"фараби əлемі" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары


ARTEMISIA ABSINTHIUM L.  ДАМУЫНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ



Pdf көрінісі
бет47/372
Дата02.03.2022
өлшемі2,79 Mb.
#26858
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   372
      ARTEMISIA ABSINTHIUM L.  ДАМУЫНЫҢ БОТАНИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 
                    
Жармұханова Г.Б.  
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті 
guldana_zh96@mail.ru
 
Жабайы өсетін ащы жусан жер бедерінің ойыс жерлерінде өседі, тасты шоқылардың етегіндегі 
жолдарға жақын, тұзды жəне сортаң топырақтарда  өсуге бейім.   
Аrtemisia  absinthium  L.  – биіктігі 50-100-125 см. Сабағы тік, көп қырлы, өсімдіктің жер үсті 
мүшелері бозғылт-сұр түсті, басқа өсімдіктерден оңай ажыратуға болады. Ащы жусанның жапырақ 
пішіндері əр түрлі. Гүлдері өте ұсақ түтікшелі гүл, себеті де сары əрі ұсақ, диаметрі 3 мм, шар тəрізді 
болып келеді.   
Artemisia absinthium L. тұқымына сипаттама берсек, ащы жусанының тамшы тəрізді формалы, 
жемісі-көпқырлы  тұқымшасы  болады.    Тұқымшаның  түсі  ашық  сұрдан  қоңырға  дейін  өзгеріп 
отырады.  Оның  бетінде  эфир  майының  тамшылары  тұнған.  Тұқымның  ұзындығы  1,3

0,02  мм 
құрайды, ені 0,3

0,01 мм. 1000 дананың массасы -0,7

0,01 г. 
Ащы жусан тұқымын суға салып бұқтырғанда, оның көлемі үлкейіп 1,4 есеге өсті, оның сыртқы 
жағында  қалың  шыны  тəріздес  шырышты  қабат  пайда  болды.  Тұқымның    шырыштануы 
эпидермистегі арнайы клеткалардың болуы, ондағы заттар бұқтыру кезінде ісініп, шыны тəрізді қабат 
пайда  болып,  сыртқа  шығып  шыны  тəрізді  қабық  қалыптасып,  оның  жартылай  бөлігі  топыраққа 
бекінуге  бейімделеді,  тұрақты  ылғал  қорын  қалыптастырады,  кеуіп  кетуде  сақтандырады  жəне 
минерал заттарды сіңіруге бейімделеді. 
 Ащы  жусанның  тұқымжарнағы  пластинкасының  формасы  дөңгелек-  эллиптикалық  болады, 
ұзындығы 2-4 мм, ені 2-3 мм, түсі-ақшыл-жасыл. Өскін осы уақытқа дейін 1,1 см–ден 1,5 см-ге дейін 
жеткен, негізгі тамырдың ұзындығы 1,5 см-ден 2,6 см-ге ұзарған, сору зонасы ұлғайған. Ащы жусан 
өсуінің  15-17-  күндері  ұзынша  формадағы  жапырақтың  жоғарғы  жағында  ассиметриялық  бөлікке 
бөлінген  алғашқы  тұрақты жапырақтары пайда болады. 
 Ащы жусаны  тұқымының  өсуінің биологиясын  зерттеу  нəтижесінде  өскіндердің    дамуы,  суға 
бұқтырудан  бастап,  тұқымша  өсуінің  тоқтауына  дейін  10-12-  күнге  созылды.  Тұрақты 


34 
 
жапырақтардың  алғашқы  жұбы  өсудің  15-17-күндері  пайда  болды.  Өскінде  тұқымжарнақты 
жапырақша  ұзақ  уақытқа  дейін  сақталады  жəне формасы жөнінен  алғашқы  тұрақты  жапырақшадан 
өзгеше болады. Лаборатория жағдайында өскіндердің қалыптасу мерзімі белгіленді. 
Ащы жусанның тұқымы үшін терең емес физиологиялық тыныштық керек. Тұқымның көлемі 
мен салмағы үшін негізгі шығымдылық (88-94 %) жəне өну энергиясы (73-76 %) байқалады. 
 Ғылыми жетекші: б.ғ.к. аға оқытушы Атаева Гульшат Мукановна.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   372




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет