Фармакология 1 8 жастағы баланың тамағындағы шамалы катаральды көріністің негізінде оң жақты пневмония дамыды. Ентігу жоқ, жалпы жағдайы жақсы. Гемограммада-аз дәрежедегі лейкоцитоз, лимфопения, моноцитопения, ЭТЖ - 40 мм/сағ. Қақырықтан Mycoplasma pneumoniae бөлінді.
Терапияны тағайындаңыз:
Сумамед!
Пенициллин!
Эуфиллин!
Бисептол!
Левомицетин!
2 Дәрігерге техникумда оқитын 16 жастағы науқас, жоғары температурамен, әлсіздікпен, кеудедегі ашу сезімімен, сары-жасыл қиын бөлінетін ұстама тәрізді жөтелмен, бас ауруы, бұлшықет ауырсынуымен, суыққа төзімсіздігіне шағымданып келді. Суықтанудан кейін жедел ауырып қалған. Ол қатты аязға байланысты жылыту құбырының бұзылып, оқу бөлмелері өте суық болуымен байланыстырады. Өкпенің аускультациясында қатаң тыныс естіледі, сырылдар жоқ.
Бұл науқас үшін қандай емдеу әдісі қолайлы?
Азитромицин 0.5 мг/тәу 3 күн!
Ампициллин 0,5 г 4 рет күніне, ішке 10 күн, төсектік режим, көп сұйықтық ішу!
Гентамицин 80 мг 2 рет күніне, бронхолитин 1 ас қасықтан 3 рет күніне, төсектік режим 5 күн!
Антигистаминді препараттар, жөтелге қарсы препараттар(амброксан, бронхолитин), ингаляция бронхолитикалық шөптермен!
Феноксиметилпенициллин 1 тб. 4 рет күніне, ішке қабылдау 2 апта бойы, төсектік режим, көп су ішу, қақырық түсіретін препараттар!
3 5 жастағы балада қақырықпен жөтел, 38 градусқа дейін қызба, әлсіздік, тәбет жоғалту, салмақ жоғалту пайда болды. Диагностикалық тексеру кезінде оң жақты пневмония анықталды. Балаға қай препаратты тағайындау керек?
Цефамед!
Ровамицин!
Пенициллин!
Оксациллин!
Левомицетин!
4 1 жастан асқан баланың дене қызуы 3 күннен аса жоғары деңгейде, ал бір күннен кейін ентігу пайда болады. Тексеру кезінде дәрігер өкпенің төменгі бөліктерінде оң жақта перкуторлы дыбыстың қысқаруын, бронхты тыныстың әлсіреуін байқады. Рентгенограммада өкпеде инфильтрация белгілері анықталды. Балаға қай топтағы препаратты тағайындау орынды?
Жартылай синтетикалық пенициллиндер!
Цефалоспориндер!
Аминогликозидтер!
Фторхинолондар!
Клавулан қышқылы бар жартылай синтетикалық пенициллиндер!
5 Балаға ауруханадан тыс пневмония диагнозы қойылған. Бактерияға қарсы препарат бензилпенициллин тәулігіне 100 000 бірлік/кг мөлшерінде тағайындалды. Баланың бетінде тамақ аллергиясының көріністері бар. Төмендегі айтылғандардың ішінен сіз балаға не ұсынасыз:
Бензилпенициллинді тоқтату, макролидтерді тағайындау!
Осындай есептеуде бензилпенициллинді тағайындауды жалғастыру!
Бензилпенициллинді тоқтату, амоксициллинді ішке тағайындау!
Бензилпенициллин + антигистаминдер!
1 немесе 2 ұрпақ цефалоспориндерін тағайындау, пенициллинді тоқтату!
6 14 жастағы науқас құрғақ жөтелге, бұлшықеттің ауырсынуына, дене температурасының 39 0С дейін көтерілуіне шағымданады. 1 апта көлемінде тамағының ауыруы, субфебрилитет байқалған. Объективті: қатаң тыныс. Қанда: л.– 7,0109 / л, лейкоциттік формула қалыпты. ЭТЖ-26 мм/сағ. Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясында: өкпе суретінің күшеюі, оң өкпенің төменгі бөліктеріндегі әлсіз қарқынды ошақтық көлеңкелер байқалады. Қандай препараттарды тағайындау керек:
Макролидтер!
Аминогликозидтер!
Пенициллин қатарының антибиотиктері!
ІІ немесе ІІІ ұқпақты цефалоспориндер!
Сульфаниламидтер!