Физика 9 сынып тест



Дата16.01.2023
өлшемі66 Kb.
#61546

1-нұсқа
Физика тест тапсырмалары


1. Денелердің қозғалысын физиканың қай бөлімі зерттейді?
А. Термодинамика
В. Электр және магнетизм
С. Кинематика
Д. Оптика
Е. Астрономия


2. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен сипатталатын қандай шама?
А. Қорытқы вектор
В. Скалярлық шама
С. Векторлық шама
Д. Тең векторлар
Е. Қарама-қарсы вектор


3. Атмосфералық газ-бұл газдардың қоспасы. Осы газ молекулаларының қозғалысының орташа квадраттық жылдамдығы бірдей ме?
А. газ молекулаларының жылдамдықтары бірдей, себебі температуралары бірдей
В. газ молекулаларының жылдамдықтары әр түрлі, себебі олар молярлық массаға тәуелді
С. газ молекулаларының жылдамдықтары әр түрлі себебі, олар атмосфералық қысымға тәуелді
Д. молекулалар жылдамдықтары бірдей, себебі, олар ешқандай факторларға тәуелді емес
Е. берілген мәліметтер жауап беруге жеткіліксіз

4. Автомобиль жолдың түзу сызықты бөлігінде тежеледі. Үдеу векторының бағыты
A. Вертикаль төмен.
B. Қозғалысқа қарсы.
C. Жылдамдыққа перпендикуляр.
Д. Қозғалыспен бағыттас.
E. Вертикаль жоғары


5. Еркін түскен дененің 6 с-тан кейінгі жылдамдығы (g = 10 м/ с2.
A. 3 м/с
B. 60 м/с
C. 45 м/с
Д. 15 м/с
E. 30 м/с


6. 10 Н қорытқы күш әсерінен дене 5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы тап.
А. 500 кг
В. 2 кг
С. 50 кг
Д. 100 кг
Е. 0,5 кг


7. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалған автомобиль 10 с ішінде 150 м жол жүрді. Дәл осындай жылдамдықпен ол 3 с ішінде қандай жол жүреді?
А) 30 м;
В) 20 м;
С) 60 м;
Д) 45 м;
Е 15 м;


8. Пойыз жолдағы t уақыттың жартысын 70 км/сағ жылдамдықпен, ал екінші жартысын 30 км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Орташа жылдамдығын анықтаңдар.
A. 40 км/сағ
B. 60 км/сағ
C. 50 км/сағ 
Д. 42 км/сағ
E. 45км/сағ 


9. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама:
А. Уақыт
В. Бастапқы жылдамдық
С. орын ауыстыру
Д. Үдеу
Е. Жол
10. Төмендегі тұжырымдардың қайсысы дұрыс емес:
А.барлық заттар ұсақ бөлшектерден, молекулалардан тұрады
В.бұл молекулалардың барлығы қатты заттардың өзінде де тұрақты қозғалыста болады
С. барлық молекуллалардың өлшемдері мен массалары бірдей
Д. заттардың қатты, сұйық және газ тәріздес күйлері оларды құрайтын молекулалардың еркіндік дәрежелерінің әртүрлі болуымен сипатталады.
Е. жоғарыдағы тұжырымдардың дұрысы жоқ
11.. Периодқа кері шаманы ата.
А. Уақыт
В. Жиілік
С. Тербеліс саны
Д. Сызықтық жылдамдық
Е. Үдеу


12. Жер бетінен 10 м биіктікте доп 20 м/сжылдамдықпен вертикаль жоғары лақтырылады. 3с – тан кейін доп жер бетінен қандай биіктікте болады? (g=10 м/.
А. 35 м
В. 15 м
С. 25 м
Д. 45 м
Е. 30 м


13. Су айдағыш мұнарадағы су деңгейінің биіктігі 20 м. Оның табанындағы шағын тесіктен су қандай жылдамдықпен шығады?
А) 18м/с; В) 20 м/с; С) 22 м/с; Д) 24 м/с; Е) 26 м/с.

14. Массасы 72 кг сүңгігішке әсер ететін кері итеруші күшті табыңыз. Адам денесінің орташа тығыздығы 1, 2*103 кг/м3.
А) 570 Н; В) 580 Н; С) 590 Н; Д) 600 Н; Е) 610 Н.


15. Қозғалыстағы дененің энергиясы

А. E= mgh


В. E= kx²/2


С. E=mv²/2


Д. A= F*S




16. Күштің белгілі бір жолда әсер етуін сипаттайтын физикалық шама
А. Жұмыс

В. Энергия


С. Қуат



Д. Уақыт


17. Дененің инерттілігін сипаттайтын негізгі шама:

А) жылдамдық; В) күш моменті; С) үдеу; Д) масса; Е) импульс.


18. Автомобиль а үдеумен қозғалады. Массасы m адам орындықтың арқасына қандай күшпен әсер етеді?
А) В) С) Д) Е)


19. Қай физикалық шама дененің инертілігін көрсетеді?
А) Үдеу В)Жол С) Масса Д) Күш Е) Жылдамдық


20. 14. Лифт 1 үдеумен жоғары көтерілуде. Лифтің ішіндегі массасы 2 кг дененің салмағы қандай болады? ()
А) 0 В) 22 Н С) 10 Н Д) 19 Н Е) 1 Н

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет