Қрдсм «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» шжқ рмк



бет1/36
Дата15.04.2023
өлшемі494,5 Kb.
#82911
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36
Байланысты:
тезисы-лек-5-курс-9-семестр.каз







ҚРДСМ «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы» ШЖҚ РМК
Дәрілер технологиясы кафедрасы

044 -43/18-___ (2014 - 2015)
40беттің -беті

«Дәрілер технологиясы» пәні бойынша дәріс кешені


Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы


Дәрілер технологиясы кафедрасы
Дәріс Кешені


Пән: Дәрілер технологиясы


Мамандық: 5В110300 Фармация


Оқу сағаттар көлемі: 360 (8 кредит)


Курс және семестр: 5 курс 9 семестр


Дәріс сабақтары: 15 сағат
Кафедра мәжілісінде __ ___ 2014 ж.
(хаттама № ___ ) талқыланған
Каф.мең., фарм.ғ.д., профессор
____________Сағындықова Б.А.


Шымкент 2014 ж.
1 кредит
Дәріс № 1
Тақырыбы: Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің дамуының негізгі тенденциялары. Фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің дамуының заманауи жағдайы.


Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің қазіргі заманғы жағдайы және даму болашағымен таныстыру.


Дәріс тезистері:

  1. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің дамуының негізгі тенденциялары.

  2. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіптің дамуының қазіргі заманғы жағдайы.

  3. Дайын дәрі-дәрмектер және күрделі фармацевтік препараттар шығару өнеркәсібін ұйымдастырудың жалпы принциптері.

Осы заманғы әлемдік медицина әртүрлі дәрі-дәрмектердің 10000-дай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттар тізіміне 700-ге жуық түрлері кіреді. Әлемде бірде-бір ел медикаменттердің толық номенклатурасын шығара алмайды. Әлемнің аса дамыған мемлекеттері олардың маңыздыларының өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты басқа мемлекеттерден сатып алып, толықтыруға тырысады.


Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін фармацевтік өнеркәсіпсіз қалды.
Біздің мемлекетіміздің дәрі-дәрмектерге деген сұранысы жылына 300 млн. доллар бола тұра, қолда бар қуаттар тек 3%-ын ғана қамтамасыз етті. Қалғандары таяу (55%) және алыс (42%) шетелдерден импортталды. Сөйтіп, денсаулық сақтау ісі шетелден дайын препараттар сатып алу үшін валюта қаражатының болуына 97% тәуелді болды.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі қалыптасқан қаржы тапшылығына байланысты орын алып отырған дәрілік препараттардың импортына тәуелділік халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді күрт нашарлатып жіберді. ЮСАИД баяндамасының деректері бойынша Қазақстандағы дәрі-дәрмектердің құны 1993 жылғымен салыстырғанда 154 есеге дейін өскен. Нәтижесінде өзіміздің дамыған фармацевтік өндірісіміздің болмауы әлеуметтік маңызды проблемаға айналды. Осы проблеманы шешу үшін Қазақстан Республикасының Өкіметі 1993 жылғы 18 қарашада N 1149 «ҚР фармацевтік өнеркәсібін дамыту жөніндегі шаралар туралы» қаулысын қабылдады. Осы қаулыға орай ҚР Ғылым Министрлігі – Ғылым Академиясы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, тұжырымдама әзірледі, соған сәйкес ҚР фармацевтік және медициналық өнеркәсібін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы дайындалып, Президент Қаулысы қабылданды (20 тамыз 1997 ж. N 3621).
ҚР фармацевтік өнеркәсібін дамытудың негізгі базалары болып төмендегі кәсіпорындар қабылданды:
1) Фармацевтік кәсіпорындар: «Алматы фармацевтік фабрикасы» АҚ, «Шипа» АҚ, «Химфарм» АҚ, Шымкент қ.; Павлодар фармацевтік заводы.
2) ҚР биотехнологиялар жөніндегі Ұлттық орталығының кәсіпорындары: «Биомедпрепараттар» өндірістік бірлестігі; «Прогресс» өндірістік бірлестігі; «Алматы биокомбинаты».
3) ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ет комбинаттары мен сүт зауыттарындағы медициналық препараттар зауыттары мен цехтары: «Сарыарқа» АҚ, «Ертіс» АҚ, «Береке» АҚ, «Наркез» АҚ.
4) Жеке меншік фармацевтік кәсіпорындар: «Ромат» фирмасы (Семей қ.), «Вита-Вент» фирмасы, «Қызылмай» өндірістік бірлестігі және т.б.
5) Химиялық кәсіпорындар: «Химпром» ӨБ-і, «Медполимер» АҚ (Павлодар қ.), «Карбид» ӨБ-і (Темиртау қ.).
Республиканың фармацевтік саласында болып жатқан өзгерістер 25-тен астам мамандықтар, соның ішінде жаңа бағыттағы маман-фармацевтер дайындауды ұйымдастыруды көздейді:

  • фармацевт- ұйымдастырушы (менеджер)

  • фармацевт- клиницист

  • фармацевт- фитохимик

  • фармацевт- эколог

  • фармацевтік өндірістің химик-технологы (инженер-технолог).

Фармацевтік және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (1997 ж.) 80 алдыңғы қатарлы жобаларды орындау міндетін бекіткен болатын. Бірақ осы жобалардың тек 29 ғана іске асты да, қалған 51 жобалар орындалмай қалды. Бұл синтетикалық шикізаттан субстанциялар мен дайын дәрілік препараттар, органикалық және бейорганикалық шикізаттан дәрілік препараттар, биотехнологиялық препараттар, жануарлар мен өсімдік шикізатынан субстанциялар мен дәрілік препараттар, қан препараттары мен компоненттері, медициналық қондырғылар мен бұйымдар өндіруді қарастыратын жобалар болатын. Осыған қарамай, бағдарламаны іске асыру барысында медикаменттердің ішкі айналымдағы отандық өнімнің үлесі 2,5%-дан 10%-ға дейін өсті, жаңа зауыттар мен линиялар ұйымдастыруға несие алу мүмкіндіктері жеңілдеді.
Қазіргі кезде фармацевтік және медициналық өнеркәсіпті дамытудың салалық бағдарламасы қабылданды (2003 ж.).
Мемлекеттік бағдарламадан (1997 ж.) осы бағдарламаның айырмашылығы – ол нақты өндіріс орындарын дамыту жобаларын қарастырмайды, себебі, барлық фармацевтік өнеркәсіп жекеменшік қарауында, сондықтан, мемлекет тарапынан олар қаржыланбайды. Отандық фарминдустрия саласын жетілдіру үшін негізінен үш институт инвестиция құяды: Даму банкі, Мемлекеттік инвестициялық қор, Мемлекеттік инновациялық қор.
Салалық бағдарламада дәрілік құралдар айналымы жүйесін халықаралық стандарттарға сәйкес жұмыс істеуге өткізу қарастырылған. Бағдарламаның негізгі мақсаты – фармацевтік өндіріс саласын бәсекеге қабілетті өнім өндіруді қамтамасыз ететін жаңа даму жолына алып шығу.
Қазақстан Республикасының фармацевтік өнеркәсібі тұрақты даму нәтижесін көрсетіп келеді. Егер 1997 жылы 9 млн. доллар сомада дәрілік құралдардың 132 түрлері шығарылған болса, 1998 жылы – 238 дәрілік құралдар, 2003 жылдың басында дәрілік құралдардың номенклатурасы 730-дан астам түрлерді құрады. Дәрілік құралдар өндіретін 1997 жылы 35 өндіріс орындары болса, 2003 жылы мемлекетте 90 өндіріс орындары дәрілік препараттар, дәрілік өсімдік шикізаттар, антибиотиктер, вакциналар, сары уыздар (сыворотка), рентген қондырғылары, байлап-таңу материалдарын өндіріп отыр. Оның ішінде Алматы қаласында 51 өндіріс орны орналасқан және осында Қазақстан Республикасында негізгі өмірлік маңызды дәрілердің тізіміне кіретін 64 дәрілік құралдар шығарылады.
Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) нұсқаулары бойынша денсаулық сақтау ісіне бөлінетін мемлекеттік қаржыландыру дәрежесі елдің 1 тұрғынына шаққанда 40 долларды (АҚШ) құрауы керек.
Бұл көлем ҚР бойынша 600 млн. долларды құрастыруы керек немесе 86,5 млрд. теңге, бұл сома бүкіл бюджеттік сфераны қаржыландыруға бөлінетін қаржы көлеміне тең келеді.
Европа елдерінің көбінде денсаулық сақтау ісіне жұмсалатын қаржы ішкі валдық өнімнің (ВВП) 7-8%-ын құрайды, 1 адам басына есептегенде 2 мың АҚШ доллары болады, АҚШ-та – 4 мың доллар, бұл ішкі валдық өнімнің 13,7%-ын құрады. Біздің мемлекетте денсаулық сақтау ісіне бөлінетін қаржы ішкі валдық өнімнің 2-2,5%-нан аспайды, бұл, әрине, өте жеткіліксіз.
Бүгін Қазақстанда жұмыс істейтін фармацевтік өнеркәсіп орындарын шартты түрде төрт топқа бөлуге болады.
Бірінші топта – «Химфарм» АҚ (Шымкент қ.), өнеркәсіп субстанция өндірісінен дайын дәрілік препараттарды шығаруға бағытты қайта мамандандырылды. Осы өнеркәсіпте дәрілік құралдар шығарудың жылдық көлемі ақшаға есептегенде 13 млн. доллардан (АҚШ) асып отыр.
Екінші топқа – дәрілік құралдар шығаруда жылдық көлемі 1 млн. доллар (АҚШ) және одан жоғары – «Леовит» ЖШС (Алматы қ.), «Алматы фармацевтикалық фабрикасы» АҚ, Павлодар фармацевтік зауытымен қоса «Ромат» ЖШС ФК (Семей қ.) жатады.
Үшінші топта – жылдық өндіріс көлемі 100-250 мың доллар (АҚШ) болатын өнеркәсіптер. Олар «Береке» АҚ (Орал қ.), «Таймас» ЖШС (Астана қ.), Республикалық қан орталығы (Алматы қ.).
Төртінші топқа соңғы жылдары пайда болған 40-жуық өнеркәсіптер жатады. Мысалы, «Береке» АҚ жылына 100-15 мың флакон, ТОО «Таймас» 300-350 мың флакон және «Ромат» ЖШС ФК осынша инфузиялық ерітінділер шығарады. «Береке» АҚ 2,5 млн. флаконға дейін инфузиялық ерітінділер шығаруға қуаты жеткілікті. Ал «Казлатекс» фирмасы (Орал қ.), жылына 150-200 мың жұп хирургиялық қолғаптар шығарады, бұл өндіріс орны жалпы қуаты 5 млн. жұп хирургиялық қолғаптар шығаруға мүмкіндігі бар.
Сонымен, қазіргі кезде республикамызда жетекші фармацевтік өнеркәсіптер қатарына өндірілетін өнімнің жалпы мөлшеріндегі үлесі 0,02%-дан 1,47%-ға дейін келесі 15 өндіріс орындары жатады: «Химфарм» АҚ (1,47%), Шығыс Қазақстан облыстық қан орталығы (0,79%), Глобал фарм (0,32%), Нобел Фармфабрика (0,30%), Қызылмай (0,30%), Кефаркенес (0,24%), Ромат (0,21%), Лекос (0,18%), Медоптик (0,1%), Жаңафарм (0,09%), Эйкос Фарм (0,05%), Рауан (0,02%), Шаншаров (0,02%), Биотехнология (0,02%), Артемиз (0,02%).
Қазақстан Республикасын дәрілердің көп көлемімен қамтамасыз ететін ең ірі алыс шетел мемлекеттер – импортерлер ішіне келесі 10 мемлекет кіреді: Германия (14,23%), Индия (11,42%), Венгрия (9,22%), Литва (8,93%), Франция (7,76%), Швейцария (6,61%), Польша (5,36%), Ұлы Британия (5,08%), Словения (4,02%), Австрия (3,39%). Көрсетілген сандар импортталатын дәрілердің үлесі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет