Эссе Тақырыбы: Көркем әдебиет Тобы



Дата12.10.2022
өлшемі15,68 Kb.
#42600

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»


Эссе
Тақырыбы: Көркем әдебиет


Тобы: Фи–19–1К2
Орындаған: Досалы Таңсұлу
Қабылдаған: Елтаева Ж


Шымкент 2022жыл.
Қоғамдық сананың айрықша саласы - өнер. Өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу түрі бар суретшінің құралы-бояу, әншінің құралы - үн, бишінің құралы - қимыл болса, әдебиетішінің құралы - тіл. Демек, әдебиет - сөз өнері. 
Өнердің ішіндегі ең бір қадірлі де қасиетті - көркем әдебиет. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері нақты, затты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебит кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылтып, құлпыртып көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін бас өнердің бас, «өнер атаулының ең қиыны және күрделілісі» (Бальзак), «ең жоғары түрі» (Белинский) десек, халқымыздың «өнер алды-қызыл тіл» деген қағидасы да соны растайды. 
Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, солардың өмірге көзқарасын қалыптастырады, мінез-құлқына, тұрмыс-тіршілігіне ықпал етеді. Әдебиет – бұл әлемді тану құралы, ол бізге «ненің жақсы, ненің жаман екенін» түсінуге көмектеседі, жалпы адамзаттық қақтығыстардың басталуын көрсетеді.Әдебиет адамның ішкі сұлулығын көруге, оны түсінуге және бағалауға үйренуге көмектеседі.
Қоғамдық өмірде әдебиет қозғамайтын мәселе, назар аудармайтын жағдайлар аз-ақ, жоқтың қасы. Алайда әдебиет алдымен адамның тұтас тұлғалы бейнесін көрсететін болғандықтан, қоғамдық өмірдегі қай мәселеге болсын эстетикалық қатынас тұрғысынан қарап, оны шығармадағы көрсетілетін нақтылы өмірлік жағдайларға орай бейнелейді. Көркем шығармада өмір құбылысы, оның әр түрлі ерекшеліктері тұтас көрсетілсе де, ненің маңызды, мәнді екені айқын ажыратылып, дәл танылады. Уақиғалардың, адам бейнесінің әдебиетте нақтылы сереттеледі, оқырманға өмірдің өзін көріп отырғандай әсер беріп, шығарманың ой-сана күшті ықпал етуіне мүмкіндік береді.
Әдебиет – рух пен тұлға тәрбиесінің қуатты көзі. Көркем бейнелерді ашу арқылы әдебиет бізге жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғандық, шындық пен жалғандық туралы түсініктер береді.
Қорыта айтқанда әдебиет ақыл мен сезімді дамытады. Ол біздің ұстазымыз, тәлімгеріміз, бағыттаушымыз. Әдеби шығарма адамның бүкіл ой-қиялын, сыр-мінезін түгел баурайды: қуантады, сүйіндіреді, таңдантады, күйіндіреді, жылатады, күлдіреді…Қысқасы, адамның көңіл-күйінде сан сапа құбылыстартуғызып, із қалдырады. Бұл әдеби шығарманың, яғни көркем әдебиеттің эстетикалық әсері, оның таным, тәрбие тарапындағы мәні де осыған негізделген. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет