1. Сөз өнерінің табиғаты



бет1/29
Дата11.04.2023
өлшемі129,39 Kb.
#81591
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
билет жауаптары (копия)


№1 билет
1. Сөз өнерінің табиғаты
Өнердің түрі көп, кескін өнері, мүсін өнері, сәулет өнері, сәулет өнері, ал әдебиет-сөз өнері.
Мүсіншінің құралы-саз балшық, суретшінің құралы-бояу, әншінің құралы-үн болса, әдебиетшінің құралы-тіл. Сөз-әдебиеттің құрылыс материалы.(Федин)
Сөз өнері жалпы мағанасындағы жай әдебиет емес, көркем әдебиет екенін тектен-тек деуге болмайды.Оның барлық эстетикалық байлығы әдеби шығарманың көркемдігі арқылы ғана жасалады. Сөз өнері – қоғамдық сананың әрі күрделі, әрі іргелі саласы. Демек, әдебиеттің таным тарапындағы мәні де, тәрбие саласындағы мәні де, сайып келгенде, сөз өнерінің эстетикалық маңызына яки өнер туындысының көркемдік құнынына келіп тіреледі.
Өнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі-көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен ұқсастықтары бола тұра, өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөзбояу не дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл-көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті тұсау екені рас. Бірақ есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты,театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушылардың бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасындағы бүгін жүріп жатқан спектакльдың ертеңгі ұрпаққа мұра болып қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, әдебиетте екеуі де нақтылық та заттылық та бар. Бейнелеу, сәулет, мүсін өнерлері затты, нақты болғанымен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез-келген шындықты қимыл-қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы себепті сөз өнерін- бар өнердің басы, өнер атаулының ең қиыны, ең күрделісі (Бальзак), ең жоғарғы түрі (Белиньский) десе де болады.
Өнер қадірін білмейтін, оның ішінде сөз өнерін түсінбейтін тоғышарлар жаңа ғана сахнадан көрсетілген комедияны арзан күлкіге, әншейін әзіл-әжуаға айналдырған сәтте Гоголь ызаға булығып, Театр табалдырығынан тура былай деген болатын: әзіл-әжуа!.. Әне,театр балкондары мен жақтаулары күңірене теңселіп кетті; тебіренген жұрт бір сәт бір ғана сезімге көшіп, бір адамға айналып, бір туған бауырдай құшақтасып, бір ғана діріл деммен тыныстап, бұдан 500жыл бұрын дүниеден өткен бейтаныс біреуге құшырлана қол соғып, алғыс гимнін азынатып жатқаны анау... Әзіл-әжуа!... Мұндай әзіл-әжуа болмаса, дүниені меңіреу жайлар, тіршілік қаңсып әдіра қалар, көңілді мүк басып балдыр шалар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет