Философия пәні, қызметтері мен міндеттері Тексерген: Зейнуллина Жанна Русланқызы Орындаған: Намазбай Ақарысбек



Дата22.04.2023
өлшемі1,33 Mb.
#85527

Философия пәні, қызметтері мен міндеттері
Тексерген: Зейнуллина Жанна Русланқызы
Орындаған:Намазбай Ақарысбек
Философия пәні
Адам мен ғаламның арақатынасы – адамның ондағы алатын орны философияның қарастыратын әмбебап мәселесі. Жалпы философия таным, табиғатты бастама ретінде адам мен қоғам мәседелерін зерттейтін ғылым.
ФИЛОСОФИЯ ертедегі грек сөзінен аударғанда (phileo – сүйіспеншілік, sopia – даналық деген сөздер) даналыққа құштарлық деген ұғымда, ең алғаш ертедегі грек философы Пифагор (б.з.д. 580-500 жж.) еңбектерінде философия термині кездеседі. Бұл сөздің рухани мәдениетке, ғылыми білімге енуі Платонның (б.з.д. 428-347 жж.) есімімен байланысты.
Философияның қызметтері мен міндеттері
Философияның негізгі міндеттері: көзқарастық, сыни, гуманистік, болжамдық, методологиялық, теориялық ойлау, аксиологиялық, әлеуметтік.Көзқарастық қызмет – ең басты міндет, ол адамның дүниеге деген көзқарасын қалыптастырады.Сыни қызмет – қоршаған әлемнің, білімнің барлығына күмін келтіреді.. Оның негізгі мақсаты – таным шекарасын кеңейту.Гуманистік қызмет – материя мен табиғаттың, адам мен оның санасының, қоғамның, танымның дамуының жетістерін анықтайды.Болжамдық қызмет – дүниедегі барлық процестерді, адам өмірі мен санасының дамуын болжайды.Методологиялық қызмет – бізді қоршап тұрған дүниенің әдісін қалыптастырады.Теориялық ойлау қызметі – философиялық тарихи ойды теориялық жүйеге келтіреді.Аксиологиялық қызмет – әлемдегі басты құндылықтары (моральдік, эстетикалық, ғылыми т.б.) анықтайды.Әлеуметтік қызмет – қоғамды зерттейді.
  • Дүние қалай жаратылған,
  • Бастамасы қайда?
  • Ол мәңгілік пе?
  • Адам дегеніміз не ?
  • Оның дүниедегі орны қандай?
  • Ақиқат пен жалғанның ара салмағы неде?
  • Өмір сүрудің мәні бар ма?
  • Адам өмірінің мәні неде?
  • Адам баласы қалай пайда болды?
  • Қозғалыс мәңгі ме, әлде уақытша ма?
  • Адам мен жануарлар өмірі және олардың қатынасы қалай?
  • Олардың өмір сүру ортасы деген не?
  • Осындай «мәңгілік» сұрақтарға жауап іздеу

  • ФИЛОСОФИЯНЫҢ МІНДЕТІ.

Философиялық білімнің ерекшеліктері
Философия пәнінің негізгі әдістері
Философтардың философия туралы
түсініктері
Пифагор
“Даналыққа құштарлық”
Сократ
“ Ізгілік пен зұлымдықты тануға бағытталған ерекше ғылым”
Платон
“ Мәңгі ақиқат болмысты тануға бағытталған ерекше ғылым”
Аристотель
“Заттардың себептері мен қағидаларын зерттеу”
Эпикур
“ Ой арқылы бақытқа жету жолы”
Гегель
“Өзін-өзі танитын Абсолютті ақыл туралы ғылым”
Кант
“Дүниені абстрактылы метафизикалық ұғымдар арқылы тану құралы”
Қорытынды
Философия — адамзат баласының сонау
ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның
жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез-келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін,
діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер
бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне,
осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады.
Философия дүниеге көзқарастың
бір түрі. Дүниеге көзқарас - дүние туралы
жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет