«Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «ІТ–технологиялар, автоматтандыру және агроөнеркәсіптік кешенін механизациялау» факультеті «Аграрлық техника және технология» кафедрасы
эргономика және техникалық эстетика
Тәжірибелік жұмыс №6
Тақырыбы: Шұғыл ақпаратпен жұмыс істеу барысында жұмысшының кедергіге тұрақтылығын зерттеу
Жұмыс мақсаты:
1) Жұмысшының кедергіге тұрақтылығын анықтауға мүмкіндік беретін тестілік бағалау және зерттеу әдістемелерін игеру.
2) Жұмыс орнында кедергіге тұрақтылықты эксперимент жүзінде зерттеу.
Қазіргі заман өндірістерінің автоматтандырылу деңгейі түрлі сигналдарға дер кезінде көңіл аудару жылдымдығын қажет ететін, қабылданған ақпаатты тез арада өңдеуді қажет ететін мамандардың қажеттілігін көсетеді.
Қазіргі заман өндірістерінің автоматтандырылу деңгейі түрлі сигналдарға дер кезінде көңіл аудару жылдымдығын қажет ететін, қабылданған ақпаатты тез арада өңдеуді қажет ететін мамандардың қажеттілігін көсетеді.
Шұғыл, жылдам жұмыс атқаудың негізгі рөлі мидың тез әрі қысқа мерзімде ойлауына , жылдам басқа ақпаратқа ауыса алуына, көңіл адаруды қажет ететін ақпарат көлеміне жүктеледі. Осылайша аталған психофизиолгоиялық үрдістердің сандық бағасын алуға мүмкіндік туғызады.
Бұл зерттеу түрінің ең қолайлы болып тахистоскоппен жүргізу әдісі саналады. Демек, оның зертханада болмай қалуын ескеретін болсақ, Платонов кестесін пайдаланып анықтау жүргізуге болады. Бұл жұмысты орындау реті – жұмысты орындауға кеткен уақытпен анықтылыды да жұмысшының басқа ақпаратты қабылдау жылдамдығын айтуға болады.
Ф.Д. Горбов кестені қызыл – қара етіп жасауды ұсынған. Бұл кезде зерттеуге қатысушылар қара сандарды кемуге қарай, ал қызыл сандарды өсуге қарай анықтау керек. Бұл әдіс арнайы тахистоскоп құралын жасауда пайдаланылған болатын. Оның дисплейінде қара және қызыл сандар шығып отырған. Таблода сәйкес сан пайда болған кезде зерттеуге қатысушы сәйкес санды анықтауы қажет. Санды анықтауға кеткен уақыт арнайы құралдармен (магнитафон, уақыт есепшоты) белгіленіп отырған.