Сабақтың мақсаты: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік»



Дата21.10.2022
өлшемі16,48 Kb.
#44747
түріСабақ

8 - тәжірибелік сабақ
Тақырыбы:
Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет.
Жүсіп Баласағұн - ХІ ғасырдың аса көрнекті ақыны, есімі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған данышпан-ойшыл, белгілі қоғам қайраткері. «Құтты білік» дастанының танымдық мәні.
Сабақтың мақсаты:
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны сан-салалы білімдерді қамтыған терең философиялық шығарма ретінде қазіргі түркі тілдес халықтардың орта ғасырдағы тарихи, қоғамдық саяси-өмірі, ғылымы, əдебиеті мен мəдени дəрежесі, əдет-ғұрпы, наным-сенімі, тағы басқа жөнінде аса қызықты əрі қыруар мол деректер беретін көркем туынды екендігін оқыту, талдау, саралау


Негізгі сұрақтар және әдістемелік нұсқаулар:
1. Жүсіп Баласағұнның өмірбаяны туралы мəліметтер. Х–ХІІ ғғ. билік, Қараханидтер əулеті (1 топ). Слайд(заманауи форматта) (Ұйымдастырушы топ)10 минут
2. «Құтты білік» дастанының зерттелуі, нұсқалары, бұл еңбекке əр елде əр түрлі ат берілуі (2 топ). 10 минут.
3. Дастанның құрылымы мен сюжеті. Төрт кейіпкерге талдау жасау. (3 топ). 10 минут
4. Дастанның көркемдік ерекшеліктері. «Құтты білік» еңбегінің тəрбиелік мəні. «Құтты білікте» көтерілген этикалық-философиялық мəселелердің бірі — қанағат, ынсап мəселесіне сараптама. (4 топ). 7 минут.
5. Дастанда тіл өнері жайлы айтылған ойлардың эстетикалық тəрбиені қалыптастырудағы маңызы, адамгершілік мәселесін талдау. Баласағұн шығармасындағы даналық сөздері қазақ мəдениеті мен халықтық мақал-мəтелдері арқылы салыстыру. (5 топ) 10 минут.


Барлығына: «Құтты білік» кітабының мәтінін оқу
Барлық топқа: Жүсіп Баласағұн мұрасына қатысты 10 сұрақ даярлау
Соңы. Рефлексия. 5 минут. Кері байланыс


Пайдаланатын дереккөздер:

  1. Келімбетов Н. Түркі халықтарының ежелгі əдеби жəдігерліктері. — Алматы: Раритет, 2011. — 243-б.

  2. Қыраубаева А. Ежелгі əдебиет. 5-томдық шығармалар жин. 2-т. / Томды баспаға əзірлегендер: Г.Асқарова, Н.Мəтбек.— Алматы: Өнер, 2008. — 216 б.

  3. Тауасарұлы Қ. Түп-тұқианнан өзіме шейін / Баспаға дайынд. Б.Қыдырбекұлы. — Алматы: Жалын, 1993. — 25-б.

  4. Ержанов Қ. Қара-Бурахан, Қожа Ахмет Иассауи жəне Жүсіп Баласағұн — бір асылдың сынықтары // Қазақ. — № 49–50 (721–722). — 5–12 желт. — 7-б.

  5. Баласағұн Ж. Құтты білік / Көне түркі тілінен ауд. жəне алғы сөзі мен түсінік. жазғ. А.Егеубаев. — Алматы: Жазушы, 1986. — 616 б.

  6. Нысанбаев Ə. «Құтты білік» сол заманда «Қарахан» мемлекетінің Ата Заңының орнында жүрді // Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.). — Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 28-б.

  7. Əбілдаев Ж. Қазіргі таңда «Құтты білік» дастанының үш нұсқасы белгілі // Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр). — Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 42, 43-б.

  8. Келімбетов Н. Ежелгі дəуір əдебиеті: Оқулық. — Алматы: Ана тілі, 1991. — 264 б.

  9. Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. І-т. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, — 450-б.

  10. Қыраубаева А. «Құтты білік» — кемел мемлекеттің құрылымы // Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр). — Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 10-б.

  11. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ–ХІІ ғғ.). — Алматы: Ғылым, 1995. — 160 б.

  12. Əнуарбекқызы Ə. Баласағұн ойларындағы басты мақсат — адамның өзін-өзі тəрбиелеуі // Жүсіп Баласағұн (ХІ ғасыр). — Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. — 2013. — № 18 (78). — 48, 49-б.

  13. Интернет дереккөздері.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет