Эволюциялық идеяның пайда болуы. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық концепциясы эволюция



Дата29.09.2023
өлшемі11,05 Mb.
#111865

ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ИДЕЯНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ. Ж.Б.ЛАМАРКТЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ КОНЦЕПЦИЯСЫ

Эволюция


Латынша "evolutio" – "тарихи даму, өзгеру, өрлеу" деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде эволюция терминін көптеген ғылым салаларында геология, география, астрономия, т.б. кеңінен қолданады.
Омыртқалылар
Омыртқасыздар
сүтқоректілер Кірпікшелі кебісше
ГРАДАЦИЯ

ЛАМАРКТЫҢ ЭВОЛЮЦИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.


«Мүшелердің жаттығу және жаттықпау» заңы
- Орта жағдайлардың өзгерісі өсімдіктерге немесе
жануарларға тікелей әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір мүшелер жақсы жұмыс істеп, жаттыға келе
дамып жетіледі, ал басқалары көп қолданылмағандықтан, керісінше жаттықпайды да, біртіндеп жойылады. Мысалы, Ламарк пікірі бойынша тіссіз (кит, құмырсқа жегіштің)
сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі, олардың ата тектілерінің коректік заттарды шайнамай жұтуының
салдарынан болса, жер астында тіршілік ететін
жануарлардың көздері пайдаланбағандықтан қажетсіз мүше ретінде жойылуы.

«ТІКЕЛЕЙ БЕЙІМДЕЛУ» ЗАҢЫ


Тіршілік барысында пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген белгілер міндетті түрде тұқым қуалайды. Мысалы, су сарғалдағы (Ranunculus agvafilis) терең суда өссе, жапырақтарының бәрі су ішінде дамиды да жапырақ алақандары жіңішке тілімді болады. Егер су сарғалдағы таяз суда өссе, сабағы ұзарып, үстіңгі жапырақтары судағыға қарағанда өзгеше болып өседі. Бұл жағдайда төменгі жапырақтары жіңішке тілімді, жоғарғы жапырақтары жалпақ дөңгелек, ойық жиекті болады. Тағы бір өсімдік түріндегі тікелей бейімделуді айтуға болады.
Жебежапырақ (Sagittaria sagittifolia) өсімдігінің су ішіндегі жапырағы таспа тәріздес болса, су бетіндегі жапырағы дөңгелек, су үстіндегі жапырағы жебе тәрізді болады.

Омыртқасыздар 10 класқа бөлінеді:


Кірпікшелі кебісшілер Өрмекшітектестер Полиптер
Шаянтектестер Сәулелілер Қылтандылар Құрттар Мұртаяқтылар Буынаяқтылар
Ұлулар (былқылдақ денелілер)

Түр туралы көзқарасы

Ламарк тірі табиғатта түрлер жоқ деп санады. Ал, әр кластағы даралардың әр түрлілігін келесі себептермен байланыстырады:

  • Белгілі бір тәртіпті сақтау үшін әр ағзаның ішінде өзін күрделендіру үшін ұмтылыстары болады;
  • Тірі ағзаларға сыртқы ортаның әсер етуі;


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет