Айтметова Мадина ЖМ-709 02.10.2020
Ситуациялық есеп №1
Науқас А., 38 жаста, жалпы әлсіздікке, ұйқышылдыққа, тез шаршағыш-тыққа, тәбетінің төмендеуіне, жүрек айнуына, терінің қышынуына, физика-лық жүктемеде ентігуге, тұрақты түрде бас ауруына және басының ауруына шағымданып келді. Бір жыл бұрын бас ауруы, жалпы әлсіздік мазалай баста-ған.Дәрігерге қаралмаған. Соңғы 2 айда жалпы әлсіздік,терінің қышынуы, ентігу,ұйқышылдық, жүрек айну, тәбетінің төмендеуі,іш аймағының сыздап ауырсынуы күшейген, іш өтуге бейім.
Объективті: Жалпы жағдайы орта ауырлық дәрежеде, ұйқышыл. Дене қалпы белсенді. Тобық аймақтарында геморрагиялық бөртпелер.Тері жамылғылары бозғылт,құрғақ, қасынған іздер,бетінің,тобықтарының ісінуі анықталады. Өкпе перкуссиясында өкпе дыбысы,тынысы везикулярлы. Жүрек тондары дұрыс, оң жақта 2-ші қабырғааралықта II-тонның акценті. ЖСЖ-76 рет/мин. АҚҚ 210/120 мм с.б. Тілі құрғақ,қоңыр-қошқыл жабындымен жабылған. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Қағу симптомы екі жақты теріс мәнді.
ҚБА: креатинин-915 мкмоль/л, мочевина-24,2 мкмоль/л.
Сұрақ:
Синдромдарды анықтаңыз
Гипертониялық синдром- АҚҚ 210/120 мм с.б., тұрақты түрде басының ауруы
Ісіну синдромы- бетінің,тобықтарының ісінуі
Диспепсиялық синдром- жүрек айну, тәбетінің төмендеуі,іш аймағының сыздап ауырсынуы күшейген, іш өтуге бейім.
Астено-вегетативті синдром- жалпы әлсіздік, ұйқышылдық, тез шаршағыштық
Бүйрек жетіспеушілік синдромы- терінің қышынуы, терісі құрғақ, қасынған іздер, БХА (креатинин-915 мкмоль/л, мочевина-24,2 мкмоль/л.)
Жүрек жеткіліксіздік синдромы-физикалық жүктемеде ентігу
Геморрагиялық синдром- тобық аймақтарында геморрагиялық бөртпелер
Диагнозды құрастырыңыз.
Созылмалы гломерулонефрит.Созылмалы бүйрек шамасыздығы, терминальды сатысы
Нефрогенді артериялық гипертензия ІІІ дәреже
Уремиялық гастроэнтерит
Қажетті зерттеулерді тағайындаңыз.
Зертханалық зерттеу:
Жалпы зәр анализі (гипостенурия,олигурия немесе анурия байқалады.)
Жалпы қан анализі (анемия белгілері)
Биохимиялық қан анализі (креатинин ,мочевина,холестерин,белок және оның фракциялары )
Зимницкий сынамасы (олигурия немесе анурия,никтурия, гипостенурия байқалуы мүмкін.)
Реберг-Тареева сынамасы (шумақшалық фильтрацияның жылдамдығының төмендеуі)
Тәуліктік протеинурияны анықтау
Бүйрек тінінің биопсиясы
Иммунологиялық тексеру IgM IgG анықтау
Аспаптық зерттеулер
Бүйректің УДЗ
Бүйрек артерияларының ангиографиясы
Радиоизотопты ренография
Экскреторлы урография
Бүйрек КТ
Көз түбін зерттеу
Ең қажетті дәрілерді жазыңыз.
Белокты шектеу (1г\кг тәулігіне).Тұздың тәуліктік мөлшері 6-8 гр аспау керек.Тәуліктік ішілетін сұйықтықтың көлемі тәуліктік диурезге 500 мл-ды қосқандағыдан аспау керек.
Иммуносупрессивті терапия (циклоспорин 7-10 мг\кг/ тәулігіне)
Антигипертензивті терапия (Бета-блокаторлар-атенолол 50 мг ішке 1 таб 1-2 рет;Кальций антоганистері-веропомил 80 мг ішке,1 таб 1-2 рет;Ангиотензин рецепторларының блокаторлары-лозартан 50 мг ішке 1 таб 1 рет)
Антикоагулянт,антиагреганттар (Гепарин 10000 Б күніне 4рет . Курантил 400-600 мг тәулігіне)
Уремиялық уларды ішек арқылы бөлінуін арттыратын дәрмектер:энтеродез 5 гр күніне 3-4 рет тамақтан (1,5 сағ) кейін;кселит 50-70 гр ішке 1-2 рет тамақтан кейін
Гиперкалиемияны коррекциялау:диуретиктер(фуросемид 40 мг\1мл.Диурез азайған сайын біртіндеп көбейтіп ішкізеді.)
Метаболикалық ацидозды коррекциялау:натрий гидрокарбонатының 4,2% ерітіндісін көктамырға тамшылатып
Кальция-фосфор алмасуын коррекциялау
Жүрек шамасыздығының емі-жүрек гликозидтері
Анемияны емдеу (феррплекс 2 таб 3 рет;рекармон 20 ХБ \кг есебінде тері астына 3 рет.)
Гемодиализ (ШФЖ 15-20 мл\мин төмен болғанда жүргізіледі.) және бүйректің трансплантациясы
Достарыңызбен бөлісу: |