Ернар Батралиев



Pdf көрінісі
Дата19.07.2022
өлшемі1 Mb.
#37753


@batralyev
Қорқыныштарды жеңіп, 
сенімді өмір сүріңіз!
Сәлем! Сізбен бірге 
Ернар Батралиев.
Осы чек-листтен сіз өзіңізге деген сенімділікті арттырудың ең 
маңызды 15 қадамын үйренесіз.
Сізбен бөлісетін білімім қарапайым, банальный нәрсе болуы мүмкін, 
бірақта сіз оған жай көзбен қарамай, әрбір сөзін мұқият оқып 
сіңіріңіз. Мында нәтиже бермейтін әдіс жоқ, барлығы пайдалы! 
Ендеше терең тыныс алып, жаңа білім алуға кірісіңіз.
@batralyev


@batralyev
Өз өміріңізге жауапкершілік алып, потенциалыңызды іске 
асырыңыз. Адамның күнін таң ертеңге 1 сағатынан білуге 
болады. Атқан таңды жақсы көңіл-күймен, қуанышпен қарсы 
алыңыз. Жаттығу, медитация жасап өзіңізге көңіл бөліңіз.
ҚАЙЫРЛЫ ТАҢ
Шашыңыз жуылмаған, киіміңіз ескірген, тырнағыңыз өсіп 
кеткен болса, сіздің миыңыздың өзі сенімсіз сезінеді. Жинақы 
жүрсеңіз өзіңізге де жағымды, солай ғой? Үнемі таза, жинақы 
жүріңіз.
ЖИНАҚЫЛЫҚ
1
2
Үнемі жақсы нәрсені байқап жүріңіз. Күнде өзіңізге және 
айналаңыздағы адамға мақтау айтыңыз. Бастапқыда 
ыңғайсыз болуы мүмкін, бірақ уақыт өте ішіңіз рахат сезімге 
бөленеді.
МАҚТАУ
3
Күнделікті


@batralyev
Айналаңыздағы адамдарға, туыстарыңызға «рахмет» айтып 
жүріңіз. Көшедегі музыкантқа да алғыс айтыңыз. Өмірге 
алғыс айтыңыз.
Бүгін не нәрсеге алғыс айтқыңыз келеді? 
Жазыңыз:
АЛҒЫС АЙТЫҢЫЗ
Әркімнің күш алатын көзі әртүрлі болады. Бұл 10 минутта 
энергия жинау әдісі. Сіз бәлкім досыңызбен телефонда 
сөйлессеңіз, кофе ішсеңіз, видео қарасаңыз энергия алатын 
шығарсыз. Сондай іс-әрекеттерді күн сайын энергия алу 
үшін жасаңыз.
КҮШ БЕРЕТІН ІС
4
5
Біз – бұл біздің ойымыз! Күнде «шаршадым, жалықтым» дей 
берсеңіз жетістікке жетпейсіз. Негативті ой келгенде бірден 
позитивке ауыстыруға тырысыңыз. Ойыңыз бен сеніміңіз 
таза болсын.
ОЙ МЕН СЕНІМ
6
Күнделікті


@batralyev
Апта сайын
Оқу арқылы сіз білімді автормен сырласасыз. Оның жүрген 
алыс жолын оқу арқылы қысқа жүріп өтесіз.
КІТАП ОҚУ
7
Дәл қазіргі сәтте қандай қорқыныңыңыз бар? Жазып алыңыз. 
Көпшілік алдында сөйлеу, өзгенің ойынан қорқу. Алдын 
алыңыз! Видеолардан сабақ алып, қорқынышыңызды 
жеңіңіз.
Бүгін не нәрсеге алғыс айтқыңыз келеді? 
Жазыңыз:
ҚОРҚЫНЫШЫҢЫЗДЫҢ
АЛДЫН АЛУ
8
Көптен бері ойлап, бірақ жасамай жүрген 3 жұмысыңызды 
жазыңыз. Батылырақ болыңыз!
ЗОНА КОМФОРТА
9


Апта сайын
Осы жаттығу арқылы 
өміріңіздің қай тұсын жетілдіру 
керектігін түсінесіз. Махаббат, 
ақша, хобби, достар, 
денсаулық, жұмыс.
Әр бағыт бойынша 10 балдық 
шкаламен қаншалықты 
қанағаттанатыныңызды 
өлшеңіз. Егер бір жері аз 
болса, бұл дөңгелек алға 
жылжымайды. Дәл қазірден 
сол бағытпен жұмыс жасаңыз.
БАЛАНС ДӨҢГЕЛЕГІ
10
«Сен маған досыңды айт, мен сенің кім екеніңді айтамын». 
Сіздің ортаңызда дәл сіз қалайтын адамдар болмаса, 
ойланатын нәрсе. Күніне 1 адаммен танысамын деп мақсат 
қойыңыз. Ол әлеуметтік желі болсын, өмірде болсын бәрібір, 
бастысы сіздің ортаңыз болсын.
НЕТВОРКИНГ/ ОРТА
11
@batralyev


Апта сайын
Попытқа жасаудан қорықпау керек. Тағы да, тағы да, тағы да. 
Іске аспайынша!
САН ҚҰДІРЕТІ
12
Пиццаның барлығын бірден жемейсіз. Оның әр бөлігін 
рахаттанып жейсіз. Өмірде де солай, ісіңіздің әрбір кішкентай 
жетістігінен рахат ала біліңіз. Солай сіз сеніміңізді 
арттырасыз.
Қазір қағаз алып, осы аптаға мақсат қойыңыз. Оған 
жеткізетін 5 қадамды да жазыңыз. Микромақсат болған 
сайын жақсы. Әр жүзеге асқан ісіңізге қуаныңыз.
КІШКЕНТАЙ ЖЕТІСТІКТЕР
13
@batralyev


Ай сайын
Мүмкіндігінше айына бір рет көпшілік алдына шығып сөйлеп 
тұрыңыз. Комфорттық зонадан шығуға көмек береді.
КӨПШІЛІК АЛДЫНДА
СӨЙЛЕУ
14
15
Ай соңында өзіңізге мотивация ретінде сыйлық беруді әдетке 
айналдырыңыз.
Осы жерге сіз барлық әдістерді орындап болғаннан кейінгі 
өзіңізге беретін сыйлықты жазыңыз:
Сізде барлығы іске асатынына мен сенемін! Өзіңізге керек 
екенін түсініңіз. Осы чек-лист сізге пайдалы және алға 
жылжуға өз көмегін тигізді деп ойлаймын. Ал енді, сәттілік!
СЫЙЛЫҚ
@batralyev


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет