Ғақлия эссе, Жұмаділ Әлнұр



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата28.11.2023
өлшемі328,29 Kb.
#130976
  1   2


Ғақлия. Абайдың он тоғызыншы қара сөзіне талдау
Тапсырушы:
Жұмаділ Əлнұр, бакалавр студенті
Қабылдаушы:
Айдын Жалмырза
Тапсыру күні:
02.10.2023


Абайдың он тоғызыншы қара сөзіне талдау
Абай Құнанбаев - қазақ халқының біртуар ағартушы ақыны. Абайдың
ақыл мен пайымға толы қырық бес қара сөзі қазақ əдебиеті мен тарихындағы
философиялық тəлім берерлік баға жетпес құндылығы. Осы қара сөздер
арқылы ол қазақ еліңдегі күрделі мəселелерді, еліміздің зары мен мұңын
мұндаған. Адамды «ақыл, ғылым, жүрек» биікке көтеретін қоғамның үдемелі
дамуына
ұмтылу
-
Абайдың
бүкіл
шығармашылығының
негізгі
бағыттарының бірі. Ақын шығармаларында халық пен билеуші элита
арасындағы қайшылықтарды ашып, тайпааралық алауыздықты жəне
қоғамдағы феодалдық əдет-ғұрыптарды сынады.
Ақын он бесінші, он тоғызыншы жəне отыз бірінші сөздердің
мазмұндарын бір-бірімен толықтыра отырып, естілік тақрыбына арнаған.
Естілік дегеніміз не? Есті адам білімді адамнан несімен ерекше? Осы қара
сөздерде Абай естілік мəселесіне, яғни білім, жүрек жəне терең ойлау
арасындағы байланыстың маңызыдылығына жарық құйды. “
Есті адам
”,

естілік
” деген сөздердің мағынасын аша келе, ол адамның өз жəне
басқалардың басынан өткен тəжірибелерін есте сақтай отырып, сыни мен
логикалық ойларды философиялық тұрғыдан биік сатыға көтере алуы деген
тұжырымға келеміз.
Он тоғызыншы сөз адамның дүниеге келгенде бірден есті, не аса
білімді болмайтынынан басталады. Əр адам өмірдің ағы мен қарасын көріп
барып, керек тəжірибе жинағаннан кейін бірақ оны естілікке жақындады деп
айта аламыз. Оқу мен тоқу істің басы ғана, əр пенде өмір сынағынан өтуі
қажет. Осыған қоса, ақын адамның есті болуына оның естілермен тілдесе
жəне оларға құлақ сала білуі көмектеседі деген ой қозғады. Дегенмен,
естіліктің құр өзі есті атану үшін, адам болу үшін жеткіліксіз. Абай он
бесінші қара сөзінде де адамның қызығушылығы есті адамды ессіз адамнан
ерекшелейтін басты фактор екенін бізге ашады. Талпыныс, қызығушылық
пен білімге деген құштарлық - һəм кісілік қасиеттер. Ашып айтатын болсақ,
естілік ол естілердің сөздерін тыңдауды ғана емес, оларды түсінуге
талпынуды, жақсы мен жаманын ажыратуды қажет етеді. Естілікке ұмтылған
адам ақиқаттың түбіне жетуге жəне естіген, не көрген нəрселерден ой түйіп


алуға тырысуы қажет. Осыдан басқа, естілік деген зейінді дұрыс бағатта
ұстауды да керек етеді. Зейінді басқаруды үйрену арқылы біз өзімізді де,
естілерді де танып, əрі түсінуге үйренеміз. Дегенмен де, не себептен Абай
маңдайы күнге күйген қазақ үшін естілік маңызды деп санады?
Оның себебі - ессіз адамның жиі моральдық жəне рухани
құндылықтары, не эмпатиялық қабілеттері ыдырауы мүмкін. Ғылыми
тұрғыдан адам қанша білімді болса да, істеген істеріне ыстық жүрек пен
естілік қоспаса пайдасынан бұрын, зияны шығуы мүмкін. Бұны біз тарихта
болған данышпан ғалымдардың кейбір əлемді дүр сілкіндірген ғылыми
жаңалықтарынан көре аламыз. Мысалы, аты көкке шыққан Роберт
Оппенгеймер талай адамның азабы болған атомдық бомбаны ойлап тапты.
Басында ол Нацисттік Германиядан өз дүние азабын көрген еврей халқын
құтқару үшін жасалған қару еді. “Өз елін үшін отқа түс” дегендей, мен оның
бастапқы мақсатын мүлдем бұрыс деп сынға ала алмаймын. Алайда Екінші
Дүниежүзілік соғыс біткенімен де ғалым атомдық бомбаға қолданыс іздеп,
ақырында Америка атынан Жапонияның Хиросима мен Нагосаки қалаларына
атомдық бомба тастады. Мыңдаған адам зардап шегетінін біле тұра,
данышпан ғалымның өз қаруын тестілеу үшін осындай жан түршігерлік
əрекетке барғаны, оның моральдік құндылықтарының төмен денгейде, не
ессіз болғанын көрсетеді.
Абай қара сөзді еттен өтіп, сүйекке жететін тұжырыммен аяқтайды:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет