Этика мен эстетика



бет1/3
Дата05.04.2023
өлшемі22,53 Kb.
#79669
түріҚұрамы
  1   2   3

Этика мен эстетика

Орындаған: 21-014 Медитпек Айсара


Этика мен эстетика философия ғылымының құрамында пайда болып дамыған білім жүйелері. Адам - әлем қарым-қатынасының түпкі, әмбебап, жалпы қасиеттері мен қырларын философия зерттейтін болса, этика мен эстетика осы қатынастың адамгершілік пен әдемілік жақтарын қарастырып, адам дүниетанымын тереңдетеді, тұрақтандырады, кеңейтеді.
Көне дүниедегі философиялық ілімдердің бәрінде этикалық және эстетикалық білімдер кеңінен орын алған. Сондықтан этика да, эстетика да дәстүрі мол, тарихи тамыры терең гуманитарлық білімдер болып табылады.
Адам о бастан-ақ белгілі бір қауымда, қоғамда өмір сүрді, ол өзін қоршаған ортамен, өзімен бірге тіршілік етіп отырған басқа адамдармен ұдайы салыстырумен болды. Кез-келген нәрсенің, әрекеттің белгілі мағынасы, мәні, құндылығы бар. Маңызды немесе маңызды емес, орташа маңызды, тіпті бейтарап оқиғалар, заттар бар. Адам өз өмірінде бір нәрселерге қатты ынтығады, ұмтылады, ал бір нәрселерден қашық жүруге тырысады. Осы бағыттағы алғашқы бағаларды олардың сезімдері береді. Қоршаған ортаны не жақсы, не жаман, ыңғайлы, не ыңғайсыз, әдемі не болмаса ұсқынсыз, жарамды не жарамсыз деп бағалайды. Адамның эмоциялық іс-әрекеті дүниеге қарым-қатынасты білдіреді, алғашқы таңдаулар жүйесі мен өмірлік жолын анықтайды. Осындай объективті жағдай этика мен эстетиканың қалыптасуына негіз болады.
Этика сөзі грек тілінде «этос» сөзінен алынған, этос сөзі белгілі бір жерде болуды, мінез бен темпераментті білдіреді.
Көне грек философы Аристотель «этос» сөзінен этикалық деп сын есім құрап, оны ізгіліктерді, адамгершілік қасиеттерді зерттейтін қолданбалы ғылым деп атады. Аристотель бұл терминді ендіру арқылы адамның ерлік, жомарттық, сабырлылық сияқты ерекше қасиеттерін айшықтап, оларды арнайы қарастыру қажеттігін ұсынған.
Этиканың мақсаты – адамды моральдық тұрғыда тәрбиелеу. Адам интеллектуалдық және этикалық қасиеттердің жиынтығы емес пе? Сондықтан, шынайы адамгершілік - мінез-құлық, ақыл-ой мен сезімнің сәйкестенуі арқылы жасалады. Адам деген атқа лайықты болу үшін қайырымды болу керек. Әр істе ортаға сай бейімделе білу қиын, сондықтан лайықты, құрметті адам болу да оңай емес. Мәдениеттің негізгі қағидасы деп антикалық дәуірде «алтын ортаны», «ақыл мөлшерін» атаған.
Қазіргі уақытта этика, мораль, адамгершілік сөздері өте жиі кездеседі, бірін-бірі алмастырады, біз дәрігер этикасы, журналист этикасы, юрист этикасы немесе олардың мораль адамгершілігі деп те айта аламыз.
Дегенмен, тарихи, мәдени даму барысында бұл ұғымдардың мағынасы өзгеріске ұшырады.
Этика деп адам іс-әрекетінде көрініс беретін көптеген мәселелерді жақсылық пен жамандық тұрғысынан теориялық жағынан түсіндіретін ғылымды атаймыз.
Этика – жамандық пен жақсылықты теориялық жағынан түсіндіре отырып, оны сезіну мен толғанудың түрі – моральді арнайы зерттейтін философиялық ғылым.
Мораль – адам іс-әрекетін тудыратын және оның қылықтарының реттеушісі болатын құндылықтар мен қалыптардың жүйесі.
Мораль мен адамгершілік синоним ретінде жиі қолданылады, бірақ философия мен мәдениет тарихында бұл ұғымдарды бөле қарастыру да кездескен. Мысалы, Гегель «Құқық философиясында» адамгершілікті объективті, ал моральді субъективті категория деп қарастырған.
Адам биологиялық тұрғыдан табиғаттың бір бөлігі, бірақ ол тек тәннен ғана емес, жаннан, рухтан да тұрады. Яғни, адам моральды тіршілік иесі. Шығармашылыққа қабілеті болғандықтан, адам ерік еркіндігіне де ие, ол оған тән әртүрлі қуаттарды іске асыра отырып, әртүрлі адамгершілік қылықтарда оны көрсетуге жағдай жасайды.
Халықтардың мәдениетін оқып үйрену барысында біз құндылықтық, нормативтік, тарихи ұстанымдарды пайдаланамыз. Әрбір мәдениет өзіне тән этикалық нормалар мен ережелерді, қағидаларды пайдаланады, олардың астарында ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтарға негізделген идеалдар мен қалыптар жатыр. Этика философияның бір бөлігі болғандықтан, оларды философиялық тұрғыдан және мәдениеттің бөлігі болғандықтан, этиканы мәдениеттану тұрғысынан зерттеуге болады.
Мәдениетті жасаушы да, өзгертуші де, жетілдіруші де, құрдымға кетіруші де адам болғандықтан, оның мәдениетпен қарым-қатынасын мәдени антропология деген дербес білім саласы зерттейді. Бізде этнография деп аталатын ғылым батыста антропология деп анықталады. Көне ғылым этика мен жас мәдениеттану арасындағы байланыстың бірден көзге түсетіні айдан анық.
Адамды бағалау барысында мәдениетті, мәдениетсіз деген ұстанымдар да кеңінен тараған. Өйткені, мәдениет әлемі – адамның өз әлемі. Адамдар өздері өмір сүріп отырған табиғи және әлеуметтік ортаны өзгертеді, ол тарихи нақты процесс. Ортаны өзгерту арқылы өзі де өзгеріп, дамып отырады. Осы даму процесінің нақты мағынасы мәдениет болып табылады. Мәдениет адамның дамуымен барабар процесс.
Этиканың адам өмірінің іргелі белгілері мен заңдылықтарын білдіретін мынадай бөлімдері бар: аретология – игілік туралы ілім, деонтология – парыз туралы ілім, фелиология – бақыт туралы ілім, танатология - өлім туралы ілім.
Этикалық зерттеулердің үш деңгейін атап көрсетуге болады:
1.Жалпы теория – этика философиялық ғылым ретінде.
2.Жекелеген этикалық теориялар - әртүрлі әлеуметтік топтардың адамгершілік ұстанымдарын зерттеу.
3.Қоғамда өмір сүріп отырған әртүрлі адамгершілік нормаларын баяндау. Бұған әртүрлі халықтар мен әртүрлі уақыттарда орын алған этикет нормаларын жатқызуға болады.

Эстетика термині гректің «эстезис» яғни түйсік, сезімдік қабылдау деген сөзінен шыққан. Бұл терминді ғылыми айналымға Ағартушы дәуірінің философы Александр Готлиб Баумгартен (1714-1762) енгізген. Ол адамның рухани әлемінің үш маңызды құрамдас бөліктерін айқындаған: ақыл, ерік, сезім. Алдыңғы екі сфераны логика мен этика зерттеген.


А.Г.Баумгартен сезімдер туралы да ғылым болатынын қолдап, оны эстетика деп атаған. Баумгартен сезімдік қабылдауды сұлулықпен, өнермен тығыз байланыстыратын дәстүрдің негізін қалаған. Өнер мен сұлулық философтардың назарын әр уақытта өздеріне аударған. Сондықтан эстетиканың екі ғасырлық емес, екі мың жылдық тарихы бар.
Адамның әлемді бүтін, біртұтас қабылдауына мүмкіндік беретін сезімділік эстетиканың пәні болып табылады. Мұндай анықтама сұлулыққа да, биіктікке де, ұсқынсыздыққа да, торығуға, толғануға да қатысты және адамның осындай ерекше қасиетін тәрбиелейтін өнерді де енжар қалдырмайды.
Әлемді біртұтас қабылдау, қиялдау күші – адамды басқа тіршілік иелерінен ажырататын әмбебап қабілет. Адамның осы екі әмбебап қабілеті бір-бірімен етене жақын және тығыз байланысты. Мұндай қабілеттің қарапайым формалары индивидте стихиялы түрде табиғи дами береді. Ал бұл қабілеттің жоғары жетілдірілген түрі өнерде дамиды.
Өнердің ерекшелігі – оның адамның жалпы, әмбебап қабілетін дамытуында. Сондықтан өнер эстетиканың пәніне кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет