Ғылыми кітапхана
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Ұлы Жамбыл – қазақтың дәстүрлі әдебиетінің аса дарынды, асқақ
жаратыл
ған алып өкілі.
Н.
Ә.Назарбаев
Қадірлі оқырмандар!
Сіздердің назарларыңызға «Жыр Алыбы-Жамбыл» атты университет кітапханасының
қорында бар кітаптардан виртуалды кітап көрмесін ұсынамыз.
Жыр алыбы - Жамбыл Жабаевқа 170 жыл. Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық
ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы», «ХХ ғасырдың Гомері»,
«Жамбыл – менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.1938 жылы
«Ленин» орденімен, 1939 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1941 жылы
КСРО Мемлекеттік сыйлық берілді.
Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының
етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған.Жастайынан өлеңді
қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген
атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген. Алғашқы өлеңдері Бақтыбай, Сары,
Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет, Шашубаймен айтысқан, әсіресе 1881 жылы
Құлмамбетті жеңіп, Жетісудың атақты ақыны аталды.
Қақаған қар аралас соғып боран,
Ел үрей — көк найзалы жау торыған.
Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын,
Жамбыл деп қойылыпты атым содан.
Жамбыл.