Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте анықтаудағы ата-ананың рөлі туралы ата-анаға кеңес үлгісі
Инклюзивті білім беру жүйесін жүзеге асыруда ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларды ерте анықтау өте маңызды. Себебі, ерекше баланың диагнозын, әлеуетін, деңгейін ертерек анықтай алсақ, бұл баланың өмірі, келешегі үшін тиімді болары анық. Осы тұста әуелі, ең алдымен күш ерекше баланың ата-анасына жүктеледі. Сондықтан да біз, ерекше баланы анықтау үшін алдымен ата-анаға дұрыс түсіндірме жұмыстарын жүргізе отырып, заңнамалық тұрғыдан, әлеуметтік тұрғыдан да келелі кеңестер бере алсақ, ата-ананың келісімі негізінде баланың әлеуетін ертерек анықтай отырып, инклюзтивті білім беру жүйесін тиімді жүргізе аламыз. Сол себепті ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте анықтаудағы ата-ананың рөлі туралы ата-анаға төмендегіше жіктей отырып, кеңес бере аламыз:
Әрбір бала қоғамның, отбасының саналы, белсенді мүшесі екенін айтуымыз қажет;
Балаға деген көзқарас әрқашан жағымды болуы тиіс.
Баланың ең басты байлығы-өз отбасы, ата-анасы, бауырлары екенін айта кетуіміз керек. Сондай-ақ қоғам, ерекше баланың достары, білім беру жүйесі негізінде мектеп әкімішілігі, жалып айтқанда ПМПК мамандары тиімді шаралар жүргізетін айтуымыз аса маңызды.
-Ерекше оқытуды қажет ететін балаларды ерте анықтау үшін кешенді жобалармен, мемлекет тарапынан жүргізілетін қолдаулармен ақпаратттандыруымыз қажет;
Баланың денсаулығындағы кінәратты тиісті мамандар көмегімен, яки дәрігерлермен анықтауымыз керек;
Дәрігерлердің шешімі негізінде бала бойындағы диагнозын анықтай отырып, оңалту шараларын жүргіземіз;
Баланың әлеуетіне сай ПМПК ұсынысына жүгіну керек;
-ПМПК ұсынысына сәйкес, ерекше білім алуды қажет ететін баланың білім алуына, жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған кешенді шаралар жүргізетіні туралы ақпарат беруіміз керек.
Ата-аналарға осы бағытта кеңес бере алсақ, ата-ана оң көзқарас танытып, баланың бойындағы, денсаулығындағы кінәраты ертерек анықталып, оқу-тәрбие жұмыстары жүйелі жүргізіледі деп ойлаймын. Әр уақытта ата-анамен, қоғаммен, білім беру процесінде мектеп әкімшілігімен бірлескен жұмыс оң нәтижесін берері сөзсіз.
Бекзақ Тұрғанбек
Достарыңызбен бөлісу: |