Еуразия гуманитарлық институты



Дата26.12.2022
өлшемі36,5 Kb.
#59738
түріСабақ

Еуразия гуманитарлық институты


Экономикалық және математикалық пәндер кафедрасы


ХАТТАМА
25 қараша 2022 жыл сағат 10:00

Күндізгі бөлім Топтағы студенттердің саны: 10


2 курс, Қ-21-01 тобы Қатысқан студенттердің саны: 10


Оқытушы Кожахметова А.Г.


Пән Маркетинг


Сабақ түрі дәріс


Тақырыбы «Маркетингті стратегиялық жоспарлау»




1.Сабақтың мақсаты және жоспары:
1.Стратегиялық жоспарлау мәні және маңызы.
2.Стратегиялық жоспарлау үрдісі.
3.Маркетингтегі стратегиялық жоспарлаудың ерекшеліктері және міндеттері.
2.Сабақты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік деңгейі (тақырыптың жұмыс жоспарына сәйкестігі, әзірленген материалдың көрнекі құралдың және т.б. болуы): Дәрістің тақырыбы оқу жоспарына (силлабус) толық сәйкес келеді. Студенттердің қолында дәрістің қысқаша тезистері бар.


3.Сабақ мазмұны (өткен материалмен байланыс, бағыты мен жаңалығы):Сабақтың барысында дәрістің мақсаты мен міндеттері айтылды. Дәрістің өзектілігі, дәрістің өткен материалмен байланысы қарастырылды. Яғни, фирманың мақсаттары, оның маркетинг сферасындағы потенциалды мүмкіндіктері мен үміттері арасындағы стратегиялық сәйкестікті жасау және қолдаудың басқарушылық процесі. Стратегиялық жоспарлау – маркетинг старегиясындағы ұйым мақсаттары мен оның әлеуетті мүмкіндіктерін және нарықтың мүмкіндіктері арасындағы стратегиялық сәйкестікті қалыптастыру, оны бір қалыпта ұстап тұрушы басқару үдерісі.
Стратегиялық жоспарлау ұйымға өзінің күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіптерін бағалатады. Казіргі кездегі ұйымның құрылымы, түрлері мен әдістерін жіктеу мәселесі студенттер арасында пікірталастар тудырды.
4.Сабақтың проблемалығы (өзекті мәселелердің қойылуы, студенттермен жүргізілетін ғылыми диалогтың деңгейі):
Дәріс барысында стратегиялық жоспарлаудың әдістері, құрылымы және олардың байланысы туралы өзекті мәселелер қозғалып, талқыланып, студенттермен ғылыми диалогтар жүргізілді.
5.Аудиториямен кері байланыс орнатуда оқытушының ролі (студенттерді қызықтыра алуы, материалды жеткізу стилі, студенттермен орнатылған байланыс деңгейі): Сабақты жүргізу барысында оқытушы ғылыми диалогтар жүргізе отырып, оқытушыға тән қасиеттер, қабілеттерді талқылау барысында студенттерді қызықтыра білді. Материалды түсіндіру, жеткізу стилі, студенттермен орнатқан байланыс деңгейі жоғары.
6.Сабақты талдауды қорытындылау (нақты ұсыныстар мен ескертулер): Дәрістің басында қойылған сұрақтар толық ашылды. Дәріс құрылымы жағынан қойылған талаптарға сай өткізілді. Бірақ жеке сыныптарды кешенді зерттеу бағдарламасы жайлы мәліметі шағын болды.
7.Сабақ бойынша жалпы қорытынды: Жалпы өткізілген ашық дәріс сабағы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде жүргізілді.

Талқылауға қатысқан оқытушылар:


Каф.меңгерушісі т.ғ.к.,профессор Тажбенова Г.Д.
доцент Оспанова А.С.
доцент Мажитова Б.Б.


Ашық сабақ өткізген аға оқытушы: Қожахметова А.Г

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет