Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Заттық-тәжірибелік оқыту»



Pdf көрінісі
Дата10.01.2017
өлшемі239,23 Kb.
#1541

Қазақстан Республикасы  

Білім және ғылым министрінің 

2013 жылғы 3 сәуірдегі 

№ 115 бұйрығына 122-қосымша  



 

 

 

 

Есту қабілеті бұзылған (естімейтін) оқушыларға арналған бастауыш білім 

беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Заттық-тәжірибелік оқыту» пәнінен 

типтік оқу бағдарламасы 

 

1. Түсінік хат 



 

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 

тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген.  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 

негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 

сәйкес әзірленген.  

2.  «Заттық-тәжірибелік  оқыту»  пәні  естімейтін  балаларға  арналған 

дамытушы,  тәрбиелеуші,  оқыту  және  түзету  міндеттерін  атқаратын 

кіріктірілген  пән  болып  табылады.  «Заттық-тәжірибелік  оқыту»  естімейтін 

оқушының  (жалпы  және  сөйлеу  тілінің)  жан  жақты  дамуын  қамтамасыз  етіп, 

оқу материалын түсінуге жағдай жасап, психофизикалық кемістіктерін түзетуге 

әсер етеді. 

3.  Оқытудың  мақсаты:  естімейтін  оқушылардың  заттық-тәжірибелік  іс-

әрекеті  арқылы  сөйлеу  іс-әрекетін,  тұрмыстық  түсініктерін,  ақыл-ойын,  еңбек 

дағдыларын қалыптастыру. 

4. «Заттық-тәжірибелік оқыту» пәні міндеттері: 

1) тұрмыстық түсініктерін қалыптастыру; 

2) естімейтін оқушылардың ойлауын дамыту; 

3)  ауызша  және  жазбаша  формада  сөйлесу  және  монологтік  сөйлеу  тілін 

дамыту; 

4) заттық-тәжірибелік іс-әрекетін жетілдіру; 

5) қарапайым еңбек дағдыларын қалыптастыру; 

6) оқушыларды жан жақты тәрбиелеу. 

5. «Заттық-тәжірибелік оқыту» пәні оқу жүктемесі:  

1) дайындық сыныбында аптасына 4 рет, жылына 132 сағат;  

2) 1 сыныпта аптасына 3 рет, жылына 99 сағат;  

3) 2 сыныпта аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат;  

4) 3 сыныпта аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат;  

5) 4 сыныпта аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат қарастырылған.  

6.  «Заттық-тәжірибелік  оқыту»  пәні  бірқатар  пәндермен  тығыз 

байланысты:  

1)  заттық  тәжірибелік  іс  әрекет  арқылы  бұйымдар  жасай  отырып 

естімейтін балалар қоршаған ортамен танысады, істеген әрекеттерін жоспарлап, 



аяқтаған  соң  есеп  беру  арқылы  балалардың  ауызша  және  жазбаша  сөйлеу  тілі 

дамиды;  

2)  заттық  -  тәжірибелік  іс  әрекет  кезінде  бұйымдар  жасау  барысында 

өлшем  бірліктерін  қолдану  арқылы  математикалық  түсініктері  қалыптасады. 

«Заттық-тәжірибелік  оқыту»  кезінде  қолданыған  сөздік  материалдар  тіл 

дамыту, ана тілі, математика сабақтарында жалғасады; 

3) «Заттық - тәжірибелік оқыту» пәні кезінде сөйлеу іс әрекетін дамытуға 

(жоспарлау,  есеп  беру,  жолдасымен  қарым  қатынас  жасау,  сөздік  материалды 

таңдау)  көп  көңіл  бөлінеді.  Осы  пән  барысында  қалыптасқан  тұрмыстық 

түсініктері басқа сабақтарды меңгерудің алғышарты болып табылады.  



 

2. Оқу пәнінің дайындық сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

7. 1 тоқсан. 

8. Илеу:  

1)  тақырыптар:  1.Шар.  2.  Алма.  3.  Алмұрт.  4.  Өрік.  5.  Шие.  6.  Қияр.  7. 

Сәбіз. 8. Қызанақ. 9. Қызылша. 10. Пияз. 11. Қоян. 12. Қонжық; 

2) сөздік материал. Ермексаз, сазбалшық, су, тақтайша, шүберек, тәрелке, 

қырғыш, сүрткіш, пышақ, жіп, бояу, қылқалам. Алма, алмұрт, өрік, шие, қияр, 

сөбіз,  қызан,  қызылша,  пияз,  қоян,  қонжык,  басы,  көзі,  аузы,  күлағы,  аяғы, 

құйрығы, денесі. 

9. Жапсырмақұрақ құрастыру:  

1)  тақырыптар:  1.  Шар.  2.  Алма.  3.  Алмұрт.  4.  Өрік.  5.  Шие.  6.  Қияр.  7. 

Сәбіз. 8. Қызан. 9. Қызылша. 10. Пияз. 11. Қоян. 12. Қонжық; 

2)  сөздік  материал:  түсініп  үғыну,қайшы,  қылқалам,  желім,  қарындаш, 

түрлі-түсті  қағаз,  қатырма  қағаз.Дөңгелек,  шаршы,  тікбұрыш.  Алма,  алмұрт, 

шар, өрік, шие, кияр, сәбіз, қызан, кызылша, пияз, қоян, қонжық.Қызыл, жасыл, 

көк, сары, аң, қара. 

10. Қағазбен жұмыс істеу:  

1) тақырыптар: 1. Тілшік жасау. 2. Жалау жасау; 

2)  сөздік  материал.  Қайшы,  желім,  қылқалам,  тілшік,  жалау,  шаршы, 

тікбүрыш,  қағаз.Кесу,  желімдеу,  қиып  алу,  айналдыра  сызу.  Қағазды  қиямыз. 

Осылай  бүкте.  Осылай  киып  ал.  Тікбұрышты  киып  ал.  Көк  кағазды  ал.  Мен 

қағазды алдым. Мен кидім. Тікбұрышты қағазға жапсыр. 

11. Сурет салу: 

1)  тақырыптар:  1.  Шар,  2.  Алма  3.  Үй.  4.  Қаша.  5.  Шырша.  6.  Үстел.  7. 

Орындық; 

2)  сөздік  материал.  Шар,  алма,  алмұрт,  кияр,  сәбіз,  қонжық,  қоян, 

пирамида, үй, каша, шырша, үстел, орындык. Көк, қызыл, жасыл, сары. 

12. 2 тоқсан. 

13. Илеу: 

1)  тақырыптар:  1.Түйе.  2.Түлкі.  3.  Піл.  4.Әтеш.  5.Қаз.  6.  Тауық  7.Кесе. 

8.Тостаған. 9.Тәрелке.10. Қазан; 

2)  сөздік  материал.  Түйе,  түлкі,  піл,  әтеш,  каз,  тауық,  кесе,  тостаған, 

тәрелке, қазан, денесі, кұйрығы, басы, мойны, көзі, кұлағы, аузы, канаты, аяғы. 


Үлкен,  кіші.  Илеу,  жаю,  алу,  жабыстыру.  Тәрелкені  илеп  жасаймын.  Шарды 

домалақта. 

14. Жапсырма құрақ құрастыру: 

1)  тақырыптар:  1.Түйе.  2.Түлкі.  3.Түлкі  коян  аулады.  4.Судағы  қаз. 

5.Үстел үстінде тостаған, кесе. 6.Жаңа жыл шыршасы; 

2) сөздік материал; Түйе, түлкі, қоян, ңаз, үстел, тостаған, кесе, жаңа жыл, 

шырша.  Қызыл,  жасыл,  коңыр,  сары,  көк,  үлкен,  кіші.  Жақсы,  жаман,  әдемі, 

алуға бола ма?. 

15. Сурет салу:  

1) тақырыптар: 1. Түйе 2.  Тон. 3.  Бәтеңке. 4. Етік. 5.  Пима. 6. Орамал. 7. 

Малақай. 8. Қой. 9. Қолғап; 

2) сөздік материал. Тон, бәтіңке, етік, пима, орамал, малақай, қой, қолғап. 

Жақсы,  жаман,  әдемі.  Сурет  салу.  Етіктің  суретін  сал(-ыңдар).  Мен  сурет 

салдым. 


16. 3 тоқсан. 

17. Илеу: 

1)  тақырыптар:  1.  Шана.  2.  Шаңғы.  3. Жуынатын  бөлме.  4.  Мұз  айдыны. 

5. Коньки.6. Машина. 7. Ұшақ;  

2)  сөздік  жұмысы.  Шана,  шаңғы,  бөлме,  ойна,  тіс  щеткасы,  сабын, 

орамал, тарақ, тіс пастасы, қолжуғыш, мұз айдыны, коньки, машина, ұшақ. 

18.  Жапсырма  құрақ  құрастыру.  Тақырыптар:  1.  Қыс  көрінісі  (үй, 

шырша). 2. Аққала және балалар. 3. Балалар мұз айдынында. 4. Домбыра. 

19. Сурет салу: 

1)  тақырыптар:  1.  Жаңа  жыл  шыршасы.  2.  Шырша  ойыншықтары.  3. 

Қуыршақтың  жиһаздары:  үстел,  орындьщ,  шкаф,  төсек.  4.  Ыдыс:  касық, 

шәйнек,  тәрелке.  5.  Шаңғы,  коньки,  шана.  6.  Машина,  ұшақ.  7.  Вазадағы  гүл 

шоғы; 

2)  сөздік  жұмысы:  Жолдастарына  жай  тапсырмаларды  тірек  сөздерді 



пайдаланып  және  өз  бетінше  құрастырып  беру.  Тапсырмаларды  орындау 

кездерін анықтау.  

20. 4 тоқсан. 

21. Илеу:  

1)  тақырыптар:  1.  «Көктем»  макеті.  2.  «Үй  хайуанаттары»  макеті.  3. 

«Жабайы аңдар» макеті; 

2)  сөздік  жұмысы:  ағаш,  бәйшешек,  шөп,  шалшық  су,  құстар,  үйшік, 

сиыр, кой, жылкы, ешкі, түйе, ит, аю, қоян, түлкі, кірпі, қасқыр, ақтиін, балалар, 

доп, кора. Үлкен, кішкене, ұзын, қысқа, көп, аз. 

22.  Жапсырма  құрақ  құрастыру.  Тақырыптар:  1.  Көктем  келді.  2.  Үй 

хайуанаттары мен төлдері. 

23. Қағазбен жұмыс істеу: тақырыптар: 1. Қайық, қуыршак, оның ұлттық 

киімдері. 2. Гүлдер: түймедақ, жауқазын. 

24. Сурет салу. Тақырыптар: 1.Көктем табиғаты (жапырақтар, шөптер). 2. 

Құстар: әтеш, тауық, балапан. 3. Күрек, тырма, су құйғыш. 

25. Оқу құралдары:  

1) кітап, калам, дәптер, сөмке; 


2)  сөздік  материал.  Әтеш,  тауық,  балапан,  көбелек,  күрек,  тырма,  су 

қүйғыш,  ара,  шегіртке,  кітап,  қалам,  дәптер,  сөмке.  Тауықтың  суретін  үлкен 

етіп, балапанды кішірек етіп сал. Мен көбелектің суретін сала алмаймын.  

 

3. Оқу пәнінің 1-сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

26. 1 тоқсан. 

27. Илеу:  

1)  тақырыптар:  1.  Жемістер:  алмұрт,  алма,  өрік.  2.  Көкөністер:  қызан, 

қияр, пияз. 3. Ойыншықтар, қуыршақ, қонжық, әтеш, қоян; 

2)  сөздік  материал:  ұзарту,  сығу,  шар  сиякты  домалақтан  илеу.  Қағазды 

бүктеу,  тең  етіп  бүктеу,  қайшымен  қия  білу.  Желім  жағып,  жабыстыра  білу. 

Сызғышпен заттың үзындығын және енін сыза білу. 

28. Жапсырма кұрақ құрастыру: 

1)  тақырыптар:  1.  Жемістер.  2.  Көкөністер.  3.  Ойыншықтар:  куыршак, 

әтеш, қоян, конжық. 4. Жемістер, көкөністер салған себет; 

2) сөздік материал: Жемістер, көкөністер, алма, алмұрт, өрік, қызан, қияр, 

жуа, ойыншықтар: қуыршақ, әтеш, қоян, қонжық, себет. Жуан. жіңішке, қатты, 

жұмсақ, ақ, қызыл (басқа түстер), қағаз. 

29. Қағазбен жұмыс:  

1) тақырыптар: 1. Ұшақ. 2. Тікұшақ. 3. Тілшік. 4. Жалауша. 5. Садақ; 

2)  сөздік  материал:  Ұшақ,  тікұшақ,  тілшік,  жалауша,  садақ,  шаршы, 

тікбұрыш, үшбүрыш, шеңбер, пышақ, түрлі-түсті қағаз. 

30. Матамен жұмыс: 

1) тақырып: Ине шаншатын жастық (төртбұрышты); 

2)  сөздік  материал:  ине  шанышқы,  ине,  мата,  түйін;  ак,  қара,  жуан, 

жіңішке (жіп, мата) тікбұрышты; ұзын, кысқа, үлкен, кіші. Көп, аз, ұзын, қысңа, 

үстінде, астында, оң жағында, сол жағында. Тігу, үстау, кіргізу, өлшеу. 

31. Әр түрлі материалдармен жұмыс: 

1) тақырып: Күзгі жапырақтар жинақтамасы; 

2)  сөздік  материал:  Қайыңның,  еменнің,  теректің,  жөкенің  жапырактары. 

Күз, жапырақ аттары. Қызыл, сары, коңыр (күзгі) жапырақтар. Желімдеу, тігу. 

Жапырақшаларды жайып қой.  

32. 2 тоқсан. 

33. Илеу:  

1) тақырыптар: 1. Мысық. 2. Қоян. 3. Кірпі. 4. Қасқыр; 

2)  сөздік  материал:  Мысық,  қоян,  қаскыр,  кірпі,  ине,  жіп,  дене,  табан, 

құйрық,  бас,  кұлақ,  көрші.  Алдыңғы,  артқы,  ұзын,  қысқа,  жұмсак,  тікенекті, 

қатты, жуан, жіңішке. 

34. Жапсырмақұрақ құрастыру: 

1) тақырып: Ақтиін; 

2)  сөздік  материал:  ақтиін,  жаңғақ,  сурет,  мереке,  отшашу,  (жаңғақ) 

жинады,  шақты,  отыр,  қиып  алды.  Түрлі-түсті,  сары,  үлпілдеген.  Оң  жак,  сол 

жак,  ортасы,  асты,  үсті,  тегіс,  тегіс  емес.  Суреттерден  жапсырмақұрақ 

жасаймыз. 



35. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  қағазбен  жұмыс.  Тақырып:  Шырша  ойыншықтары.  Сөздік  материал: 

ойын ық, қатырмақағаз, сантиметр, ортасы, шеті, бұрышы, шаршы, төртбұрыш, 

шеңбер, сызық. Жіңішке, дөңгелек, шаршы; 

2)  құрылыс  материалдарымен  жұмыс.  Тақырыптар:  1.  Үйлер.  2. 

Жиһаздар.  Сөздік  материал:  топ  (бірінші,  екінші).  Үй,  үйшік,  қабат.  Шатыр, 

есік,  терезе,  еден,  кабырға,  бұрыш,  машина,  үстел,  орындык,  диван,  кресло. 

Ортасында,  жанында,  оң  жағында,  сол  жағында,  алдында,  артында,  жоғарғы 

жағында. Қою, тұрғызу, салу, көтеру, түзету.  

36. Мозаикамен жұмыс:  

1) тақырыптар: 1. Гүлдер. 2. Оюлар. 3. Өрнектер; 

2)  сөздік  материал:  мозаика,  өрнектер,  гүлдер,  кате,  шатыр.  Түрлі-түсті, 

керекті,  артық.  Оң  жақта,  сол  жақта,  төмен,  жоғары,  төменде,  жоғарыда, 

ортасында, мұқият қара. 

37. Әр түрлі материалдармен жұмыс:  

1) тақырып: Шырша ойыншығы — ақтиін; 

2)  сөздік  материал:  шырша  ойыншығы.  Жаңа  жыл,  ақтиін,  жаңғак, 

қабығы,  безендірді.  Жан-жағынан,  қисық,  түзу.  Кесті,  ұстатты,  айналдыра 

сызды. Шыршаға ойыншыңтар жасаймыз.  

38. 3 тоқсан. 

39. Илеу:  

1) тақырыптар:1. Балық. 2. Құстар: қарға, сауысқан, торғай; 

2)  сөздік  материал:  Балық,  дене  мүшелері,  денесі,  бас,  құйрык, 

қабыршағы, желбезегі. Құстар: карға, торғай, сауыскан, мойын, қанат, тұмсық. 

Үшкір, ұзын, қысқа, үлкен емес. 

40. Жапсырмақұрақ құрастыру: 

1) тақырыптар: 1. Вазада тұрған бұтақ. 2. «Наурыз тойы»; 

2) сөздік материал: сыйлық, ваза, бұтақ, наурыз, той, дастархан, бауырсақ, 

шелпек, кұрт, май, көже. Әйелдер күні. 

41. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  қағазбен  жұмыс  істеу.  Тақырыптар:  1.  Теледидар.  2.  Қоян.  Сөздік 

материал:  теледидар,  қоян,  кағаз  (қалың,  жұқа),  шеті,  ортасы,  бұрышы. 

Бұрышын  бүктеу  (шетін)  өлшеу,  қиып  алу,  болады,  болмайды,  жақсы,  жаман, 

кесу; 


2)  құрылыс  материалымен  жұмыс.  Тақырыптар:  1.Үйлер  (2-3-5қабатты). 

2. Жиһаз. Сөздік материал: Үй, шатыр, сурет, құрылыс материалы, есік, жиһаз. 

Жұмыс  істеу,  үй  тұрғызу,  кирады,  құлады.  Бір  қабатты,  екі  кабатты,  көп 

қабатты, биік, аласа. Алыс, жақын, қасында, бірге. Бір қабатты үй түрғызамыз. 

42. Конструктормен жұмыс:  

1) тақырыптар: 1. Үстел. 2. Орындық. 3. Алжапқыш; 

2)  сөздік  материал:  Үстел,  орындық,  алтыбакан,  конструктор  бұрамасы, 

үлкен бұрандасы, кілті, шеті, ортасы, жоғары, төмен. 

43. Мозаикамен жұмыс:  

1) тақырып: Өрнектер, оюлар; 



2) сөздік материал: өрнек, ою, әр түрлі, түрлі-түсті, бірдей, осындай, қою, 

шашу,  еткізу.  Бірінші  катар,  соңғы....  жоғарыдан  3-катар,  төменнен  2-қатар, 

түймеден кейін, үлкен, кіші, аз, көп. Қызыл түйме ал, қатарлап қой. 

44. Матамен жұмыс:  

1) тақырып: Түйме қадау; 

2) сөздік материал: Түйме, жіп, түйменің тесігі. Кесу, үзіп алу, тігу, тарту, 

жіп, түйін түю, ұстау, ине сабактау. Ұзын, кысқа, үстінде, астында. Ине сабақта. 

45. Әр түрлі материалдармен жүмыс:  

1) тақырыптар: 1«Қыс» панносы. 2. Аула «макеті»; 

2)  сөздік  материал:  сурет,  пішін,  мақта,  бұтақ,  кар,  төбешік,  аула, 

ағаштар,  бұталар,  заттар.  Қою  орналастыру,  түзету.  Алдында,  артында,  оң 

жақта, сол жакта, ортасында. Биік, аласа, терең. Суретке қара.  

46. 4 тоқсан. 

47. Жапсырма құрақ құрастыру:  

1)  тақырыптар:  1.  Көктем,  2.  Ұландар  күні.  3.  Көбелек  (коңыз,  инелік), 

қағазға жапсыру; 

2) сөздік материал: жапсырмақұрақ, сурет, көктем, күн, аспан, шөп, ұлан, 

танк,  ұшақ,  қараторғай,  үйшік,  бұтақ,  көбелек,  қағаз.  Қызық,  көңілді,  әдемі; 

батыр, батыл (үлан) керек суреттер. Орналастыру, желімдеу, жапсыру. 

48. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  құрылыс  материалдарымен  жұмыс.  Тақырып:  Қала  көшелері.  Сөздік 

материал:  Көше,  көшенің  жан-жағы,  аула,  мектеп,  театр,  емхана,  дүкен,  қаша. 

Кең,  тар,  (көше)  бірінші,  соңғы,  оң  жағында,  сол  жағында,  жанында,  жакын, 

алыс; 


2)  қағазбен  жұмыс.  Тақырыптар:  1.  Тұтқасы  бар  себет.  2.  Мерекеге 

арналған  гүлдер.  Сөздік  материал:  себет,  тұтқа,  тікбұрыш,  сызык,  түймедак, 

жапырак,  жауқазын,  сабағы,  жапырақ,  сымтемір,  жіп.  Қиып  ал,  кес,  жапсыр, 

желімде, өлше, сызықсыз, байла. Қалың, жұқа (кағаз) бірнеше рет, бірге ұқсас, 

ұқсамайды. 

49. Конструктормен жұмыс:  

1) тақырып: Ұшақ, тікұшақ; 

2)  сөздік  материал:  Ұшақ,  тікұшақ,  дөңгелек,  айналады,  қонады,  бүлкіш, 

қанаты,  тұмсығы,  бұрап  бекіту.  Мықты,  бос,  қиын,  оңай.  Ұшаққа  керекті 

заттарды тауып ал. Екеумізге бірге жұмыс істеуге бола ма?. 

50. Мозаикамен жұмыс:  

1) тақырыптар: 1. Гүлдер. 2. Өрнектер; 

2)  сөздік  материал:  түймелер,  үлкен,  кіші,  биік,  аласа,  қатар,  алдымен, 

содан  кейін,  осылай  жаса,  әдемірек.  Бір  қатардан  кейін  (2,3  қатардан,  т.с.с) 

жанында, ортасында, астында. Бір катарды аттап өт. 

51. Әр түрлі материалдармен жұмыс:  

1) тақырып: «Көктем» макеті; 

2)  сөздік  материал:  жыл  мезгілі,  көктем,  кар,  лай,  саз,  шалшық,  су,  жаға, 

кайық,  кеме.  Терең,  таяз,  кең,  тар,  биік,  аласа,  батыл,  күшті,  кір.  Алдында, 

артында, ортасында, ұксайды, ұқсамайды. Жіберді, койды, кетті, бүктеді. 



52.  Ауыл  шаруашылық  еңбегі:  күз.  Тақырыптар:  1.  Тәжірибе  үлескісіне 

саяхат.  Ағаштармен,  бұталармен,  шөп  түрлерімен  танысу.  2.  Күзде  жерді 

даярлау: жерді тырмалап, арамшөптерді, қалдықтарды тазалау, жерді аудару. 

53. Көктемгі жұмыс: 

1)  тақырыптар:  1.  Жерді  аударып,  тегістеу.  Жерді  тырмалау.  Тырмамен 

жұмыс істегенде, кауіпсіздік ережесін сақтай білу; 

2) тұқым себу (әр түрлі гүлдер тұқымы, бұршак, т.с.с); 

3)  тұқымды  себуге  дайындау:  ең  ірілерін  таңдап  алу,  оларды  сулап, 

өндіру; 

4) әр тұқымға жеке жер даярлау. Қатарлап отырғызу, басына белгі қою; 

5) жерді күту: өніп шыққан өсімдікті түптеу, суғару, арамшөбін жұлу. 

 

4. Оқу пәнінің 2-сыныптағы базалық білім мазмұны 



 

54. 1 тоқсан. 

55. Жапсырмақұрақ құрастыру:  

1)  тақырыптар: Жапсырма кұрақ  «Жайлауда» 2.  Оқыған әңгіме бойынша 

жапсырмақұрақ құрастыру; 

2)  сөздік  материал:  жыл  мезгілі,  кыс,  көктем,  жаз,  күз,  жайлау,  тау,  гүл, 

жидек, бүлдірген, коян, кірпі, көбелек; қатырмакағаз, заттар. Оң (сол) жоғарғы 

(төменгі) бұрыш. Оқыған әңгіме; кейіпкерлер. Бірдей, жақын, алыс, бірнеше. 

56. Үлгілеу және құрастыру:  

1) конструктормен жұмыс. Тақырып: Орындық; 

2) сөздік материал: орындық, аркасы, аяғы, бұрама, үлкен бұранда, тесігі. 

Ұзын,  қыска,  керек,  артық.Ұзынырак,  ең  ұзыны,  кысқа,  ең  қыска,  есеге 

ұзындау,  ...  см-ге  қысқа.Көп,  аз,  сонша,  козғалды,  қозғалмайды.  Бастау,  біту, 

бұрау. 


57. Мозаикамен жұмыс:  

1) тақырыптар: 1. Гүлдер, 2. Мозаикалық панно; 

2)  сөздік  материал:  түймелер,  гүлдер,  сабағы,  жапырағы,  өрнек,  панно, 

үстінде,  астында.  Сана,  бөлшекте,  біл,  тауып  ал,  қайта  жаса.Бір ...  түймені  ал. 

Гүлді оң жағына (сол жағына, жоғарғы жағына, төменгі жағына) қой. 

58. Әр түрлі материалдармен жұмыс: 

1) тақырыптар: 1. «Күзгі жапырақтар» панносы. 2. «Біздің мектеп» макеті; 

2) сөздік материал: панно, макеті, ұзындығы, ені, ағаш, емен, кайың, жер, 

үй, интернат, шеберхана, кіру, шығу, аула, бақша, спорт алаңы, тор, қақпа, жол.  

59. Матамен жұмыс:  

1) тақырып: түймелерді, ілгекті қадау; 

2) сөздік материал: түйме, ілгек, астары. Тігу, жіпті түю, өткізу, түймелеу. 

Ірі,  ұсақ  (ілгек).  Мықты,  қайтала,  төменнен  жоғарыға,  астынан  үстіне.  Матаға 

ілгекті тігу. Қара, ілгекті калай тігуге болады?.  

60. 2 тоқсан. 

61. Жапсырма құрақ құрастыру:  

1) тақырып: «Қоңыр күз»; 


2)  сөздік  материал:  табиғаттағы  өзгерістер,  жер,  ағащ,  жаңбыр,  шалшык, 

жапырақтар  түсті,  құстар;  Ойлап  табу,  суық  түсті,  жел  соқты,  нөсер  жаңбыр, 

күң  бұлтты,  кою  қара  бұлт,  ағаштар  жапырақсыз  жалаңащ  тұр,  күзгі  киімдер, 

қоңыр күз. 

62. Ауыл шаруашылық еңбегі. Күз: 

1) 


тәжірибе  үлескісінде  өсетін  өсімдіктердің  тұкымын  жинау. 

Тұқымдарды сұрыптап, сақтап кою; 

2) тәжірибе үлескісінде істеген жұмыстар туралы есеп беру. 

63. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  қағазбен  жұмыс.  Тақырып:  «Ойыншықтар»  1.  Ит.  2.  Мысық.  3.  Шам. 

Сөздік  материал:  дене,  арқа,  мойын,  шам,  қалам,  қағаз,  шынжыр.  Ойыншық, 

шұбар,  оң,  сол,  бүйір,  шырша  ойыншығы,  жай,  бірнеше  (рет).  Кесу,  қию, 

бүктеу, орау, қосу (нүктені), ауыстыру, бекіту; 

2)  конструктормен  жұмыс.  Тақырып:  Саты.  Сөздік  материал:  арба, 

арбаның  екі  жаны,  асты,  саты,  басқыштары.  Орады,  бұрады,  қозғады, 

айналдырды,  құрастырды.  Бос,  козғалды,  козғалмады.  Арба  жасау  үшін  ... 

керек. Дөңгелекті ... бекіт. 

64. Құрылыс материалдарымен жұмыс:  

1) тақырып: «Мереке кезіндегі көше»; 

2)  сөздік  материал:  үй,  жол  торабы,  жалаулар,  бағдаршам,  суреттер, 

әшекейлер. Ойлап табу, таңдап алу, салыстыру, кою, тұрғызу, бекіту, безендіру. 

Оңға, солға, алысқа, жақынға, әдемі. 

65. Матамен жұмыс: 

1) тақырып: Әр түрлі маталар жиынтығы; 

2)  сөздік  материал:  мата,  әртүрлі  маталар  жиынтығы,  жібек,  шыт,  сәтен, 

жіп,  түйме,  ине,  иненің  көзі,  оймак,  саусақ.  Тегіс,  бұжыр,  қалың,  киім  тігетін 

жіп, өңі, тысы, үлкен, сұк, саусақ, аты жоқ, ортаңғы саусақ. 

66. Әр түрлі материалдармен жұмыс: 

1) тақырып: «Жаңғақ қабығынан ойыншық жасау»; 

2) сөздік материал: қайық, желкен, жаңғақ, түйе, өркеш. тасбақа, бөлшегі, 

шеті, қатырмақағаз. Желкенді қайық, жұқа, қалың қатырмақағаз. 

67. 3 тоқсан. 

68. Жапсырма құрақ құрастыру: 

1) тақырып: Вазадағы гүл; 

2)  сөздік  материал:  жапырақ,  гүл,  ваза,  ортасы,  мал  қорасы,  сиыр,  қой, 

ешкі,  жылқы,  шөп  салғыш,  жем  салғыш.  Қайыру,  таңдау,  дәл  келеді.Ең 

алдымен  ең  үлкен.  ...  содан  кейін...  желімде.  Түрлі-түсті  қағазды  екіге  (үшке) 

бүкте 4. 

69. Үлгілеу және құрастыру: 

1) қағазбен жұмыс. Тақырыптар: 1. Шырша. 2. Күнтізбе. Сөздік материал: 

Күнтізбе,  беті,  жыл,  ай,  апта,  күндер,  жазғы,  күзгі,  көктемгі,  қысқы  (айлар, 

күндер),  мереке  күні,  жұмыс  күні,  шырша.  Бөлу  (екіге,  үшке)  қою,  санау, 

толтыру, таңдау, өлшеу; 

2)  құрылыс  материалдарымен  жұмыс.  Тақырып:  «Қала  көшесі».  Сөздік 

материал:  қала,  көше,  жол  торабы,  өтетін  жер,  басы,  аяғы  (көшенің),  көпір, 



көше  аттары,  үй  нөмері,  дүкен,  кинотеатр,  емхана,  мектеп,  көлік,  трамвай, 

автобус,  троллейбус,  машина.  Тақ,  жұп,  оң,  сол  (жағы),  биік,  аласа....  оң 

жағында,...  сол  жағында,  катарында,  алдында,  артында,  алыс,  жақын,  дұрыс, 

қою, жылжыту, шашу; 

3)  конструктормен  жұмыс.  Тақырып:  «Ұшақ».  Сөздік  материал:  ұшақ, 

ұшақтың  корпусы,  қанаты,  құйрығы,  дөңгелегі,  ұзын,  қысқа,  ұзынырак, 

қысқарақ.  ойланыңдар,...  қалай  жасаймыз?  Ұшаққа  неше...  керек?  Не  үшін? 

Сұра, кімде артық... бар.  

70. Әр түрлі материалдармен жұмыс:  

1) тақырып: «Қысқы орман» макеті. Оқыған әңгіме бойынша макет жасау; 

2) сөздік материал: орман, аңдар, аю, қасқыр, тоқылдақ, шымшық, үңгір, 

бұталар,  қуыс,  заттар,  кейіпкерлер.  Алдыңғы,  артқы,  жуан,  жіңішке,  қысқы 

орман аңдары, зат, оқыған (өңгіме). 

71. 4 тоқсан. 

72. Жапсырма құрақ құрастыру:  

1) тақырып: «Көктем»; 

2) сөздік материал: көктем, өзен, бұлт, бүршік, шөп, бәйшешек. Ағаштың 

жанын желімде. 

73. Үлгілеу және құрастыру: 

1) қағаз және қатырмақағазбен жұмыс. Тақырыптар: 1. Құстар лотосы. 2. 

Сағат  тілін  жасау.  3.  Ғажайып  кітапша.  Сөздік  материал:  қатырмақағаз,  лото, 

карточка,  құстар,  қарға,  қарлығаш,  аққу,  көкек,  тырна,  қараторғай  сағат,  сағат 

тілі, тәулік, күн, кеш, түн, сағат, минут, циркуль; 

2)  конструктормен  жұмыс.  Тақырыптар:  1.  Кеме.  2.  Таразы.  Сөздік 

материал: кеме, кеменің бөлшектері палубасы, салмағы, грамм, гирлер. жалғау, 

бекіту, қозғау, өлшеп көру;  Ауыр, жеңіл, козғалады, қозғалмайды. Кеме неден 

жасалған?.  

74. Матамен жұмыс: 

1) тақырып: «Кесте тігу»; 

2)  сөздік  материал:  кесте,  өрнек,  тігу,  ине,  жіп,  өңі,  тысы.  Кесте  тігу, 

тігісті жатқызып тігу, жіп (таңдау), жіптің үшын түю, сөгу, жинау. Қисык, түзу, 

қатты, бос. Өңі, тысы, жібек (жіп) әдемі. 

75. Ауыл шаруашылық еңбегі. Көктем:  

1)  тәжірибе  үлескісіндегі  жерді  гүл  отырғызуға  дайындау,  жер  аудару, 

тырмалау, атыздар жасау, катарларды белгілеу; 

2)  тұқым  түрлерімен  (сәбіз,  қызылша,  қияр,  т.с.с),  гүл  тұқымдарымен 

таныстыру, оларды себуге дайындау; 

3)  тұқым  себу,  оны  күту,  топырағын  босату,  суару,  арам  шөптерді 

өсімдіктерден ажырата білу. 

 

5. Оқу пәнінің 3-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

76. 1 тоқсан. 



77. Жапсырма құрақ құрастыру:  

1)  тақырыптар:  1.«Күзгі  дала  мен  орман»,  2.  Ашық  хат  (мерекеге 

арналған) даярлау; 

2)  сөздік  материал:табиғат,  жер,  ағаш,  нөсер,  ауа  райы,  кұттьщтау,  ашық 

хат,  күз  белгілері.  Сұр  (бұлт),  ашық,  бұлтты  (аспан),  жер  ағаш,  алтын,  қоңыр 

күз. Тауып алды, ойлап жапты, тұрғызды, талдады. 

78. Үлгілеу құрастыру: 

1) қағаз және қатырмақағазбен жұмыс.  Тақырып: 1. Қорап жасау. Сөздік 

материал: Қорап, қораптың түбі, кабырғасы, ортасы, (тікбұрыштың) беті; 

2)  конструктормен  жұмыс.  Тақырып:  «Жүк  көтеретін  кран».  Сөздік 

материал:  жүк  көтеретін  кран,  кранның  негізгі  бөліктері,  бұрама,  ілгек,  темір 

арқан, үлкен бұранда, кілт, бекіту.Көтеру, бір жерден екін ші жерге ауыстыру. 

79. Әртүрлі материалдармен жұмыс:  

1) тақырып: 1. «Ауыл» макеті; 

2)  сөздік  материал:  ауыл,  көше,  ағаштар,  бақ,  ферма,  мал,  кұс,  фермасы; 

жинақтама,  жапырақ,  тұқым,  қайық,  терек,  жеке,  емен.  үшін  қандай  заттар 

дайындау керек?.  

80. Металлмен жұмыс:  

1) тақырып: тілшік жасау; 

2) сөздік материал: тілшік, үлгісі, желбіршек, түйрегіш. Шыт, жібек, мата, 

көз мөлшермен. Аудару, белгілеу, көшіріп алу. 

81.  Ауыл  шаруашылық  еңбегі.  Күз:  тәжірибе  үлескісіндегі  шыққан 

өнімдерді  жинау.  Мектеп  көрмесіне  өнімдерді  іріктеп  алу.  Күзгі  жерді 

дайындау, тазалау, тырмалау, жер аудару. 

82. 2 тоқсан. 

83. Әр түрлі материалдармен жұмыс:  

1) тақырып: «Қала» макеті; 

2)  сөздік  материал:  қала,  көше,  алаң,  үйлер,  дүкен,  емхана,  дөріхана, 

театр, цирк, қонақ үй, асхана, көлік, бағдаршам, машина, трамвай, троллейбус, 

автобус, (қала) орталығы, (қала) шеті, саябақ. 

84. Жапсырма құрақ құрастыру:  

1) тақырып: оқыған ертегілер бойынша жапсырмакұрак жасау; 

2)  сөздік  материал:  (Заттарды)  суреттеу.  Оқыған  (әңгіме,  ертегі) 

кейіпкерлер, жағымды, жағымсыз. Ойлану, айту, шешу. 

85. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  конструктормен  жұмыс.  Тақырып:  Қала  көліктері:  трамвай, 

троллейбус,  автобус.  (Өз  қалауынша).  Сөздік  материал:  трамвай,  автобус, 

троллейбус, көлік; 

2) қағазбен, қатырмақағазбен жұмыс. Тақырыптар: «Жаңа жыл мерекесіне 

арналған  заттар»  (ойыншықтар,  костюмдер,  бетперделер).  Сөздік  материал: 

сыныптың  ұзындығы,  ені  кандай?  Сынып  жоспарын  сызып,  мөлшерін  өлшеп 

жаз.  Біздің  көше  калай  аталады?  Көшеде  қандай  үйлер  бар?  Көше 

жоспарынсыз.  

86. 3 тоқсан. 

87. Жапсырма құрақ құрастыру:  

1) тақырып: 1. «Қыс»; 


2)  сөздік  материал:  боран,  аяз,  қыс,  орман,  аң,  қарлы,  қалың,  кысқы. 

Қандай тақырыпқа жапсырмакұрақ жасаймыз?. 

88. Үлгілеу және құрастыру: 

1) конструктормен жұмыс. Тақырып: Бағдаршам; 

2)  сөздік  материал:  бағдаршам,  төбесі,  дөңгелегі.  Сана,  ретімен  сана, 

шеш. Есептеп, керекті заттарды таңдап ал. Мынадан не істеуге болады?.  

89. Матамен жұмыс:  

1) тақырып: киімдерді жөндеу, жамау; 

2)  сөздік  материал:  жамау,  киім,  жыртық,  тігу,  ине,  жіп.Жамайтын  жіп; 

тігу, сөгу, жамау салу. 

90. Әртүрлі материалдармен жұмыс: 

1) тақырыптар: 1. «8-наурызға сыйлық». 2. «Теміржол» макеті; 

2)  сөздік  материал:  сыйлық,  вокзал,  платформа,  пойыз,  шпалдар, 

бағдаршам,  рельстер,  вагон,  шлагбаум,  өтетін  жер.  Мереке,  әдемі,  кызық 

сыйлық. 

91. 4 тоқсан. 

92. Жапсырма құрақ кұрастыру:  

1) тақырып: «1- мамыр - халықтар достығы күні»; 

2)  сөздік  материал:  сапқа  тұру,  мереке,  1  мамыр,  әшекейлеу.  Мамыр 

мерекесі.  Алдында,  артында,  бәрі  бірге.  Сапқа  тұрды,  көңілді.  «1  мамыр  — 

халықтар достығы күніне» жапсырмақұрак жасау үшін қандай заттар керек?. 

93. Үлгілеу және құрастыру: 

1) қағазбен жұмыс. Тақырып:  «Қазақстан туын  жасау». Сөздік материал: 

қазақстан  туы,  көк,  ою.  Тудың  көлемі,  түсі,  түрлі-түсті  қағаз.  Ою,  әшекейлеу, 

қыранкұс  суретін  салу.  Қазакстан  туы,  түсі  көк,  ою-өрнегі,  қыранқұс 

бейнеленген.  Ортасында  күн,  қыранқұс  бейнеленген.  Оюды  желімдеп 

жапсырамын. Қыран құстың суретін салып, киып алып жапсырамын; 

2)  конструктормен  жұмыс.  Тақырып:  «Зымыран».  Сөздік  материал: 

ғарышкер,  ғарыш,  зымыран  бөлшектері.  Ұқсайды,  ұқсамайды,  қиын,  жеңіл. 

Зымыранды қандай материалдан жасауға болады?.  

94. Әр түрлі материалдармен жұмыс:  

1) тақырыптар: Көлік түрлері; 

2)  сөздік  материал:  кеме;  көлік,  автобус,  трамвай,  метро,  троллейбус, 

машина,  қайық,  ұшақ,  тікұшақ.  Кең,  тар,  көліктер  жүретін  жол,  жаяулар 

жүретін жол. 

95. Ауыл шаруашылық еңбегі. Көктем:  

1)  бөлме  өсімдіктерін  отырғызуға  әзірлеу.  Отырғызылған  өсімдіктерді 

күту, суғару, түбін босату, ауыстырып отырғызу; 

2) тәжірибе үлескісін дайындау: аудару, тырмалау, қатарларды белгілеу; 

3) көшеттерді өсіру, күтіп баптау; 

4) біржылдық гүл тұқымдарын себу; 

5)  жеміс  ағаштарының  түбін  босату,  жылыжайға  (наурызда)  серуенге 

бару жылыжайдағы өсімдіктермен танысу, күтіп баптауды үйрену.  

 

 



6. Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны 

 

96. 1 тоқсан. 

97. Жапсырма құрақ құрастыру:  

1) тақырып: 1. «Нан үстелге қалай келді?»;  

2) сөздік материал: бидай, дән, комбайн, элеватор, астық, ұн, нан зауыты; 

жұмысшылар;  мереке,  ту,  отшашу,  би,  балалар.  Алтын  дән,  піскен  нан,  орды, 

жинады,  әкелді.  Мереке,  көңілді.  Үлкен,  кіші.  Өсірді,  орды,  жинады,  тасыды, 

жер жыртты, нан пісірді. 

98. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  қағазбен,  қатырмақағазбен  жұмыс.  Тақырып:  1.  Жайлауда.  Жайлау, 

жайлау көріністері, тау, өзен, гүл, шөп, шырша, мал: сиыр, жылқы, түйе, ешкі, 

кой,  ит.  Жақында,  алыста.  «Термометр»  үлгісі.  Сөздік  материал:  термометр, 

өлшеу.  Үстелге  қоятын,  сыртқа  ілетін  термометр.  Қозғалмайды.  Көтеріледі, 

түседі.  Артқы  жағы  қатырмақағаздан  тұратын  жайлау  көріністерін  жасаймыз. 

Үстелді айнала тұрып, мына суреттерге караңдар; 

2)  сымтемірмен  жұмыс.  Тақырып:  Геометриялық  денелер.  Сөздік 

материал:  сымтемір,  үлгі,  геометриялық  денелер.  Қатты,  жұмсак,  мыс,  болат, 

алюминий,  темір.  Майыстыру,  қайыру.  Мына  сымтемір  кандай  металлдан 

жасалды? Мына сымтемір тез майысады.  

99. Ауыл шаруашылық еңбегі. Күз: 

1) өсімдік түбірін қазып алып, қыста сақтау; 

2) оқу-тәжірибе үлескісіндегі тұқымды жинау. 

100. 2 тоқсан. 

101. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  қағазбен  жұмыс.  Тақырып:  Жаңа  жыл  мерекесіне  ойыншыктар 

дайындау; 

2)  сөздік  материал:  қағаз,  циркуль,  ойыншык,  әшекей.  Қағаз,  шаршы 

(түрі). Біркелкі, бірдей. Екіден бір, төрттен бір, сегізден бір бөлігі. 

102. Әр түрлі материалдармен жұмыс: 

1) тақырып: «Тау мен дала» макеті; 

2) сөздік материал: Дала, тауык, тау, тастар, мал жайылымы. Қарлы шың, 

биік (аласа), тау. Үлкен, кіші тастар. Малды бағу, қой бағу, күзету. 

103. Жапсырмақұрақ құрастыру: 

1) тақырып: «Орман мен қала» альбомын дайындау; 

2)  сөздік  материал:  орман  өсімдіктері,  мүк,  жидек,  саңырауқұлақ,  орман 

жануарлары, құмырсқа, астық, бидай, арпа, сұлы, комбайн, қызылша. 

104. Матамен жұмыс:  

1) тақырып: Алжапқыш; 

2)  сөздік  материал:  Алжалкыш,  белгі,  бауы,  алжапқыштың  ұзындығы 

(ені),  түйрегіш,  үлгі  пішу,  жіппен  тігу,  алжапқыштың  үлгісіне  карап,  оның 

ұзындығын және енін анықтау. Алжапқыштың бауының ұзындығын анықта.  

105. 3 тоқсан. 

106. Үлгілеу және құрастыру: 


1)  қағазбен  жұмыс.  Тақырып:  Мерекелік  күнтізбе.  Сөздік  материал: 

күнтізбе, күнтізбе, беттері. Мұғалімдер күні (ғарышкерлер, ұландар, жеңіс күні, 

т.с.с).  Мереке  күндері.  Халықаралық  әйелдер  күні.  Тәуелсіздік  күні, 

халықаралық балалар күні; 

2)  қатырма  қағазбен  жұмыс  сыйлық.  Тақырып:  Себет.  Сөздік  материал: 

себет,  тоқу,  дайындау,  диаметрі,  әдемі.  Негізгі,  корапша,  әдемі.  Шетіне  желім 

жақ, оны орналастыр. Жұмыс істегенде қолыңды күйдіріп алма. 

107. Әр түрлі материалдармен жұмыс:  

1) тақырып:  1. Оқыған әңгіме бойынша  макет жасау. 2.  «Әуежай» макеті 

3. «Құрлықтар» альбомын жасау (географиялық картамен жұмыс); 

2)  сөздік  материал:  әңгіме,  жоспар,  кейіпкерлер,  табиғат,  аңдардың 

тұратын  жері,  адамдар  еңбегі,  (затарды)  суреттеу,  әуежай,  ұшқыш, 

жолаушылар,  үшу,  парашютпен  секіру,  ұшактың  аттары,  жүк  қоймасы. 

физикалық  карта,  контур  картасы,  жер  шары  картасы,  әлемшар,  құрлық,  су, 

Еуропа, Азия, Африка, Америка, Антарктида, Австралия, мұхит, хайуанаттары, 

өсімдіктер, жер беті. Салыстыру, бөлу, бояу, түсіндіру. 

108. Матамен жұмыс: 

1)  тақырып:  Қолға  байлайтын  (санитарларға,  кезекшілерге,  табиғат 

қорғаушыларға) арналған белгілер; 

2)  сөздік  материал:  Оймақ,  түйреуіш,  ине,  түрлі-түсті  жіп,  үлгісі,  беті, 

астары. Тігу, шетін бастыру. Мен сызбаны түсінбедім. 

109. 4 тоқсан. 

110. Үлгілеу және құрастыру: 

1)  қағазбен,  қатырмақағазбен  жұмыс.  Тақырыптар:  1.  «Халық 

шаруашылығы»  альбомы.  2.  «Менің  Қазақстаным»  альбомы  (географиялық 

картасымен).  Сөздік  материал:  өндіріс,  станок,  машиналар,  зауыт  (трактор 

жасайтын, металлургиялық, машина жасайтын, т.с.с), фабрикалар (жеміс-жидек 

комбинаты,  кілем  таситын,  сіріңке  шығаратын,  т.с.с)  халық  шаруашылығы. 

Отан,  Қазақстан,  шекара,  республика,  қала  аттары,  қазақ,  орыс,  ұйғыр,  кәріс 

(т.б.  халықтар),  ту,  елтаңба,  шекарашы.  Бақытты,  достық.  Менің  ойымша, 

бірінші бетке Қазақстан картасын жапсырамыз; 

2)  элетрлі  конструктормен  жұмыс.  Тақырып:  Электр  тізбегі;  Сөздік 

материал: Өткізгішті электр тоғынан үз, қос. Өткізгіш тізбекті сызба бойынша 

жаса.  Тәжірибе  жасаймыз.  Шам  жанды,  себебі  тоқ  өткізді.  Қаңылтыр  тоқ 

өткізді.  Қаңылтыр  —  тоқ  өткізгіш.  Фанера,  пластмасса  тоқ  өткізбейді, 

сондықтан шам жанған жоқ. 

111. Матамен жұмыс:  

1) тақырып: Қайықтелпек (әскери бас киім);  

2)  сөздік  материал:  Қайықтелпек,  рәміз,  үлгісі,  көлемі,  тігісі.  Үлгісін 

пішу,  көшіріп  алу,  бекіту,  көктеу,  тігу.  Қайықтелпектің  үлгісіне  карап,  оның 

ұзындығы мен енін анықта. Қайықтелпекті пішіп алу үшін матаға койып бекіт.  

112. Ауыл шаруашылық еңбегі. Көктемдегі еңбек: 

1) тұқымдарды сұрыптап, отырғызуға дайындау; 

2)  көкөністердің,  гүлдердің  тұкымын  отырғызып,  көшеттер  даярлау, 

оларды күту; 


3)  көктемде  көшеттерді  ретімен  көшіріп  отырғызу.  Жүзім,  қарақат 

бұтақтарын отырғызу, суару. 

 

7. Дайындық сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын 

талаптар 

 

113. Пәндік нәтиже бойынша дайындық сыныптың соңында оқушылар: 

1) тапсырманы орындағаны туралы ауызша және жазбаша есеп бере; 

2) көмек сұрау арқылы қарым қатынас жасай; 

3) жұмысқа керек құрал жабдықтарды таңдай, мұғалімге өтініш білдіре; 

4) өз жұмыс орнын тазалықта ұстай; 

5) дайындалатын бұйымның атын; 

6) түсініктер мен заттың атын білдіретін сөздерді білуі тиіс. 

 

8. 1-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 

 

114. Пәндік нәтиже бойынша 1-сыныптың соңында оқушылар: 

1) жұмысты дайындауда тапсырмаларды өз бетімен орындай; 

2) нақтылайтын сұрақтар қоя; 

3) бұйымды жасау жоспарын құра; 

4) материалдар мен құрал жабдықтарды алуға өтініш жаза; 

5) материалдарды үнемдей; 

6) ауылшаруашылық еңбек құралдарымен жұмыс істей; 

7) еңбек құралдарымен материалдардың атауын білуі тиіс. 

 

9. 2-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

115. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар: 

1) ұжымдық жұмыс кезінде сыныптастарымен ауызша сөйлесе; 

2) жасаған жұмысы туралы ауызша және жазбаша есеп бере; 

3) жасалатын бұйымның жоспарын құра; 

4) материалдар мен құрал жабдықтарға тапсырыс бере; 

5)  үлгіге,  жоспарға,  сипаттауы  бойынша,  суретке,  ауызша  және  жазбаша 

нұсқауларға қарап бұйымды жасай; 

6) топ болып жұмыс істей (өзара жұмысты бөлісу); 

7) құрал жабдықтармен өз беттерімен жұмыс істей; 

8) өз жұмыс орнын таза, ұқыпты ұстай білуі тиіс. 

 

10. 3-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

116. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар: 

1) қарым қатынас құрал ретінде сөйлеу тілін қолдана; 

2) ұжымда жұмыс істей ала; 

3) өз жұмысы, сыныптастарының жұмысы туралы есеп бере; 

4) бұйымды жасаудың күрделі жоспарын құра; 



5) ұжымдық және жеке тапсырыс бере; 

6) үлгі, сурет, дайын сызба, елестету бойынша бұйымдарды дайындай; 

7) қауіпсіздік ержелерін сақтай; 

8) тұқым себу дағдыларын;  

9) топырақты даярлай білуі тиіс. 

 

11. 4-сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 



 

117. Пәндік нәтиже бойынша 4-сыныптың соңында оқушылар: 

1) ауызша және жазбаша түрде сөйлеу тілін қолдана; 

2) жасалатын бұйым туралы айтып бере; 

3) жасалатын бұйымның кезеңдерін жоспарлай; 

4) үлгі, сипаттау, экиз бойынша, елестету арқылы бұйымды жасай; 

5) қажетті материалдар мен құрал жабдықтырға ауызша тапсырыс бере; 

6)  осы  сабақ  кезінде  меңгерген  сөздік  материалдарын  басқа  сабақтарда 

қолдана; 

7) жаңа материалдармен жұмыс істей; 

8) материалдар мен құралдардың аттарын білуі тиіс. 

118. Тұлғалық нәтижелер оқушылардың: 

1)  түрлі  ойыншықтар,  құрамақтар  және  аппликация  жасау  кезінде 

қауіпсіздік ережесі мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау білімінен; 

2) еңбек сабағында қарым-қатынас жасай білу дағдысынан; 

3) еңбекке деген ынта-ықылас білігінен;  

4) қазақ халқының ою-өрнегі, ұлттық зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер 

мен салт-дәстүрге құрметпен қарау білімінен; 

5)  түрлі  тақырыптағы  композиция,  мозаика  құрастыру,  бұйымдар  жасау 

дағдысынан;  

6)  қазақтың  ұлттық  үй  жиһазы,  музыка  аспаптары,  ат  әбзелдері  туралы 

білімінен көрініс табады. 

119. Жүйелі-әрекеттік нәтижелер оқушылардың: 

1)  көркем  және  техникалық  қабілеттілігі  бойынша  жеткен  жетістігі  мен 

түрлі әдістерді қолдану білігімен; 

2) бұйымдарды құрастыруда қарапайым дағдыларды пайдаланумен; 

3)  еңбекке  қажетті  құралдар  мен  материалдарды  дұрыс  қолдану 

дағдысымен; 

4)  әртүрлі  материалдардан  бұйымдар,  фигуралар  құрастыру  және 

модельдеу білігімен; 



5) бұйымдарды бірізділікпен орындау дағдыларымен айқындалады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет