Оқу процесі үш кезеңнен тұрады. Біріншісі



Дата15.07.2023
өлшемі101,34 Kb.
#104396
Байланысты:
Курс корғау

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – қарқынды өзгеріп жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда өмір сүруге ғана емес, сонымен қатар өзін қоршаған ортаға белсенді әсер етіп, оны жақсартуға және жетілдіруге дайын функционалдық сауатты тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаға қойылатын негізгі талаптар – шығармашыл, белсенді, әлеуметтік жауапты, зияткерлік әлеуеті дамыған, жоғары білімді, кәсіби сауатты. Функционалдық сауаттылық бастауыш сыныптарда қалыптасады және сөйлеу әрекетінің әртүрлі түрлеріне – оқылым мен жазылым, айтылым мен тыңдалым дағдыларына негізделеді.

Функционалдық оқу сауаттылығы – оқудың әртүрлі түрлерін қолдана білу: оқу, көру, танысу; мәтінді оқу және түсіну әдістерінің бір жүйесінен екіншісіне ауысу мүмкіндігі, сонымен қатар көркем мәтінді талдай білу.

Бастауыш мектептегі әдебиеттік оқу сабағының мақсаты – балаларды көркем әдебиетті оқуға дағдыландыру, орта мектепте жүйелі түрде оқуға дайындау, оқуға қызығушылығын ояту, оқу техникасын да, оқығанын түсіну әдістерін де меңгерген, кітаптарды өз бетінше таңдай алатын сауатты оқырманды қалыптастыру үшін негіз қалау.


Оқу процесі үш кезеңнен тұрады.
Біріншісі – мәтінді қабылдау, оның мазмұнын ашу, жеке сөйлемдерден жалпы мазмұн құралатынын ерекше ұғындыру (зерделеу, сөздердің мағынасын анықтау, сюжетті талдау, жандандыру және қайталау).
Екіншісі – мәтінді түсіндіріп беру: түсіндіру, салыстыру және салғастыру, жалпылап талдау, өз тәжірибесімен байланыстыру, мәнмәтін мен қорытынды туралы ойлау.
Үшіншісі – жаңа мағынаны қалыптастыру, яғни меңгерген жаңа білімді меншікті ретінде «иемдену».
Сыныпта диалогтік оқуды ұйымдастыру функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға оң ықпалын тигізеді, өйткені диалог: оқушыларға тақырып туралы өз түсініктерімен бөлісуге мүмкіндік береді; адамдарда әртүрлі пікірлер мен идеялар болуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі; оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне ықпал етеді; мұғалімге оқушылардың оқу процесінде қандай сатыда екенін түсінуге көмектеседі, ал бірлесе білім алу немесе «ой алмасу» процесіне қатысу, диалогтік оқу арқылы әр оқушының негізгі құзіреттілігі қалыптасады және дамиды. Ғылыми зерттеулердің нәтижелері диалогтің сабақта басты орын алатынын көрсетеді. Мерсер және Литтлтон өз жұмысында сыныптағы диалог оқушылардың зияткерлік дамуына және оқу нәтижелеріне оң ықпал ететінін атап көрсеткен. Зерттеуде ересектермен және құрдастарымен интербелсенді қарым-қатынас балалардың білім алуына және танымдық дамуына ықпал ететіні атап өтілген. Балаларды топтарға бөлу үшін: сабақтың тақырыбына сәйкес келетін тақырыптық суреттерді; кез келген шығармадағы әдеби кейіпкерлердің есімдері мен портреттерін; шығармадан алынған жолдарды; шығармаларға иллюстрация түріндегі пазлдарды қолдануға болады.

Л. Выготский кіші жастағы балаларды әлеуметтік өзара әрекеттесу процесінде танымдық тұрғыдан дамитын оқушылар ретінде сипаттайды; нақтырақ айтқанда, оқушылардың өзінен анағұрлым қабілетті оқушылармен қарым-қатынас жасау және қоршаған ортамен, мәдениетпен әрекеттестік арқылы ойлау дағдысын жетілдіруге болады.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет