Ерекше білімді қажет ететін балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру ҚР «Білім туралы» заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыттар бойы бастауыш,негізгі орта,жалпы орта білім беретін ұйымдарға бара алмай жүрген балалар үшін, үйде немесе емдеу ұйымдарында жеке тегін оқыту ісі ұйымдастырылады.
Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы »ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы №321 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады .
«Дәрігерлік кеңес беру комиссияның қызметі туралы Ережеге» сәйкес:
-Баланы медициналық тексеруден өткізу жүргізіледі.
-Бала денсаулығының жағдайына байланысты оны үйден оқыту қажеттілігі анықталады.
Үйден оқыту дене бұзылыстары тұрғысынан мектепке бара алмайтын және соматикалық ауыр науқасқа ұшыраған немесе мектептегі ұжыммен бірге оқуға кедергі болатын психикалық және мінез-құлық бұзылыстарының (қимыл-қозғлыс қиындығы,есінен тануымен бірге болатын жиі талмалар,ауыр түрдегі соматикалық аурулар,онкологиялық ,жүрек-қан тамырлары аурулары және т,б) балаларға үйде оқытылу ұйымдастырылады.
Оқыту бағдарламасын анықтау үшін ПМПК-ға кеңеске жіберіледі, ПМПК –да зерделеу үшін ата-ананың (заңды өкілдердің) өтініші,туу туралы куәліктің көшірмесі(тексеру үшін түпнұсқасы),бар болса мүгедектік туралы қорытындының көшірмесі,денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін).Қажет болған жағдайда ПМПК №112/у «Баланың даму тарихы» нысаны,№027/у «Амбулаториялық,стационарлық,науқастың медициналық картасынан көшірме» нысанын,білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме,оқу тілі бойынша, матиматикадан жазба жұмыстары,суреттері және іс-әрекеттерінің басқада нәтижелерін қосымша сұратуы мүмкін.Яғни тексеру мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсету жәтижесі бала дамуының зияткерлік жағдайы,тағайындалған диагноздары (неврологиялық,психиатриялық,логопедиялық),қосымша аурулары мен синдромдары көрсетілген толық нұсқасы(выписка) алынуы тиіс. Мүгедек балаларды оқыту ҚР Білім және ғылым министрлігінің 25.02.2014 жылғы №61 бұйрығы негізінде ұйымдастырылады. Егер баланың мүмкіндігі шектеулі болса,психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация орны оқыту бағдарламасын (жалпы білім беретін, ПДТ және 1-ші немесе 2-ші типтегі коррекциялық көмектерді қажет ететін балаларға арналған бағдарламалар) ата-ананың қатысуымен белгілейді.
Үйде оқыту баланың оқитын мектебі тарапынан ұйымдастырылады. Үйде оқитын баланың білімі жүйелі түрде бағалануы тиіс.Олардың фамилиялары,үлгерімі,сыныптан сыныпқа көшуі мен мектепті бітіруі туралы мәліметтер тиісті снып журналына ендіріліп отырады.
Үйде оқуды ұйымдастыру үшін мынадай құжаттар қажет:
-туу туралы көшірме,ата-ана құжаты,ата-ана өтініші мектеп басшысына,дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ВКК) үйде оқытуды ұсынған анықтамасы. Бұл оқушыны үйде оқыту туралы бұйрық шығаруға негіз болатын құжат.
-психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы.Онда тиісті оқыту бағдарламасы көрсетіледі.
Мүгедек балаларды оқыту ісін әр түрлі категориядағы психофизикалық даму ерекшеліктері туралы қажетті ілім-білімді игерген мұгалімдер жүзеге асыруы тиіс.1-ші немесе 2-ші типтегі коррекциялық бағдарлама бойынша мүгедек балалар үшін бастауыш мектептің оқу жоспары 1-9 сыныптарға бөлінетін болғандықтан оларды оқытуға баланың даму деңгейі ескеріліп бөлінеді
Үйде сабақ беретін әрбір мұғалім мүгедек баланың дамуы мен білім игеру сапасы жөнінде динамикалық бақылау күнделігін жүргізуі тиіс.Баланың іс-әрекеті оның психофизикалық және физикалық жай-күйіне байланысты талданады.
Күнделік тұрақты түрде кестеге сәйкес жүргізіледі.Бұл мұғалімнің кезекті жұмыс процестеріне:өтілген сабақтардың сапасы туралы жартыжылдық есеп беру құжатын,жылдық психологиялық-педагогикалық мінездемені,мониторингтік таблицаларды жасауға және т.б қажетті материал болып табылады.
Үйде уақытша оқылатын балаларға мұндай күнделік жүргізілмейді.
Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін әзірленген бағдарлама бойынша оқытылатын мүгедек балаларға ағымдағы және тоқсандық бағалар сынып журналына немесе электронды түрде әр тоқсанның аяғында қойылады. Мектеп директорының орынбасары жеке кесте жасайды.Оны ата-аналар мен және жүктемелері оқу жоспары бойынша бөлінген мұғалімдермен келіседі.Ата-аналармен келісілген кестені мектеп директоры бекітеді.
Оқытудың ұсынылған бағдарламасына сәйкес күнтізбелік-тақырыптық жоспар жалпы тәртіп бойынша бекітіледі.
Мектеп әкімшілігі сабақтардың дер кезінде өткізілуіне ,оқу бағдарламалары мен жеке оқыту әдістемелерінің орындалуына бақылау жасайды.Бұл мәселе жылына 2рет (қазан,ақпан) мектепішілік бақылау кезінде,сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша педагогикалық кеңесте қарастырылады.Жыл қорытындысы бойынша кеңесте осымен қатар пән мұғалімдерінің сыныптан сыныпқа өту мәселесіне байланысты есептері тыңдалады.
Жыл қорытындысы бойынша үйде тәлім алатын әрбір оқушыға арналып папка жасалады.
Үйден оқитын білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балалардың оқитын жерлерін бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша ұсынымдар беріледі.