мыстан 2 тонна концентрат алынды (концентрат құрамында CuS масс. үлесі 14,4% анықталды ). Концентраттың шығымын, шығу дәрежесін және мыстың концентрация дәрежесін анықтаңыз.
Құрамында 42% күкірт және 5% көміртегі бар көмірлі колчеданның теориялық жылу шығару қабілетін анықтаңыз. Жану кезінде 1 кг таза пирит 7060 кДж/кг, ал 1 кг көміртек-32 700 кДж/кг жылу беретіндігі белгілі.
Керосинің каталитикалық крекингі кезінде бөлінетін шикізаттан газдың массалық үлесі 18% - ға тең. Егер крекинг газы компоненттерінің көлемдік үлесі: Н2-9, СН4-27, С2Н6 -12, СзН8-3,5; С2Н4 - 25, С3Н6-15, С4Н8--8,5% болса, онда 1 т керосиннен алынатын метанның массасын анықтаңыз.
Сабаққа дайындық сұрақтары:
1) Шикізат базасы және химия өнеркәсібінің бастапқы заттары.
2) Шикізатты жіктеу және оларға қойылатын талаптар.
3) Шикізат ресурстарын ұтымды және кешенді пайдалану.
4) Шикізатты дайындау және байыту.
5) Мұнайды қайта өңдеу: крекинг, реформинг және платформинг.
6) Аса маңызды мұнай өнімдері және оларды қолдану салалары.