серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
21
Резюме
В статье рассматриваются проблемы лирического героя и
драматизм в лирических произведениях Шакарима.
Resume
In this article examination the problems of a lyric hero and dramatics
of Shakarim lyric compositions is made.
ƏОЖ 81' 366.55
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАРЫНЫҢ АДВЕРБИАЛДАНУЫ
Г.М. Акумбаева
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Лингвистикада зерттеушілердің едәуір бөлігі сөз таптарының
қалыптасуы мен дамуын сөйлем мүшелерімен байланыстырады. Олардың
пікіріне қарағанда, зат есімдер заттық мағыналы сөйлем мүшелері - бастауыш
пен толықтауыштың негізінде пайда болса, сын есімдер заттық мағыналы
мүше - бастауышты сындық, сапалық тұрғыдан анықтап, толықтырып
тұратын мүше - анықтауыштың синтаксистік қолданысынан туады. Сондай-
ақ етістіктер сөйлемде объектімен байланысты мүше - бастауыштың іс-
әрекетін, қимылын білдіретін баяндауыштың сөйлемде атқаратын қызметінің
нәтижесі, ал үстеулер баяндауышқа мезгілдік, мекендік, сындық жағынан
тәуелді мүше - пысықтауыштың тілдік функциясының жемісі.
Сөз таптарының шығуы мен дамуын қарастырған ғалымдардың
барлығы да сөз таптарының бірден-бір мезгілде емес, тілдің тарихи даму
барысында бірте-бірте қалыптасқандығын атап көрсетеді. Индоевропа
тілдеріндегі сөз таптарына салыстырмалы-тарихи сарапатама жасаған
В.М. Жирмунский, осы орайда, былай деп жазады: «Сөздердің морфологиялық
жағынан тұлғаланған лексикалық топтарының, олардың синтаксистік
қызметінің негізінде жасалу процесі индоевропа тілдерінің салыстырмалы-
тарихи грамматикасынан анық, айқын көрінеді. «Грамматикалық жағынан
тұлғаланған сын есімдер категориясының жасалуы, яғни ежелгі сын
есімдердің зат есімдер мен сан есімдерге дифференциялануы индоевропа
тілдерінде салыстырмалы грамматика методтары арқылы көріне алады»
[1, 27]. Ғалымның бұл тұжырымдарының дұрыстығын орыс тіліндегі
сөз таптарының шығуы мен дамуын кең көлемде, терең зерттеген
А.А. Потебняның зерттеулері де нақтылай түседі. Орыс тіліндегі зат есімдер
мен сын есімдердің жеке грамматкалық категория ретінде пайда болу мәселесі
туралы айта келіп, ғалым ол орыс тіліндегі сын есімдердің зат есімдердің
Вестник ПГУ №4, 2010
22
негізінде қалыптасқандығын мол тілдік деректер арқылы дәлелдеп көрсетеді.
А.А. Потебня бұл орайда сөздердің синтаксистік функциясына ерекше мән
беретінін жасырмайды: «зат есімнен сын есімнің жасалуы дегеніміз-зат
есімнің атрибутивтік қолданылауы» [2,86].
Тіл тарихында сөз таптарының бірден, бір уақытта емес, бірте-бірте
қалыптасқандығын түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілінің деректері де
жоққа шығармайды, қайта керісінше, нақтылай, айқындай түседі.
Осы орайда, сөзімізге дәлел үшін үстеулердің грамматикалық категория
болып қалыптасу тарихына қысқаша тоқталып өтейік.
Түркологияда да, қазақ тіл білімінде де үстеулердің басқа сөз таптарына
қарағанда жеке грамматикалық категория ретінде кеш қалыптасқаны басы
ашық мәселе. Үстеулердің жеке, дербес грамматикалық топ ретінде пайда
болуын сөз еткен зерттеушілердің бәрі де оның дамуында зат есімдердің
септік формалары мен сын есім тұлғаларының, етістіктің көсемше түрлерінің
мол үлес қосқанын, бұл орайда, адвербиализация процесінің шешуші роль
атқарғанын атап айтады. Десек те, үстеулердің сөз табы болып қалыптасу
мерзімі мәселесіне келгенде тіл білімпаздарының ой-пікірлері, көзқарастары
екіге жарылады. Мысалы, «Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі» атты
еңбектің авторы, ғалым Ғ. Айдаров V-VІІІ ғасырларда Орхон-Енисей
өзендерінің бойында тасқа қашалып, дүниеге келген тас жазуларда үстеулердің
жеке грамматикалық категория ретінде қолданылғандығын, тіпті олардың
іштей мағыналық топтарға да саралана бастағандығын жазады. Ал зерттеуші
Е. Ағманов аталған ескерткіштерде үстеулердің әлі де болса лексика,
грамматикалық жағынан толық аяқталып бітпегендігін, тек қана жекелеген
сөздер мен грамматикалық зерттеулердің үстеулердің синтаксистік қызметінде
жұмсалғандығын атап айтады. Ғалым, бұл орайда, зат есімнің барыс септігіне
тән -ғару, герү тұлғалы сөздердің үстеулердің қызметінде жұмсалуының
себебін әлі де «лексика-грамматикалық топ құрып қалыптаспағандығынан
болса керек» деп түсіндіреді [3.96].
Дегенмен, біз өз тарапымыздан аталған зерттеуші ғалымдардың
еңбектерінің құнын түсірмей отырып, олардың кейбір тұстарына қарсы
дау айтқымыз келеді. Ғ. Айдаров мысалы, жоғарыда сөз болып отырған
еңбектерінде «күн, түн» сөздерін үстеудің қатарына қосып жіберіпті. Бұл
сөздер, біздің ойымызша, Орхон-Енисей жазбаларында да қазіргі қазақ
тілінде де мезгіл мәнінде жұмсалатын зат есімдер емес пе. Бұлар, расын
айтқанда, ғалымдар тарапынан ешқашан үстеу сөз статусында қабылданған
емес. Ал соңғы автордың «үстеулер әлі де лексикалық-грамматикалық
топ болып қалыптасып болмаған» деген пікірін де қолдай алмаймыз.
Неге десеңіз, сөз табының жеке лексика-грамматикалық категория болып
қалыптасуы синтаксистік қолданыстан басталатын, сөйтіп, аталған тілді
қолданушы қауымның санасында белгілі бір сөз табына жататын сөз болып
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
23
қабылданатын, қысқасы, тым ұзақ уақытқа созылатын тілдік процесс. Олай
болса, V-VІІІ ғ. ескерткіштерінің -ғару, -герү тұлғалы сөздердің үстеу
қызметінде тұрақты жұмсалуы оның үстеулерге ауысуының белгісі болып
табылады.
Үстеулер өзге сөз таптарына қарағанда шартты түрде біршама кеш
қалыптасқан сөз табы. Үстеулердің өз алдына бөлек, дербес категория болып
орнауында өзге категориялармен бірге зат есімдер де зор роль атқарды.
Үстеулердің даму тарихында ондағы алғаш пайда болған үстеу сөздердің шығу
тегіне этимологиялық талдау жасап көретін болсақ, онда «байырғы» аталатын
үстеулердің негізінен зат есімдер екені аңғарылады. Мысалы, V-VІІІ ғ. жазылған
Орхон-Енисей ескерткіштерінде мезгіл, мекен мәндерінде қолданылған анты,
кіче, кеш, күн, түн, күндіз, апта, анда, бұнта, мұнда, өңүре, алға, үзе, үстіне,
ебүрі, ебге, қоды, төмен, ирақ, алыс, йоқару (жоғары), құрығару, артқа,
ішкерү, ілгерү және т.б. толып жатқан үстеулер шығу төркіні жағынан зат есім
болып табылады. Әрине, көне түркі жазбаларында ұшырайтын арғы негізі
зат есім болып саналатын үстеулердің көбісі қазіргі тілде қолданылмайды.
Жалпы, зат есімдер тобынан үстеулер қатарына ауысқан лексикалық
единицаларды адвербиалдану сипатына қарай екі топқа ажыратып көрсетуге
болады: а) толық немесе түпкілікті адвербиалданған зат есімдер. Бұлар
тілдің тарихи даму барысында пысықтауыштық қызметте тұрақты әрі
ұдайы қолданудың нәтижесінде өзінің бастапқы лексикалық мағынасы мен
синтаксистік функциясынан алшақтап, үстеулер категориясына біржола
ауысады. Бұған мысал ретінде септік жалғаулардың көнелену жолымен
адвербиалданған бері, кері, жоғары, төтесінен, шалқасынан, жазында,
қысында, ретімен, күнімен, түнімен т.б. тәрізді сөздерді жатқызуға болады.
Бұлардың әбден үстеуленгені соншалық, түбір мен қосымша бір-бірімен
сіңісіп, бір бүтінге айналып кеткен. Мысалға келтірілген лексикалық
единицалардың құрамындағы жалғаулар декорреляция процесіне ұшырап,
жалғау сипатынан айрылып, жұрнақ қызметін иеленген. Сондықтан да қазіргі
қазақ тілінде сөз болып отырған оның қосымшалар бар үстеулер туынды үстеулер
деп танылады. Ал, осы орайда декорреляция дегеніміз не? Оның адвербиализация
процесіне қандай қатысы бар деген заңды сұраулар туады.
Декорреляция, біздің пікірімізше, грамматикада адвербиализация
процесі аяқталғаннан кейін жүретін тілдік процесс, басқа сөз таптарына
жататын сөздер үстеулер тобына толық немесе түпкілікті ауысқаннан
кейін ол сапалық өзгерістерге ұшырайды. Яғни декорреляция процесі
бойынша, сөздің о бастағы морфемалық құрамы да, морфемалардың ара
қатысы да, саны да, орны да өзгермей, олардың тек қана сипаты мен
мағынасы өзгереді [3,301].
Сонымен, декорреляцияда сөздің морфемалық құрамы өзгермейді,
сөз бұған дейін қалай мүшеленсе, декорреляция процесінен кейін де солай
Вестник ПГУ №4, 2010
24
мүшеленетін болады. Тек қана сол сөзді құрастырушы морфемалардың сипаты
мен мағынасы, қызметі өзгеріп, басқаша танылатын болады. Мәселеге осы
тұрғыдан келгенде, қазіргі қазақ тіліндегі босқа, текке, кешке, қапыда,
күнде, баяғыда, жөнімен, ретімен, жүресінен, төбесінен тәрізді үстеулердің
құрамындағы -қа, -ке, -да, -де, -нан, -нен сықылды септік жалғауларының
сөз тудырушы қосымшаға айналуының себебін осы декорреляция процесі
аясында түсіндіруге болады.
Декорреляция процесі түркі тілдерінен басқа да тілдерде жиі кездесетін
құбылыс. Профессор Н.М. Шанский аталған процестің аффикстердің
табиғатына да зор әсер ететінін айта келіп, орыс тіліндегі братья, мужья,
зятья сөздерінің құрамындағы жинақтау мәнін білдіретін жұрнақтың көптік
мән тудыратын қосымшаға айналғанын жазады [4, 231].
Бұдан шығатын қорытынды сол, адвербиализация процесінде
зат есімдердің жаңаша сипатқа ие болуында, олардың құрамындағы
морфемалардың басқаша грамматикалық мағынада қалыптасуында
декорреляцияның да зор роль атқаратынын көрсетеді.
2. Жарым-жартылай адвербиалданған зат есімдер. Әлбетте,
синтаксистік қолданыстарға тәуелді. Сондықтан оларды тіл білімінде
кейде синтаксистік адвербиалдар деп те атайды. Жарым-жартылай
адвербиалданған зат есімдер сөйлем ішінде бірде есім мәнінде, бірдеу
үстеу қызметінде қолданылады. Сөйтіп, сөйлемде екі жақты позиция
ұстайды. Жарым-жартылай адвербиалданған зат есімдер өздерінің
бұрынғы мағынасы мен қызметінен мүлде алшақтап кетпейді, оларда
заттық мағына мен функция сақталады, тек қана сөйлемде пысықтауыш
қызметін атқарғанда үстеудің мағынасы мен қызметіне уақытша ие болады.
Егер зат есімдердің толық немесе түпкілікті адвербиалдануы дәл осы
уақытша қызметтен, синтаксистік қолданыстан басталатынын ескерсек,
онда мұндай синтаксистік адвербиалдарды үстеуленудің алғашқы сатысы
деп қарастырған жөн. Сөзіміз дәлелді болу үшін мысалдарға жүгінейік.
1. Бүгінді ертең жеңеді. Ол ертең кетеді. 2. Ертең кеш болады. Ол жұмыстан
кеш оралады. Бірінші және екінші жұптағы алдыңғы сөйлемдердегі ертең,
кеш сөздері мезгіл мәніндегі зат есім болса, соңғы қатарлардағы осы
сипаттағы сөздер үстеу мәнінде қолданылып тұр. Бұлар, әлбетте, зат
есімдердің жарым-жартылай адвербиалдануының айқын дәлелі.
Тілдік фактілер зат есім сөздердің бәрінің бірдей адвербиалдана
бермейтінін көрсетеді. Мысалы, кәсіпті, мамандықты, ономастикалық
атауларды білдіретін зат есімдер ешқашан үстеулер категориясына
ауыспайды және сөйлем құрамында үстеу қызметінде жұмсалмайды.
Себебі, олардың адвербиалдануына деген тілдік сұраныс жоқ. Тілдік
сұраныс, тілдік қажеттілік болмаған соң мұндай мәндегі атаулар ешқашан
үстеуге айналмайды.
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
25
Зат есім категориясына жататын лексикалық единицалардың ішінде
адвербиализация процесіне, әсіресе, мезгілді, мерзімді, іс-әрекеттің орнын
білдіретін сөздер бейім тұрады. Біздің байқауымызша, үстеулер тобына
зат есімдер қатарынан толық немесе түпкілікті ауысқан лексемалардың
тобын негізінен осы мағыналас сөздер құрайды. Бұл түсінікті де. Өйткені
іс-қимылды, әрекетті мезгіл, мекен, сындық-сапалық жақтан сипаттап
тұратын сөздер үстеулер тобынан үнемі табыла бермейді. Сөйтіп, тілде ондай
сөздерге деген қажеттілікті олармен семантикалық байланысы бар өзге сөз
таптарына жататын сөздер өтейді. Бұл орайда, бұған тілдегі үнем заңының
да зор әсері бар. Тілдік үнем заңы тілді басы артық элементтерден арылтып,
тілдік элементтерді үнемді әрі тиімді қолдануға қызмет ететіні белгілі. Тілдік
қажеттілік туған жағдайда кейде сөз таптарының бір-бірінің орнына бірі
қолданыла беруі кейде осы қажеттілікке байланысты болса керек.
Зерттеушілер басқа да сөз таптары сияқты зат есмідердің
адвербиалдануының мынадай шарттары бар екенін ескертеді:
а) адвербиалданатын зат есімдердің семантикалық бейімділігі болуы
керек яғни үстеуге өтетін сөздердің бойында үстеуге тән мекендік, мезгілдік
және т.б. қасиеттер болуы тиіс;
ә) адвербиалданған зат есім тұлғалары сөйлем ішінде пысықтауыш
қызметінде ұдайы әрі тұрақты қолдануы шарт;
б) септік және көсемше формалары функциялық жақтан бейімделіп,
лексикалануға бет бұруы керек.
в) адвербиалданатын зат есімдер сөйлем құрамында етістіктермен
тіркесіп келіп, онымен сөз тіркесін құрауы шарт.
Осы төрт шартқа жауап берген зат есім үстеуге айналған тұлға болып
саналады. Зат есімдердің үстеулер тобына ауысудың аталған шарттарының
немесе өлшемдерінің ішінде қайсысы маңызды роль атқарады деген сауал
төңірегінде түркологияда әртүрлі болжамдар айтылады. А.А. Юлдашев
пен Ф.А. Ганиев зат есімдердің пысықтауышының функциясын шешуші
фактор деп санаса, В.М. Насилов сөздердің тіркесімділік қасиетін алдыңғы
орынға қояды. «А в зависимости от синтаксических сочетании субстантив
адъективируется и адъектив субстантивируется и в том и в другом
определенном формах адвербилизуется».
Біз ғалымның бұл пікірлерін толық қостай отырып, жоғарыда сөз болған
басқа да өлшемдердің зат есімдердің адвербиалдануында одан кем роль
орындамайтынын айтқымыз келеді.
Енді септік жалғаулы зат есімдердің адвербиалдану мәселесіне кеңірек
тоқталайық.
Объектіге қатысы жағынан септік жалғаулары, әлбетте, екі топқа
бөлінетіні белгілі: а) объектімен байланысты септіктер; ә) кеңістік септіктері.
Тілдік фактілер адвербиализация процесіне объектімен байланысты болып
Вестник ПГУ №4, 2010
26
келетін септік жалғаулы сөздердің үстеулер қатарына мүлде ауыспайтынын
көрсетсе, кеңістік септіктердің адвербиализацияға жиі ұшырайтынын
аңғартады. Бұл, әрине, олардың қолданылу аясының кеңдігімен байланысты
мәселе. Мұның үстіне кеңістік (не көлемдік) септіктерінің олардың етістік
сөздермен емін-еркін тіркесетіні де адвербиалдануға қолайлы жағдай
жасайтынын ескерген дұрыс.
Адвербиалданған септік формаларының ішінде, әсіресе, үстеуленген
барыс септік формалары жиі кездеседі.
Орхон-Енисей жазбаларында барыс септік мәнінде қолданылған
формалардың саны қазіргі тіліміздегі барыс жалғауының грамматикалық
көрсеткіштерінен әлдеқайда мол. Аталған ескерткіштер тілінде барыс
септік қызметінде жұмсалған –ғару, -геру, -керу, -ару, -еру тәрізді
қосымшалар қазіргі қазақ тілінде барыс септік мәнінде қолданылмайды.
Тілдің даму барысында жаңа формалардың пайда болып, олардың тілде
бұрыннан бар тұлғаларды қолданыстан ығыстырып шығаратыны белгілі.
Қолданыстан шығып қалған формалардың барлығы бірдей тіл құрамынан
із-түзсіз жоғалып кетпей, олар көбінесе жекелеген сөздердің құрамында
«рудимент қосымшалар» ретінде сақталады. Жоғарыда аталған барыс
септік тұлғалары қазіргі қазақ тілінде адвербиаладанған зат есімдердің
құрамында ұшырайды. Адвербиалданған барыс жалғаулы зат есімдердің
кейбіреулерінің көнеленіп, түбір мен қосымшаның бір-бірімен сіңісіп, кірігіп
кеткені сонша, этимологиялық сараптаусыз олардың қайсысы түбір, қайсысы
қосымша морфема екенін ажырату мүмкін емес: кері, әрі, әрең, ілгері, және
т.б. Бұған керісінше, кейбір үстеуге айналған барыс септік формалы зат
есімдердің қандай түбір мен аффикстерден құралғандығын этимологиялық
сараптамасыз-ақ анық білуге болады. Олардың қандай түбірден, қандай
аффикстерден жасалғандығы сырт көзге білініп тұрады. Мысалы: кешке.
Бұл сөздің құрамындағы –ке қосымшасы тарихи тұрғыдан тілдің даму
барысында түбірмен бірігіп, декооеляцияға ұшырап, қосымшалық қасиетін
жоғалтып алған.
Сондықтан, бұл сөз қазіргі қазақ тілінің барлық оқулықтарында түбір
мен қосымша морфемаға ажырамайтын негізгі үстеу сөз ретінде анықталып
жүр. Егер осы пайымдауды дұрыс деп санасақ, нәтиженің адвербиализация
процесі арқылы іске асқаны анық. Десек те, дәл осы арада ойланарлық,
ортаға саларлық бір мәселе бар. Ол – кешке сөзінің үстеуге тән мезгілдік
мағынасы жөнінде. Зерттеушілердің көпшілігі оны адвербиализация
процесінің желісі деп қарастырады. Бірақ олар, біздіңше, бір фактіні
ескермей жүрген тәрізді. Көне түркі дәуірінде септік жалғаулары қазіргі
қалпына қарағанда көп қырлы, көп функциялы қызмет атқарған, қажет
жағдайда бір-бірінің орнына қолданылып отырған. Осыған орай, олар негізгі
грамматикалық мағынасынан басқа тағы бір септіктің мағынасын бойына
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
27
жинап алған. Екінші сөзбен айтқанда, қос грамматикалық мағына иеленген.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің тілінде мысалы, барыс септігі өзінің негізгі
мәніне қоса мезгілдік, мекендік мән беретін жатыс септігінің де мағынасында
қолданылған. Сондай-ақ, жатыс септігі іс-әрекеттің шыққан орнын
көрсететін шығыс септігінің де қызметін атқарған. V-VІІІ ғ. жазбалар тілінде
ұшырайтын бұл үрдіс қазақтың қазіргі ауызекі әдеби тілінде бар құбылыс.
Мысалы, қазіргі ауызекі сөйлеу тілінде ұшырайтын мектепте оқыды, мектепке
оқыды, мектептен оқыды деген сөз тіркестерінен көне түркі дәуіріндегі
септік жалғауларының бір-бірінің орнына ауысып қолдануыларының
ізін байқамау мүмкін емес. Бұдан шығатын қорытында сол, тілдің тарихи
даму барысында адвербиалдану процесінің нәтижесінде кешке сөзі негізгі
мағынасы бағыт-бағдар көрсетушілік мәнінен ажырап, жатыс септігінде
байқалатын мезгілдік мәніне ауысқан. Сондай-ақ кешке лексемасының
адвербиалдану жайын сөз еткенде, оның қазіргі кезде де жақын, таман, қарай
тәрізді септеулік шылаулармен тіркесіп, грамматикалық қарым-қатынасқа
түсетінін де ескермесе болмайды. Оның үстіне айтылған сөз түнде, күнде,
етпетінен, шалқасынан тәрізді әбден үстеуленген тұлғалармен салыстырғанда
еркін әрі жеңіл септелетінін де ойдан шығармаған жөн: кеш, кештің, кешке,
кешті, кеште, кештен, кешпен. Қысқасы: біздің болжауымызша, кешке сөзі
өзге мезгіл үстеулеріне қарағанда анағұрлым кеш адвербиалданған, онда да
жарым-жартылай ғана үстеуге айналған. Үстеулердің адвербиалдану сипаты
сөз болғанда, оған ықпал ететін барлық факторларды есепке ала отырып,
ғылыми тұжырым жасаған абзал.
Барыс жалғауындағы зат есімдердің бір тобы тіл дамуының көне
дәуірінде адвербиалданып, үстеулердің жеке грамматикалық категория болып
қалыптасуына зор үлес қосса, енді біразы соңғы кезеңде ғана синтаксистік
қолданыстың нәтижесінде үстеулер қатарына ауысқан. Бұлардың қайсысы
ерте, қайсысы кеш адвербиалданғанын олардың морфемалық құрамына қарап
анықтауға болады. Тіл дамуының ерте дәуірінде адвербиалданған үстеулердің
морфемалық ара-жігін ажырата беру мүмкін болмаса, қиынға соқса, тіл
дамуының соңғы кезеңдерінде адвербиалдану жолымен пайда болған
үстеулерді морфемалық құрылымына қарап оның қандай бөлшектерден
тұратынын оңай табуға болады. Олар тұлғасына қарай негізгі үстеу болып
саналғанымен, түбір мен қосымшаға қиындықсыз ажырайды.
Тіл дамуының көне дәуірінде адвервиалданған барыс жалғулы зат
есімдердің бір тобы -ғару, -геру формалы болып келеді. -Ғару, -геру тұлғалы
барыс жалғауы зат есімдер V-VІІІ ғғ. дүниеге келген түркі ескерткшітері
дәуіріне дейін-ақ адвербиалданға ұқсайды. Себебі, олар аталған ескерткіштер
тілінде құрамында аталған формалар бар йоқару-жоғары, ілгерү-ілгері, керү-
кері сөздері қалыптасқан, әбден орныққан үстеу сөз ретінде қолданылады.
Барыс жалғаулы бұл сөздер ескерткіштерде қимылдың, іс-әрекеттің бағыттық
Вестник ПГУ №4, 2010
28
мағынасын көрсетпейді, адвербиалданып, іс-әрекеттің болған орнын, мекенін
білдіріп, мекендік мағыналарда жұмсалған.
Түркологияда ол адвербиалданған -ғару, -геру тұлғалы сөздердің түбірі,
оның қандай мағынада жұмсалғандығы жайында әртүрлі пкірлер айтылып
жүр. Йоқару үстеуіне негіз болатын әлбетте, йо сөзі екені белгілі. Тіл тарихынан
зерттеушілер мұны йоқ сөзінің қысқарған түрі деп қарайды. Ал -қарұ формасы
ешбір тілдік өзгеріске түспеген, өзінің бастапқы дыбысталу қалпын сақтайды.
Кейін түбір мен форма бірігіп, адвербиалданған соң, декорреляция процесінің
әсерінен түбірдің мағынасы мен тұлғалық сипаты өзгергенге ұқсайды.
Зерттеуші Е. Саурықов барыс жалғауы жалғанған йо түбірінің мәнін көне
түркі тіліндегі қырат, шоқы мағыналарында қолданылған йоқ лексемасынан
іздейді де, оны йоқ сөзінің қысқарған формасы деп қарайды. Йоқ сөзі көне
заманда жеке лексикалық единица ретінде қолданылған. Кейінгі дәуірлерде
де аталған сөз йер лексемасымен тіркесіп, (иоқ+ер) «биік жер», «биік қырат»
деген ұғымды білдіргенін айтады. Егер тілдегі қосымшалардың арғы тегі
жеке сөздерден бастау алатынын ескерсек, несі бар, -ғару, -геру морфемасы
йер сөзінің фонетикалық өзгеріске ұшырауынан қалыптасуы да мүмкін. Түркі
тілдерінің дыбыстық жүйесінде й -ж дыбыс сәйкестігі бар екенін ескерсек,
йер сөзінің бастапқы дыбысы тілдің даму барысында г (ғ) дыбысына айналған
да, содан барып –герү, -ғарү тұлғасы қалыптасқан болып шығады. Ал ү (у)
ескі кезеңде бағыттық мағынаны білдірген сөздің қысқарған түрі болуы да
ғажап емес.
Түркологияда -ғару, -геру морфемасының этимологиясы, шығу тегі
жайында түрлі көзқарастар, ғылыми болжамдар көп. Соның ішінде ең
елеулілеріне тоқталып өтейік.
Белгілі түрколог Г.И. Рамстедт оны құранды аффикс деп атап көрсетеді
(ға+ ру) де, оның алдыңғы бөлігі -ға қосымшасын барыс септігінің
грамматикалық көрсеткіші деп, ал -ру жұрнағын деректив деп таниды.
Ғалымның бұл пікірін соңынан В. Котвич қолдай келіп, өз жорамалын да
ұсынады. Оның айтуына қарағанда, аталған қосымша өте ерте заманда болған
моңғол-түркі тіл бірлестігінің қалдығы, қазіргі моңғол тіліндегі сөз тудыруда
актив қолданылатын -гаду қосымшасы [7-354]. Аталған қосымшаның
құранды екені оның -ға, -ру аффикстерінен жасалғандығы, -ға тұлғасының
барыс септігінің грамматикалық көрсеткіші болып табылатындығын қазақ
тілшілері де мойындайды. Бірақ түркологияда да, қазақ тіл білімінде де
аталған құранды қосымшаның соңғы бөлігі -ру, -рү аффиксінің шығу тегі
жайы сөз болғанда зерттеушілердің пікірі бір жерден шыға бермейді.
Тілдік фактілер көне түркі ескерткіштерінде кездесетін -ғарү, -герү,
-керү, -ару, -еру тұлғасының үстеу қалыптасырушы форма екенін дәлелдесе,
олардың әлі де болса септік жалғауларының қызметінен алыстап кетпегенін
көрсетеді. Сөзімізге дәлел болу үшін мысалдарға жүгінейік:
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
29
Көне жазба ескерткіштер тілінде -гару, -геру, -кару, -керу, -ару, -еру
формаларының барыс септігінің мәні мен қызметінде жұмсалғандығы
мынадай мысалдардан айқын көрінеді.
-Ол үч каған өглесіп: Алтун йыш үзе қабысалым тіміс. Анчи өглссміс.
өнре Түрк қағанғару сүлелім, тіміс, аңару сүлемесер. Кач нсн ерсер. «Ол үш
қаған кеңесіп: Алтын қойнауына жетейік деп, былай депті, шығыста (алда)
түрік қағанына қарай аттанайық, егер оны шаппасақ, ол бізді (құртады,
жеңеді)».
-Көк Өңүг йуғуру Өтүкен йышғару удызтым «Көк Өңүг өзеніне өтіп.
Өтүкен қойнауына бастадым».
-Апа тарқанғару ічре саб ыдмыс: Білге Тониқуқ. Анығ ол, өз ол аңлар
«Апа тарқанға жасырын сөз жолдапты: Білге Тониуқұқ өзі айлакер, өзі
пайымды...»
Келтірілген мысалдардан аталған форманың сөйлемдегі қызметі бағыттық
барыс септігі екендігіне толық көз жеткізуге болады. Мысалдардағы -гару,
-геру, қару, керу, ару, еру жалғаулары білдіретін грамматикалық мағынасы,
атқаратын қызмет аясы жағынан үстеулер тобына еш жақындамайды. Яғни,
бұл сөздердің құрамындағы формалар адвербиалдану процесіне ұшырамаған,
зат есімнің сөз түрлендіруші септік жалғауы болып қалған.
Тіл дамуында кейбір жекелеген сөздер құрамындағы аталған форма
тұтастай сөз түрлендіруші барыс септігі қызметінен айырыла бастаған. Оған
себеп, осы формалармен сақталатын бірқатар сөздер сол кездің өзінде-ақ
лексикаланып, өзге сөз табы қатарына ауыса бастаған. Осындай тілдік
заңдылықтарға сай құранды барыс септігі біртіндеп қолданыстан шығып, ал
бірқатарлары жекелеген сөздер құрамында «өлі» элемент, көнеленген форма»
ретінде сақталған.
Зерттеліп отырған құранды -гару, -геру, -кару, -керу формаларының
екінші, негізгі қызметінің ерекшелігіне тоқталайық. Қолданылу аясына сай
грамматикалық мағыналарының түрлі болып келуі жалғаулардың даму
заңдылығын көрсетеді.
Енді барыс жалғаулы зат есімдердің адвербиалдануына дәлел ретінде
көне түркі ескерткіштерінен мысалдар келтірейік:
Ілгерү Қадырқан йышқа тегі, керү Темір қапығқа тегі қонтурмыс. Ілгері
қадырқан қойнауына дейін, керү Темір қақпаға дейін жайлаған («Күлтегін»
жазуынан). Қаным Елтеріс қағанығ өгім Ебінге қатун теңрі төтесінше тутуп
йөгерү көтүрміс ерінг. «Әкем Елтіріс қағанды, шешем (анам) Ебілге қатынды
тәңірі төбесіне ұстап, жоғары көтерген екен».
Айғақ ретінде аталған сөйлемдегі ілгерү, көрү, йоқары сөздері барыс
жалғауының грамматикалық мәнін емес, адвербиалданып, үстеуге тән
мекендік мағынаны білдіріп тұр. Бұған қарап, үстеулер көне түркі дәуіріне
дейін-ақ адвербиализация процесінің нәтижесінде басқа сөз таптарынан
Вестник ПГУ №4, 2010
30
ауысып келген сөздердің есебінен толыққан, грамматикалық мағынасы мен
қызметі айқындалған, дербес грамматикалық категория болып қалыптасқан
деген қорытынды жасауға болады.
Барыс жалғаулы зат есімдердің де адвербиалданып, үстеулер қатарына
ауысуының, біздіңше, екі түрлі себебі бар. Бірінші себеп, әрине, ол-үстеулерге
деген қоғамдық-әлеуметтік сұраныс, екінші себеп осы бірінші себептен
туындайтын тілдік себеп. Тілдік себеп өз кезегінде синтаксистік қолданысты
тудырады. Тілдік қажеттілікті өтеу мақсатында тілде дайын күйінде тұрған
үстеу сөздер жоқ болғандықтан семантикалық мәні жағынан жақындығы бар
өзге сөз таптарына жататын сөздер үстеу қызметін атқара бастайды. Уақыт
өте келе үстеулерге тиесілі пысықтауыш қызметінде ұдайы әрі тұрақты
қолданылған барыс жалғаулы сөздер сол функцияда әбден тұрақталып,
бұрынғы грамматикалық мәнінен біржола айрылып, үстеулер тобына
түпкілікті ауысады. Тілдің даму барысында түбір мен қосымша бір-біріне
сіңісіп, әбден көнеленіп, бөліп жаруға келмейтін біртұтас тұлғаға айналады.
Түбірге қосылған форма онымен сіңісіп, дерексізденіп, бірте-бірте көнеленеді.
Әлбетте, түбір мен форманың мағыналық жақтан сіңісіп, бір бүтінге айналуы
сөздің ішкі қабаттарында жүріп жатады. Ал сөздің сыртқы қабығы болып
саналатын дыбыстық құрылым (не дыбыстық комплекс (бастапқы кезде)
өзінің сыртқы пішінін біраз уақыт сақтағанымен, тілдің даму барысында ол
да өзгеріссіз қала алмайды. Тілге әсер ететін ішкі және сыртқы факторлардың
әсерінен олар да дыбысталу қалпын өзгертіп, бір формадан екінші формаға
ауысып отырады.
Түбір мен форманың, жалпы сөздің дыбысталу қалпын өзгертіп,
басқаша сипатталуына әсер ететін ішкі факторларға дауысты және
дауыссыз дыбыстар жүйесінің дамуы, тілде пайда болған түрлі
фонетикалық құбылыстар мен заңдар, фонемалардың бір-біріне ықпалы
сықылды факторлар жатса, сыртқы әсерлерге қоғамдық-әлеуметтік өмірде
үздіксіз болып жатқан түрлі өзгерістер, жаңалықтар, шет мемлекеттермен
арада болатын сауда-саттық, экономикалық байланыстар арқылы өзге
тілдерден енген сөздермен бірге келген кірме дыбыстар жатады. Осындай
тілдің дамуына тікелей немесе жанама түрде әсер ететін ішкі және сыртқы
факторлардың әсерінен сөздің ішкі мазмұнымен қатар сыртқы формасы
да өзгеріп, түрленіп отырады. Сөзімізге дәлел ретінде Орхон-Енисей
жазбаларында ұшырайтын йоқары сөзін алайық. Бұл сөз қазіргі түркі
тілдерінің көпшілігінде жоғары түрінде айтылатыны белгілі. Әрине,
бұл лексеманың қазіргі кезде ішкі мағыналарында айырмашылық жоқ
болғанымен, сыртқы түр-тұрпаттарында өзгешеліктер бар екені көзге
бірден шалынады. Көне түркілік дәуірде йоқары сөзінің дамуында, оның
фонетикалық сипатын өзгертуде ішкі факторлардың ерекше ықпалы
болғаны байқалады. Сөз басында айтылатын й дыбысының тіл дамуы
серия
ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ
31
барысында ең жаңа түркі тілдерінде (соның бірі-қазақ тілі) ж фонемасына
айналғаны белгілі. Ал, сөз ортасындағы қатаң қ дыбысының ұяң ғ
дыбысына айналуы түркі тілдерінің дамуының орта ғасырлық дәуірінен
қалыптасқан сингармонизм заңының әсерінен болған құбылыс.
Бұл сөз, қорыта айтқанда, тарихи-диахрондық тұрғыдан қарастырғанда
ғана барыс септігінің формасы деп танылады. Ал, тілдің қазіргі қалпы немесе
синхрондық күйі жағынан аталған тұлға қосымша қасиетінен айрылған,
көнеленген форма, болмаса лексикаланған морфема болып танылады.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. В.М. Жирмунский. О природе частей речи и их классификаций.
В сб.: «Вопросы теорий частей речи». - Ленинград, 1968.
2. А.А. Потебня. Из записок по русской грамматике. - Харьков, 1966.
3. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. Алматы: «Санат», 1993.
4. Н.М. Шанский. Очерки по русскому словообразованию. Изд. МГУ,
1968.
5. В.М. Насилов. Глагольные имена и их развитие в тюркских языках.
В сб.: «Вопросы тюркской филологии». Изд. МГУ, 1960.
Резюме
В статье рассматриваются адвербализационные падежные
формы в казахском языке.
Resume
The article considers adverbialized case forms in the Kazakh lan-
guage.
ƏОЖ 81
ЛАКУНА БОЙЫНДАҒЫ УӘЖДІЛІК ҚЫЗМЕТ
М.Б. Аманжолова
С. Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университеті
Әр түрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесеп
қолданылатын жағынан танып оны өзіне таныс құбылыстармен
байланыстыратыны белгілі. Яғни ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс
болмысы тіл фактілеріне айналып халықтың таным түсінігі атауыштық мәнде
сөзбен бейнеленеді. Осының негізінде сол затты танып біліп басқалардан
ерекшелігін анықтағаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер
әр түрлі болуы мүмкін. Тіл білімінде ол белгілерді уәж деп атайды [1].
Достарыңызбен бөлісу: |