Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары



Pdf көрінісі
Дата16.03.2023
өлшемі93,5 Kb.
#74853
түріДиплом


Stud.kz
Кіру
Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамыту
жолдары
Жұмыс түрі:
Дипломдық жұмыс
Тегін:
Көлемі: 58 бет 
Таңдаулыға
:

Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министірлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Абдуақап Г.Д
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың
сөйлеу тілін дамыту жолдары
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010500 - Дефектология мамандығы 
Қарағанды 2019
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министірлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті
Қорғауға жіберілді
Дефектология кафедрасының
меңгерушісі
____________________Г.К.
Алшынбекова
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамыту
жолдары
5В010500 - Дефектология мамандығы
Орындаған: Г.Д. Абдуақап
Ғылыми жетекшісі Б.Д. Дахбайұлы
м.ғ.д.,профессор:
Қарағанды 2019
Осы дипломдық жұмыста келесі
нормативтік құжаттарға сілтемесі
пайдаланылды:
Қазақcтан Pecпyбликаcының Кeмтаp
балалаpды әлeyмeттiк жәнe
мeдициналық - пeдагoгикалық түзeтy
аpқылы қoлдаy тypалы 2002 жылы 11
шiлдeдe қабылданған №343-II Заңы
Анықтамалар
Ерекше қажеттіліктері бар балалар -
әлеуметтік, психикалық, дене
дамуында ерекше қажеттіліктері бар
және реабилитация мен әлеуметтік
көмекті қажет ететін балалар.
Кемтар бала - белгіленген тәртіппен
расталған, туа біткен тқұым қуалаған,
жүре пайда болған аурулардан немесе
жарақаттардың салдарынан тіршілік
етуі шектелген, дене және психикалық
кемістігі бар он сегіз жасқа дейінгі
балалар. 
Білім беру - тиісті оқу орны арқылы
ғылыми мағлұмат беріп, адамның
танымын, білімін, дағдысын, дүниеге
қөзқарасын жетілдіру процесі.
Ойлау - обьективті шындықты белсенді
бейнелеудің жоғарғы формасы,
дүниені тану мен игерудің жоғарғы
сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті.
Ес - адамның бұрын көрген, естіген,
білген нәрселері мен бейнелерін ойынд
ұзақ уақыт сақтап, қажет кезінде
қайта жаңғытру қабілеті, жүйке
жүйесінің негізгі қызметтерінің бірі.
Қабылдау - бұл заттар мен
құбылыстардың өз қасиеттері және
бөлшектерімен бірге, сезім мүшелеріне
тікелей әсер етуінің нәтижесінде тұтас
түрде бейнеленуі.
Таным - дүниені, өмірді танып - білу
қабілеттілігі
Зейін - сананың белгілі бір затқа не
құбылысқа бағытталуын білдіретін
психикалық әрекет.
Мүгедек бала - тіршілік етуінің
шектелуіне және оны әлеуметтік
қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын
аурулардан, жарақаттардан, олардың
салдарынан, кемістіктерден
организмінің функциялары тұрақты
бұзылып, денсаулығына зақым
келеген он сегіз жасқа дейінгі балалар.
Аутизм - адамның сыртқы дүниеден
оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей
сары уайымға салынған кездегі көңіл -
күйі.
Шартты белгілер мен қысқартулар 
ҚР - Қазақстан Республикасы
АҚШ - Америка Құрама Штаты
ОЖЖ- Орталық жүйке жүйесі
ПДТ - психикалық дамуы тежелген
ЕЖБА- ерте жастағы бала аутизмі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамыту
жолдарнының теориялық негіздері ...
... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...9
1.1 Аутизм синдромының зерттелу
тарихы және қазіргі кездегі жағдайы
мен пайда болу себептері,белгілері
және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..
1.2 Аутизмнің педагогикалық-
психологиялық сипаттамасы ... ... ... ...
...
1.3 Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамыту
жолдарының әдістемелері ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2 Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамытуда
эксперименталды зерттеу ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін анықтау ... ...
... ... ..
2.2 Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін
қалыптастыруға арналған ойын
түріндегі әдістемелік кешенді
құрастырып және жүзеге асыру. 
2.3 Зерттеу нәтижесін өңдеу
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ...
... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе 
Қазіргі кезде ерте жастағы балалар
аутизмі мәселесі арнайы
педагогикадағы ең өзекті
мәселелердің бірі болып саналады.
Қазақcтан Pecпyбликаcының Кeмтаp
балалаpды әлeyмeттiк жәнe
мeдициналық - пeдагoгикалық түзeтy
аpқылы қoлдаy тypалы 2002 жылы 11
шiлдeдe қабылданған №343-II Заңыда
oны дәлeлдeйдi [1]. 
Қоғамда көп айтыла бермейтін дерттің
бірі - аутизм. Елімізде бұл ауру туралы
ақпарат аз, ал дертпен күресіп
жүргендер көп.
Аутизм - ми жұмысының бұзылуынан
туатын ауру. Мамандар дерттің 300 - ге
жуық себебін атап отыр. Бірақ нақты
тұжырым, дәйекті дәлел жоқ 
Аутист балалар ортамен қарым -
қатынасқа түсуде үлкен сезімталдық
танытады. Баланың миына түскен
ақпараттарды оның миы
қабылдамайды, себебі миының
сенсорлы жүйесі дұрыс жұмыс
істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп
жатқан ақпарат пен жаңалықтардан
қорғана бастайды. Мамандар бұны
былай түсіндіреді: дені сау бала
дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала
қорғану механизм құруға жұмсайды.
Сол себепті үнемі өз әлемінде,
ешкімде жұмысы жоқ болады, тіпті ең
жақын адамы анасымен де
байланысуға қорқады. Ғалымдардың
ең соңғы мәліметтері бойынша,
аутизмге ұшыраған балалардың
тумыстан миының дауында кінарат
(мидың бір бөлшегі жақсы дамыса,
екінші бөлігі нашар дамыған,
хромасомалық өзгерістер мен зат
алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі
өзгерістер) бар екені анықталды.
Гендік өзгерістердің пайда болуына,
жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған
ортаның қолайсыз экология-лық
жағдайы, стресстер әсері. Әдетте,
бала миының эмоцияларға жауап
беретін орталығы бұзылады. Олардың
қанының құрамында ерекше белоктар
анықталған. Бұл жерде тұқым
қуалаушылықтың маңызы зор. Әлем
бойынша 67 миллион адам аталған
дертпен арпалысса,
Қазақстандықтардың үлес салмағы
мыңнан асып жығылады. Ал
Оңтүстікте 60 бала аутист деген
диагнозбен өмір сүреді. Бұл ресми
тіркелгені ғана.
Бүгінгі күнде бұл аурудың
этиологиясы мен факторларын әлем
ғалымдарының өзі ашық, нақты айта
алмай отыр. Соңғы кездері ғана еліміз
аутисттер мәселесін қарастыруда.
Бұған бірден бір себеп, олардың саны
жылдан жылға көбейіп баруында,
сонымен қатар оларға сәйкесінше
берілетін емдерінің аздығы мен
мамандардың жетіспеушілігі болып
табылады. 
Қазіргі уақытта дүние жүзі бойынша
аутисттік проблемалары бар балалар
саны өсуде. Мысалы, 10 - 20 жыл
бұрын 10 мың баланың 3 - 4 тен 10 - 15
ке дейін оқиға тіркелген болса, ал
қазіргі кезде АҚШ - та орта есеппен
алғанда 200 баланың 1-еуі, Англияда
орта есеппен алғанда 80 баланың 2 -
еуі, ал басқа елдерде бұданда көп
тіркелген. Сондай-ақ, әлемде
аутизмнің өсуі эпидемия түрінде
қарастрылады. Қазақстанда да, аутист
балалар көбеюде. Облыстық психо-
медико-педогогикалық
консультациялардың мәліметтері
бойынша 2002 жылы 93 бала болса,
2009 жылы - 326 ға жеткен. Бізде тіпті
бұл саладағы мамандар саусақпен
санарлықтай десек қателеспеспіз.
Батыс Еуропада және АҚШ елдерінде
аутизммен жұмыс жасау және түзету
жолдары 30 жыл бұрын қалыптысқан
болатын. Ал біздің Қазақстанда бұл
аурудың бар екендігін енді біліп жатыр.
Қарап отырсақ, басқа мемлекеттерде
ауруды зерттеп білуге арналған белгілі
бір жүйе қалыптасқанына көз жеткізе
аламыз. Бұл мәселе дипломдық
жұмысысымыздың тақырыбының
өзектілігін көрсетеді. 
Аутизм әлеуметтік бұзылыс пен
коммуникацияның зардап шеккен
жағдайы түсіндіретін ұғым.
Е.Блейлердің Аутизм терминін нақты
қарым-қатынас жасау ортасын
қажетсінбеу, одан оқшаулану,
логикалық заңдардан азат болу мен өз
әлемінде ғана өмір сүру сияқты,
ерекше күйді белгілеу теориясы
негізінде, Лео Каннердің аутист
балаларды зерттеп, осы балаларға
психологиялық- педагогикалық
сипаттама бергенінде, Ресейлік
тәжірибеде ең танымал
К.С.Лебединская мен
О.С.Никольскаяның аутизмді
түзетудің кешенді медициналық-
психологиялық-педагогик алық
әдістемесі, жоғары психикалық
қабілетінің теориялары (Г.Эббингауз,
К.Левин, П.Жане), биогенетикалық
(И.П. Павлов, И.М.Сеченов),
физиологиялық (Л.С. Выготский),
А.А.Смирнов пен П.И. Зинченконың
зерттеулері қарастырылған [2].
Аутистік ауытқу мінез-құлқы мен
тәртібінің бұзылуы айқын көзге түседі,
олар балалық белгіден тыс, барлық
көріністерде егдейлік байқалады,
пікірлері мен көзқарастары өзгеше бір
қайталанбас сипатқа ие.
Құрбыларының ойындары оларды
қызықтырмайды, өз ойындары
механикалық ойын тәрізді болып
келеді. Аспергер ауытқуы олардың
аспан қалықтап жүретіндіктерін,
мимикаларының, сөйлеудің
монотондылығын, қарым-қатынасты
қажетсінбеу, аялау, еркелеу,
әдеттерінің болмауын сипаттайды.
Интуицияның жеткіліксіздігі, өзгенің
жанын түсінбеу, жанашырлық
көрсетпеу белгілері бар.
Аутизмнің психологиялық және
педагогикалық мінездемесінде
полиморфты бұзылыстар кездеседі
және клиникалық - психологиялық
қасиеттері бойынша олар бір - біріне
қарама - қайшы (К.С.Лебединская
1987,1988; О.С.Никольская,
Е.Р.Баенская , М.М.Либлинг және
т.б.,2003) [3].
Аутизм бар балалардың сөйлеу
тіліндегі өзіндік ерекшеліктер олардың
жалпы дамуындағы тежелумен тікелей
байланысты. Бейімдеу әрекетінде
сөйлеу тілінің орны ерекше.
Сондықтан, осы бағытта жұмыс
жасауда тілді жетілдіру маңызды.
Сөйлеу тілінің импрессивтік жағы
дыбыстарды және сөйлеудегі түрлі
қателіктер және қабылдаудың
дифференциалданбауымен
сипатталады (75% бала дыбыстарды
дифференциалдай алмайды). Ал
экспрессивтік жағына сөздік қордың
аздығы, дыбыстаудағы бұзылулар,
сөйлеу тілінің лексико-грамматикалық
жағының жеткіліксіз қалыптасуы,
аграмматизмдер,артикуляциялық
аппараттың ақаулары (55% балада
тілдік моториканың кемістігі
байқалады: балалар артикуляциялық
күйді ұстап тұруға қиналады, тіл
бұлшық еттері қатты сіреседі, бір
күйден екінші күйге ауысуда
қиналады , 45% баланың тіс қатарында
кемістіктері бар).
Аутизм бар балалардың сөйлеу тілі
дамуының ерекшелігі олардың жасқа
сай сөзжасам процесінің
(Е.С.Слепович) тежелуінен байқалады.
Бұл түзету әдісі АҚШ-та және басқа
да елдерде кеңінен тараған. Әдістің
негізгі - қажетті қылықты, әрекетті
қалыптастыру үшін сыртқы
жағдайларды арнайы қамтамасыз ету,
әлеуметтік-тұрмыстық бейімделу,
сөйлеу тілін дамыту, оқу немесе еңбек
ету дағдыларына үйрету. Бұл әдіс
бойынша оқытылған балалардың 50 -
60 % жалпы мектеп бағдарламасын
меңгере алады. Осындай оқытудан
басқа шет елдерде TEACCH атты
бағдарлама (Э.Шоплер, Р.Райхлебер),
долдинг терапия (М.Уелш) күнделікті
өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету
арқылы емдеу (К.Китахара) т.б
тәжірибеде жиі пайдаланады.
Ресейлік тәжірибеде ең танымал
авторлар К.С. Лебединская мен
О.С.Никольская зерттеген аутизмді
түзетудің кешенді медициналық-
психологиялық-педагогик алық
әдістемесі кеңінен қолданылады. Бұл
әдістеменің негізгі ерекшелігі дәрігер,
педагог пен психологтардың бірлесе,
тығыз байланыста жұмыс жасау.
Өткен ғасырдың ортасынан бастап
балалық ерте жастағы аутизмді
зерттеулер басталуына қарамастан,
қазіргі уақытқа дейін арнайы кешенді
көмек көрсету жүйесі
құрастырылмаған. Аутист балалар
санының өсуіне байланысты балаларға
адекватты уақытылы коррекциялық
көмек көрсету қажеттігін ескертеді.
Аутист бала әлеуметтік адаптация мен
дұрыс дамуы үшін әрдайым қолдау
мен стимуляцияны қажетсінеді. Мұны
тек аутизммен ауыратын баланың
отбасы өздерінің қоғамына және
балабақша, мектеп, әлеуметтік орта
сияқты қоғамдық бірлестіктерден
көмек керек деген қажетсінулерін
түсінген жағдайда ғана жасауға
болады [4].
Жоғарыда айтылғандарды
қорытындылай келе, ерте жастағы
аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін
дамытуға арналған әдістемелік кешен
қазіргі уақытта негізгі құралдардың
бірі. 
Дипломдық жұмыстың мақсаты - ерте
жастағы аутизмі бар балалардың
сөйлеу тілін дамыту.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер
жүктеледі:
1. Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамыту
жолдарнының теориялық негіздері
2. Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін анықтау
3. Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін
қалыптастыруға арналған ойын
түріндегі әдістемелік кешенді
құрастырып және жүзеге асыру. 
4. Зерттеу нәтижесін өндеу
Зерттеу пәні: ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамытуда
әдістемелік кешенді ұсыну.
Зерттеудің обьектісі: ерте жастағы
аутизмі бар балалардың сөйлеу тілінің
қабілеттері.
Зерттеудің болжамы: егер, ерте
жастағы аутизмі бар балалардың
сөйлеу тілін дамытуда арнайы
топтастырылған тапсырмалар жүйесін
мақсатты түрде қолданса, балалардың
қабілеттерінің деңгейі анағұрлым арта
түседі.
Зерттеудің өзектілігі: сөйлеу тілін
жоғары деңгейде қалыптастыру,
дамыту және жетілдірудің тиімді әдіс-
тәсілдерін құрастыру қажеттілігі.
Теориялық маңыздылығы: арнайы
білім беру және тәрбие үрдісінде
қолданылатын сөйлеу тілін дамытуға
бағытталған ойын түрлері мәселесі
бойынша отандық және қазақстандық
ғалымдардың еңбектеріне талдау,
ғылыми әдебиеттерге теориялық шолу
жасай отырып, аутизмдардың
психологиялық, физиологиялық
ерекшеліктеріне байланысты сөйлеу
тілін дамыту болып табылады.
Тәжірибелік маңыздылығы: ерте
жастағы аутизмі бар балалардың
сөйлеу тілін дамыту мақсатында
жасалған әдістемелік кешен.
Дипломдық жұмыстың құрлымы:
кіріспеден, теориялық және
тәжірибелік бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Кipicпe бөлiмiндe зepттeyдiң мақcаты,
болжамы, обьектісі, пәнi, мiндeттepi,
зерттеудің өзектілігі, тәжipибeлік
маңыздылығы бepiлeдi.
Бірінші бөлімінде аутизм синдромының
зерттелу тарихы және қазіргі кездегі
жағдайы мен пайда болу
себептері,белгілері және түрлеріне
түсініктеме берілген.
Екінші бөлімінде ерте жастағы аутизмі
бар балалардың сөйлеу тілін дамытуда
эксперименталды зерттеу.
Қopытындыда бoлжамды дәлeлдeйтiн
зepттeyдiң нeгiзгi нәтижeлepi мeн
тұжыpымдаpы түйiндeлдi.
Пайдаланылған әдебиеттер тізіміне
дипломдық жұмысымыздың зерттеу
бөліміндегі барлық әдебиеттер
кірістірілген.
1 Ерте жастағы аутизмі бар
балалардың сөйлеу тілін дамыту
жолдарнының теориялық негіздері.
1.1 Аутизм синдромының зерттелу
тарихы және қазіргі кездегі жағдайы
мен пайда болу себептері,белгілері
және түрлері
Ерте жастағы аутизм - бұл ерекше
психикалық дамудың бұзылысы.
Аутизмге шалдыққан балалардың тек
қана сөйлеу деңгейі төмендеп қана
қоймайды, әлеуметтік өзара
әрекеттесудің дамуы бұзылады, басқа
адамдармен қарым-қатынасқа түсуі
қиындайды.
Аутизмге шалдыққан бала қоғамдағы
белсенді өмірін бастай отырып,
көптеген қиыншылықтарға кездеседі.
Олар сол әлем жайындағы білімдердің
жетіспеушілігімен ғана емес, өзі тектес
адамдардың арасында тіршілік етуге
үйрену ,яғни өзін өзге адамдардың
арасында үйлесімді сезіну, даму,
жетілу қажеттіліктеріне де
байланысты болады. Ол үшін
адамдардың бір-бірімен қалай
араласатындықтарын, олардың нені
бағалап, нені жақтырмайтындықтарын
түсіну маңызды.
Көптеген психологиялық зерттеулер
баланың ересекпен қарым-қатынасын,
атап айтқанда, ата-аналарымен және
туысқандарымен қарым-
қатынастарының баланың барлық
психикалық қабілеттері мен
қасиеттері-ойлауының,сөйлеуінің,өзі н-
өзі бағалауының, эмоциялық
аумағының, қиялының қалыптасуында
 Скачать
Жұмысты толықтай көру
Антиплагиат
тақырыпты енгізіңіз...


 Скачать
12.10.2022, 09:21
Стр. 1 из 1


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет