  Сонымен  бірге  үлкен  саяси  маңызы  бар 
үкімет  пен  партияның  іс-шаралары;  кәмпескелеу,  жер-су  реформасы, 
индустрияландыру,  ауыл  шаруашылығы,  халық  ағарту  мәселелері  туралы 
терең мазмұнды мақалалар жарық көрді.  
1923  жылдан  бастап  «Қазақ  тілі»  газеті  өзінің  4  бетін  жастар  өміріне 
арнады,  «Еңбекшіл  жасты»  ашуда  Семейдегі  педагогикалық  техникумның 
студенттері  белсенділік  танытты.  «Еңбекшіл  жастың»  жауапты  редакторы 
болып Сақи Бейсебаев тағайындалып, газет өлкедегі хабарларды жастарға өз 
уақытында жеткізіп отырды.  
1926  ж.  «Қызыл  ту»  газетіне  де  қосымша  ретінде  «Жастар  дауысы» 
газеті  шығарылып,    редакторы  К.  Өтеғалиев  болды.  Бұл  газет  жайында 
баспасөз  тарихын  зерттеуші  ғалым  С.О.  Смағұлова  былай  деп  жазған  еді:  
«Жастар  дауысы»  газеті  жастардың  міндеттері,  оларды  жаңа  өмір,  жаңа 
тұрмысқа бейімдеу турасында мақалалар жариялап тұрды. Қазақ жастарының 
іскерлік  жұмыстарындағы  алғашқы  қадамдары,  күн  санап  комсомол 
қатарының өсіп келе жатқандығы газеттің басты тақырыбына айналды.  
Газет  ауыл  шаруашылығын  көтерудегі  қазақ  комсомол  жастарының 
рөлін  анықтай  отырып,  олардың  алдындағы  басты  міндет  «Қосшы» 
ұйымының  жұмысын  жандандыру,  халық  арасында  маңызымен  таныстыру 
деп  көрсетті.  Газет  сондай-ақ,  жастар  арасында  өтіп  жатқан  жиналыс, 
конференциялар  турасында  ұдайы  хабарламалар  басып  отырды.  Мәселен, 
1926  жылдың  19  қарашасында  өткен  Бөкейдегі  жастар  конференциясы 
турасында  шағын  мақала  жариялап,  оның  көздеген  мақсатын  анықтап 
көрсетіп берді.  Жастар  ісімен  қатар  пионерлер арасындағы  қызмет барысын 
жандандыру  мәселесін  көтерді.  Сонымен  бірге  газет  этика,  мораль 
мәселелерін  де  көтеріп,  жастарды  еңбек  етуге,  өнер-білімге,  революциялық 
және коммунистік рухта тәрбиеленуге шақырды» [201, 88-б.].  
ХХ  ғасыр  басындағы  қазақ  жастар  баспасөзінің  дамуына  қызмет  еткен 
ұлт  зиялыларының басты  көздеген  мақсаты  мынадай  болды  деген  тұжырым 

 
85 
жасауымызға  болады:  ең  алдымен,  олар  қазақ  қоғамын  дамытудың  бастауы 
ретінде  ұлттық  мүдде  мен  өркениет  құндылықтарын  біртұтастықта 
қарастыруы  болса,  екіншіден,  қараңғылықта  жатқан  қазақ  даласында 
қоғамдық-саяси  идеяларды  біріктіру,  топтастыру  арқылы  жастарды 
бостандық жолындағы күреске дайындауы еді; үшіншіден, рухани серпіліске 
жету  жолында  ұлттық  білім  беру  жүйесін  дамытудың  төменгі  сатысы  ауыл 
мектептерін көптеп ашу арқылы жастардың білімге деген құштарлығын ояту; 
бұл  мақсатты  орындау  барысында    қазақ  балаларына  арналған  оқулықтар 
дайындау  мен  баспасөз    ұйымдастырылды;  жастарды  қоғамдық  өмірге 
тартудың  бүкіл  өн  көптеген  үйірмелер  мен  ұйымдар  ашу  арқылы  саяси 
санасының қалыптасуына ықпал етті. 
Қазақ  халқының  болашағы  –  жастар  екендігіне  кәміл  сенген  ұлт 
зиялылары  баспасөз  беттерінде  халықтың  әлеуметтік  мәселелерін  көтерген 
ірі-ірі  мақалалар  мен  өлеңдер,  орыс  әдебиетінен  және  шетелдік  
басылымдардан  аудармалар  жариялап  отырды,  әрі  өз  мақалаларын  да 
орысшаға аударып жариялауға көңіл бөлген.  
Жастар  баспасөзінің  елді  отырықшылыққа,  мәдениетке,  оқу-білімге 
үндеуіне,  халықтың  ой-санасын  өсіруге  көмекші  құрал  ретінде  прогрессивті 
рөл атқара алатындығына, жастардың жаңа өмірге икемделуіне бағыт беретін 
күш ретінде қолданды. 
Ұлт зиялылары ұлт мүддесі жолындағы қызметі мен саяси күресінде, ең 
алдымен  жастардың  қолдауы  мен  белсенділігіне  үлкен  сенім  артты.  Қалың 
бұқараның  саяси  санасын  оятуда  жастар  ұйымдарының  қызметі  мен 
баспасөзін жан-жақты дамытуға күш салды. 
Осылайша  ұлт  зиялылары  мен  Алаш  азаматтарының  төңкерісшіл 
бағыттағы іс-әрекеттерінен сабақ алған қазақ жастарының санасында рухани 
серпіліс жүріп, болашаққа деген сенім пайда болды. 
 
 
   
 

 
86 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет