Физика 2022-2023 оқу жылы



Дата16.03.2023
өлшемі1,29 Mb.
#74972
Байланысты:
Физика 2022-2023 тест новый студенттерге


Физика 2022-2023 оқу жылы.

Модуль №1 Механика
Тақырыбы: Кинематика.

  1. Материя қозғалысының ең қарапайым формасын,яғни денелердің немесе олардың жеке бөліктерінің бір-бірімен салыстырғанда орын ауыстыруын зерттейтін ғылымқалай аталады?

A.механика B.динамика C.статика D.кинематика E.сұйықтар мен газдардың механикасы

  1. Қозғалысты, оны тудырушы құбылыстарды қарастырмай, зерттейтін механикалық бөлім қалай аталады?

A.кинематика B.механика C.динамика D.статика E.сұйықтар мен газдардың механикасы

  1. Кеңістікте қозғалыстағы денелерді қозғалмайтын басқа денелермен салыстырып қарастыратын жүйе қалай аталады?

A.санақ жүйесі B.материалық нүкте C.айналмалы қозғалыс D.орын ауыстыру
E.механикалық қозғалыс

  1. Түзудің бір нүктеден екінші нүктеге жүргізілген кесіндісі қалай аталады?

A.орын ауыстыру B.санақ жүйесі C.айналмалы қозғалыс D.механикалық қозғалыс
E.санақ жүйесі

  1. Дененің бірлік уақыт ішіндегі атқарған орын ауыстыруы қандай шамамен анықталады?

A.жылдамдық B.үдеу C.масса D.жүрілген жол E.уақыт

  1. Бір дененің басқа материалдық денелермен салыстырғанда орын ауыстыруы қандай қозғалыс түрі?

A.механикалық қозғалыс B.материалық нүкте
C.айналмалы қозғалыс D.орын ауыстыру E.санақ жүйесі

  1. Материалдық нүктенің қозғалыс кезінде із қалдыруы қалай аталады?

A.траектория B.санақ жүйесі C.орын ауыстыру D.механикалық қозғалыс E.санақ жүйесі

  1. Қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері ескерілмейтін денелер қалай аталады?

A.материальдық нүкте B.траектория C.жылдамдық D.масса E.уақыт

  1. Дененің қозғалысы кезінде дененің барлық нүктелері бірдей уақыт аралығында бірдей орын ауыстыратын қозғалыс түрін атаңыз?

A.ілгерілмелі қозғалыс B.механикалық қозғалыс
C.айналмалы қозғалыс D.бірқалыпты қозғалыс E.орын ауыстыру

  1. Жылдамдығы кез-келген уақыт аралықтарында бірдей өзгеретін қозғалысты қандай қозғалыс түріне жатқызамыз?

А.бірқалыпты үдемелі қозғалыс B.ілгерілемелі қозғалыс C.механикалық қозғалыс
D.айналмалы қозғалыс E.орын ауыстыру

Тақырыбы: Динамика.



  1. Денелердің әсерлесу кезіндегі қозғалысының өзгерісін зерттейді бөлім қалай аталады?

A.динамика B.кинематика C.статика D.механика E.электродинамика

  1. Дененің жерге тартылуы кезінде оған қарсы әсер ететін екінші денеге түсетін күш қалай аталады?

A.салмақ B.масса C.жылдамдық D.уақыт E.жол

  1. Инерттіліктің сандық өлшеуіші қалай аталады?

A.масса B.салмақ C.уақыт D.жол E.жылдамдық

  1. Табиғатта денелердiң өзара әсерлесулерiнiң қанша түрi бар?

A.4 B.5 C.2 D.1 E.3

  1. Бiр-бiрiне қатысты қозғалатын денелердiң арасында немесе бiр ғана денелердiң бөлшектерiнiң арасында пайда болатын және әрқашан қозғалысқа қарама-қарсы бағытталған қандай күш түріне жатады?

A.үйкелiс күшi B.тартылыс күші C.серпімділік күші D.ауырлық күші E.салмақ

  1. Күштің өлшем бірлігін анықта?

А. Ньютон B.Джоуль C. Паскаль D.Кулон E.Метр

  1. Ньютонның екінші заңының формуласын анықтаңыз?

А. F=mɑ B. F=mℓ C. F=mq D. F=mη E. F=mβ

  1. Бір дененің екінші бір денеге әсерін сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?

А. күш B. масса C. аудан D. жол E. уақыт

  1. Үйкеліс күшінің формуласын анықтаңыз?

А. F=μN B. F= Nη C. F=q μN D. F=mμN E. F=mβN
10.Массаның өлшем бірлігін анықта?
А. Килограмм B.Джоуль C. Паскаль D.Кулон E.Метр

Тақырыбы: Статика



  1. Денелердің тепе-теңдіктегі шартын оқып-зерттейдін бөлім қалай аталады?

А.статика B.динамика C.кинематика D.механика E.электродинамика

  1. Дене массасының оның жылдамдығына көбейтіндісіне тең шама қалай аталады?

A.дене импульсі B.жол C.жұмыс D.аудан E. күш моменті

  1. Денеден оның қандай да бір бөлігі бөлініп шыққан кездегі қозғалысы, қандай қозғалыс түріне жатады деп атайды?

A.реактивті қозғалыс B.жылулық қозғалыс C.ілгерілемелі қозғалыс
D.механикалық қозғалыс E.түзу сызықты қозғалыс

  1. Тепе-теңдік міндетті түрде тыныштық күйге жата ма?

A.жоқ B.иә C.анықталмаған D.кемиді E.артады

  1. Статика қанша бөлімдерге бөлінеді?

A.2 B.1 C.3 D.4 E.5

  1. Кез келген механикалық жүйенің жалпы шартын белгілейтін ығысудың ықтималдық принципі негізделген статика бөлімі қалай аталады?

A.аналитикалық статика B.геометриялық статика
C.материя D.динамика E.оптика

  1. Материялық бөлшектер мен абсолют қатты денелерге әсер ететін күштердің қасиеттерін өрнектейтін аксиомаға негізделген статика бөлімі қалай аталады?

A.геометриялық статика B.аналитикалық статика
C.материя D.динамика E.оптика

  1. Денелердің қозғалыстағы энергиясы, қандай энергия түріне жатады?

А.кинетикалық энергия B.потенциалдық энергия
C.ішкі энергия D.күш E.кернеу

  1. Грек сөзінен аударғанда statіke қандай мағынаны береді?

А.салмақ B.күш C.жол D.уақыт E.жылдамдық
10. Жылдамдық қандай бірлікпен өлшенеді?
А. м/с B. кг C. Дж D.Кл E.м

Тақырыбы: Сақталу заңдары



  1. Қозғалыстағы денелердің энергиясы, энергияның қандай түріне жатады?

А.кинетикалық энергия B.ішкі энергия C.потенциалдық энергия
D. айнымалы энергия E.анықталмаған

  1. Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?

А.дене импульсі B.күш моменті C.энергия D.жұмыс E.қуат

  1. Дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физиалық шама қалай айталады?

А.дене импульсі B.күш моменті C.энергия D.жұмыс E.қуат

  1. Күш пен орын ауыстыру векторларының скаляр көбейтiндiсiне тең шама қалай аталады?

А.жұмыс B.энергия C.қуат D.дене импульсі E.күш моменті

  1. Денелердiң өзара орналасуына тәуелдi әсерлесу энергиясы қалай аталады?

А.потенциалдық энергия B.кинетикалық энергия
C.ішкі энергия D.жұмыс E.қуат

  1. Механизмнің уақыт бірлігінде істейтін жұмысы қалай аталады?

А.қуат B.жұмыс C.жылдамдық D.орын ауыстыру E.уақыт

  1. Энергияның өлшем бірлігін анықта?

А.джоуль B.килограмм C.метр D.секунд E.тесла

  1. Центрлiк күштерге жататын, яғни денелердiң центрлерiн қосатын түзудiң бойымен бағытталатын күш қалай аталады?

А.тартылыс күшi B.үйкеліс күші C.серпімділік күші D.салмақ E.дене импульсі

  1. Тұйық жүйенiң толық импульсi қандай күйде болады.

А.тұрақты В.тұрақты емес С.анықталмаған D.дұрыс емес E.толық жүйе


Тақырыбы: Гидродинамика.


  1. Сұйықтар мен газдардың қозғалысын және тепе-теңдік заңдарын, сол сияқты олардың қатты денелермен әсерлесуін зерттейтін физиканың тарауы қалай аталады.

А.гидромеханика B.динамика C.кинематика D.статика E.электростатика

  1. Аудан бірлігіне түсіретін күш дегеніміз не?

А.қысым B.күш C.уақыт D.жол E.дене импульсі

  1. Ағын сызықтармен шектелген сұйық бөлігі деп аталады

А.ағын түтігі B.ламинарлық ағыс C.турбуленттік ағыс D.аудан E.қысым

  1. Егер жылдамдық векторы кеңістіктің әрбір нүктесінде тұрақты болса, мұндай ағын қандай ағын деп аталады?

А.стационар B.стационар емес C.орнықты емес D.үдемелі E.үдемелі емес

  1. Сұйықтың жеке қабаттары бір-бірімен қарағанда параллель, яғни сұйық қабатта бір-бірімен араласпай қозғалатын болса, бұл қандай ағыс түріне жатады?

А.ламинарлық ағыс B.ағын түтігі C.турбуленттік ағыс D.аудан E.қысым

  1. Сұйық бөлшектерінің жылдамдығы артып, шекті мәнге жеткенде әр қабаттардың бір-бірімен араласуы сұйықтың қандай ағысы болып келеді?

А.турбуленттік ағыс B.ламинарлық ағыс C.ағын түтігі D.аудан E.қысым

  1. Идеал сұйықтың қалыптасқан стационарлы ағысы кез-келген жылдамдықтарда қандай ағыс түріне жатады.

А.ламинарлы B.турбулентті C.механикалық D.статикалық E.броундық

  1. Сұйықтарда қабаттар арасында ішкі үйкеліс күші қалай аталады?

А.тұтқырлық B.үйкеліс C.сұйық D.ламинарлық E.турбуленттік
Модуль №2. Жылу физикасы
1 тақырап.Молекулалық физика

  1. Молекула-кинетикалық теорияның негізін қалаушы ғалым кім?

A. М.В.Ломоносов B. Л.Больцман C. Ж.Шарль D. Ш.Кулон E. У.Томсон

  1. Мольдік массаның өлшем бірлігін анықта?

А. кг/моль В. моль/кг С. кг/Кмоль D. мольК/кг E. моль/кгК

  1. Зат мөлшері дегеніміз не?

А. Молекулалар санының Авосгадро тұрақтысына қатынасын айтамыз.
В. Авогадро тұрақтысының массаға қатынасын айтамыз.
С. Авогадро тұрақтысының молекулалар санына қатынасын айтамыз.
D. Мольдік массаның қысымға қатынасын айтамыз.
E. Массаның мөлдік массаға қатынасын айтамыз

  1. Сұйықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысын .... қозғалыс деп айтамыз.

A. броундық B. механикалық C. жылулық D. ілгерілемелі E. диффузия

  1. Молекулалардың бейберекет қозғалысын қандай қозғалыс деп айтамыз?

A. жылулық B. броундық C. механикалық D.диффузия E. ілгерілемелі

  1. Броундық қозғалысты алғаш ашқан кім?

A. Р. Броун B. М.В.Ломоносов C. Ж.Шарль D. Л.Больцман E. Ш.Кулон

  1. Әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын немесе жайылуын қандай

құбылыс болып келеді?
A. диффузия B. броундық C. жылулық D. механикалық E. ілгерімелі

  1. Температураны өлшейтін құрал қалай аталады?

A. термометр B. электрометр C. динамометр D. Психрометр E. гигрометр

  1. Температура дегеніміз не?

A. Тем-ра - молекулалардың орташа кинетикалық энергиясының өлшеуіші.
B. Тем-ра - молекулалардың қозғалысы.
C. Тем-ра - молекулалардың жылулық қозғалысы.
D. Тем-ра - молекулалардың тығыздығы.
E. Тем-ра – молекулаларының көлемі

  1. Молекула-кинет.-қ теорияның негізгі теңдеуін көрсет.

A. р=1/3mnυ² B. р=1/2mnυ² C. р=1/5mnυ² D. р=1/8mnυ² E. р=1/4mnυ²

  1. Больцман тұрақтысы нешеге тең?

A. 1,38∙10‾²³Дж/К B. 1,28∙10‾²¹Дж/К C. 1,18∙10‾²ºДж/К D.1,28∙10‾²ºДж/К E. 1,38∙10‾²ºДж/К

  1. Газ қысымының ондағы молекулалар шоғырына және температураға тәуелділікті көрсететінформуланы анықта?

A. р=nkТ B. р=2nkТ C. р=1/2nkТ D. р=5/6nkТ E. р=1/3nkТ
Тақырыбы: Қатты денелер

  1. Денелердiң кез-келген көлемi мен пiшiнiн өзгертуi қалай аталады?

А.деформация B.кристалдар C.монокристалдар D.поликристалдар E.ығысу

  1. Егер денеге әсер ететiн күштiң әсерi тоқтағанда дене бастапқы күйге қайтып келетiн болса, онда мұндай деформация деп аталады.

A.серпiмдi B.пластикалық C.деформация D.ығысу E.бұралу

  1. Егер күштiң әсерi тоқтағанда дене бастапқы күйге қайтып келмесе, бұл қандай деформация түрі?

A.пластикалық B.серпiмдi C.деформация D.ығысу E.бұралу

  1. Заттың серпiмдi қасиетiн анықтайтын шама қалай аталады?

A.Юнг модулі B.механикалық кернеу C.күш D.салыстырмалы ұзару E.ұзындық

  1. Юнг модулінің өлшем бірлігін ата?

A.Паскаль B.Ньютон C.Метр D.Джоуль E.Цельсий

  1. Саны көп майда кристалдардан тұратын қатты денелер қалай аталады?

A. поликристалдар B. монокристалдар C. кристалдар D. қатты дене E. газдар

  1. Дене қабаттарының бір-біріне қатысты ығысуына байланысты деформация түрі қалай

аталады?
A. Ығысу B. Пластикалық C. Серпінді D. Бұралу E. Иілу

  1. Деформация дегеніміз не?

A. пішіні мен көлемінің өзгеруі B. көлемінің өзгеруін
C. пішінінің өзгеруі D. анықталмаған E. күш

  1. Механикалық кернеуді анықтайтын формуланы анықта?

A. σ=F/S B. σ=F/U C σ=W/S D. σ=R/S E. σ=R/V

  1. Салыстырмалы ұзаруды анықтайтын формуланы анықта?

A. ε=∆ℓ/ℓ B. ε=∆ℓ/ξ C. ε=∆ℓ/φ D. ε=1/∆ℓ E. ε=ℓ/∆х

  1. Гук заңын анықтайтын теңдеуді көрсет?

A. F k∆х B. F η∆х C. F ξ∆х D. F ∆х E. F ∆ω

  1. Жекеленген криталдар қалай аталады?

A. монокристалдар B. поликристалдар C. кристалдар D. қатты дене E. газдар
2 тақырып. Газ заңдары.

  1. Макроскопиялық параметрлерге қандай шамалар жатады?

A. қысым, көлем, температура B. температура
C. көлем, температура D. қысым E. қысым, температура

  1. Идеал газ күйінің теңдеуін кім анықтады?

A. Менделеев - Клапейрон
B. М.В.Ломоносов C. Л.Больцман D. У.Кельвин E. Ж.Шарль

  1. Универсал газ тұрақтысы нешеге тең?

A. 8,31 Дж/Кмоль B. 8,38 Дж/Кмоль C. 8,18Дж/Кмоль D. 8,28 Дж/Кмоль E. 8,32 Дж/Кмоль

  1. 43ºС тем-ра Кельвиннің шкаласы бойынша қандай тем-ға сәйкес келеді?

A. 316°К B. 356°К C. 346°К D.326°К E. 226°К

  1. Менделеев-Клапейрон теңдеуін көрсет?

A.  B.  C.  D.   E.  

  1. Бойль-Мариотт заңын кескіндейтін график қалай аталады?

A. изотерма B. изохора C. изобара D. адиабаталық E. изопроцесс

  1. Гей-Люссак заңын кескіндейтін график қалай аталады?

A. изобара B. изохора C. изотерма D.изопроцесс E.адиабаталық

  1. Изобаралық процесс кезінде қандай шама тұрақты?

A. Қысым B. Температура C. Көлем D. Масса E. Уақыт

  1. Қысым қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

A. Паскаль B. Ньютон C. Джоуль D. Кельвин E. Килограмм

  1. Идеал газ күйін анықтайтын параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер қалай деп аталады?

A. изопроцестер B. конвекциялық C. тепе-теңдік D. диффузиялық E. жылулық
3 тақырып. Термодинамика негіздері.

  1. Табиғаттағы энергия жоқтан пайда болмайды және жоғалмайды: энергияның мөлшері өзгермейді. Ол тек бір түрден екінші бір түрге өтеді.

A. энергияның айналу және сақталу заңы
B. термодинамиканың І заңы
C. термодинамиканың ІІ заңы
D. Кулон заңы
E. Шарль заңы

  1. Термодинамиканың бірінші заңы дегеніміз...

A. жылу құбылыстарына таралған энергияның сақталу және айналу заңы.
B. ішкі энергиямен және жұмыспен байланыстыратын заң.
C. макроскопиялық параметрлерді байланыстыратын заң.
D. жылу құбылыстарын түсіндіретін заң.
E. изопроцестерді зерттейді

  1. Термодинамиканың І –і заңын ашқан қай ғалым?

A. Р. Майер B. Л.Мандельштам C. А.Столетов D. Ш.Кулон E. Н.Коперник

  1. Бір атомды идеал газдың ішкі энергиясының формуласын анықта?

A. U=3mRT/ B. U=3mRT/ C. U=5mRT/ D. U=3МRT/ E. U=3МT/

  1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігін анықта?

A. Джоуль B. Ньютон C. Паскаль D. Кельвин E. Цельсий

  1. Термодинамикадағы жұмыстың формуласын анықта?

A. А=рΔV B. А=λΔV C. А=ηΔV D. А=FΔV E. А=qΔV

  1. Ешқандай жүйемен жылу алмаспайтын жүйе қалай аталады?

A. Адиабаталық B. Изохоралық C. Изотермалық D. Изобаралық E. Энергия

  1. Табиғаттағы процестердің қайтымсыздығына қайсы процесс жатады?

A. Термод-ң ІІ-заңы B. Термод-ң І-заңы C. Термод-ң ІІІ-заңы D.Адиабаталық E. Дұрысы жоқ

  1. Термодинамиканың бірінші заңының формуласын анықта?

A. ∆U= Q + А B. Q=сm(t2-t1) C. Q= ∆U –А D. Q=λm E. Q= ∆U

  1. Термодинамиканың екінші заңын ашқан қай ғалым?

A. Р.Клаузиус B. Л.Мандельштам C. Р. Майер D. Ш.Кулон E . И.Ньютон

4 тақырып. Сұйық денелер



  1. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал қалай аталады?

A. психрометр B. термометр C. акселерометр D. спидометр E. гигрометр

  1. Ауаның ылғалдылығының өлшем бірлігі?

A. Процент B. Ньютон C. Джоуль D. Кельвин E.Паскаль

  1. Қайнау температурасын анықта?

A. 100ºС B. 50ºС C. 88ºС D. 79ºС E. 80ºС

  1. Парциал қысым – егер басқа газдардың әсері жоқ десе, онда...

A. атмосферадағы су буының түсіретін қысымы
B. атмосферадағы түрлі газдардың қоспасының қысымы
C. атмосферадағы азоттың түсіретін қысымы
D. атмосферадағы оттегі газының түсіретін қысымы
E. атмосферадағы қысым

  1. Ауадағы су буының мөлшері қалай аталады?

A. ауаның ылғалдылығы B. ауаның жылығы
C. ауаның аязы D. ауаның қысымы E. булану

  1. Сұйық пен оның қаныққан буы арасындағы физикалық қасиеттерінің

айырмашылықтары жойылатын температура қалай аталады?
A. Кризистік температура B. Қалыпты температура
C. Төменгі температура D. Жоғарғы температура E. Бу

  1. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдiкте болатын бу қалай аталады?

A. қаныққан бу B. қанықпаған бу C. белгісіз D. салқын бу E. қайнау

  1. Беттік керілу күшін анықтайтын формуланы көрсет?

A. F=σℓ B.F=σR C.F=kℓ D. F=ση E. F=σk

  1. Сұйық молекулаларымен қатты дене молекулаларының өзара әсерлесуі салдарынан пайда болатын және қатты дене беті маңында сұйық бетінің майысып, қисаятынына әкеліп соғатын құбылыс қалай аталады?

A. жұғу B. жұқпау C. капиллярлық D. сублимация E. десублимация

  1. Жуан түтіктердегі сұйықтың деңгейімен салыстырғанда жіңішке түтікшелерде, сұйықтың жоғары көтерілуін немесе төмен түсуі қандай құбылысқа жатады?

A. капиллярлық B. ламинарлық C. турбулентті D. идеал E. реал

  1. Түтікшенің радиусы неғұрлым кіші болса, соғұрлым сұйық үлкен биіктікке көтеріледі ма?

A. иә B. жоқ C. белгісіз D. анықталмаған E. тура кескин

Модуль №3 Электр және магнетизм.


1 тақырып. Электростатика.

  1. Электростатиканың негізгі заңы қандай заң?

A. Кулон заңы B.Ампер заңы C. Ом заңы D. Фарадей заңы. E. Ньютон

  1. Кулон заңын өрнектейтін теңдеуді көрсет?

A. F=k·|q1|·|q2|/r² B. F=|q1|·|q2|/r² C. F=k·|q3|/r² D. F=k·|q1|·|q2|/r E. F=k·|q3|/r

  1. Электростатикалық өрістің күштік сипаттамасы қандай шама?

A. Кернеулік B. Заряд C. Ньютон D. Вольт E. Ампер

  1. Өріс кернеулігінің формуласын анықта?

A. B. C. Е= F·q D. E. Е= F·m

  1. Потенциалдар айырмасы қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?

A. Вольт B. Кулон C. Ньютон D. Паскаль E.Ампер

  1. Өріс потенциалының формуласын анықта?

A. φ= B. φ= C. φ= w·q D. φ= Е. φ=

  1. Тең потенциалды беттер қалай аталады?

A. Эквипотенциал B. Біртекті C. Полярлы D. Полярсыз E. Суперпазиция

  1. Электр өрісінің күш сызықтары қандай зарядтардан басталады?

A. Оң зарядтардан B. Теріс зарядтардан C. Заряды жоқ
D.Оң және теріс зарядтардан E. Анықталмаған

  1. Кеңістіктің барлық нүктелеріндегі кернеулігі бірдей болса, ол

қандай өріске жатады?
A. Біртекті B. Біртекті емес C. Полярлы D. Полярсыз E.Анықталмаған

  1. Электр зарядын өткізетін өткізгіштер қалай аталады?

A. Өткізгіштер B. Диэлектриктер C. Жартылай өткізгіштер D. Плазма E. Газдар

  1. Заряд қандай өлшем бірлігімен өлшенеді?

A. Кулон B. Паскаль C. Ньютон D. Вольт E. Ампер

  1. Зарядталған конденсатордың энергиясы неге тең?

A. B. C. D. E. W= 2Uq

  1. Конденсатор сыйымдылығының формуласын анықта?

A. С B. С C. С D. E. C = Uq

  1. Электр зарядын жинаушы құрал қалай аталады?

A. конденсатор B. термометр C. батарея D. плита E. жалғағыш сымдар

  1. Жазық конденсатор сыйымдылығының формуласын анықта?

A. B. C. D. E. C = US

  1. Электронның массасы неге тең?

A. 9,1·10-31 кг B. 9,6·10-20 кг C. 9,1·10-30кг D. 9,6·10-17 кг E. 9,6·10-16кг

  1. Электронның заряды неге тең?

A. 1,6·10-19 Кл B. 1,6·10-18 Кл C. 1,6·10-28 Кл D. 1,6·10-17 Кл E. 1,6·10-16Кл

  1. Потенциалдар айырмасын анықтайтын құрал қалай аталады?

A. Электрометр B. Конденсатор C. Батарея D. Термометр E. Ампер

2 тақырып Тұрақты ток.



  1. Электр тогының бағыты?

A. Оң зарядтардың бағыты B.Электрондардың бағыты
C. Теріс зарядтар бағыты D. Иондардың бағыты E. Бағыты жоқ

  1. Ом заңының формуласын анықта?

A. B. C. D. E. I = UR

  1. Ток күшінің формуласын анықта.

A. B. C. D. E. I = qt

  1. Электр тогы дегеніміз не?

A. Электр зарядтарының реттелген, бағытталған қозғалысы
B. Электр зарядтарының реттелмеген, бағытталмаған қозғалысы
C. Электр зарядтарының бейтарап қозғалысы
D.Электр зарядтары ескерілмейді
E. Дұрыс жауабы жоқ



  1. Ток күшінің өлшем бірлігін анықта?

A. Ампер B. Ньютон C. Джоуль D. Кельвин E. Ом

  1. Ток күшін өлшейтін құрал қалай аталады?

A. Амперметр B. Конденсатор C. Термометр D. Электрометр E. Вольтметр

  1. Ток күшін өлшейтін құрал қалай аталады және тізбекке қалай жалғанады?

A. Амперметр, тізбектей B. Амперметр, параллель C. Вольтметр, параллель
D. Вольтметр, тізбектей E. Дұрысы жоқ

  1. Кернеуді өлшейтін құрал қалай аталады және тізбекке қалай жалғанады?

A. Вольтметр, параллель B. Амперметр, параллель
C. Амперметр, тізбектей D. Вольтметр, тізбектей E. Дұрысы жоқ

  1. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда қандай шама өзгермейді?

A. Ток күші B. Уақыт C. Кернеу D. Кедергі E. Заряд

  1. Бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екінші өткізгіштің соңы үшінші өткізгіштің басымен ...т.с.жалғанса, мұндай жалғау қалай аталады?

A. Тізбектей қосу
B. Параллель және тізбектей
C. Параллель қосу
D.Вольтметр, тізбектей
Е. Мұндай жалғау түрі жоқ

  1. Электр қозғаушы күш қандай бірліктермен өлшенеді?

A. Вольт B. Кулон C. Герц D.Джоуль E. Ампер

  1. Толық тізбек үшін Ом заңының формуласын анықта?

A.I =   B.I =   C.I =   D.I =   E. I =  

  1. Тұйық контур бойымен заряд орын ауыстырғандағы бөгде күштер жұмысының сол зарядқа қатынасын қандай шама анықтайды?

A. Токтың электр қозғаушы күші B. Токтың қуаты C. Токтың энергиясы
D. Токтың кедергісі E. Токтың жұмысы

  1. Тізбекте қандай жалғау түрі көрсетілген?


A. тізбектей қосу B. параллель қосу C. аралас қосу D.Вольтметр, тізбектей E. анықталмаған

  1. Тізбекте қандай жалғау түрі көрсетілген?


A. параллель қосу B. тізбектей қосу C. аралас қосу D. Вольтметр, тізбектей E. анықталмаған

  1. Сызбада қандай құрылғының шартты белгісі көрсетілген?


A. амперметр B. вольтметр C. резистор D.ток көзі E. кілт

  1. Сызбада қандай құрылғының шартты белгісі көрсетілген?


A. вольтметр B. амперметр C. резистор D. ток көзі E. кілт

  1. Токтың жұмысын анықтайтын құрал қалай аталады?

A. Электр санауышы B. Ваттметр C. Омметр D. Амперметр E. Вольтметр

  1. Токтың қуатының формуласын анықта?

A. B. C. Р= А·Δt D. E. Р= U·Δt

  1. Джоуль-Ленц заңының формуласын анықта?

A.Q=I²RΔt B.Q=I²R²Δt C.Q=I² RΔt D.Q=I²Δt E.Q=IΔt

  1. Токтың қуатын анықтайтын құрал қалай аталады?

A. Ваттметр B. Омметр C. Электр санауышы D. Амперметр E. Вольтметр

  1. Токтың қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

A. Ватт B. Ньютон C. кВт·сағ. D. Кельвин E. Ампер

  1. Ток жұмысының Δt уақыт аралығына қатынасы қандай шама деп аталады?

A. Токтың қуаты B. Токтың жұмысы C. Токтың энергиясы
D. Токтың кедергісі E. Токтың тығыздығы

  1. Тогы бар өткізгіштің қоршаған ортаға бөліп шығаратын жылуының мөлшерін анықтайтын заңды кім ашты?

A. Джоуль-Ленц B. Менделеев-Клайперон C. Паскаль D. Кельвин E. Кулон

3 тақырып Әр түрлі ортадағы электр тогы.



  1. Металдарда негізгі заряд тасымалдаушылар?

A. Электрондар B. Оң иондар C. Позитрон D. Нейтрондар E. Теріс иондар

  1. Электр зарядын жартылай өткізетін өткізгіштер қалай аталады?

A. Жартылай өткізгіштер B. Диэлектриктер C. Өткізгіштер D. Плазма Е. Зарядтар

  1. Қалпына келтіру реакциясымен байланысты электродтарға зат бөліну процесі қалай аталады?

A. Электролиз B. Термоэлектрондық эмиссия C. Газ разряды D. Иондалу E. Диэлектриктер

  1. Фарадейдің заңының формуласын көрсет?

A. m=k·I·∆t B.m=k·I C. m=k·∆t D. m=I·∆t E.m=I·R

  1. Газ арқылы электр тогының өту процесі қалай аталады?

A. Газ разряды B. Термоэлектрондық эмиссия C. Электролиз D. Иондалу E. Диэлектриктер

  1. Электр доғасын алғаш 1802ж. ашқан қай ғалым?

A. В.Петров B. Л.Больцман C. Ж.Шарль D. Ш.Кулон E. Джоуль-Ленц

  1. Иондалған газ қабаты қалай аталады?

A. ионосфера B. атмосфера C. гидросфера D. литосфера E. тропосфера

  1. Электродтардың арасындағы кернеу үлкен болғанда ауада қандай разряд болады?

A. Ұшқындық разряд B. Газ разряды C. Электролиз D. Иондалу E. Термоэлектрондық эмиссия

  1. Электролит ерітіндегі электр тогы қандай зарядталған бөлшектердің әсерінен пайда болады?

A. Оң және теріс иондардан B. Электрондардан C. Кемтіктерден
D. Тек оң иондардан E. Дұрысы жоқ

  1. Газдарда негізгі заряд тасымалдаушылар?

A. Оң және теріс иондар, электрондар B. Электрондар
C.Оң және теріс иондар D. Тек оң иондар E. Дұрысы жоқ

4 тақырып. Магнит өрісі.



  1. Қозғалыстағы зарядтар тудыратын өріс қалай аталады?

A. Магнит өрісі B. Электр өрісі C. Гравитациялық өріс
D. Электростатикалық өріс E. Ядролық өріс

  1. Қозғалмайтын зарядтар тудыратын өріс қалай аталады?

A. Электр өрісі B. Магнит өрісі C. Гравитациялық өріс
D. Электростатикалық өріс E. Ядролық өріс

  1. Ток өткен өткізгіштердің өзара әсері қалай аталады?

A. Магниттік өзара әсерлер B. Электр өзара әсерлер
C.Гравитациялық өзара әсерлер D. Электростатикалық өзара әсерлер E.Ядролық өзара әсерлер

  1. Ток өткен өткізгіштердің бір –біріне әсер ету күштері қалай аталады?

A. Магниттік B. Электрлік C. Гравитациялық D. Электростатикалық E. Ядролық

  1. Магнит индукциясы сызықтарының басы да, ұшы да болмайды. Олар қандай сызықтар?

A. тұйықталған сызықтар B. тұйықталмаған сызықтар
C. анықталмаған сызықтар D. белгісіз E. ядролық

  1. Магниттік өтімділікті анықтайтын формуланы көрсет?

A. μ=  B. μ=  C.μ=  D. μ=  E. μ= 

  1. Магнит өрісі қандай өріс түріне жатады?

A.құйындыөріс B. ядролық өріс C. әлсіз өріс D.тартылыс өрісі E. анықталмаған

  1. Магниттік зарядтар табиғатта анықталған ба?

A.жоқ B.иә C. белгісіз D.күтілуде E. нашар

  1. Ампер күшінің өрнегін анықта?

A. F=J·ℓ·Β·sinα B. F=ℓ·Β C. F=J·ℓ·sinα D. F=ℓ·Β·sinα E.F=Β·sinα

  1. Ампер заңы қай жылы анықталды?

A. 1820 B.1821 C.1822 D.1823 E. 1824

  1. Ампер күшінің бағыты қандай ережесі бойынша анықталады?

A. сол қол ережесі B. оң қол ережесі C. бұрғы ережесі D. белгісіз E. анықталмаған

  1. Магнит индукциясының векторы өткізгішке перпендикуляр болғанда Ампер күші қандай мәнеге жетеді?

A. ең үлкен мәнеге B. ең кіші мәнге C. орташа мәнге D. нөлге тең E. анықталмаған

  1. Магнит индукциясының векторы өткізгішке параллель болғанда Ампер күші қандай мәнеге жетеді?

A . ең кіші мәнге B. ең үлкен мәнеге C . орташа мәнге
D. нөлге тең E. анықталмаған

  1. Магнит индукциясының векторын қандай әріппен белгілейміз?

A. B B. w C. g D. F E. Q

  1. Тогы бар өткізгішке магнит өрісі тарапынан қандай күш әсер етеді?

A. Ампер күші B.Лоренц күші C. Архимед күші D. Кулон күші E. Ядролық күштер

  1. Лоренц күшінің өрнегін көрсет?

A. F=q·υ·Β·sinα B. F=υ·Β·sinα C. F=q·υ·sinα D. F=q·Β·sinα. E. F=Β·sinα.

  1. Магнит өрісі тарапынан қозғалыстағы зарядталған бөлшекке әсер етуші күш қалай аталады?

A. Лоренц күші B. Ампер күші C. Кулон күші D. Архимед күші E. Ядролық күші

  1. Лоренц күшінің бағыты қалай анықталады?

A. Сол қол ережесі бойынша B. Ленц ережесі бойынша
C. Бұрғы ережесі бойынша D. Суперпозиция принципі бойынша E. Анықталмаған

5 тақырып.Электромагниттік индукция.



  1. Индукцияның ЭҚК-ңөлшем бірлігін анықта?

A. Вольт B. Герц C. Вебер D. Тесла E. Ньютон

  1. Электромагниттік индукция деп ...

A. Магнит өрісі арқылы ток алу құбылысын айтамыз.
B. Электр өрісі арқылы ток алу құбылысын айтамыз.
C. Гравитациялық өріс арқылы ток алу құбылысын айтамыз.
D. Тартылыс күші арқылы ток алу құбылысын айтамыз.
E. Ядролық өріс арқылы ток алу құбылысын айтамыз.

  1. Электромагниттік индукция құбылысын кім ашты?

A. М.Фарадей B. Г.Герц C. Дж.Томсон D. А.Ампер E. А. Столетов

  1. Ленц ережесі бойынша:

A. Индукциялық ток, магнит ағынының өзгерісіне қарсы әсер етеді.
B. Индукциялық ток, кедергінің өзгерісіне қарсы әсер етеді.
C. Индукциялық ток, ток күшінің өзгерісіне қарсы әсер етеді.
D. Индукциялық ток, кернеудің өзгерісіне қарсы әсер етеді.
E.Индукциялық ток, зарядтың өзгерісіне қарсы әсер етеді.

  1. Магнит өрісініңәсерінен ток өндіріп алу құбылысы қалай аталады?

A. Электромагниттік индукция B. Өздік индукция
C. Айнымалы ток D. Индуктивтік E. Тұрақты ток

  1. Контурдағы индукцияның ЭҚК –і қандай шамамен анықталады?

A. Контурда өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығымен анықталады.
B. Контурдан өтетін магнит ағынымен анықталады.
C. Контурдың электр кедергісімен анықталады.
D. Контурдағы ток күшімен анықталады.
E. Контурдағы заряд күшімен анықталады.

  1. Электромагниттік индукция заңының формуласын көрсет?

A. ℇ= –   B. ℇ=   C. ℇ=   D. ℇ= –   E. ℇ= –  

  1. Магнит өрісінің энергиясы қай формула бойынша анықталады?

A. W=   B. W=   C. W=  D. W=  E. W= 

  1. Индуктивтіліктіңөлшем бірлігін анықта?

A. Генри B.Тесла C. Вебер D. Вольт E. Ампер

  1. Өздік индукция құбылысын сипаттайтын шаманы ата?

A. Индуктивтік B. Кернеу C. Сыйымдылық D. Ток күші E. Заряд

  1. Индуктивтік қандай әріппен белгіленеді?

A. L B. ℇ C. W D. R E. P

Модуль №4 Электромагниттік тербелістер


1 тақырып. Механикалық тербелістер.

  1. Тербеліс дегеніміз не?

A. Белгілі уақыт өткенде қайталанып отыратын процестерді, қозғалыстарды айтамыз.
B. Уақыт аралығында дене күшінің өзгеруі
C. Уақыт аралығында дене үдеуінің өзгеруі
D. Дененің қозғалмауын айтамыз
E. Процестер

  1. Жүйені тепе-теңдік қалыптан шығарғаннан кейін пайда болатын тербеліс қалай талады?

A. Еркін B. Еріксіз C. Меншікті D. Айнымалы E.Гармоникалық

  1. Бір толық тербеліске кететін ең аз уақыт қалай аталады?

A. период B. жиіліг C. циклдік жиіліг D. фаза E.радиан

  1. Циклдік жиіліктіңөрнегін анықта?

A. ω=  B. ω=  C. ω=  D. ω=  E. ω= 

  1. Тербеліс жиілігін анықтайтын формуласын көрсет?

A. ν =  B. ν =  C. ν =  D. ν =  E. ν = 

  1. Жиіліг қандай бірлікпен өлшенеді?

A. герц B. кулон C. секунд D. радиан E. вольт



  1. Энергиясы өзгермейтін тербелістер қалай аталады?

A. Өшпейтін B. Өшетін C. Гармоникалық D. Айнымалы E. Анықталмаған

  1. Тербеліс периодын анықтайтын формуланы көрсет?

A. Т =  B. Т =  C. Т =  D. Т =  E. Т = 

  1. Период қандай бірлікпен өлшенеді?

A. секунд B. герц C. кулон D. радиан E. вольт

  1. Энергиясы азая беретін тербелістер қалай аталады?

A. Өшетін B. Өшпейтін C. Гармоникалық D. Айнымалы E. Тұрақты

2 тақырып. Электромагниттік тербелістер



  1. Сыртқы айнымалы кернеудің жиілігі тербелмелі контурдың меншікті жиілігімен бірдей болғанда, еріксіз тербеліс амплитудасының кенет арту құбылысы қалай аталады?

A. резонанс B. ток күші C. генератор D. айнымалы ток E. кернеу

  1. Жиілігі жоғары тербеліс шығарып алу үшін қолданылатын құрылғы қалай аталады?

A.транзисторлы генератор B. трансформатор C. диод D. конденсатор E. статор

  1. Транзисторлы генератор қандай бөліктерден тұрады?

A. тербелмелі контурдан, транзистордан, ток көзінен
B. тербелмелі контурдан, ток көзінен
C. ток көзінен, транзистордан
D. тербелмелі контурдан, транзистордан
E. транзистор

  1. Транзистор қандай бөліктерден тұрады?

A. коллектор, база, эмиттер B. коллектор, база C. коллектор, эмиттер
D. эмиттер, база E. база

  1. Коллектор мен эмиттерде негізгі заряд тасушылар?

A. кемтіктер B. электрондар C. иондар D. плазма E. газдар

  1. Базада негізгі заряд тасушылар?

A.электрондар B. кемтіктер C. иондар D. плазма E. газдар

  1. Автотербелмелі жүйенің негізгі элементтері:

A. ток көзі, тербелмелі жүйе, транзистор, кері байланыс
B. кері байланыс, тербелмелі жүйе
C. ток көзі, транзистор
D. ток көзі, кері байланыс
E. тербелмелі жүйе

  1. Сыртқы периодтық күштердің әсерінсіз –ақ жүйенің өзінде болатын тербеліс қалай аталады?

A.автотербеліс B.сыртқы жүйе C.еркін тербеліс D.тербелмелі жүйе E. еріксіз тербеліс

  1. Жүйе ішіндегі көзден келетін энергияның есебінен өшпейтін тербеліс генерацияланатын жүйе қалай аталады?

A. автотербелмелі жүйе B. сыртқы жүйе C. еркін тербеліс D. тербеліс E.толқын

  1. Томсон формуласының өрнегін анықта?

A. Т = 2π  B. Т = 2π  C. Т =  г D. Т = 4π  E. Т = 5π 
3 тақырып. Айнымалы ток.

  1. Айнымалы ток қандай тербеліс жиілігіне жатады?

A. Еріксіз B. Еркін C. Гармоникалық D. Айнымалы E. Периодты

  1. Тербеліс фазасын анықтайтын формуласын көрсет?

A. φ=ωt B. φ=νt C. φ=ωR D. φ=πt E. φ=kh

  1. Энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғы қалай аталады?

A. генератор B. трансформатор C. диод D. конденсатор E. статор

  1. Айнымалы ток генераторы қандай құбылысқа негізделген?

A. электромагниттік индукция B. өздік индукция C. айнымалы ток
D. резонанс құбылысы E. айнымалы кедергі

  1. Генератор өзінің орамасымен қоса горизонталь не вертикаль осьтен айналатын бөлшек қалай аталады?

A. ротор B. статор C. щеткалар D. контактілі сақиналар E. кедергі

  1. Генератордың қозғалмайтын өзекті орамасы қалай аталады?

A. статор B. ротор C. щеткалар D. контактілі сақиналар E. кедергі

Тақырыбы: Трансформаторлар.



  1. Циклдік жиілік пен конденсатордың электр сыйымдылығының көбейтіндісіне кері шама қалай аталады?

A. сыйымдылық кедергі B. индуктивтік кедергі C. актив кедергі
D. айнымалы кедергі E. кернеу

  1. Циклдік жиілік пен индуктивтіктің көбейтіндісіне тең болатын шама қалай аталады?

A. индуктивтік кедергі B. сыйымдылық кедергі
C. актив кедергі D. айнымалы кедергі E. кернеу

  1. Айнымалы токты, кернеуді бірнеше есе арттырып немесе кемітіп, ал қуатты іс жүзінде шығындатпай түрлендіретін құрылғы қалай аталады?

A. трансформатор B. генератор C. диод D. конденсатор E. статор

  1. Алғаш трансформаторды ойлап тапқан қай ғалым?

A. П.Яблочков B. А.Попов C. И.Ньютон D. Г.Герц E. Лоренц

  1. Трансформатор қызметі қандай құбылысқа негізделген?

A. Электромагниттік индукция B. Өздік индукция C. Айнымалы ток D. Резонанс құбылысына E. Периодты

  1. k> 1 болғанда трансформатор қалай аталады?

A. төмендеткіш B. жоғарлатқыш C. анықталмаған
D. дұрыс жауабы жоқ E. периодты

  1. k<1 болғанда трансформатор қалай аталады?

A. жоғарлатқыш B. төмендеткіш C. анықталмаған
D. дұрыс жауабы жоқ E. периодты

  1. Трансформация коэффициентін формуланы анықта?

A.  =k B. N1·N2=k C. U1·U2=k D. Е1·Е2=k E. Р1·Е2=k

Модуль №5 Толқындар.


1 тақырып. Электромагниттік толқындар.

  1. Уақыт бойынша кеңістікте таралатын тербелістер қалай аталады?

A. толқындар B. тербелістер C. резонанс D. тербелмелі контур E. период

  1. Егер толқынның таралу бағыты тербеліс бағытына перпендикуляр бағытта тербелетін болса, мұндай толқындар қалай аталады?

A.көлденең B. бойлық (қума) C. айнымалы D. монохроматты E. периодты

  1. Егер толқынның таралу бағыты тербеліс бағытына бағыттас немесе қарама –қарсы бағытта тербелетін болса, мұндай толқындар қалай аталады?

A. бойлық (қума) B. көлденең C. айнымалы D. монохроматты E. периодты

  1. Толқынның ұзындығы қандай формула бойынша анықталады?

A. B. C. D. λ= r Т E. λ= k Т

  1. Кеңістікте қандай толқындар таралады?

A. көлденең B. бойлық (қума) C. меншікті D. монохроматты E. периодты

  1. Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді?

A. λ B. h C. k D. υ E. β

  1. Бірдей фазада өтетін тербелістер қандай толқын түріне жатады?

A. синфаздық B. когерентті C. монохроматты D. периодты E. интерференция

  1. Сәулелер ағынының тығыздығы қандай формуламен өрнектеледі?

A. B. C. D. E.

  1. Радионы кім ашты?

A. А.Попов B. Г.Герц C. М.Фарадей D. А.Ампер E. Лоренц

  1. Жұлдыздар жарық шығарады ма?

A. иә B. жоқ C. белгісіз D. анықталмаған E. модуляция

  1. Тербелістері белгілі бір бағытта өтетін толқындар қалай аталады?

A. поляризацияланған B. көлденең C. қума D. монохроматты E. периодты

  1. Электромагниттік толқындар қандай толқын түріне жатады?

A. көлденең B. параллель C. перпендикуляр D. қарама –қарсы E. жазық

  1. Иондалған газ қабаты қалай аталады?

A. ионосфера B. гидросфера C. атмосфера D. литосфера E. статосфера
Модуль №6 Оптика.

  1. тақырып. Толқындық оптика

  1. Жарық туралы ілім қалай аталады?

A. оптика B. интерференция C. дисперсия D. дифракция E. поляризация

  1. Когерентті жарық көздері дегеніміз, жарық көздері шығаратын толқындардың...

A. Ұзындығы бірдей және фазалар айырмасы тұрақты болуы керек.
B. Фазалар айырымы әр түрлі, бірақ амплитудалары тұрақты болуы керек.
C. Жол айырымына бүтін сан сәйкес келеді
D. Интенсивтілігі бірдей болуы керек.
E. Интенсивтілігі бірдей емес.

  1. Интерференция құбылысын ашқан ғалым?

A. Т.Юнг B. О.Ремер C. Х.Гюйгенс D. И.Ньютон E. Лоренц

  1. Интерференцияны анықтайтын құрал?

A. интерферометр B. термометр C. терморезистор D. герц вибраторы
E. спектрограф

  1. Бірдей жиіліктегі екі немесе бірнеше толқынның бір нүктеде кездескенде бірін –бірі күшейтуін немесе бәсеңдетуін қандай құбылыс деп атайды?

A. Жарық интерференциясы B. Жарық дифракциясы
C. Жарық поляризациясы D. Жарықтың дисперсиясы E. Жарықтың сәуле шығаруы

  1. Жарықтың түзу сызықты жолдан толқындардың бөгеттерді айналып, орағытып өту құбылысы қалай аталады?

A.Жарық дифракциясы B. Жарықтың дисперсиясы
C. Жарық поляризациясы D. Жарық интерференциясы E. Спектр

  1. Дифракциялық көрініс көрсететін құрал қалай аталады?

A. дифракциялық тор B. трансформатор C. генератор D. статор E. сетка

  1. Дифракция құбылысын зерттеген ғалым?

A. О.Френель B. Х.Гюйгенс C. Т.Юнг D. И.Ньютон E. Лоренц

  1. Дифракциялық тор периодының формуласын анықта?

A. d=а+в B. d=а+с+в C. d=а+с D. d=а+с+k+в E. d=а+с+k+в+д

  1. Жарықтың дисперсиясы дегеніміз не?

A. Жарықтың сыну көрсеткішінің жиілікке тәуелділігін айтамыз
B. Жарықтың денелерді орағытып өту құбылысын айтамыз
C. Жарықтың шашырау және шағылу құбылысын айтамыз
D. Жарықтың мөлдір емес ортада жұтылуын айтамыз
E. Жарықтың жұтылуы

  1. Түсті жолақтар қалай аталады?

A. спектр B. фотон C. импульс D. квант E. шашырау

  1. Дисперсия құбылысын ашқан ғалым?

A. И.Ньютон B. Х.Гюйгенс C. О.Ремер D. И.Физо E. Г.Лоренц

  1. Спектрі бойынша заттың химиялық құрамын анықтау әдісі қалай аталады?

A. спектрлік анализ B. жылулық сәуле шығару
C. заттың құрамы D. фотосинтез E. спектр

  1. Кез келген қыздырылған дене, яғни жылу беретін сәулелер қалай аталады?

A. инфрақызыл сәулелер B. ультракүлгін сәулелер
C. рентген сәулелер D. лазер сәулелері E. көрінетін сәулелер

  1. Толқын ұзындығы күлгін жарықтың толқын ұзындығынан қысқа электромагниттік толқындар қалай аталады?

A. ультракүлгін сәулелер B. инфрақызыл сәулелер
C. рентген сәулелер D. лазер сәулелері E. көрінетін сәулелер

  1. Инфрақызыл сәулелерді анықтаған ағылшын ғалымы?

A. В.Гершель B. О.Ремер C. В.Рентген D. Л.Басов E. Г.Лоренц

  1. Ультракүлгін сәулелер қандай толқынды сәуле?

A. қысқа B. орташа C. ұзын D. анықталмаған E. белгісіз

  1. Күннің жарқырауық беті қалай аталады?

A. фотосфера B. литосфера C. гидросфера D. ионосфера E. статосфера

  1. Ультракүлгін сәулелердің емдік мақсаттар үшін қолданылады ма?

A. иә B. жоқ C. белгісіз D. анықталмаған E. нөлге тең

  1. Жарықтың жылдамдығы неге тең?

A. 3 · 108 м/с B. 9,1·10-31кг C. 1,6·10-19 Кл D. 6,63·10-34 Дж·с E. 6,2 нм
2 тақырып. Геометриялық оптика

  1. Алғаш рет лабораториялық тәсілмен жарық жылдамдығын өлшеген ғалым кім?

A. И.Физо B. О.Ремер C. Г.Герц D. А.Попов E. Лоренц

  1. Алғаш рет астрономиялық тәсілмен жарық жылдамдығын өлшеген ғалым кім?

A. О.Ремер B. Г.Герц C. И.Физо D. А.Попов E. И.Ньютон

  1. Жарықтың толқындық қасиеттерін анықтаған ғалым?

A. Х.Гюйгенс B. О.Ремер C. И.Физо D. И.Ньютон E. А.Попов

  1. Жарықтың корпускулалық (кванттық) қасиеттерін анықтаған ғалым?

A. И.Ньютон B. О.Ремер C. И.Физо D. Х.Гюйгенс E. А.Попов

  1. Сыну бұрышы қандай әріппен белгіленеді?

A. β B. γ C. α D. ξ E. φ

  1. Түсу бұрышы қандай әріппен белгіленеді?

A. α B. β C. γ D. ξ E. φ

  1. Оптикалық шыныдан не органикалық шыныдан жасалып, екі сфералық бетпен шектелген дене қалай аталады?

A. линза B. айна C. лупа D. микроскоп E. электроскоп

  1. Линзаның қандай түрі – жинағыш линза болып келеді?

A. дөңес B. ойыс C. қиық D. жалпақ E. микроскоп

  1. Линзаның қандай түрі – шашыратқаш линза болып келеді?

A. ойыс B. дөңес C. қиық D. жалпақ E. микроскоп

  1. Линзалардың центрінде оптикалық осьте жатқан 0 нүктесі қалай аталады?

A. линзаның оптикалық центрі
B. линзаның фокусы
C. линзаның оптикалық осі
D. линзаның оптикалық күші
E. микроскоп

  1. Линзаның сындыру қабілетін сипаттайтын шама қалай аталады?

A. линзаның оптикалық күші
B. линзаның фокусы
C. линзаның оптикалық центрі
D. линзаның оптикалық осі
E. центрі

  1. Линзаның оптикалық күшінің негізгі формуласын анықта?

A. Д  B. Д  C. Д  D. Д  E. Д 

  1. Шашыратқыш линза шын кескін береді ма?

A. бермейді B. береді C. белгісіз D. анықталмаған E. линза

  1. Линзаның оптикалық күшінің өлшем бірлігі?

A. диоптрия B. герц C. метр D. паскаль E. ньютон

  1. Шашыратқыш линзамен қандай кескін алуға болады?

A. жалған B. шын C. белгісіз D. анықталмаған E. кескін

  1. Адам көзінің формасы

A. шар тәрізді B. эллипс тәрізді C. доғал тәрізді D. сопақша тәрізді Е. айна

  1. Шағылған сәуле түскен сәулемен 50º бұрыш жасау үшін сәуленің түсу бұрышы қандай болу керек?

A. 25º B. 20º C. 40º D. 50º E. 60º

Модуль №7 Кванттық физика


1тақырып. Атомдық және кванттық физика.

  1. Рентген сәулелерін анықтаған ғалым?

A. В.Рентген B. В.Гершель C. О.Ремер D. Л.Басов Е. Герц

  1. Рентген сәулелері қай жылы анықталды?

A. 1895 ж. B. 1896 ж. C. 1897ж. D. 1898 ж. Е.1899ж.

  1. Рентген сәулелерінің медицинада қолданылуы қалай аталады?

A. рентгенодиагностика B. рентгенодефектоскопия
C. флюрография D. ангиография Е. ғылыми зерттеу

  1. Рентген сәулелерінің техникада қолданылуы қалай аталады?

A. рентгенодефектоскопия B. флюрография
C. рентгенодиагностика D. ангиография Е. ғылыми зерттеу

  1. Рентген сәулелерінің көмегімен зерттелетін объектінің белгілі бір тереңдігінде жатқан қабатты суретке түсіру әдісі қалай аталады?

A. томография B.флюрография C.ангиография D.дефектоскопия Е. ғылыми зерттеу

  1. Зерттелетін объектінің экранға рентген сәулесі көмегімен түсірілген бейнесін фотоға түсіріп алу әдісі қалай аталады?

A. флюрография B. томография C. ангиография
D. дефектоскопия Е. ғылыми зерттеу

  1. Қан тамырларын рентген сәулелерімен зерттеу әдісі қалай аталады?

A. ангиография B. томография C. флюрография
D. дефектоскопия Е. ғылыми зерттеу

  1. Құймалардағы ақауларды, рельстердегі сызаттарды табу, пісірілген жіктердің сапасын анықтау әдісі қалай аталады?

A. дефектоскопия B. ангиография C. томография D. флюрография Е. ғылыми зерттеу

  1. Ангиография рак ауруларын емдеу үшін қолданылады ма?

A. иә B. жоқ C. белгісіз D. анықталмаған Е. шыны

  1. Рентген сәулесі затпен әсерлескенде оның интенсивтілігі ........?

A. кемиді B. артады C. белгісіз D. анықталмаған Е. тегіс

  1. Планк тұрақтысы неге тең?

A. 6,63·10-34 Дж·с B. 9,1·10-31кг C. 1,6·10-19 Кл D. 3 · 108 м/с E. 8 · 105 м/с

  1. Жарықтың әсерінен заттан электрондардың бөлініп шығу құбылысын қалай атайды?

A. Фотоэффект B. Фотосинтез C. Электролиз D. Сәуле шығару E. Спектр

  1. Келтірілген құбылыстардың қайсысы жарықтың толқындық қасиетін көрсетеді?

A. Жарық дисперсиясы B. Фотосинтез C. Фотоэффект D. Электролиз E. Спектр

  1. Фотон энергиясы қай формуламен анықталады?

A. Е=hν B. Е=hmν2 C. Е=hν2 D. Е=mυ2/2 E. Е=2hν2

  1. Эйнштейннің фотоэффект құбылысына негізделген формуланы анықта?

A. hν = А+  B. hν = А -   C. hν = Е+  D. hν2 = А+   E. hν2 = А+  

  1. Фотоэффект құбылысын ашқан кім?

A. Столетов B. Лебедев C. Планк D. Эйнштейн E. Ампер

  1. Планк тұрақтысыныңөлшем бірлігін анықта?

A. Дж·с B. Кл C. Дж D. Дж/с E. Н

  1. Фотон импульсы қай формуламен анықталады?

A. р = B. р = C. р = D. р = E. р =

  1. Жарық қысымын алғаш рет өлшеген кім?

A. Столетов B. Лебедев C. Планк D. Эйнштейн E. Ампер

  1. Лазерлер қандай жарық көздері болып табылады?

A. ең қуатты B. төменгі қуатты C. орташа қуатты D. анықталмаған
E. әлсіз жарық көздері

  1. Лазер сәулесінің жәрдемімен хирургиялық операция жасауға бола ма?

A. болады B. болмайды C. белгісіз D. анықталмаған E. әлсіз жарық көздері

2 тақырып. Атом ядросының физикасы



  1. Атомның құрылысын кім ашты?

A. Резерфорд B. Томсон C. Бор D. Беккерель E. Ампер

  1. Атом ядросы зарядының белгісі қандай?

A. оң B. теріс C. заряд нөлге тең D. барлық ядроларда бірдей E. нольге тең

  1. Радиоактивтік құбылысын ашқан кім?

A. Беккерель B. Томсон C. Бор D. Резерфорд E. Лоренц

  1. Қандай сәулелердің ( α − , β − , γ − ) өту қабілеті өте аз?

A. α − сәуле B. β − сәуле C. γ − сәулесі D. ешқайсысы E. нольге тең

  1. Қандай сәулелердің ( α − , β − , γ − ) өту қабілеті ең жоғары?

A.γ − сәулесі B. β − сәуле C. α − сәуле D. ешқайсысы E. анықталмаған

  1. α − сәуле шығару дегеніміз не?

A. Гелий атомы ядросының ағыны B. Протондардың ағыны
C. Электрондардың ағыны D. Кванттар ағыны E. Спектрлер

  1. β − сәуле шығару дегеніміз не?

A. Электрондардың ағыны B. Протондардың ағыны
C. Гелий атомы ядросының ағыны D. Кванттар ағыны E. Спектрлер

  1. γ − сәулесі дегеніміз не?

A. Электромагниттік толқындар B. Электрондар ағыны
C. Протондар ағыны D. Нейтрондар ағыны E. Спектрлер

  1. Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, оның берік байланысын қамтамасыз ететін қандай күштер деп аталады?

A. Ядролық күштер B. Тартылыс күштері
C. Үйкеліс күштері D. Ауырлық күштері E. Электростатикалық күштер

  1. Атом ядросын түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажетті минимал энергияны қандай энергия деп атаймыз?

A. Ядроның байланыс энергиясы B. Меншікті байланыс энергиясы
C. Нуклондар энергиясы D. Нейтрондар энергиясы E. Протондар энергиясы

Модуль №8 Нанотехнология және наноматериалдар


1 тақырып Нанотехнология және наноматериалдар

  1. Ерекше және жаңа қасиеттер алу мақсатында материямен (затпен) атомдық, молекулалық және супрамолекулалық (бірнеше молекула) деңгейлерде амалдар жасау әдістері қалай аталады?

A. Нанотехнология B. Наноматериал
C.Нанороботтар D.Сканерлеуші туннельдік микроскоп E. 3D принтерлер

  1. Нанобөлшектерден тұратын немесе нанотехнология негізінде жасалған макроскопиялық зат қалай аталады?

A. Наноматериал B. Нанотехнология
C.Нанороботтар D. Сканерлеуші туннельдік микроскоп E. 3D принтерлер

  1. Көлемді затты, кішкене өлшемді қабаттарды жинастыру арқылы жасап шығаратын аддитивті технология негізінде жұмыс жасайтын құрал қалай аталады?

A. 3D принтерлер B. Нанотехнология
C.Нанороботтар D. Сканерлеуші туннельдік микроскоп E. Наноматериал

  1. Өлшемдері 100нм-ден аспайтын, қозғалу, амалдар жасау, бағдарламалану, ақпарат алмасу мен өңдеу қабілеттері бар машиналар қалай аталады?

A. Нанороботтар B. Нанотехнология
C. Наноматериал D. Сканерлеуші туннельдік микроскоп E. 3D принтерлер

  1. Атомдарды кескіндеумен қатар, олармен амалдар жасауға мүмкіндік беретін наноғылымдар үшін аса маңызды құрал қалай аталады?

A. Сканерлеуші туннельдік микроскоп B. Нанотехнология
C. Наноматериал D. Нанороботтар E.3D принтерлер

Модуль №9 Космология


1 тақырып Космология

  1. Астрономия не туралы ғылым?

A. Аспан денелері туралы ғылым
B. Космос туралы ғылым
C. Жұлдыздар туралы ғылым
D. Табиғат туралы ғылым
E.Космология

  1. Әлемді тұтастай алғандағы оның пайда болуы мен дамуын, геометриялық құрылымын, ондағы заттың пайда болғанын, қараңғы энергия мен қараңғы материяның табиғаты мен олардың Әлем дамуындағы орнын зерттейтін астрономия саласы қалай аталады?

A. Космология
B. Космос туралы ғылым
C. Жұлдыздар туралы ғылым
D. Табиғат туралы ғылым
E. Аспан денелері туралы ғылым

  1. Қазіргі кезде астрономия не үшін пайдаланылады?

A. Дәл уақытты анықтау
B. Жылдамдығын анықтау
C. Жүрілген траекториясын анықтау
D. Күшті анықтау
E.Жұлдыздарды анықтау

  1. Аспан денелерінің пайда болуын, дамуын зерттейтін ғылым ....деп аталады.

A. Космология B. Космогония C. Космонавтика D. Астрономия E. Табиғат туралы ғылым

  1. Күннің бір жыл ішінде аспанда жұлдыздарға қатысты эллипс бойымен жүрілген жолы қалай аталады?

A. Эклиптика B. Надир C. Зенит D. Кулъминация E. Градус

  1. Күн бір ай шамасында неше шоқжұлдыздарды басып өтеді?

A. 12 B. 88 C. 18 D. 20 E.30

  1. Күннің қозғалыс жолы қалай аталады?

A. Зодиак B. Надир C. Зенит D. Эклиптика E.Комета

  1. Әлемнің гелиоцентрлік жүйесін негізін қалаған кім?

A. Н.Коперник B. К.Птоломей C.Г.Галилей D. И.Кеплер E. Г.Герц

  1. Планеталар қозғалысының заңдарын ашқан кім?

A. И.Кеплер B. Г.Галилей C. Н.Коперник D. К.Птоломей E.Г.Герц

  1. Айдағы рельефтің түрлері қалай аталады?

A. Кратерлер B. Магнит дауылы C. Айдың фазасы D. Айдың тұтылуы E. Литосфера
Дұрыс жауабы «А»


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет