Философия кафедрасы Ont 1405 «Онтология»



бет1/12
Дата20.02.2023
өлшемі48,42 Kb.
#69366
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1111 ОНТОЛОГИЯ СЕМИНАР Документ Microsoft Office Word

ӘЛ ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ ЖӘНЕ САЯСАТТАНУ ФАКУЛЬТЕТІ


Философия кафедрасы


Ont 1405 «Онтология» пәні бойынша

5В020100 Философия мамандығына арналған


СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ,
СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР

«Онтология» пәні бойынша
СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ,
СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУЛАР
«Онтология» пәні бойынша өткізілетін практикалық сабақтардың мақсаты – дәрістерден алған білімдерін тексеру, оларды ауызша өз бетінше баяндап беруге үйреті, оны өмірлік мақсаттарда қалай қолдану қажеттігіне үйрету, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту, ғылыми танымның жалпы негіздерін игерту және оны басқа да ғылыми бағытта қолдануға машықтандыру болып табылады.
Практикалық сабақтардың сұрақтарын ОӘК-не кіретін тараулардан табуға болады. Сондай-ақ, бұдан басқа да қосымша оқу материалдарын пайдалынып, негізгі тақырыптан ауытқымай, лекцияларды дамытуы тиіс.
Практикалық сабақтара дайындық барасында аталған тақырып толық ашылуы тиіс, бұнда тек қана интернет материалдарымен шектелуге болмайды, дайындықты конспект түрінде ұсынуға болады, бірақ оны бастан аяқ оқып беру бағаланбайды, сондықтан, жауап берушіге өзінің баяндаған мәселелері бойынша қосымша үш сұрақ беріледі, біріншісі, өзі айтып өткен мәселелер, екіншісі, оған қатысты мәселелер, үшіншісі, айтқан теориясы бойынша кітаптан басқа өз бетінше мысалдар келтіру туралы болып кледі.
Сабақ барысында көрнекі құралдарды пайдалануға болады, бірақ слайд сияқты жеңіл рәсімдерді көп пайдалануға да жол берілмейді. Сондықтан, да семинар сабағындағы жауап, оның мазмұнының көптігіне қарап емес, ең бастысы нені, қалай түсінгендігімен бағаланады.
Практикалық сабақтарға түгел қатысуы тиіс және ол белсенді түрде құрылып, сұрақтар қойылып, оған жауаптар да әзірленуі керек. Әрбір семинар сабағына жауап беру 5 баллмен өлшенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет