Қазіргі кезде адамдар мәліметтер қоры жайлы жиі айта бастады. Компьютерлер қазіргі қоғамның ажырамас бір бөлігі болғандықтан, «Мен сенің жазбаңда мәліметтер қорынан іздестіріп көрейін» деген сияқты сөйлемдерді жиі естуге болады.
Компьютерлер біздің өмірімізге нық басып кірді, өйткені оларды шаршататын, қайталанатын операцияларды орындауға және олардың есептеуiш жылдамдығы және ақпараттық сақтаушылардың сыйымдылығынсыз шешілмейтін есептердiң шешiмiн есептеуге бағдарламалап қоюға болады.
Мәліметтер қорының функцияларының бiрi - ақпаратты реттеу және индексациясы болып табылады. Сонымен қатар кiтапханалық картотекадағы сияқты керек жазуды табу үшiн мұрағаттың жартысын қарап шығудың керегі жоқ. Барлығы анағұрлым тез орындалады.
Барлық мәліметтер қоры қандайда бір қағида негізінде құрылмайды, бірақ дәстүрлі жағдайда мәліметтерді жазба түрінде ұйымдастыру идеясы қолданылады. Әрбiр жазба бекiтiлген өрiстердiң жиынын алады. Жазбалар кестелерде жайғастырылады, кестелердiң жиынтығы мәліметтер қорын қалыптастырады.
Мәліметтер қорымен жұмыс жасау үшін МҚБЖ (мәліметтер қорын басқару жүйесi) қажет, яғни мәлiметке қатынауға қатысты барлық қамды өз мойнына алатын бағдарлама. Кестені құруға, оған мәліметтерді енгізуге, мәліметтерді іздеуге, мәліметтерді өшіруге мүмкіндік беретін командалары бар.
MySql - бұл тез, сенiмдi, ашық жеткізілетін МҚБЖ. MySql, сонымен қатар көп басқа МҚБЖлері сияқты, "Клиент/сервер" үлгiсі бойынша жұмыс iстейдi. Мұнда компьютерлер клиенттер немесе серверлер ролiн ойнайтын желілік архитектура деп қарастырылпады. 1-сурет клиенттiң компьютерi және сервердiң қатты диск аралығында ақпараттың берiлу схемасы көрсетiлген.
Сурет 1. "Клиент/сервер" архитектурадағы мәліметтерді беру схемасы
МҚБЖ бiр немесе бiрнеше мәліметтер қорларын басқарады. Мәліметтер қоры жиын түрінде ұйымдастырылған ақпараттар жиынтығы болып табылады. Әрбiр жиында бiр iзге салған (унифицированного) түрдегі жазу болады. Жазулар (записи) өрiстерден тұрады. Жиындарды әдетте кестелер деп атайды, жазу - кестелердiң жолдары болады.
Мәлiметтердiң логикалық үлгiсi осындай. Мәлiметтердiң барлық базасы қатты дискіде бiр файлда бола алады. MySqlда әрбiр мәліметтер қоры үшiн жеке каталог құрылады, әрбiр кестеге үш файл сәйкес келедi. Басқа МҚБЖде физикалық мәлiметтi сақтаудың басқа принциптері қолданылуы мүмкін.
Кестелердiң жолы бiр-бiрiмен үш әдiстiң бiрімен байланыса алады. Ең оңай қатынас - "Бiрге-бiр". Осы жағдайда бiрiншi кестенiң жолы екiншi кестенiң жалғыз-ақ жолына сәйкес келедi. Мұндай қатынас диаграммада 1:1-шi жазуымен өрнектеледi.
"бiр-көпке" қатынас бiр кестенiң жолы басқа кестенiң бiрнеше жолдарына сәйкес келетiнді бiлдiредi. Бұл кең таралған қарым-қатынастар түрi. Ол диаграммаларда 1:N-шi жазуымен өрнектеледi.
Соңында, "көбi көптерге" қатынаста бiрiншi кестенiң жолы екiншi кестеде кез келген жолдар санымен байланыса алады. Мұндай қатынас N:M сияқты жазылады.
Мәліметтер қорымен жұмыс iстейтiн бағдарламашы бұл мәлiметтер және МҚБЖмен өзара жұмыс iстейтін қосымшалар қалай сақталатыны туралы, мәліметтер жазбасының дискке жазылу әдiсi туралы да ойланбайды. "Сырттан" тек қана мәлiметтердiң логикалық түрi көрiнеді, және бұл МҚБЖ кодты қосымшаларының кодына тиiспей өзгертуге мүмкiндiк бередi.
Жазылатын және дереу атқарылатын сұраныстарды қолдайтын мәліметтердi бұлай өңдеу (4GL) тiлдің төртiншi ұрпақтың арқылы iске асады. Мәлiметтер өз өзектiлiктерiн жылдам жоғалтады, сондықтан оған қатынау жылдамдығының маңызы зор. Бұдан басқа, бағдарламашы жаңа сұраныстарды құрастыру мүмкiндiгiне ие болуы қажет. Бұл мәліметтер қорында сақталып және тар мамандандырылған мақсаттарға қызмет көрсететiндiгiнен, олар реттемелген деп аталады.
Төртiншi ұрпақтың тiлi мәлiметтердің дәл анықтаулары және олардың арасындағы қатынастар – схемасын құруға мүмкiндiк бередi. Схема мәлiметтердiң қорының бiр бөлiгiн сақталады және мәлiметтер үшiн қауіпсіз өзгертiле алады.
Схема мәлiметтердің бүтiндiгiн бақылау үшiн арналған. Егер мысалға, өрiс бүтiн санды мәндерді құрайтын болса, онда МҚБЖ бөлшек санды жазбайды. Жазулардың арасындағы қатынастар да айқын тексередi, және келiсiлмеген мәлiметтерге рұқсат етiлмейдi. Операциялар "бәрі немесе ештеңе" қағидасы бойынша атқарылатын транзакцияларға топтауға болады.
МҚБЖ мәлiметтердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi. Қолданушыларға мәлiметке нақтылы қол жеткiзу құқықтары берiледi. Кейбір қолданыушыларға тек мәлiметтерді қарап шығуға рұқсат еткен, ал басқа қолданушылар кестелер iшiндегiні өзгерте алады.
МҚБЖ мәліметтер қорына параллель қатынауды қолдайды. Қосымшалар мәлiметтер қорына бiр уақытта қатынай алады, бұл жүйенiң ортақ өнiмдiлiгiн жоғарылатады.
Соңында, МҚБЖ ойда болмаған жағдайында (сбой) қолданушылар үшiн елеусiз мәлiметтердiң резеретiк көшiрмесi құрып, мәліметті қалпына келтiруге көмектеседi. Мәліметтер қорына енгізілетін барлық өзгерiстер тiркеледi, сондықтан көп операция қайтаруға және қайтадан орындауға болады.
Ең оңай мәліметтер қоры қарапайым файлдардың жиыны түрiнде ұйымдастырылған. Бұл модель жәшiктердегiнi сақталатын папканың, әрбiр папкада беттердiң кейбiр саны тігілген құжаттардың картотекалық ұйымын еске түсіреді.
Файлдарды басқару жүйелерiн МҚБЖ сияқты классификациялауға болмайды, олар өйткенi әдетте операциалық жүйелерiдің бөлiгi болып табылады және файлдардың ішкі мазмұны туралы ештеңе бiлмейдi.
Мұндай мәліметтер қорының моделі өте қолайсыз, өйткені ол (3GL ) үшiншi ұрпақ тiлдi пайдалануға талап етеді. Бағдарламалау кезінің нәтижесiнде сұраныстар көбейеді, ал бағдарламашы жоғарғы бiлiктiлiкке ие болуы керек, өйткенi оған мәлiметтi сақтауды тек қана логикалық емес,сонымен қатар физикалық құрылымды ойлауы керек. Бұл қосымшамен және файлдың арасында тығыз байланыс құрылатына алып келедi. Кестелердiң өрiстерi туралы барлық мәлiметтер қосымшада кодпен жазған. Басқа қосымша сол файлмен жұмыс істесе, қазiргi кодты қайталауға мәжбүр.
Қосымшалардың саны көбейген сайын мәліметтео қорын басқаруының күрделiлiгi өседi. Мәлiметтердiң схемасының өзгерiстерi, осы үшңн өзекті болатын әрбiр бағдарламалық компоненттiң өзгерiсіне алып келедi. Жаңа сұраныстарды құрастыру көп уақытты алады, көбiнесе мәнін жоғалтады.
Файлдарды басқару жүйелерi ақпараттардың қайталауына кедергi жасай алмайды. Ең жаманы, мәлiметтердiң келiсiмділігін сақтап қалатын механиканын жоқтығы. Көз алдыңызға компанияның барлық қызметкерлері туралы ақпарат берілген файлды елестетіп көріңіз. Әрбiр жолдағы өрісте басшының аты жазылған.
Бiр басшының басқаруында көп қызметшiлер жұмыс iстейдi, сондықтан оның аты қайталайды. Егер бұл ат кандайда бір жерде терiс жазып қалса, қызметшiде басқа басшы деп есептелінеді. Басшысыны алмастыру кезінде, оның атын барлық мәлiметтердiң қорынан "ұстауға" тура келедi.
Қарапайым файлдардың қауiпсiздiгi опреациалық жүйесiмен бақыланады. Жеке файл қолданушы жақтан көру немесе түрлендiру үшiн тосқауылға қойыла алады, бiрақ бұл опреациалық жүйесi деңгейде орындалады. Қандайда бір нақты уақыт тек ғана бiр қосымша файлға жазу жүзеге асыра алады, бұл ортақ өнiмдiлiктi төмендетеді.
Иерархиялық деректер қорлары мәлiметтiң ағашқа ұқсас ұйымдарын қолдайды. Жазулардың арасындағы байланыстар бұтақтар қатынастарының түрлерiнде өрнектеледi, әрбiр жазбада тек бiр аналық жазба бар. Бұл сiлтемелік бүтiндiктi қолдауға көмектеседi. Жазба ағаштан өшірілгенде, оның барлық бұтақтары алып тастауы керек. Иерархиялық мәліметтер қорларының орталықтандыр құрылымы бар, яғни мәлiметтердiң қауiпсiздiгi оңай тексеруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |