«Әуезов және Алаш». В статье рассматривается творчество, художественное мастерство, научные труды ученого



Дата25.03.2023
өлшемі20,12 Kb.
#76052

Дүйсенбаева Р.И. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Алматы қ.
Мұсаева Г.Ә. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. Алматы қ., sadenovaa@mail.ru
Р. НҰРҒАЛИ АЛАШ МҰРАТЫ ЖАЙЫНДА (АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ)
Түйін. Мақалада академик Р.Нұрғалидың «Әуезов және Алаш» атты ғылыми ізденісі мен алаш ардақтыларының шығармашылықтары жайында айтылады. Ғалымның көрнекті суреткерлердің творчествосына, көркемдік шеберліктеріне, әдебиеттану ғылымына қосқан зерттеулеріне берген бағасы көрсетіледі. Соның ішінде А. Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істерін жоғары бағалағаны, қазақ, түрік, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдарына тоқталғаны баяндалады. Резюме. В статье идет речь о научных поисках Р. Нургали на тему «Әуезов және Алаш». В статье рассматривается творчество, художественное мастерство, научные труды ученого.
Р. Нұрғалидың ғылыми ізденістерінің бір шоқтығы - «Әуезов және Алаш» еді. 1990 жылдардан бастап алаш біртуарларының шығармашылықтары қазақ әдебиет әлемінің ғылыми-зерттеу обьектісіне айналды. Қазақтың біртуар алыптары Шәкәрім, Ахмет, Жүсіпбек, Мағжан, Міржақып есімдері 1980 жылдар аяғында қазақ әдебиетінен өзінің орнын тауып, оқырманымен қауышты. Олардың қазақ әдебиеті көркемдігі мен шеберлігі жағынан әлем әдебиетінің озық туындыларына есе бермес тамаша туындылары классик туындыларының қатарынан орын алды. Енді ғана ақталып, шығармалары толық шығып үлгермеген Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың Х.Досмұхамедовтың, Ж.Тынышбаевтың, О.Әлжановтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, Ә.Ермековтың тағы басқа да алаш қайраткерлері мен қаламгерлері туралы сол уақыттағы Р. Нұрғалидың бас редакторлығымен шығып жатқан «Қаз ССР. Қысқаша энциклопедияның» 4-ші томына енгізіледі. Р. Нұрғали ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қазақ әдебиеттануы ғылымы үшін бұрын ақтаңдақтар болып келген мәселелер туралы жаңа іргелі зерттеу еңбек жазып, мұрағат қойнауларында жатқан көптеген тың деректерді жарыққа шығарды. «Әуезов және Алаш», «Вершины возврашенный литературы» «Сырлы сөз», «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры » атты еңбектері ұлттық сөз өнер мұраларын әлемдік әдебиеттануға танытқан шығармалар болды.80-жылдары әдебиеттануды әлемдік ілімнің ғылыми-теориялық тұжырымдарымен ұштастыра отырып, ұлттық танымға не
гіздеуге бет бұруды алғаш көтергендердің бірі Р.Нұрғали болды. 1980 жылдардың орта кезеңінде баспасөз беттерінде жарияланған Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Бюросының «Мағжан Жұмабаевтың, Ахмет Байтұрсыновтың және Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасы туралы» қаулысынан кейінгі жазған «Алыптар қайта оралғанда» атты зерттеу мақаласынан соны ой-пікірлері, ғылыми-теориялары көрініп тұрды. (Қазақстан коммунисі, 1989, №456) Бұл зерттеу Алаш ардақтылары жөніндегі алғашқы ізденіс, байыпты бағалау, оңды көзқарастарының бірі болды. Мақалада Алаш әлемі, руханият мұраты, оларды зерделеу жүйесі мен зерттелуі ғылыми түрде сараланды. ХХ ғасыр басындағы жазықсыз жазалау мен орынсыз зорлық-зомбылықтың, қуғын-сүргіннің, зардап кесапаттарының сипаттары кең көлемде қарастырылып, сыры ашылады: «... кезінде репрессияға ұшыраған, жазықсыз жапа шегіп, мерт болғандардың аты қайта тірілді, сөнгеніміз жанып, жоғалғанымыз табылды. Жарты ғасыр бойы жасырын болған мәдени тарихымыздың тағы бір беті жаңарып, шындық қалпына келтірілді. Алатаудай алыптарымыз туған халқымен қауышты», - деп шын көңілмен қуанышын білдірді. Міне, сол кезеңнен бастап ғалымның Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Жұмат жайлы жазғандары қарапайым қағидалардан ұлттық танымның жаңа арнасына айналып, әдебиеттегі ұлттық рухтың көркемдік қуатын танып қана қоймай танытуға бар күшін сарықты. Сонау социализмнің идеологиясының белең алып тұрған кездің өзінде, ғылыми жұмыспен айналысушы жас ғалым «жоғалған асылдарын» іздеп жүріп тауып, жасырып жүріп оқып, көңіліне тоқудан жалықпайды. Б. Кенжебаевтан А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқышын», С.Бегалиннен М.Әуезовтің «Қилы заманын» қиыла сұрап, қолына алғанда ғалымның бақыттан басы айналғаны анық. Ғалым Алаш әдебиеті өкілдерінің шығармашылығын зерттеп, энциклопедиялық жинақтарын шығаруды алдына мақсат етіп қояды. Алаш тарихындағы ұлттық ой - сананың көсемдері мен көрнектілерінің ой-арманы - қазақ қоғамының зердесін ашып, өркениетті елмен терезесін тең ұстау еді. Р.Нұрғали Алаш қайраткерлерінің қазақ мәдениеті мен әдебиетінің қосқан өлшеусіз үлесін жан-жақты терең зерттеп беруге қаншама күш –қайратын жұмсады. Қазақ
65
тіл білімінің атасы А.Байтұрсыновты «Аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі. Ол –қазақ емлесінің реформаторы, грамматикалық және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы,» деп бағасын бере отырып, тарихтағы орнын, әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдық ерекшеліктерін танып, зерделеп берді. Профессор, филология ғылымдарының докторы А.Ісімақова өзінің «Алаш ілі- мін танытқан Р. Нұрғали» атты мақаласында «Академик Р. Нұрғали - тәуелсіз кезде Алаш әдебиеттануын алғаш танытқан тұлға. Ұстазы Б. Кенжебаевтан ал- ған «Әдебиет танытқышты» сақтап қана қоймай, А. Байтұрсынұлының теория- сын алғаш рет мойындатып берген ғалым Р.Нұрғали деп санаймыз. Сондықтан академик Р.Нұрғали Алаш әдебиеті деген ұғымды қазіргі ғылыми ортаға енгіз- ген әдебиетші» деп дұрыс баға береді. Расында да Р.Нұрғали Алаш мұраты мен мұрасының көркемдік-эстетикалық құндылықтарын, білім-ғылым жүйесін зерделі, зейінді зерттеулерімен таныта білді. Ғалым өзінің зерттеу еңбегінің алғы сөзінде «Дана Тоныкөктің Білге қаһанға айтып, тасқа сыналап, ойып жаздырған сөздерінің негізгі өзегі-елдің тұтастығы, жұрттың бірлігі, түрік атты халықтың билік құру баяны, жорықтар тарихы. Осыдан бір мың екі жүз жыл бұрын қойылған тұғыртас әлі сөйлеп тұр. Мен Тоныкөктің үлкен тұғыртасын сипап тұрып, қалай күбірлеп сөйлегенімді білмей қалдым: «Таптым. Жаңа кітабымның атын таптым» дедім. Сөйтіп Алаш ұранды әдебиетке, өнердегі ұлттық рухқа арналған еңбегімді «Әуезов және Алаш» деп атауға бел байладым» деп ағынан жарылады. Ғалым еңбегінің алғашқы тарауын А.Байтұрсынұлына арнап өзінің сөзінен «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған» деген тақырыппен бастайды. «Тұтақ буынның төл басы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағарту шылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, әдебиет зерттеушісі, түрколог, дарынды ақын аудармашы» деп бағалай келе біртуар асыл азаматтың шығармашылық портретін жасай отырып, оның қиын тағдыры мен шығармашылық жолынан мол мағлұматтар береді. Ғалым А.Байтұрсыновтың өмірбаянына тоқтала отырып, табиғатынан дарынды баланың сауат ашу, білім алу, еңбек жолдарынан, мәліметтерді толық беруге тырысады. Еңбек ете жүріп, патшаның отаршылдық саясатының қаһарына ұшырап, абақтыға алынып, көрген азап-қорлықтан қинала жүріп ширағанын, белін бекем буып күреске қыратын өлеңдер жаза бастағанын, өміріндегі ең күрделі, қызықты кезеңдері- нің басталғаны жөніндегі дәйектемелерінен, үлкен дарын иесінің орасан зор әлеуметтік-тарихи қызмет атқарып, халық өмірінің көкейкесті мәселелерін кө- теріп, елді прогреске, өнер-білімге шақырғанын көре аламыз. Алаш қозғалысы, Кеңес үкіметі тұсындағы қызметтерін
саралай келе, ғалымның өзгеру эволюциясын танытады. А. Байтұрсыновтың ғалымдық, ақындық, публицистік, қайраткерлік істерін жоғары бағалаған қазақ, түрік, орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдарына тоқталайық. Кезінде ғалымның ғылыми еңбектері туралы орыс ғалымдары проф. А.Самойлович, Е.Поливанов, осы қазірге дейін қолданылып жүрген ғалым өмірбаяны, ғылыми еңбектері мен тіл саласында ендірген жаңалықтары жайында М.Дулатов жазады. Ал, Москвада 1929 жы лы «Коммунистік академия» баспасынан шыққан «Әдебиет энциклопедиясының» 1- томында «А.Байтұрсынов аса көрнекті қазақ ақыны, журналисі және педагогі. Ол – қазақ тілі емлесінің реформаторы, грамматиканың және қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы» деп өмірбаяны, қоғамдық-әлеуметтік қызметі айтылған екен. Р.Нұрғали ұлы суреткер М.Әуезовтің жас кезінде-ақ аласапыран қытымыр уақыттың ызғарына қарамастан, дарынды танып, дәл осы күндегідей оның тарихтағы орнын көрсететін пікір-тұжырымды айта алғанына таң қала отырып, ойшылдың тауып айтқан пікірін келтіреді: «Ақаң ашқан қазақ мектебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны, «Қырық мысал», «Маса» еңбегі», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істелген еңбегі, өнербілім, саясат жолындағы қажымаған қайраты біз ұмытқанда да тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім дауласпайды» А.Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы ерекшеліктерін әділ көрсете білген С.Сейфуллин болды. Р.Нұрғалидың ұстазы профессор Б.Кенжебаев та өзінің сүйікті шәкіртіне: «Мынау Ақаң жазған «Әдебиет танытқыш», әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрмеспін. Сендер көресіңдер. Мықты жерге тығып қой» деп көрегенділік таныта, сенім білдіре отырып ұсынады. Ғалымның ұстаз аманатын орындағанын бүгін көріп отырмыз. Қазақстанда А.Байтұрсынов атын атауға, жазуға тиым салынған кезеңнің өзінде пікірлер айтылғанына ғалым академик А.Н.Кононовтың еңбегінен мысал келтіреді. Москвада 1974 жылы шыққан «Отандық түркологтардың библиографиялық сөздігі» кітабында А.Байтұрсынов жайында мәліметтер келтіріле отырып, «арап алфавиті негізінде жетілдірілген қазақ әліппесінің авторы, қазақ тілінің фонетикасы, синтаксисі, этимологиясы, сол сияқты әдебиет теориясы мен мәдениет тарихы оқулықтарын жазды» деп тарихи тұрғыдан баға берілген. Ғалым А.Байтұрсынов мұрасының
66
негізгі арналарына тоқталады. Оның әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И.А.Крыловтың туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен шығарған кітабына тоқталады. Ғалым ақынның аударма - өлеңдеріндегі қызықты форманың, ұғымды идеяның, қазақ тұрмысына жақын тартқан суреттердің ұласа келіп, өлеңдерінің халықтың төл дүниесіндей болып кеткенінін байқайды. Аударманың мінсіздігін, төгіліп тұрған шешендігіне тоқтала келіп ақын сөзіне, тың пікіріне де дәйекті дәлелдер келтіреді. Адам баласын түрлі ойға жетелейтін өлеңдеріндегі ерекшеліктерді де көрсете біледі. Ғалым көптеген фактілерге жүгіне отырып, ақынның дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға-ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төл туынды жасағанын саралап жеткізеді. Басқа ақындардың аудармаларында емеурін, ишара, мегзеу, астар мысалмен берілген ойлардың «Маса» кітабында ашық, дәлді, анық, нақты айтылғанын көрсетеді. Сонымен аударма өлеңдерінде ақынның өз басынан кешкен қиын-қыстау күндері де, ауыр да азапты жолдары, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық сонымен қатар ел тағдыры, халық қамы, бостандығы көрініс тапқан еді. Екі жинақ жөнінде: «Қырық мысал», «Маса» - қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектермен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам-тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болды » деп баға береді. Ғалым А. Байтұрсыновтың көзқарас эволюциясын, тарихи білігін, ойшылдық деңгейін, журналистік қарымын көрсететін халықаралық жағдайға, заң, құқық- тану, жер мәселесіне, отарлауға, ғылым-білімге, педагогикаға арналған мақала- ларына да тоқталып өтеді. Ғалымның тілші, әдебиетші ретінде жазған еңбектерінің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-тарихи мәнінің осы күнге де болашаққа да қызмет ететінін айтады. Тіл білімі саласындағы еңбектерін саралап, жүйелеп, оларға тарихи тұрғыдан баға береді. А. Байтұрсыновтың тағы бір елеулі еңбектеріне халық қазынасы - фольклор материалдарын жинап, реттеп, өңдеп бастыруын жатқызады. Олар: 1923 жылы Москвадан шыққан «Ер Сайын» жыры мен 1926 жылы Москвада жарияланған 23 жоқтау еді. А.Байтұрсыновтың ғалым-теоретик, эстетик-сыншы тұлғасын анықтап беретін туындысы «Әдебиет танытқыш» екенін айта келіп, қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары зерделенген, көптеген ұғымдарды қазақшалап, тұңғыш рет енгізіп,термин дәрежесіне көтергенін жеткізеді. «Қысқасы «Әдебиет танытқыш»
кітабындағы бірқыдыру термин, ұғым, категория, әдеби тілімізге, ғылыи оралымға кезінде кіргенін айта отырып, бұл еңбекте эстетикалық ойлау жүйемізді әлі де байыта түсетін тамаша қазына, ересен тапқырлықтар бар екенін көрсетуіміз қажет. Сонымен А. Байтұрсынов қазақ әдебиеттану ғылымының негізін салған, тұңғыш әдебиет теориясын жазған ғалым екендігін мойындамау шындық алдындағы қиянат болар еді» деп ғалым еңбек мәнінің ерекшелігін жеткізеді. Әдебиет теориясының төл алды еңбегінің маңыздылығын: «А.Байтұрсыновтың әдеби-ғылыми мұрасының ішіндегі ең көлемді және айрықша тиянақталған тұжырымды еңбегі – «Әдебиет танытқыш». Шолу ретінде, ат үсті айтылғанмен, бұл еңбек дәлді зерттеліп, әділ бағасын әлі алған жоқ. Бірден айту керек, «Әдебиет танытқыш» А.Байтұрсыновтың эстетикалық-философиялық танымын, әдебиетшілік көзқарасын, сыншылық келбетін толық танытатын жүйелі зерттеу, қазақ филологиясының ерекше, зор, айтылған ойларының тереңдігі мен дәлдігі арқасында болашақта да қызмет ететін, ешқашан маңызын жойма- йтын қымбат, асыл еңбек. Ұлттық әдебиетану ғылымы қазір қолданып жүрген негізгі терминдер, категориялар, ұғымдардың қазақша өте дәл, ықшам, оңтай- лы баламаларының басым көпшілігі тұңғыш рет осы зерттеуде жасалғанын ашып айтатын уақыт жетті. Бұл ретте, Ахмет Байтұрсынов – тіл терминдерінің жасауда қандай кемеңгер, данышпан болса, әдебиеттану, өнертану, фольклор- тану терминдерін жасауда да сондай кемеңгер данышпан» деп шын бағасын береді. Ғалымның бұл еңбектегі зерттеген мәселелеріне тоқтала келіп: «Бұл еңбекте Ахмет Байтұрсынов фольклорлық, әдеби текстерді талдаудың, жанрлық түрлерге ат қойып, анықтама берудің тамаша шебері, әдеби дамудың бо- лашағын көрсете алатын асқан сыншы, өмір, қоғам, адам табиғаты жөнінде терең пікір толғайтын ұлы ойшыл екендігін көрсетті. Ерекше қуанарлық нәрсе жазылғанына 70 жыл өткен еңбектің дәл бүгін көкейкесті актуальды болып отырғандығында. Оның қай бетін ашып оқысаң да, көкейге қона кетеді. Ахмет Байтұрсынов «Әдебиет танытқыш» еңбегінде зерттеу обьектісі етіп ауыз әдебиетін, қазақ жазба әдебиетін, оның сан алуан үлгілерін алған. Авто қандай ғылыми еңбектерге сүйенгені туралы мәлімет, дерек келтірмейді. Ондай қайнар көздері қақында әр түрлі болжал айтуға болады. Ең алдымен ғалымның әдебиет теориясы, сыны, тарихы, текстологиясы, жанрлары жөнінде дүниежүзілік әсемдік ойдың негізгі тұжырым, идеяларымен терең таныстығы айқын аңғарылады. Қоғамдық, тарихи-эстетикалық, философиялық білім мығымдығы үнемі сезіліп отырады» деп тарата жазады. Әдеби сын мен ғылыми зерттеудің ерекшеліктеріне, жанрға, әсіресе драмаға қатысты тұжырымдарына да тоқталады.
67
Р. Нұрғалидың тағы бір баса назар аударып, анықтап берген нәрсесі - ғалымның Алматыда сақталған кітаптарының беттерінің жоғалып, еңбектегі мәтіндердің түгел берілмегені. Сондықтан Р.Нұрғали еңбектің толық мәтінін табу міндетін жүктей отырып, бұл еңбек төңірегінде әлі де көп зерттеудің жүргізілуі керектігін тапсырады. А. Байтұрсыновтың бұл теориялық еңбегінің құндылығына баса назар аударған Р.Нұрғали былай деп тұжырымдайды: «Әдебиет танытқышта» Ахмет Байтұрсынов әдебиеттанудың әлемдік терминологиялық стандарт деңгейіне көтеріліп, шет сөзді араластырмай, қонымды, ықшамды, бірбірімен сабақтас, ұйқас, ұялас ұғымдардың тұтас ұлттық қазақы жүйесін жасап берді. Олардың басым көпшілігі автор репрессияға ұшырап, кітаптың тиым салынғанына қарамастан әдеби тілге кіріп кетті. Интернационализм дегенді желеу етіп, шет тілді зорлап ендіру науқаны тұсында әдебиеттанудың да шұбарланғаны анық. Әрине қазір роман, лирика, драманы ұзақ әңгіме, толғау, айтыс-тартыс деп өзгерту мүмкін болмас, бірақ Ахмет Байтұрсы
нов жасаған бірталай терминдер, сөздер қолдануға сұранып тұр». Қорыта айтқанда Р. Нұрғали А.Байтұрсыновтай сан қырлы саңлақ дарынның қазақ әдебиеті тарихындағы мәртебесі биік тұғырлы орнын нақты анықтап, тап баса танытты.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мүсірепов Ғ. Суреткер парызы. – Алматы, 1970. 2. Нұрғали Р. Әуезов және Алаш. – Алматы, 1997. 3. Нұрғали Р. Вершины возврашенный литературы. – Астана, 2002. 4. Нұрғали Р. Сырлы сөз. – Астана, 2002. 5. Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. – Астана: Күлтегін, 2002. 6. Нұрғали Р. Алыптар қайта оралғанда. – Алматы, Қазақстан коммунисі журналы, 1989,№4. 7. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. – Алматы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет