Вестник КРСУ. 2013. Том 13. № 3
185
С.А. Жиренов
УДК 811.512.1´867
ЭТНОЛИНГВИСТИЧЕСКИЕ СВОЙСТВА ФРАЗЕОЛОГИЗМОВ С КОМПОНЕНТОМ
“
ЛОШАДЬ” В КАЗАХСКОМ И КИРГИЗСКОМ ЯЗЫКАХ
(на основе лексемы “ конь” )
С.А. Жиренов
Исследуются фразеологизмы с компонентом
"лошадь" в казахском и киргизском языках, используя срав-
нительно-сопоставительный метод с лексико-семантической и этнолингвистической точки зрения. Рас-
сматриваются национальные особенности, история, быт, этническая и социальная дифференциации род-
ственных народов.
Ключевые слова: фразеологизм; этномәдени бірлік; этникалы
қ
туысты
қ
; лексема; фразема; зооним, гиппоним.
Қазақ-қырғыз
халықтарының
дəстүрлі
өмір сүру салты мен дүниетанымдық таным-
түсінігінде жылқы малының орны ерекше.
Жылқы малына қатысты ағайындас екі тілде
көптеген тілдік деректер мен салт-дəстүрлер
қалыптасқан. Бауырлас екі халықта бір кездері
көшпенді өмір сүру салтын ұстанған. Ал
көшпенділер үшін жылқы малы күнделікті
тұрмыстық өмірімен біте қайнасып, мəдени
өмірінде
басты
орынға
шығып,
наным-
сенімдерінде культтік мəнге ие болғандығы
белгілі. Жалпы түркологияда төрт түлік
атауларының тілдік тұрғыдан (төрт түлік атау-
лары, түр-түсі, жасы мен жынысы, төрт түлікке
қатысты фразеологизмдер мен мақал-мəтелдер,
аңыз əпсаналар мен көркем туындылар, т.б.)
зерттелуіне келсек, алғашқы деректер А.М. Щер-
бак, Э.В. Севортян, Г.Н. Потанин, А.И. Левшин,
Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, А.И. Добромыс-
лов, А.Е. Алекторов еңбектерінде кездессе, қазақ
тілінде Х. Арғынбаев, Ə. Төлеубаев, А. Тоқтабаев
т.б. этнограф-ғалымдар төрт түлікке қатысты
сүбелі еңбектер жазғандығы мəлім.
Қазақ пен қырғыз ертеден мал шаруашы-
лығымен айналысқан, жылқының қадірін өзгеден
артық білмесе, бір мысқыл кем білмейтін халық.
Біртуған екі халықтың мал шаруашылығына
қатысты өзара ұқсаста-бөлек ғасырлар бойы
қалыптасқан өзіндік бай шежіресі бар. Алатаудың
арғы беті мен бергі бетін тең жайлаған қазақ пен
қырғыздың жерін малсыз елестету мүмкін емес.
Егер қазақ пен қырғызды танығысы келгендер ат
үстінде танысын десек, артық айтқандық болмас.
Тіпті ағайындас екі халықтың сөзінің басы “Мал-
жан аман бадан?” басталатынының өзі қазақ пен
қырғыздың тұрмыстық өмірінде төрт түліктің,
соның ішінде жылқы малының шешуші фактор
атқаратындығын көруге болады. Ағайындас, та-
мырлас екі халық үшін жылқы малы (жалпы төрт
түлік) кисе – киімі, ішсе – тамағы, шөлдесе – су-
сыны, жүрсе – көлігі, жатса – төсеніші болғаны
белгілі. Қазақ пен қырғыз халқы жылқы малын өзге
түліктерге қарағанда аса қадірлеп, қасиет тұтып,
барынша дəріптеп, бүкіл өмір тіршілігінің
қуанышы мен сүйінішіне, реніші мен наласына,
өзіндік дүниетанымына, рухани мəдени-өмірі мен
əдет-ғұрпына дейін сіңісті етіп жібергендігін
көруге болады.
Жалпы ғылымдағы жан-жануарлар мен хайу-
анаттарды, аң-құстарды зерттейтін ғылым саласы
зоология екендігі белгілі. Ал олардың аталуын
лингвистика ғылымының бір саласы ономасти-
ка арнайы қарастырады. Осы жағынан келгенде
лингвистика ғылымы тұрмыстық өмірдегі бар
ғылым саласымен (қоғамдық жəне жаратылыстану
ғылымдары) тікелей байланысты болып табылады.
Яғни, тіл арқылы дүниенің өзімен қатар əрбір
құбылысын тануға болатындығы сөзсіз. Лингви-
стика ғылымында жан-жануарлар мен хайуанат-
тарды, аң-құстарды жалпылама түрде зоонимдер
деп атайды. Ал “зооним” (zoo гр. “жануар”+onіm.
атау) – жан - жануар аттары. Ономастикада зооним-
дер туралы қорғалған еңбек болғанмен, зоонимика
саласы əлі түбегейлі зерттеу нысаны болған емес.
Шетел, орыс лингвистикасында зоонимдерді гип-
поним (жылқы), киноним (ит), орнитоним (құс),
Вестник КРСУ. 2013. Том 13. № 3
186
Срочно в номер
инсектоним (жəндік) т.б деп жіктеп, арнайы
зерттейді. Жан-жануар, аң – құс, құрт – құмырсқа
атауларынан жасалған жалқы есімдер зоофортық
атаулар (ЗА) деп аталады” [1, 60 –б.].
Қазақ-қырғыз тілдеріндегі жылқы малына
қатысты фразеологизмдерді салыстыра-салғастыра
қарастырғанда, олардың бойындағы лингвомəдени
жəне этнолингвистикалық қыр-сырына тереңіне
үңілу арқылы, ағайындас халықтардың ұлттық
ерекшеліктері, тарихы, тұрмысы, сонымен
қатар этникалық жəне əлеуметтік дифферен-
циясы айқын байқалады. Салыстыруға негіз
болған “жылқы” малына қатысты фразеологизм-
дер екі тілде де ұлттық руханилық маңызға
ие. Қазақ-қырғыз халықтарының тілдеріндегі
жылқы
малына
қатысты
фразеологизмдер
мəдени жəне этнографиялық өзгешеліктерінің
ұқсас та сəйкес болуымен ерекшеленеді. Қазақ-
қырғыз халықтарындағы жылқы малына қатысты
фразеологизмдеріндегі ұлттық-мəдени ақпарат
беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным,
ұлттық ерекшелігі байқалады.
Қазақ-қырғыз тілдеріндегі жылқы ма-
лына қатысты фразеологизмдер өзге де түркі
тілдеріндегідей
құрылымы
мен
мазмұны
жағынан алуан түрлі, олардың басым бөлігі
этностың мəдени тарихын, тұрмыс тіршілігін,
дүниетанымын,
өмірлік
көзқарасын
жəне
т.б. бейнелей отырып, олардың өткен өмір
белестерінен сыр шертеді. Фразеологизмдер
бойындағы осындай ерекшеліктер қазақ-қырғыз
тілдеріндегі жылқы малына қатысты біртектес
этностардың объективтік шындық жөніндегі
нақты түсініктерін көрсетеді. “Халықтың ру-
хани творчествосының жемісі, тілдің ажарын
кіргізетін, оның құдіретін арттыра түсетін,
ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік нақышымен
жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз
қазынасының дайын қолданылатын үлкен са-
ласы фразеологизмдер этнос тілінің құрамдас
бөлігі болғандықтан, оларға этнолингвистикалық
талдаудың ғылым үшін құндылығы ерекше.
Адамзат тарихын өз бойына сақтаған халықтың
фразеологиялық қорында философиялық ойлары,
дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық
мəдениеті көрініс тапқан” [2].
Қазақ пен қырғыз халықтары жылқыны “мал
патшасы” деп ерекше бағалап, өз өмірлерінің
ажырамас бір бөлігіне айналдырған. Сондықтан
да бұл шағын мақалада қазақ-қырғыз тілдеріндегі
жылқы
малына
қатысты
фразеологизмдер
бойындағы екі этносқа тəн əдет-ғұрпы, салт-
дəстүрі, наным-сенімі негізінде қалыптасқан
ұғым түсініктердің лексика-семантикалық жəне
этнолингвистикалық мазмұнын лингвистикалық
тұрғыдан тарқатып беруді мақсат еттік.
Жалпы қазақ-қырғыз тілдеріндегі төрт
түлікке қатысты фразеологизмдердің басым
бөлігі шығу тегі мен қалыптасу барысы жағынан
тарихы тереңде жатқан, көнелігі басым болып
келеді. Жəне қазақ-қырғыз тілдеріндегі төрт
түлікке қатысты атаулар мен фразеологизмдер
түркі халықтарының мəңгілік мұрасына айналған
көне жазба ескерткіштерінде көптеп кездеседі.
Мəселен, Махмұт Қашқаридың “Дивану луғат-
ит-түркі” атты классикалық сөздігінде Қорқмïш
кішігä қоj башï қош кöрÿнÿр – “Қорыққан адамға
қойдың басы қос көрінеді” немесе Кіші сöзлäшÿ
jïлқï jïзлашу – “Танысу үшін адамға сөйлесу, ал
жылқыға иіскесу жеткілікті”. Сал.: қазақ тілінде
Адам – сөйлескенше, жылқы – кісінескенше (сол
мағынада) [3, 4-б.].
Жылқыға қатысты əдет-ғұрыптардың бір
тобы адам өмірінің кезеңдерімен (туу, балалық
шақ, өсіп-ержету, үйлену, жерлеу) астасып жат-
са, енді бір тобы шаруашылығына байланысты
туындаған. Мəселен, бұрынғы уақытта аяғы ау-
ыр əйелдің толғағы қатты болып қиналғанда,
үйдің сыртына əкеліп ат байлайтын немесе ат-
пен тасырлатып шауып өткен, үйдің маңынан
дүркіретіп жылқы айдаған. Мысалы, жазушы
С.Сейфуллин бала кезінде, босана алмай жатқан
бір əйелдің толғағы жеңіл болсын деп, ауыл-
дастары көршілес елдің жал-құйрығы, кекілі
жерге төгілген, тоқпақ жалды бір ақ-қара бас
айғырын алып келгенін көзімен көргенін
жазады [4].
Қазақ-қырғыз тілдеріндегі жылқы малына
қатысты атаулар мен фразеологизмдер ғасырлар
бойы қолданылып келген екі тілдің негізгі
сөздік қорының өзегін құрайды. Жалпы екі
тілдегі жылқы атауының жалпылық мəні басым.
Мəселен, жылқы атауының мағыналық мазмұнын
жетілдіріп, жалпылығын толықтыратын құрамдас
компоненттері өте көп. Біз бұл шағын мақалада
жылқы атауының жалпылануын білдіретін
лексикалық бірліктерге ғана тоқталуды жөн
санадық.
Жылқы
атауының
жалпылануына
жылқының жасы мен жынысына, мінезі мен
қасиетіне, өлшем бірліктерге, салт дəстүрлерге
қатысты, т.б. көптеген категорияларға қатысты бо-
лып келеді. Қазақ тілінде жылқының жалпыла-
нуына ат, құлын, жабағы, тай, бие, жүйрік, т.б.
ұсақ жəне ірі құрылымды лексикалық бірліктер
негіз болады. Ал қырғыз тілінде аталған лексема-
лар тірек болған фразеологизмдер бар болғанымен,
қазақ тіліндегідей көп емес екендігін байқауға
болады.
Вестник КРСУ. 2013. Том 13. № 3
187
Енді жоғарыда аталған “Ат” лексемасы тірек
болған фразеологизмдерге этнолингвистикалық
тұрғыдан талдау жеке-жеке талдау жасап көрсек.
Ат сөзі (атауы) негізінде жасалған
фразеологизмдердің
қазақ
жəне
қырғыз
тілдеріндегі
мағыналық
мазмұны
мен
этнолингвистикалық сипаты: ¤ Ат арытуу Арып
ашып, ат арытып. Алыс сапарға жол тарту, ұзақ
жол жүру. Ұзақ жол, алыс жер жүру. Ат жетпес,
атан жетпес жер жүру • ат аяғы [тұяғы] же-
тер жер жүру ат ару, тон тозу. ат арыту. // AT
АРЫТУУ Абдан алые жол журуу, узак сапар тар-
туу. В.: Ат арытып, жол карытуу;
¤
Ат қосшы
// Ат қосшылы болдың ба, қырық жылқылы
болдың ба? Не туды: ұлма, қыз ба? (“Қырық
жылқылы” ескі салт бойынша қызға беретін
қалыңмал ұғымынан шықкан) // Ат
көшчу Жол
жүргөн кишинин атын бағып, өзү жөнүндө кам
көрүп, көшо жүргөн адам, жигит. Бу-гимовго aт
көшчу болуп Мақсут ууру жоноду
(Сыдықбеков);
¤
Ат құлағында ойнайды Пысық,, өте икемді,
жеңіл. (Атқа мінуге Құмар кісі, шабандоз
кісі туралы айтылады) // А
ттың құлағы ме-
нен тең ойноо. Ат үстүндө абдан шамдағай,
əркин жүрүү, атка мыкты жүрүү. Кырғыз
əлинин жигиттери болсо, аттын құлағы менен
тең ойноп, шамдағай, шайыроскон
(“Со веттик
Кырғызстан”); ¤ Атой берді [салды] • ат қойды
Шабуыл жасады, ойран салды; ұран тастады,
көрініс берді, беттеді // Ат коюу. 1. Аттын оозун
кое берүү, чаап жөнөө.
Айылға жақындағанда am
койдүк (Əлебаев). Am коюп шаарға кирип бардық
(Қаралаев).
2. Чабуул жасоо, качырып сала берүү.
Тақ құлан өөк болгондо жоо- ну қарай am коюшту
(“Ала-Тоо”), Ат майы. Аттын күчүн убақтылуу
алуу, убақтылуу пайдалануу деген мааниде.
Пейли жаман кишиден, Аттын майын сурасақ,
“Əртең кел” деп саалытат
(Осмонкүл). Aт майы-
на бир жылкы сурап, бироонун мыкты атын ми-
нип, арттан жөнөйт
(Осмоналиев); ¤ Ат шап-
тырым жер. Атпен барар жер. /қашықтықты
білдіруде қолданылады // Ат чабым. Ат чабыл-
чу жердей аралық (алыстыкты билдирүүдө
қолдонулат). Айылдан ұзап бай Жақып, Ат чабым
жерге барыгипыр
(“Манас”). ¤ Аты ырғайдай,
биті торғайдай. Өте қатты арықтаған,
жүдеген, азып-тозған адам турасында // Аты
ырғайдай, өзү торғойдой. Өтө жүдөгөн, аб-
дан арыктаған, азып-тозгон абалда; ¤
Атыңыз
бəйгелі болсын! • Атыңыз мəртебелі болсын!
Атты бəйгеге қосарда айтылатын тілек //
Ат байгелүү болсун! Атыңыз мəртебелі бол-
сын! Аламан бəйгеде атты бəйгеге қосарда ат
иесіне қарата айтылатын тілек; ¤ Ат жалын
тартып міну. Адам болу, ер жетіп, азамат болу //
Ат жалын тартып минүү. Есею, адам болу,
ер жетіп, азамат болу. Жоғарыда көрсетілген
ат лексемасы тірек болған фразеологизмдер
қазақ-қырғыз тілдеріндегі жылқы малы аттың
табиғатын жан жақты тануға мүмкіндік береді.
Астыңа мінген аттың да жақсысы мен жаманы
болатынын, аттың арып тулақ болатындығын,
аттың шауып бəйгі алатындығы жылқы малы-
на қаншалықты тəн болса, аталған қасиеттің
қазақ пен қырғызға соншалықты тəн көрсетеді.
Қазақ-қырғыз тілдеріндегі ат лексемасы тірек
болған фразеологизмдер абстракцияланып адамға
қарата айтылуының ар жағында екі этностың
өмір салтының жылқы малына тікелей қатысты
екендігін көрсетеді. Қазақ-қырғыз тілдеріндегі
ат лексемасы тірек болған фразеологизмдер
жоғарыда көрсетілген тұрақты тіркестердей
фонетикалық,
лексика-cемантикалық,
қала
берді грамматикалық құрылымы жағынан да
бір бірімен сəйкес келеді деуге болмайды.
Қазақ-қырғыз тілдеріндегі ат лексемасы тірек
болған фразеологизмдер фонетикалық жағынан
үйлеспейтін, лексика-семантикалық жағынан
қабыса бермейтін, грамматикалық құрылымы бір
келкі бола бермейтін тұстары да жеткілікті. Ал
бұл дегеніміз ағайындас адамдардың өзі де бір
біріне ұқсай бермейтіндігі секілді, тамырлас
тілдердің табиғи əлемінің бөлек болатындығын
көрсетеді.
Жалпы қазақ-қырғыз халықтары – бір-
бірінен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген этно-
стар емес, керісінше қыз алысып, қыз берісім,
құдандалы болып, барыс-келісін үзбеген, жиі
араласып, кейде одақтасып отырған этникалық
топтар. Сондықтан болар, көп жағдайда олардың
тарихы, əлеуметтік жағдайы, мəдениеті, салт-
дəстүрі, діні, тілі ортақ болып келген.
Қазақ-қырғыз тілдеріндегі жылқы малына
(ат лексемасына) қатысты фразеологизмдердің
өзара сəйкестігін былайша көруге бола-
ды. Мəселен қазақ тілінде бір ғана жылқы
(атқа) малына қатысты мынадай фразеоло-
гизмдер қолданылады.
Aт байлады Сыйла-
ды, тарту emrni, am мінгізді; Ат басына
күн туды Қиыншылық шақ келді, сыналар
мезгіл болды; Ат басына соқты [соғысты]
Шегіншектеді, жүрексіңді; Ат басын бұрды
Бұрылды, бағытын өзгертті;
Ат басындай
алтын Көлемді, үлкен алтын; Ат басын тарт-
ты Тоқтады, аялдады; Атбасын [тұмсығын]
тіреді Қонақ болып түсті, белгілі бір межелі
жерге келіп жетті, тоқтады; Ат бауырына
алды • аттың бауырына алып сабады Атпен
С.А. Жиренов
Вестник КРСУ. 2013. Том 13. № 3
188
Срочно в номер
қуып, өлімші етіп сабады; Ат
бойыөлшeм;
Ат жаңбырлығын жапты Семірген ат тура-
лы айтылады;
Ат жаратты [суытты] Атын
баптады; Ат жарыс Aт бəйгесі. Құнан жарыс,
дөнен жарыс,
т.б.; Ат жетпес, атан жетпес
жер • ат аяғы [тұяғы] жетер жер Ұзақ, жол,
алыс жер; атпен жететін жер; Ат кекілін
[Құйрығын] кесісті [кесті, үзді, кесе айы-
рылысты]
Кетісті, араздасты; мүлде безді;
Aт көбең тартып қалды Аттың кешеуілдеп,
ұзақ мерзімді өткізіп семіруін айтады. (“Көбең
ат” деп жедел, жіті жүрмейтін атты айтады.
“Көбең” деген сөздің о бастағы мағынасы үрғен
қарын сықылды ісініп-қабыну; “көбең тартқан
ат” деген көктемде жайылып жүріп семірген,
еті бос ат мағынасында. “Көбеңді көр де қой”
деген осыдан шықкан болу керек);
Атта жал,
адамда қам жоқ Күй аз, жайсыз жағдай бол-
ды, т.б. көптеген фразеолозгиздердің лексика-
семантикалық мағы-насы қазақ тілді ортаға
қаншалықты түсінікті болса, қырғыз тілді орта
үшін де соншалықты түсінікті деуге болады.
Сол секілді қырғыз тіліндегі жылқы
(атқа) малына қатысты мынадай фразеологизм-
дер бар. Мəселен:
Ат арытуу Арып ашып, ат
арытып. Алыс сапарға жол тарту, ұзақ жол
жүру.
Ұзақ жол, алыс жер жүру ат жетпес,
атан жетпес жер жүру • ат аяғы [тұяғы]
жетер жер жүру ат ару, тон тозу. ат ары-
ту; Ат байгелүү болсун! Атыңыз мəртебелі
болсын! Аламан бəйгеде атты бəйгеге қосарда
ат иесіне қарата айтылатын тілек; Ат
жалына казан асуу Жаугершілікте, қуғын-
сүргіншілікте,
абыр-сабыр
қарбаласта,
жолаушылықта,
жүргіншілікте
аттың
жалы, атанның қомында өзек жалғай салу.
Аттың жалы, түйенің [нардың, атанның]
қомы [қомында]; Ат жалын тартуу Адам бо-
лу, ер жетіп, азамат болу; Ат жалын тар-
тып минүү Есею, адам болу, ер жетіп, аза-
мат болу. (Өзі-өз болғалы адам бола бастады
деген мағынада айтылады); Атка мингенде
эле кыйшык эле аттанганда эле көчүгү кый-
шык эле А деп бастағанда ісі оң емес, теріс
еді; Атка минер Бұрын пысык, белсенді кісі
туралы айтылған. Ел ішінде билікке араласқан
адам; Ат кара тил болгондо Жаз келіп, жылқы
көкке тойынғанда; Ат соорусун салуу Артына
қарай шегіну, қашу; Ат өатүрө келуу Əуреге
түсті. Өлер-тірілеріне қарамай тез жүрді.
Ат арылтты [сабылтты]; Аттан ооп түшүү
Əбден көңілденіп, өте берілу, ынтазар болу;
Аттан-төөдөн түшкөндөй Дөрекі, орынсыз іс,
қимыл, сөзге байланысты айтылады; Аттанып
түшүү Істің жөнін жақсы білу, қолынан іс
келу, мықтылығын көрсету; Аттын кашкасын-
дай Өте танымал; Ат үстүндө Қара жұмысқа
араласпаған
белсенді
мағынасында;
Ат
үстүнөн Əр нəрсеге көп көңіл бөлмей, жеңіл-
желпі, үстіртін қарау; Ат үстүнөн табуу к.
ат жалынан табуу; Ат үстүнөн
түшпөө к. ат
үстүндө; Атын сатуу Мақсатына жету үшін
біреулердің ат-атағын, дəрежесін пайдалану
арқасында көздеген мақсатына ұятсыздықпен
жету; Атын чыгаруу Қадір-қасиетін, атағын
жоғарылату,
т.б.
тұрақты
тіркестердің
мағынасы қазақ тілді орта үшін де анағұрлым
түсінікті екендігін байқауға болады.
Қазақ-қырғыз тілдеріндегі жылқы малына
(ат лексемасына) қатысты фразеологизмдердің
тақырыптық
атауларын
бірнеше
лексика-
семантикалық
топтарға
жіктеуге
бола-
ды. Екі тілдегі жылқы малына қатысты
фразеологизмдерді мұндай топтарға бөлу
жылқы атауларының мəн-мағынасын ашуға,
олардың қолданылу аясын, қолданылу жиілігін,
этнолингвистикалық сипатын, т.б. анықтауға
мүмкіндік береді. Қазақ-қырғыз тілдеріндегі
жылқыға қатысты қолданылатын фразеоло-
гизмдер көлемі адамға қатысты қолданылатын
тіркестерде сандық сапалық жағынан біршама
реттік тізбеден тұрады. Ал екі тілдегі “ат” лек-
семасына байланысты пайда болып, алғашында
тура мағынаны білдіріп, мағына дамуының
барысында адамның мінез-құлқын, түрлі
əрекеттерін білдіру қызметіне ауысқан фразе-
ологизмдер өте көптеп кездеседі.
Қазақ-қырғыз халықтарының күнделікті
тұрмысында біреуге ат мінгізгенде я сатқанда,
ноқта-жүген бермейді. Малдың құты мен бағы
жылқының басына пайдаланған ноқта мен
жүгенде де болады, сондағы ырыс ауып кетеді
деген ырым екі халықтың мəдениетіне ортақ.
Тіпті екі этноста ертеректе үйірмен мал бер-
генде сол малдың жалынан бір тал қылды жұлып
алып, ырыс бірге кетпесін деп қылға оның
сілекейін жағып, сақтап қояды. Бұл – “сілекей
сірне” деп аталады.
Қазақ пен қырғызда жылқы малын (тіпті төрт
түлікті) бет албатты ұрып-соғу былай тұрсын,
киесі тиеді деп тіпті желідегі жылқышы ұстайтын
құрықтан, бақанның үстінен аттап өтпеген. Қазақта
“Бақан аттаған байымайды, балта аттаған жары-
майды” деген сөз бар. Сонымен жылқы малына
(ат лексемасына) қатысты фразеологизмдер қазақ-
қырғыз этникалық мəдениеттері үшін əмбебап ка-
тегория болып табыла отырып, аталмыш тұрақты
тіркестердің ұғымдық жəне басқа компоненттерінде
Вестник КРСУ. 2013. Том 13. № 3
189
көрінетін өзіндік ұлттық ерекшеліктері бар.
Лексикографиялық
дереккөздерде
тіркелген
мағыналарынан байқағанымыздай, аталмыш екі
тілдегі фразеологизмдерде қазақ жəне қырғыз тілі
иелері үшін жоғары дəрежелі абстракциясы бар
ұғымдарға жатады. Жылқы малына (ат лексемасы-
на) қатысты фразеологизмдер екі халық өкілі үшін
үстем материалдық жəне моралдық құндылық болып
табылады.
Қорыта келгенде, қазақ-қырғыз тілдеріндегі
жылқы малына (ат лексемасына) қатысты фразео-
логизмдер бір туған этностардың сөздік қорында
өзіндік орны бар тілдік қазына болып табыла-
ды. Қазақ-қырғыз халықтарының негізгі кəсібі –
жылқы шаруашылығы негізінде қалыптасып,
халық жадында сақталған бейнелі тіркестер тіл
тарихы мен халық мəдениетінің этномəдени сыр-
ларын танытады.
Пайдаланылған əдебиеттер тізімі
1. Подольская Н.В. Словарь русской ономасти-
ческой терминологии / Н.В. Подольская. М.,
1988. 192 с.
2. Хазимова Ə. Қазақ фразеологизмдерінің
ұлттық-мəдени деректері / Э. Хазимова. Ф.ғ.к.
диссер. қолжазбасы. Алматы, 2002. 120 б.
3. Авакова Р.А. Қазақ фразеологиясының семан-
тикасы. Ф.ғ.д. диссер. қолжазбасы / Р.А. Ава-
кова. Алматы, 2003. 257 б.
4. Ер қанаты. (құрастырған Ж. Аупбаев). Алма-
ты: “Қайнар”, 1987. 328 б.
5. Кеңесбаев І. Фразеологиялық сөздік /
І. Кеңесбаев. Алматы: Арыс, 2007. 800 б.
6. “Түркі
тілдері
сөздіктерін
жасаудың
ғылыми-əдістемелік ұстанымдары” атты
іргелі жəне қолданбалы зерттеу жобасының
материалдары. Астана, 2011.
С.А. Жиренов
Достарыңызбен бөлісу: |