Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық Университет
Әскери кафедра
Баяндама тақырыбы:
«Шет мемлекеттер әскерлерінің мотоатқыштар (жаяу әскерлер) батальонының әскери техникасының негізгі үлгілерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары.»
Студент: Төлебаев Ә.
взвод МС-«12»
ғылыми жетекші:Жумагалиев Р.З.,
әскери кафедра мұғалім
Орал ,2023
Баяндама тақырыбы: «Шет мемлекеттер әскерлерінің мотоатқыштар (жаяу әскерлер) батальонының әскери техникасының негізгі үлгілерінің тактикалық-техникалық сипаттамалары»
Мазмұны:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Шет мемлекет әскерлерінің танкілері
2. Шет мемлекет жаяу әскерінің жауынгерлік машинасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Мотоатқыш бөлімшелері тактикалық бөлімше болып табылады. Ол мотоатқыш бөлімінің негізін құрайтын және жалпы әскери бөлімше болып табылатын мотоатқыш взводына кіреді және жалпы әскери бөлімше болып табылады.Жаяу әскердің ұрыс машинасындағы (ЖҰМ) мотоатқыш бөлімшенің құрамында бөлімше командирі, көздеуші-оператор, механик-жүргізуші, пулеметші, гранататқыш, гранататқыштың көмекшісі, аға атқыш және атқыш болады. Бөлімшенің қаруларында жаяу әскердің ұрыс машинасы (ЖҰМ), қол пулеметтер, танкіге қарсы гранататқыш, автоматтар, жарықшақты және танкіге қарсы қол гранататтары болады.ЖҰМ – бұл сауытталған шынжыр табанды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және қозғалысқа (жылжуға) арналған. ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған. Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз жерлерден, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ атомға қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған .Мотоатқыш бөлімшелері қазіргі заманғы қуатты қару-жарақпен және техникамен қарулана отырып, қарсыластың ұрыс техникасы мен атыс құралдарын, тірі күштерін өз атысымен табысты түрде жеңіліске ұшырауға қабілетті. Олар жылдың және тәуліктің кез-келген жағдайында табанды қорғаныстық ұрыс жүргізе және жоғары қарқынмен шабуылдай алады.Мотоатқыштар бөлімшесінің, взводының, ротасының жорық реті – лек. Егер мотоатқыштар взводы мен ротасы ЖҰМ-нда, (БТР, автомобильде) қозғалатын болса, онда жорық реті лек түрінде болады. Бұл кезде машиналар командир тағайындаған арақашықтықты сақтай отырып, бірінің артынан бірі жүреді. Жаяу ретте жылжыған кезде мотоатқыштар бөлімшесінің жорық реті бір лек немесе екі лек бойынша, ал взводтың жорық реті – үш лек немесе екі лек бойынша жасалады .
Достарыңызбен бөлісу: |