Фаст-Фуд өнімдері



Дата06.10.2022
өлшемі1,78 Mb.
#41612
түріҚұрамы
Байланысты:
ВКЛ Фаст-Фуд өнімдері

Фаст-Фуд өнімдері

Топ: 241 ОМ

Орындаған: Мырзабай Нұрсұлтан

Қабылдаған: Шлымова Р.О.


“Астана Медицина Университеті” КеАҚ

Медицина негіздері кафедрасы

Жоспар


І. Кіріспе:

ІІ. Негізгі бөлім:
  • Тез дайындалатын тағамдар.
  • Тез дайындалатын тағамдардың құрамы.
  • Тез дайындалатын тағамдардың денсаулыққа зияны.

  • ІІІ. Қорытынды.

Кіріспе


Фаст-фуд - өте тез әрі кең қолданылатын тағамдардың бірі. «FAST FOOD» термині тез дайындалатын тағам деген мағынаны береді, ал бұл тұтынушы үшін өте қолайлы.
Қазіргі қарбалас өмір салты адамға асықпай, сүйіспеншілікпен тамақ ішуге мүмкіндікті барлық кезде бірдей бере бермейді. Күнделікті дұрыс тамақтанудың орнына жақын жердегі тамақтанатын жерлерге бара салғанды дұрыс көреміз немесе дүкендердегі пакетте тұрған дайын тамақтарға қарай жүгіреміз. Асығыс кезде осылай тамақтануға тура келеді. Бірақ бұл өте зиян.
Қазіргі кезде қалада кез-келген жерден тамақтануға болады

Негізгі бөлім


Қазіргі кезде тез дайындалатын тағамдар өте көп. Оларға мысал келтіретін болсақ: гамбургерлер, донерлар, шаурма, хот дог, қуырылған картоптан жасалған фрилер, пицца, газды сусындар және т.с.с.
  • Гамбургерсэндвичтың бір түрі, құрамына екі бөлке нан және олардың ортасына салынатын котлет кіреді. Етке қоса, гамбургердің ингридиенттеріне бірнеше алуан-түрлі дәмдеуіштер, кетчуп, майонез, қияр, қуырылған пияз және қызанақ кіреді.
  • Дөнер, шаурма етпен және нанмен жасалатын тағамдардың түрі. Түрік халқының ұлттық тағамы, түрікше "döner kebab" деп аталады.
  • Хот-догортасына сосиска немесе шұжық салынған сэндвич. Әдетте құрамында дәмдеуіш ретінде соус көбінесе кетчуп қолданылады.
  • Фрикартопты майға қуырып жасайтын тез әрі оңай дайындалатын тағам түрі.
  • ПиццаИталияның ұлттық тағамы. Фаст-Фуд тағамдарының ішіндегі ең танымал түрлерінің бірі. Ашыған қамырдан дайындалатын, ашық бетіне күрделі салма салынған нан түрі. Қамырға ашытқы көбірек салынады. Салма ретінде шұжық, саңырауқұлақ, зәйтүн, қызанақ, тәтті бұрыш және т.б. заттар қолданылады және көптеп ысқыланған қатты ірімшік қолданылады.

Жоғарыда аталған барлық тағамдар фаст-фуд қатарына кіреді. Осындай тамақтың зиянды екенін екінің - бірі ойлай бермейді, білгендердің өзі қуырылған картопты жеп, артынша газды сусын кока – коламен шөлін басады. Тамақты үйде дұрыстап дайындауға мүмкіндігіміз болмағанда, ол бізге қолайлы, тиімді тамақ ретінде көмекке келеді. Ол қымбат емес, біреқ өте қауіпті. Балаларды кішкентай жастан бастап осындай тағамдарға үйретпеген жөн. Дәрігерлердің айтуынша фастфудпен тамақтануға болмайды. Осындай тағамдардың калориялары өте жоғары, майлар мен консерванттар құрамы өте көп болғандықтан, дәрумендер мүлдем жоқ.
Фаст-фуд тағамдарын дайындау барысында маргарин көп мөлшерде қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды өнім, яғни, транс майлар көп. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жағдай адамды психологиялық және химиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды.
Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Сонымен бірге, сосискалар, пісірілген шұжықтар, паштеттер еттен жасалғандай көрінгенімен, негізінен жартысына жуығы майдан жасалып, түрлі тәтті дәмдеуіштермен бүркемеленеді. Қуырылған семіз ет, кофе, шоколадтар, арзан әрі калориясы көп нан-жарма, кондитер өнімдері де адамды семіздікке апарып тірейді. Жоғарыда айтылған фас-фуд тағамдарының барлығы өте жоғары температурада дайындалады. Дәл осы тағамдарды ұзақ, күнделікті пайдалану салдарынан асқазан жарасы, созылмалы гастрит, өттің толуы, ұйқы безінің қабынуы, жүрек-қан тамыр аурулары, семіздік пайда болатыны, әсіресе ас қорыту жолдарына өте зиян екені анықталған.

Қорытынды


Адамның денсаулығы үшін дұрыс әрі тиімді тамақтану өте маңызды.
Тиімді тамақтану дегеніміз - құрамында түрлі қоректік заттардың толық мөлшері бар тамақпен ағзаны дұрыс және уақытылы қамтамасыз ету.
Жалпы “Ауру - астан” деп бекер айтылмаған. Осындай зиянды тағамдарды пайдалана беретін болсақ ауруға ұшыратады. Сол себепті фаст-фуд өнімдерінен бастартқанымыз аурудың алдын алғанымыз болып саналады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет