Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі



Pdf көрінісі
Дата13.02.2023
өлшемі44,2 Kb.
#67610


Философияның негізгі зерттеу нысандарының бірі адам екені көне заманнан белгілі.
Адам мəселесі – философияда толық шешімін таппаған іргелі тақырып. Ертедегі
ойшылдардың адам жөніндегі, оның дүниедегі атқаратын қызметі мен алатын орны
жайлы ой-толғауларына тоқталып көрейікші. Грек ойшылы Протагор: «Барлық заттың
өлшемі-адам» деген қанатты сөзін тілге тиек етсе, Көне Қытай философы Лао Цзы:
«Басқаларды білетін адам-ақылды, өзін танып білген адам – данышпан»,- депті. Үнді
философиясының, буддизм ілімі өзінің алдына адамды қиналу азабынан құтқаруды
мақсат етіп қояды. Ал қазақтың ұлы данышпаны Абай: «Атаңның баласы болма,
адамның баласы бол» атты қанатты сөз қалдырған. Адам мəселесі жəне оның тарихи
дамуы, философиялық тұжырымдар мен толғамдар қазақ ойшылдарын да бей-жай
қалдырған емес. Адамды философиялық тұрғыдан түсінудің іргетасы осы қалыптасқан
түсініктер, идеялар образдар мен ұғымдар негізінде, философия мен мифология
арасындағы сұхбат нəтижесінде қаланды. Абай заманынан алыс кетсек те, даналық
ойларын санамызға сіңіре отырып, оның рухани əлеміне жақындай береміз. Хəкім Абай
өзінің азаматтық көзқарасын, халқының өмірін, болмыс тіршілігін, қара сөздері арқылы
паш етті.
Абайдың рухани əлемі дүниетанымы ерекше бір тылсым, таптырмайтын құндылық.
Оның ойшыл - дана ретіндегі философиялық орталық мəселесі адам. Абай өзінің
азаматтық парызын түсініп, саналы түрде жаңа ізденістер мен ерекше əрекеттер
жасап, адамтану адам болу ілімінде көп жаңалықтар ашты. Абай философиясының
басты мақсаты адамды барынша жоғары денгейге жеткізіп, кемелдіктің
онтологиялық-аксиологиялық мəнін ашу. Бүкіл өміріне азық етіп басқаларға да
шарапатын тигізу. М.Əуезов Абайдың: «ұстаздық, əлеуметтік талабының түп мақсаты
жеке адамдарды жаманшылдықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын
жəне бар халқын түзетіп өзгертпек болады»;- дейді. Бұл тұжырым Абайдың
адамгершілік тəрбиеге, оның негізі болатын мораль философиясына орала беретін
себебін ашып көрсетеді. Абай қазақтардың өткені мен бүгінін, болашағын, салт-дəстүрі
мен рухани мəдениетін жетілдіру, жастарға адамгершілік тəрбие беру жолдарын
тынымсыз ойлаумен өтті. Бүгінгі уақыттың талабына сай ой түйіндейтін болсақ, хакімнің
ойлау мəдениеті қазақтың менталитеті, болмыс бітімі қандай, оған тəн кемшіліктерді
қалай жоюға болады, деген сауалдар төңірегінде өрбіді. Ол өзінің бүкіл болмысын,
білімі мен өмірлік тəжірибесін, поэзия мен прозасын, ой-толғанысы мен философиясын
адам бойынан таба білді. Ол кісілік қасиеті, білімі мен парасатын елдің қамын ғана
емес, адамзаттың мақсат-мүддесін ойлайтын, дүниеге əлем тұрғысынан қарайтын
адамды тəрбиелеуге жұмсады. Ұлы данышпанды адам өмірінің мəні, тұрмыс тіршілігі
мен болмысы, ар – намысы сияқты мəселелер ерекше толғандырды. Ол былай дейді:
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес, Ол бірақ қайтып келіп, ойнап күлмес, «мені» мен
«менікінің» айрылғанын, «өлді» деп ат қойыпты өнкей білмес[1]. Өйткені,
қоғамдағы құбылыстар мен процесстердің өзегі адам болмысы болып табылады. Бұл
жерде «мен» деген не, «менікі» деген не, сауалдарға жауапты Абайдың өзінен
табамыз. ”Мен” дегеніміз ақыл мен жан. Екеуі де рухани түп негіз. “Менікі” деп сөзді
тəнге қатысты айтып отыр. Абай адам баласының жаман-жақсы қасиеттеріне терең
мəн беріп, философиялық ой толғауларында атап көрсетеді. Отыз сегізінші сөзінде
Абай: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нəрсе бар, сонан қашпақ керек дейді.
Əуелі надандық, екінші еріншектік, үшіншісі зұлымдық. Үш - ақ нəрсе адамның жақсы
қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» [2].
Адам бойындағы осы үш қасиеттің басын қосып, оны үлкен əлеуметтік ізгі күшке
айналдыратын ғылым деген қорытындыға келеді. Ол ғылымды үйреткенде,


бақталастық, атақ – данқ үшін емес, айқын мақсатпен, білмек үшін үйрену керектігін
баса айтады. Өйткені қай қоғамда болмасын, бақталастық адамды жаман жолға
жетелейтіні рас. Абайдың пікірі бойынша адамгершілік нормалары мен принциптерін
күнделікті өмір сүру тəсіліне айналдырған адамды ғана нағыз адам деп есептеуге
болады. Сондықтан: «адам болам десеңіз, оған қайғы жесеңіз…Бес нəрседен қашық
бол. (Бес дұшпан- Өсек, Өтірік, Мақтаншақ, Еріншек, Бекер мал шашпақ) Бес асыл іс-
Талап, Еңбек, Терең ой, Қанағат, Рақым)».
Бұл өлеңде Абай «адам болу» қағидасын үсынады. Бекер даурығып, өтірік айтып,
жалқау болудың орнына өнер – білімнің арқасында өзіңнің орныңды тап дейді. Адам
өміріне мəн беретін, негізгі нəрсе өзінің бойындағы адамшылдықты жоймау. Бүкіл өмір
бойында адамға лайықты өмір сүру. Бұл дүниеге адам болып келген соң, адам болып
кету керек. Қандай жағдай болмасын адамдық қасиетті жоғалтып алмау, адамның
басқа адамдар алдындағы жауапкершілігі. Ол адам тарапынан ерік-жігерді, қайратты
қажет
етеді. Отыз алтыншы қара сөзінде: «Ұяты күшті адамдар ұйқыдан тамақтан қалатұғыны
да бар, хатта өзін - өзі өлтіретұғын кісілер де болады. Ұят деген адамның өз бойындағы
адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіс қылған қысымның аты»,- дейді
[3].
Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мəселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен
хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік
қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам – иманды. Ойшыл Абай адамдық
танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: «Қарыны
аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап – ішуге
малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа əртүрлі бəлеге ұрлық зорлық, қулық
сұмдық секілді нəрселерге үйірлендіруге себеп болатын нəрсе» деп ой түйіндейді [4].
Бұл пікірді мақұлдауымыз қажет. Өйткені, қай қырынан алсақта философия адам мəні,
оның болмыстық мақсаты сынды мəселелерді айналып өте алмайтыны ежелден мəлім.
Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы.
Абайдың қара сөздерінен, таусылмас рухани қазынасынан, оның адамның өмір сүру
философиясын бес бағытта қарастыранын аңғаратынымыз. Біріншісі, жеке
адамдардың тұрмыс тіршілігі. Екіншісі, əлеуметтік топтардың қоғамдағы алатын орны,
мінез-құлқы, менталитеті, психологиясы; Үшіншісі, ұлттың ата-бабалардан мұраланған
өзіндік өмір салтын, дəстүрлі мəдениетіне бейімделген мұрат-мақсаттарын болмыстың
жаңа сұраныстарына байланысты жаңартып, жаңғырту жолдары. Төртіншісі, адамзат
тарихында қалыптасқан моральдық құндылыққа сай келетін үрдістердің өркениетпен
сабақтасу жолдары. Бесіншісі, имандылық жолымен Алла болмысын тану. Адамның өз
ісəрекетін, сөзін, Иллаһи қағидаларына, пайғамбар хадистеріне, өнегелеріне сай
келтіруге ұмтылу. Жаратушы махаббатына сүйіспеншілікпен жауап қайтару жолы. Бұл
бес тармақты бағыт, адамның жаны мен тəнінің дамуы мен өркендеуі, өсу негізінде
қалыптасатын, бүгінгі өмірде маңызды орын алатын талпыныстар. Абайдың ойлау
жүйесі, адам өмір сүруінің философиясы мен табиғатына, адамзат болашағына зор
сенім негізінде қалыптасқан.
Кенжебай Гаухар Диз-21


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет