Эссе тақырыбы: Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы Орындаған



Дата18.05.2023
өлшемі22,99 Kb.
#94189


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРҒЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ
ЭССЕ
Тақырыбы: Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы


Орындаған: Шал Еңлік
Тобы: Фи-20-1к2
Қабылдаған: Айтжанова А.

Шымкент 2021
Деңгейлік саралау – оқушылардың бір сыныпта бір бағдарлама және бір оқулықпен оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. 
Оқушылардың даму деңгейінің бірыңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Деңгейлеп оқытудың мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. 
Оқыту технологиясын пайдалану – оқушы ынтасын басатын, объективті емес, жіберген қателіктері үшін жазалауға бағытталған бағалау тәсілін өзгертуді талап етеді. Таным процесі үстінде кез келген тұлғаның белсендік көрсетуге, әлде бір себептермен қате жіберіп алған жағдайда оны өзі түзетуге құқығы бар. Оқушының іс-әрекеті көптеген мінез-құлық параметрлерімен бағаланады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуге үйренуі аса маңызды. Сонда баға оның жіберген қатесіне берілген жазалау емес, қайта жеткен жетістігіне берілген мадақтау, қызығушылығы мен қажеттігін көтермелеу құралына айналады.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдалана отырып, жұмыс жасаған уақыт ішінде байқалған оңды өзгерістерді өзім сабақ беріп жүрген 8 сынып оқушыларының 3 жыл көлемінде мынандай нәтижесінен көруге болады: 35%-дан - 40%-ға; 45%-48%; 50-52%-ға білім сапасы артты. 
Менің тәжірибемдегі деңгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланған сабақтарды дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда, білім сапасының өскендігін байқауға болады, сабақ беретін 134 оқушының 68-і (50%) биология, 57-сы (42,5%) химия пәні бойынша, «4-5»ке оқиды.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
«Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясының мақсаты – жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Қорыта айтқанда, болашақтың бәсекесіне қаблетті ХХІ-ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай әр ұстаз - ХХІ ғасыр мұғаліміне сай болу үшін - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, жан-жақты шебер, тынымсыз еңбекқор, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғары мәдениетті, жан-жақты дамыған, шығармашылығы жоғары деңгейлі жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелейтінімізге нық сенім білдіремін.
Саралап, деңгейлеп оқыту технологиясының принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, өздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және өздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, өзін-өзі жетілдіріп өсіруші, өзін-өзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет