Ешанқұл Ералхан ҚР бәсекелестіктен 35 ші орынға тұрақтады,бұл қаншалықты сәйкес келеді?



Дата07.01.2022
өлшемі14,06 Kb.
#20655

Ешанқұл Ералхан
ҚР бәсекелестіктен 35 ші орынға тұрақтады,бұл қаншалықты сәйкес келеді?
Қазақстандағы арзан жұмыс күшінің факторын бәсекеге қабілеттіліктің уақытша әлеуетті (потенциалды) шарттарының бірі ретінде қарастыруға болатынын ерекше атап өткен жөн. Сонымен бірге бұл арзаншылық төмен төлем қабілеттілігі сұранысымен байланысты ішкі нарықтың өте баяу кеңеюіне алып келеді. Сондықтан еңбекақының өсуі еңбек өнімділігінің артуын мардымсыз болса да басып озып, алдына түсуіне қол жеткізу қажет. Бұл өз кезегінде тек өндірістегі жұмыс күшін сақтауға және олардың біліктілігін арттыруға ғана емес, сонымен қатар өндіріс шығындарының да техникалық прогресс жолымен орнын толтыруға жәрдемдеседі.

Биыл Қазақстан рейтингтің барлық факторы бойынша өз позициясын жақсартты. 2021 жылдың зерттеу нәтижелері бойынша Қазақстан 2020 жылғы рейтингпен салыстырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленген. Осылайша, біздің ел Португалия (36-орын), Индонезия (37-орын), Латвия (38-орын), Испания (39-орын), Словения (40-орын), Үндістан (43-орын), Ресей (45-орын), Түркия (51-орын) сияқты елдердің алдына шықты.«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан төрт позицияға көтеріліп, 47-орынды иеленді. Үш субфактор бойын­ша позицияларды көтеру жақсы нәтиже көрсеткен: «Базалық инфрақұрылым» – 25-орын. Шындығында, белгілі бір ортада бәсекелестік белең алмайынша жаңашылдық, ілгерілеушілік қалыптаспайды. Ал, бәсекелестік жоқ жерде алға басу да жоқ. Міне, осы бәсекелестік қабілеттің қазіргі таңда да елімізге берер мүмкіндігі аса мол екені белгілі. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады.



Қазіргі уақытта, Қазақстан экономиканың көптеген секторларында тұрақты позицияларға қол жеткізді. Мұндағы басты мәселе экономиканы модернизациялауға, ұлттық шаруашылықтың жаһандану үдерісіне және әлеуметтік бағытталған қоғамды дамытуға негізделген сапалы бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып отыр.2012 ж. қаңтар айында Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы»: қалыптасқан елдің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2050 ж. қарай әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру бойынша жаңа стратегиялық мақсат қойылған болатын.

Қорыта келе, елдер арасындағы бәсекелестік күрестің өршуі әлемдік экономикаға көптеген өзгерістер әкелді. Жыл өткен сайын әлемдік шаруашылық қатынастар бірыңғай геоэкономикалық жүйе ретінде көптеп қарастырылуда. Бұл жағдайларда кез келген елдің күші мен қуаты оның өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Ұлттық нарықта неғұрлым бәсекелестік күшті және оның формалары алуан болса, соғұрлым әлемдік нарықта елдің бәсекеге қабілеттілік деңгейі жоғары болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет